Хлоргексидина биглюконат

МНН: Хлоргексидина биглюконат
Производитель: Нурер ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chlorhexidine
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023468
Информация о регистрации в РК: 15.01.2018 - 15.01.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Хлоргексидин биглюконаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлоргексидин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған ерітінді 0,05 %

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат – хлоргексидин биглюконаты 20 % ерітіндісі 0.25 мл (0.05 г)

қосымша зат – тазартылған су

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе сәл бозаңданатын сұйықтық, иісі жоқ.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептикалық және дезинфекциялайтын препараттар. Бигуанидтер және амидиндер. Хлоргексидин.

АТХ коды D08AC02

Фармакологиялық қасиеттері

Антисептикалық дәрі. Препарат грамтеріс және грамоң бактериялардың вегетативті түрлеріне, сондай-ақ ашытқыларға, дерматиттер мен липофильді вирустарға қатысты белсенді. Бактерия спораларына тек жоғары температурада әсер етеді. Теріні зақымдануын туындатпай, тазалайды және дезинфекциялайды.

Қолданылуы

Грамтеріс және грамоң бактериялар вегетативті түрлерінің кең ауқымына қарсы тиімді болып табылатын антисептикалық дәрі ретінде жергілікті қолданылады:

- венерологиялық аурулардың (мерез, соз, трихомоноз, хламидиоз, герпес) профилактикасында - гинекологияда және акушерлікте.

Қолдану тәсілі және дозалары

Хлоргексидин биглюконатын профилактикалық дәрі ретінде несеп шығарудан және гениталийді сабынсыз жылы сумен өңдеуден кейін қолдану керек. Құты ішіндегісін инесі жоқ шприцтің көмегімен ерлердің несеп шығару өзегіне (2-3 мл), әйелдерге (1-2 мл) және 2-3 минутқа қынапқа (5-10 мл) енгізу керек. Сондай-ақ сан, қасаға, жыныс мүшелері ішкі беткейлерінің терісін өңдеу қажет. Ем-шарадан кейін 2 сағ. ішінде несеп шығарудың болмағаны жөн. Профилактикалық дәріні жыныстық қатынастан кейін 2 сағаттан кешіктірмей қолдану қажет.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар - терінің құрғауы, қышыну, дерматит, қол терісінің жабысқақтығы, фотосенсибилизация.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • хлоргексидинге жоғары сезімталдық

  • дерматиттер

  • препаратты басқа антисептикалық ерітінділермен бір мезгілде қолдануға болмайды

Балаларда, жүктілікте, лактация кезеңінде сақ болу керек

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бейтарап ортада қолданылады: рН 5-8 кезінде белсенділігіндегі айырмашылығы көп емес, рН 8-ден асқанда шөгінді түзіледі. Йод препараттарымен бір мезгілде қолданған кезде дерматиттер дамуы мүмкін. Сабынмен, сілтілермен фармацевтикалық үйлесімсіз. Этанол препараттың тиімділігін күшейтеді.

Қынап ішіне қолданғанда құрамында йод бар дәрілермен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Құрамында катион тобы (бензалконий хлориді, цетримоний бромиді) бар препараттармен үйлесімді. Хлорамфениколға, канамицин сульфатына, неомицин сульфатына, цефалоспориндерге бактериялардың сезімталдығын жоғарылатады.

Айрықша нұсқаулар

Конъюнктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын шаю, терең жараларды, күйіктерді шаю үшін хлоргексидин ерітіндісін пайдаланбаған дұрыс. Көздің шырышты қабығына түскен жағдайда, оны тез арада сумен мұқият жуу керек. Артық дозалануы айқындалмаған.

Жүктілік және лактация кезеңі

Аллергиялық реакциялардың даму қаупіне байланысты бала емізетін аналар мен жүкті әйелдерге сақтықпен қолдану керек!

Қолдану тәжірибесі болмауына байланысты балаларға қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препаратпен артық дозалану жөнінде деректер жоқ.

Емі: кездейсоқ ішке түссе, сіңірілмейді, мұндай жағдайда сүтті, шикі жұмыртқаны, желатинді немесе судың көп мөлшерін пайдалана отырып асқазанды шаю және адсорбенттер қабылдау керек: 10-20 таблетка белсендірілген көмір. Қажет болғанда симптоматикалық ем жүргізу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл бұрандалы полиэтилен қақпағы бар полиэтилен тамшылатқыш-құтыда. 70 құтыдан және 70 дана қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтан топтық ыдысқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Ашқаннан кейін 4 апта ішінде пайдалану керек

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нурер» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Маметова к-сі 3 үй.

Тел.: 8(727)2712712, 71-11-86. эл. пошта nurer_7@mail.ru.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нурер» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

«Нурер» ЖШС, Алматы қ., Маметова к-сі 3 үй тел: 8(727)2712712 факс, 271-11-86, эл. пошта nurer_7@mail.ru.

4

Прикрепленные файлы

Хлоргесидин_рус.docx 0.03 кб
Хлоргексидин_каз.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту