Хилак форте (Меркле ГмбХ)

МНН: Водного субстрата продуктов обмена веществ Enterococcus faecalis DSM 4086, Водного субстрата продуктов обмена веществ Escherichia coli DSM 4087, Водного субстрата продуктов обмена веществ Lactobacillus acidophilus DSM 4149, Водного субстрата продуктов обмена веществ Lactobacillus herveticus DSM 4138
Производитель: Меркле ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, содержащие микроорганизмы, продуцирующие молочную кислоту
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№026339
Информация о регистрации в РК: 31.10.2024 - 31.10.2029

Инструкция

Саудалық атауы

Хилак® форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Тамшылар, 30 мл, 100 мл, 150 мл

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Диареяға қарсы ішектің қабынуына қарсы / микробқа қарсы препараттар. Диареяға қарсы микроорганизмдер. Сүт қышқылын өндіретін микроорганизмдер.

АТХ коды A07FA01

Қолданылуы

- аш ішек пен тоқ ішек микрофлорасының бұзылуында (антибиотиктермен немесе сульфаниламидтермен емдеу, сәулелік ем кезінде және одан кейін);

- ас қорытудың жеткіліксіздігі синдромында, диспепсияда;

- диареяда, метеоризмде, іш қату кезінде;

- созылмалы атрофиялық гастроэнтеритте («кәрілердегі ішек ауруы»);

- ішектің созылмалы уыттануынан туындаған, жүрек айнуы, аздап қажу сияқты және басқа да симптомдарда;

- асқазан-ішек жолы тарапынан, климаттың ауысуынан туындаған бұзылыстарда;

- асқазан-ішек жолы тарапынан, қышқылдықтың төмендеуіне байланысты бұзылыстарда (гипо- және анацидтік жай-күйлер);

- бауырдағы метаболизм үдерістерінің бұзылуларында;

- терінің аллергиялық ауруларында (есекжем, эндогендік созылмалы экзема).

Басқа ескертулер:

Аталған дәріні қолдану тек көмекші сипатқа ие және сырқаттану болған жағдайда оны басқа тиімді емдеу шараларға қосымша ретінде ғана қолдануға болады. Атап айтқанда, диареялық аурулар жағдайында Хилак® форте сұйықтықты толықтыру үшін қажетті емдеуді немесе қатты тағамнан уақытша бас тарту (шайға үзіліс) сияқты басқа шараларды алмастырмайды.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

- лактаза/изомальтаза тапшылығы, лактоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы;

- температура жоғарылауымен және нәжісте қанның болуымен жүретін жедел диарея.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Хилак® форте сүтті ұйытады, сондықтан препаратты сүтпен немесе сүт өнімдерімен бірге қабылдау ұсынылмайды.

Зат алмасу өнімдерінің сулы субстраттарының құрамында лактоза болуы мүмкін болғандықтан, галактоза жақпаушылығымен, туа біткен лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза мен галактозаның мальабсорбциясымен байланысты сирек кездесетін тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге Хилак® фортені пайдалану ұсынылмайды.

Қызбамен және қан аралас нәжіспен жүретін жедел диарея кезінде, егер диарея 2 күннен аса жалғасатын болса және асқазан-ішек жолында ұзаққа созылатын немесе түсініксіз басқа асқынулар болған жағдайда, дәрігермен  кеңесу қажет.

Басқа дәрілік  препараттармен өзара әрекеттесуі

Антацидтермен бірге қабылдамаған дұрыс, өйткені препараттың құрамына кіретін сүт қышқылы бейтараптануы мүмкін.

Арнайы сақтандырулар

Хилак® фортені қолдану қосымша сипатта болатынын және тек басқа тиімді емдік шаралармен қатар дәрілік зат ретінде пайдаланылуы мүмкін екенін ескерген жөн. Атап айтқанда, диарея кезінде Хилак® форте сұйықтықтың орнын толтыратын қажетті емді және басқа шараларды алмастырмайды, сондықтан регидратациялық терапияға қосымша ретінде тағайындалады.

Жүктілік және/немесе лактация кезеңінде

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану қауіпсіз деп есептеледі, алайда препаратты тағайындау туралы шешімді емдеуші дәрігер қабылдайды.

Прераттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

1 тамшы 0,05 мл препаратқа тең.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға - тәулігіне 3 рет 40-60 тамшыдан (2-3 мл);

2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға –тәулігіне 3 рет 20-40 тамшыдан (1-2 мл);

Нәрестелерге және 2 жасқа дейінгі балаларға – алғашқы күндері тәулігіне 3 рет 15-30 тамшыдан (0,75-1,5 мл). Жағдай жақсарғаннан кейін тәуліктік дозаны жартылай азайтуға болады.

Қолдану тәсілі

Қолданар алдында құтыны сілку керек.

Қыжыл бар және асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғары адамдарға тәуліктік дозасын бірнеше қабылдауға (3 қабылдаудан артық) бөлу ұсынылады.

Енгізу әдісі мен жолы

Хилак® фортені ас ішкенге дейін немесе ас ішу кезінде, сүтті қоспағанда, сұйықтықтың (судың, шайдың, шырынның, компоттың) аздаған мөлшерімен сұйылта отырып ішеді.

Емдеудің ұзақтығы

Емдеудің ұзақтығы аурудың ауырлық дәрежесі мен ағымына тәуелді, қажет болған жағдайда ұзақ болуы мүмкін.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Артық дозаланған жағдайлар туралы хабарланбаған.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Хилак® фортені кез келген жастағы науқастар жақсы көтереді.

Сирек

- тері мен шырышты қабықтардың аса жоғары сезімталдық реакциялары

Өте сирек

- асқазан-ішектің айқындығы әлсіз бұзылыстары

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: зат алмасу өнімдерінің сулы субстраты        

Escherichia coli DSM 4087 24,9481 г

Enterococcus faecalis DSM 4086 12,4741 г

Lactobacillus acidophilus DSM 4149 12,4741 г

Lactobacillus helveticus DSM 4183 49,8960 г

қосымша заттар: натрий фосфаты гептагидраты, калий гидрофосфаты, сүт қышқылы, концентрацияланған фосфор қышқылы, калий сорбаты, лимон қышқылы моногидраты, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Өзіне тән қышқыл карамель иісі бар, мөлдір немесе сәл бұлыңғыр сарғыш-қоңыр ерітінді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қоңыр түсті шыныдан жасалған, қорғағыш сақинасымен және тамшылатқыш-тығынымен бұрандалы пластмасса қақпағы бар құтыларға 30 мл, 100 мл және 150 мл-ден құйылады (қосымша өлшеуіш қалпақшамен жиынтықталуы мүмкін). 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынады.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі 12 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«Меркле ГмбХ»

Ludwig-Merckle-Straße 3, 89143 Блаубойрен, Германия

+49(0)7071 757-3245

info.teva-deutschland@teva.de

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«ратиофарм ГмбХ»

Graf-Arco-Str. 3, 89079 Ульм, Германия

49 731 40202 / +49 (0)731 402-78 32

info.teva-deutschland@teva.de

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС, 050059 (А15Е2Р), Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 17/1, «Нұрлы-Тау» БО, 5Б, 6 қабат. Телефон: (727)3251615;

е-mail: info.tevakz@tevapharm.com; веб сайт: www.kaz.teva

Прикрепленные файлы

Лв_Хилак_форте_каз._._._.docx 0.04 кб
ЛВ(русс)_Хилак_25.07_.2024_.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту