Хлоргексидин-Эффект
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ХЛОРГЕКСИДИН-ЭФФЕКТ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Хлоргексидин
Дәрілік түрі
Қынаптық суппозиторийлер, 16 мг
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат: хлоргексидин диглюконатының 20 % ерітіндісі хлоргексидин диглюконатқа шаққанда 16 мг
қосымша заттар: макрогол 400, макрогол 1500
Сипаттамасы
Пішіні оқ тәрізді, ақ немесе сары реңді ақ түсті суппозиторийлер. Беткейінің мәрмәрлігіне жол беріледі.
Фармакотерапиялы тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробқа қарсы препараттар. Басқа антисептиктер және микробқа қарсы препараттар.
АТХ коды G01AX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қынап ішіне қолданғанда іс жүзінде сіңірілмейді, жүйелік әсер етпейді.
Фармакодинамикасы
Хлоргексидин-эффект – жергілікті қолдануға арналған антисептикалық препарат, қарапайым, грамоң және грамтеріс бактериялар, вирустарға, соның ішінде Treponema pallidum, Chlamidia spp., Ureaplasma spp., Neisseria gonorrhoeae, Trichomonas vaginalis, Gardnerella vaginalis, Bacteriodes fragilis, Herpes virus қатысты белсенді. Препаратқа Pseudomonas spp., Proteus spp., кейбір штаммдары әлсіз сезімтал, сондай—ақ бактериялардың, бактериялардың споралары, зеңдердің қышқылға төзімді түрлері төзімді. Хлоргексидин-эффект лакцидобациллалардың функциялық белсенділігін бұзбайды. Қан, ірің болғанда белсенділігін (дегенмен де бірнеше төмендеген) сақтайды.
Қолданылуы
- жыныс жолымен берілетін инфекциялардың профилактикасы (хламидиоз, уреаплазмоз, трихомониаз, соз, мерез, генитальді герпес және басқалар) – жыныстық қатынастан кейін екі сағаттан кешіктірмей қолдану
- акушерия-гинекологияда инфекциялық-қабыну асқынуларының профилактикасы (гинекологиялық ауруларды операциялық емдеу алдында, босанар және жасанды түсіктен кейін, жатырішілік спиральді (ЖІС) орнатқанға дейін және кейін, жатыр мойнының диатермокоагуляциясына дейін және кейін, жатырішілік зерттеулер алдында)
- бактериялық вагинозды, кольпиттерді (соның ішінде арнайы емес, аралас, трихомонадты), жатыр мойнының эрозиясы, вульваның қышынуы, соның ішінде жүктілік және лактация кезеңінде емдеу
Қолдану тәсілі және дозалары
Қынап ішіне. Қолданар алдында суппозиторийді пішінді қаптамадан босатады.
Емдеу үшін: 1 суппозиторийден тәулігіне 2 рет, 7-10 күн бойы қолданады. Қажет болған жағдайда емдеу курсын 20 күнге дейін ұзартуға болады. Жыныс жолымен берілетін инфекциялардың профилактикасы үшін: 1 суппозиторийді қорғалмаған жыныстық байланыстан кейін 2 сағаттан кешіктірмей.
Жағымсыз әсерлері
- ааллергиялық реакциялар, препаратты тоқтатқаннан кейін өтпелі қышыну
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдықта
- қыздарға менархе басталғанға дейін
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Йодпен бір уақытта қолдану ұсынылмаған.
Хлоргексидин-эффект препараты егер олар қынап ішіне енгізілсе, сабынмен, сондай-ақ анионды топтан тұратын детергенттермен (сапониндер, натрий лаурилсульфаты, натрий карбоксиметилцеллюлоза) үйлесімсіз.
Айрықша нұсқаулар
Сыртқы жыныс мүшелерінің туалеті Хлоргексидин-эффект қынаптық суппозиторийлерінің тиімділігі мен көтерімдігіне әсер етпейді.
Балалар
Хлоргексидин-эффект қынаптық суппозиторийлері, 16 мг қыздарға етеккір келгеннен кейін тағайындалады.
Жүктілік және лактация
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Қазіргі уақытта Хлоргексидин-эффект препаратымен артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 суппозиторийден поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
Екі пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге жиналмалы қорапқа арналған хром-эрзац картон қорапшалы маркадан немесе хром-эрзац картоннан жасалған қорапшаға салынған.
Топтамалық және тасымалданатын қаптама МемСТ 17768-90 сәйкес
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Лекхим-Харьков» АҚ, Украина
61115, Харьков қ-сы
Семнадцатый Партсъезд к-сі, 36
тел. +38 (057) 7 147 790,
факс + 38 (057) 7 147 791
Тіркеу куәлігінің иесі
«Лекхим-Харьков» АҚ, Украина
61115, Харьков қ-сы
Семнадцатый Партсъезд к-сі, 36
тел. +38 (057) 7 147 790,
факс + 38 (057) 7 147 791
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«L-Фарма» ЖШС
050061, Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Тастақ-1 ы/а, 3-үй
тел./факс: (727) 241-09, 270-74-16
elfarma@rambler.ru
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:
«L-Фарма» ЖШС
050061, Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Тастақ-1 ы/а, 3-үй
тел./факс: (727) 241-09, 270-74-16
elfarma@rambler.ru