Хиндиокс

МНН: Гидроксиметилхиноксалиндиоксид (Диоксидин)
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015462
Информация о регистрации в РК: 20.05.2015 - 20.05.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Хиндиокс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 10 мг/мл, 5 мл ерітінді

Құрамы

Бір ампуланың (5 мл) ішінде

белсенді зат - 50 мг диоксидин (100 % затқа шаққанда),

қосымша зат - инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, жасыл-сары түсті сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер мен зарарсыздандыратын басқа да препараттар.

АТХ коды D08АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Емдік дозаларын көктамыр ішіне енгізгеннен кейін, препараттың қандағы емдік концентрациясы 4-6 сағат ішінде сақталады. Препарат барлық ағзалар мен тіндерге жақсы және тез енеді, оның ішінде ми тініне. Негізінен несеппен шығарылады, несептегі ең жоғары концентрациясы бір рет енгізгеннен кейін 1-2 сағаттан соң анықталады. Қуыстарға енгізгенде, сондай-ақ жергілікті қолданғанда жара беткейінен жақсы сіңеді. Іс жүзінде метаболизмге ұшырамайды, бүйректермен шумақтық сүзіліс жолымен және экстраренальді шығарылады, қайталап енгізгенде диоксидин организмде жинақталмайды. Емдік дозасын көктамыр ішіне енгізгеннен кейін 8 сағат ішінде несепте жоғары бактерицидті концентрациялары байқалады.

Фармакодинамикасы

Хиндиокс хигноксалин туындылары тобынан кең ауқымды әсер ететін бактерияларға қарсы препарат, бактерицидті әсер иеленген. Диоксидиннің әсер ету механизмі негізінде субтежейтін концентрациясының әсерімен нуклеотидтің құрылымының терең бұзылуымен микроб жасушасының ДНҚ биосинтезінің зақымдануы жатады. Диоксидин оттегінің белсенді түрлерінің түзілуін индукциялап, анаэробиоз жағдайында, оның ішінде жұқпа жұқтырған организмде бос радикалды үдерістерді белсендіреді.

Proteus vulgaris, Pseudomonas aeruginosa, Фридлендер таяқшалары, Escherichia coli, Shigella spp, Salmonella spp., Staphylococcus spp., Streptococcus spp., патогенді анаэробтармен (Clostridium perfringens) туындаған жұқпаларда химиотерапиялық белсенділік иеленген.

Антибиотиктерді қоса, басқа микробтарға қарсы дәрілерге төзімді бактериялардың штаммдарына әсер етеді. Диоксидин мен басқа микробтарға қарсы дәрілер арасында айқаспалы төзімділік анықталған жоқ. Жергілікті тітіркендіретін әсер көрсетпейді. Токсикологиясының ерекшеліктеріне байланысты, полирезистентті штамдармен туындаған анаэробты немесе аралас аэробты-анаэробты жұқпалардың ауыр формаларын емдеу үшін препарат тек өмірлік көрсеткіштеріне қарай қолданылады. Препарат қуысішілік енгізіледі және жергілікті қолданылады.

Көктамырішілік енгізгенде мардымсыз емдік ауқымымен сипатталады, осыған байланысты, ұсынылатын дозаларын қатаң сақтау керек.

Күйген және іріңді-некроздық жараларды өңдеу жара беткейінің тез тазаруына ықпал етеді, регенерация мен шеткергі эпителизациясын стимуляциялайды және жара үдерісінің ағымына жағымды әсер етеді. Тәжірибелік зерттеулерде тератогенді, эмбриоуытты және мутагенді әсері бары анықталды, бүйрекүсті безі қабығына зақымдайтын әсер көрсетеді.

Қолданылуы

Басқа дәрілік заттардың тиімсіздігінде резервтегі дәрі ретінде іріңді бактериялық жұқпалардың ауыр формаларын емдеу үшін қолданылады:

- төменгі тыныс жолдарының жұқпаларында (іріңді плеврит, плевра эмпиемасы, өкпе абсцесі)

- интраабдоминальді жұқпаларда, оның ішінде перитониттер, жамбас шел тінінің флегмонасы, өт шығаратын және несеп шығаратын жолдардың операциядан кейінгі жаралары, қуық катетеризациясында жұқпалардың алдын алу мақсатында жергілікті қолдану және бүйрекке операция жасағанда ауыр іріңді жараларды емдеуде

- тері, жұмсақ тіндер, сүйек және буын жұқпаларында (жұмсақ тіндер абсцесі, іріңді жарақаттан кейінгі, операциядан кейінгі және терең қуыстарымен күйік жараларында және ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар мен трофикалық ойық жаралар, іріңді мастит, остеомиелитте іріңді жаралар және басқалары)

- орталық жүйке жүйесі жұқпаларында (ми абсцесі, іріңді менингит)

Қолдану тәсілі және дозалары

Хиндиокс препаратын стационар жағдайында дәрігердің қатаң бақылауымен тек ересектерге тағайындайды. Тек жұқпалы аурулардың ауыр түрінде немесе басқа бактерияға қарсы препараттардың тиімсіздігінде тағайындалады. Емдеу курсын бастар алдында препараттың көтерімділігіне сынама жүргізеді, ол үшін қуысқа жұқпа ошағына

10 мл 1% ерітінді енгізеді. 3-6 сағат ішінде жағымсыз құбылыстар (бас айналуы, қалтырау, дене температурасының жоғарылауы) болмаған жағдайда емдеу курсын бастайды. Жағымсыз реакциялардың алғашқы белгілері пайда болғанда енгізуді тоқтатады.

Әдетте 10-нан 50 мл дейін 1% ерітіндіні (0,1-0,5 г) қуысқа дренажды түтік, катетер немесе еккіш арқылы енгізеді. Ең жоғары тәуліктік доза 70 мл 1% ерітінді (0,7 г). Әдетте тәулігіне 1 немесе 2 рет енгізіледі (70 мл 1% ерітінді тәуліктік дозаны жоғарылатпай).

Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына, емнің тиімділігіне және көтерімділігіне байланысты. Жақсы көтерімділігінде 3 апта бойы және одан ұзақ енгізеді. Қажет болғанда емдеу курсын 1-1,5 айдан кейін қайталайды.

Сыртқа, іріңді-некрозды массадан алдын ала тазартылған жара беткейіне жара үдерісі барысында және күйік жарасының жағдайына байланысты күнделікті немесе күнара 1% ерітіндімен суланған сүрткі салынады. Терең жараларды тампондайды немесе 0.5% ерітіндімен сулайды. Ең жоғары тәуліктік доза - 2.5 г. Емдеу ұзақтығы - 3 аптаға дейін.

Хиндиокс препаратын дәрігердің мұқият бақылауымен қолдану керек.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде дозасы азайтылуы тиіс.

Көктамыр ішіне енгізгенде препарат мардымсыз емдік ауқымымен сипатталады (ұсынылатын дозаларының сақталуын қатаң бақылау керек).

Диоксидинді көктамыр ішіне енгізу дәрігердің мұқият бақылауымен баяу инфузия жолымен жүргізіледі. Көктамыр ішіне сорғалатып енгізуге болмайды.

Ауыр сепсис жағдайында көктамыр ішіне тамшылатып препараттың 0,5% ерітіндісін енгізеді, оны (0,1% үшін 250 мл және 0,2% үшін 500 мл ерітінді) 5% глюкоза ерітіндісінде немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде 0,1-0,2% концентрациясына дейін сұйылтады. Тәуліктік дозасы 300 – 600 мг ( 2-3 қабылдауға).

Дәрігердің мұқият бақылауымен қабылдау керек.

Жағымсыз әсерлері

Мүмкін

- бас ауыруы

- қалтырау, дене температурасының жоғарылауы

- диспепсиялық құбылыстар, жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы

- бұлшықеттің құрысып тартылуы

- аллергиялық реакциялар: қышыну, тері бөртпесі, анафилактикалық шок

- жергілікті қолданғанда — қышыну, жара аймағының дерматиті

Жағымсыз реакцияларының алдын алу үшін гистаминге қарсы препараттарды және кальций препараттарын тағайындау ұсынылады. Жағымсыз реакциялары пайда болған жағдайда дозасын азайту, антигистаминдік дәрілерді тағайындау, ал қажет болғанда Хиндиоксті қабылдауды тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- диоксидинге жоғары сезімталдық

- бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі (оның ішінде сыртартқысында),

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Хиндиокс басқа фармакологиялық топтағы бактерияларға қарсы дәрілік заттармен жақсы үйлеседі. Диоксидинді бета-лактамдармен, ванкомицинмен, аминогликозидтермен, фторхинолондармен біріктіріп қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Хиндиокс препаратын басқа микробқа қарсы дәрілік заттар тиімді болмағанда ғана тағайындайды.

Сақтықпен

- бүйрек жеткіліксіздігінде, өйткені препарат бүйректермен шумақтық сүзіліс жолымен шығарылады. Аталған санаттағы емделушілерде Хиндиокс препаратының дозасын азайтады.

Егде жастағы адамдарда қолданғанда бүйрек функциясының жасына қарай төмендеуін ескеру керек, ол сондай-ақ препарат дозасын азайтуды талап етуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Хиндиокс препаратын жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жағымсыз әсерлерін ескеріп көлік құралдарын басқаруда және зейінді жұмылдыруды талап ететін басқа жұмыстарды атқарған жағдайда сақтық шараларын сақтау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жедел бүйрекүсті безі жеткіліксіздігінің дамуы, артериялық қысымның төмендеуі, брадикардия немесе тахикардия, жүрек ырғағының бұзылуы, жүрек айнуы, құсу, диарея, метеоризм, іштің ауыруы, мәңгіру, елестеулер, парестезиялар, бұлшықет құрысуы, эпилепсия құрысуы, кома.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату, орын басатын гормональді емі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл-ден шыныдан жасалған ампулаларда. Әрбір ампулаға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады, немесе мәтіні ампулаға терең баспалы әдісімен тез кебетін бояумен жазылады.

10 ампуладан ампуланы ашуға арналған пышақ немесе скарификаторымен бірге қағаздан жасалған гофрланған астарымен картон қорапқа салынған.

Қорапқа офсетті немесе көпбояулы баспаға арналған немесе баспаға арналған қағаздан жасалған заттаңба-бандерольді айналдыра жапсырады

Қораптар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге топтық қаптамаға салынған.

Медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтардың саны қаптамалар санына сәйкес келуі керек.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан ампулаларды ашуға арналған пышақ немесе скарификатормен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге хром-эрзац картоннан жасалған қорапшаға салынған.

10 ампуладан ампулаларды ашуға арналған пышақ немесе скарификатормен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге ампулаларды бекітуге арналған картон астарымен картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Қорапшалар топтық қаптамаға салынған.

Сындыру сақинасы немесе кертігі және сындыру нүктесі бар ампулаларды қолданған жағдайда, ампуланы ашуға арналған пышақ немесе скарификатор салынбайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 ºС-ден 25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Ескерту. Сақтау барысында (15оС-ден төмен температурада) ампулалардағы 1% хиндиокс ерітіндісінде кристалдар шөгіндіге түскен жағдайда, шайқай отырып кристалдар толық ерігенге дейін (мөлдір ерітінді) ампулаларды қайнап жатқан су моншасында қыздырады. Егер 36-38оС-ге дейін суытқанда кристалдар қайтадан шөгіндіге түспесе, препарат қолдануға дайын.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы («БМПЗ» ААҚ), Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ-сы, Чапаев к-сі, 64/27,

тел/факс 8-(10375177)744280.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы («БМПЗ» ААҚ), Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ-сы, Чапаев к-сі, 64/27,

тел/факс 8-(10375177) 744280, электронды поштасы market@borimed.com

Прикрепленные файлы

103924871477976494_ru.doc 64.5 кб
283233651477977664_kz.doc 83 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники