Хиконцил (250 мг/5 мл)

МНН: Амоксициллин
Производитель: Сандоз ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Amoxicillin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020192
Информация о регистрации в РК: 18.10.2013 - 18.10.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 465.48 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Хиконцил

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амоксициллин

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ 250 мг/5 мл

Құрамы

5 мл суспензияның құрамында

белсенді зат - 287.0 мг амоксициллин тригидраты (250 мг амоксициллинге баламалы)

қосымша заттар: лимонның сусыз қышқылы, натрий бензоаты, аспартам (Е951), тальк, сусыз натрий цитраты, хош иістендіргіш лимон ұнтағы, хош иістендіргіш шабдалы-өрік ұнтағы, хош иістендіргіш апельсин ұнтағы, галактоманнанды гуар шайыры, тұнбаға түскен кремний қостотығы

Сипаттамасы

Жеміс-жидек иісі бар, ақтан сәл сарғыш түске дейінгі ұнтақ. Судың тиісті мөлшерімен дайындалған суспензия – жеміс-жидек иісі бар, ақтан сәл сарғыш түске дейін.

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияларға қарсы жүйелік пайдалануға арналған препараттар. Бактерияларға қарсы бета-лактамдық препараттар - пенициллиндер. Әсер ету ауқымы кең пенициллиндер. Амоксициклин.

АТХ коды J01CA04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Амоксициллин асқазан сөлінің қышқыл ортасында тұрақты, қабылданған дозаның 90%-ға жуығы жіңішке ішекте сіңеді. Ас қабылдау амоксициллиннің сіңуіне ықпалын тигізбейді. Қан плазмасында ең жоғары концентрацияға пероральді түрде қабылдағаннан кейін 1–2 сағаттан соң жетеді және 250 мг дозаны қабылдағаннан кейін 5 мкг/мл-ге жуықты және 500 мг дозаны қабылдағаннан кейін 10 мкг/мл-ді құрайды.

Амоксициллиннің жартылай шығарылу кезеңі бүйрек функциясы қалыпты науқастарда 60-тан 90 минутқа дейінді құрайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде жартылай шығарылу кезеңі 7 сағатқа дейін артады.

Қабылдағаннан кейін 8 сағаттан соң қан плазмасында амоксициллин ең төменгі концентрацияда табылады.

Таралуы

Амоксициллиннің 15–20%-ы қан плазмасы ақуыздарымен байланысады. Амоксициллин организмнің тіндеріне және биологиялық сұйықтығына жақсы өтеді. Организмнің биологиялық сұйықтықтарында ең жоғары концентрацияға қан плазмасында ең жоғары концентрацияға жеткеннен кейін 1 сағаттан соң жетеді. Емдік концентрациялар өкпеде, бауырда, лимфалық бездерде, жатырда, аналық бездерде, мұрын маңы қуыстарындағы шырышты қабықтарда байқалады. Ортаңғы құлақ қуысының экссудатына өтеді. Іріңді экссудаттағы амоксициллиннің концентрациясы тыныс жолдарының шырышты секретіне қарағанда жоғары. Амоксициллин сондай-ақ плевралық және перитонеальді сұйықтықтарға енеді, сілекейде және көз жасында жиналады. Өттегі амоксициллиннің концентрациясы қан плазмасындағыдан 10 есе жоғары. Өт түтіктерінің бөгелгіш жағдайларында амоксициллин өт жолдарына өте аз өтеді. Амоксицилин гематоэнцефалдық бөгет (ГЭБ) арқылы және жұлын-ми сұйықтығына нашар өтеді, қуық асты безінің тініне өтпейді, қабыну үдерістерінде ГЭБ арқылы өтуі артады. Амоксициллин плацентарлық бөгет арқылы өтіп, ұрықтың қан айналымына түседі. Ұрық қанында және амниондық сұйықтықта, ана қанының плазмасымен салыстырғанда, амоксициллин концентрациясының шамамен 50%-ы анықталады. Амоксициллин емшек сүтіне өте аз мөлшерде өтеді.

Шығарылуы

Амоксициллин бүйрек арқылы шумақтық сүзілу және өзекшелік секреция жолымен шығарылады.

Ішке қабылданған дозаның 50%-дан 70%-ға дейіні өзгермеген белсенді түрінде несеппен бірге шығарылады, онда 250 мг дозаны қабылдағаннан кейінгі концентрациялар 0,3-тен 1,3 г/л-ге дейінді құрайды. Амоксициллиннің 10%-дан 20%-ға дейіні метаболизденеді. Бета-лактамдық сақина пенициллин қышқылына дейін метаболизденеді, ол несеппен бірге шығарылады. Өтпен бірге амоксициллин өте аз мөлшерде шығарылады. 3 г дозаны қабылдағаннан кейін өттегі орташа концентрациялар 19 мкг/мл құрайды. Амоксициллиннің бауырішілік айналымы барынша өте аз.

Ішке 1 г дозаны қабылдағаннан кейін 5 сағаттан соң жететін, емшек сүтіндегі амоксициллиннің ең жоғары концентрациясы 0,81 мкг/мл құрайды. Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрінде дозаны түзету қажет.

Креатинин клиренсі мл/с (мл/мин)

1.33–0.83 (80–50)

0.83–0.16 (50–10)

<0.16 (<10)

Амоксициллин дозасы 250 мг - 500 мг

8 сағат

8–12 сағат

12–24 сағат

Перитонеальді диализ жүргізген кезде дозаны түзету қажет емес. Гемодиализ амоксициллиннің 85%-ын жояды, сондықтан ұсынылатын дозаны гемодиализді тоқтатқаннан кейін тағайындаған жөн.

Фармакодинамикасы

Амоксициллиннің бактериялық жасушаларға әсер етуі

Хиконцил бактериялық жасуша қабырғасының маңызды компоненті болып табылатын пептодогликан синтезіне қатысатын ферменттер – транспептидазаның әсерін тежеу арқылы бактериялардың жасушалық қабырғасы түзілуінің соңғы сатысын басады. Бактериялар пенициллинмен байланысатын ақуыздардың (ПБА) бірнеше түрін түзеді. Пенициллинді антибиотиктер транспептидазаның бір немесе бірнешеуінің әсерін төмендетеді. Пептигликан синтезінің бұзылуы ақаулы жасуша қабырғасының дамуына әкеледі, ол осмостық тұрғыдан тұрақты болмайды және бактериялық жасушалардың қырылуына әкеледі. Пенициллиндер, сірә, жасушалардың бөлінуімен астасатын – муреингидролаза ферменті тежегішінің әсерін төмендету арқылы бактерия қабырғасының бұзылуына қатысады. Осылайша, амоксициллин бактерицидтік антибиотик болып табылады. Антибиотик концентрациясы ең төмен бәсеңдететін концентрацияға (Т>ТБК) жететін уақыт бактериялық жұқпаларды бета-лактамдық антибиотиктердің жәрдемімен ойдағыдай емдеу үшін өте маңызды фактор болып табылады. Дозаланған уақытынан 40%-ға жеткен кезде амоксициллиннің ең жоғары клиникалық әсері пайда болуы мүмкін.

Бактерияларға қарсы әсер ету ауқымы

Амоксициллин грамоң және біршама грамтеріс микроорганизмдерге қатысты тиімді. Пенициллинмен салыстырғанда, амоксициллин Streptococcus pyogenes, Streptococcus pneumoniae және Streptococcus agalactiae қатысты тиімділігі аз, алайда пенициллиннен энтерококктарға және Listeria monocytogenes қатысты тиімділігі көбірек. Амоксициллиннің грамоң анаэробтық бактерияларға және Neisseria түрлеріне әсері пенициллиндегідей.

Бета-лактамазалар амоксициллинді бұзатын болғандықтан, олар бета-лактамазаны түзетін штаммдарға қатысты тиімді емес және, демек, стафилококктардың көптеген штаммдарына әсер етпейді.

Бета-лактамазаны түзбейтін Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, E. coli, Salmonella және Shigella түрлерінің штаммдары амоксициллинге сезімтал. Басқа грамтеріс бактериялардың көбісі амоксициллинге төзімді.

1-кесте. Амоксициллинге сезімтал бактериялар*:

Грамоң бактериялар

Грамтеріс бактериялар

Streptococcus pneumoniae

Haemophilus influenzae

Streptococcus pyogenes

pyogenes

Escherichia coli

Streptococcus viridans

Proteus mirabilis

Streptococcus agalactiae

Salmonella spp.

Staphylococcus aureus

Shigella spp.

Enterococcus faecalis

Neisseria spp.

Bacillus anthracis

Bordetella pertussis

Listeria monocytogenes

Brucella spp.

Corynebacterium spp.

Vibrio cholerae

Clostridium spp.

Pasteurella septica

Helicobacter pylori

* Бета-лактамаза түзбейтін штаммдар.

Бактериялардың амоксициллинге сезімталдығын анықтау үшін сұйылту әдісін қолдануға болады.

Сезімталдығын бағалау үдерісінде амоксициллин ұнтағын қолдану міндетті болып табылатын барлық бактериялар үшін, Streptococcus pneumonia қоспағанда, ампициллин ұнтағы пайдаланылады.

2-кесте. Бактериялардың амоксициллинге сезімталдығына баға беру нәтижелерінің интерпретациясы.

Бактерия

ТБК (мкг / мл) Сезімтал

ТБК (мкг / мл) Аралық

ТБК (мкг / мл)

Төзімді

Enterococcus spp.

≤4

≥8

Staphylococcus spp.

≤0.25

≥0.5

Streptococcus spp.

(except for S. pneumoniae)

≤0.25

0.5-тен 4 дейін

≥8

Streptococcus pneumoniae

≤0.5

1

≥2

Enterobacteriaceae

≤8

≥8

Haemophilus influenzae

≤1

≥1

* Метициллин-төзімді стафилококктар да амоксициллинге төзімді.

Бактериялардың амоксициллинге төзімділігі, төзімділіктің пайда болуы

Бактериялардың кейбір антибиотиктерге төзімділігі мутациялар немесе плазмидтердің берілуі нәтижесінде болуы мүмкін. Бактериялар төзімділігінің пайда болу механизмі, негізінен, мынадай:

- антибиотиктердің бета-лактамазалармен гидролизі

- антибиотиктердің пенициллин байланыстырушы ақуыздарға жетуге қабілетсіздігі

- ПБА-ның пенициллиндермен байланысуға жарамсыз болу дәрежесіне дейін өзгеруі.

Бета-лактамазалар пенициллиндердің бета-лактамдық сақинасының циклдік амидтік байланысын гидролиздейді. Өзінің бета-лактамдық антибиотиктермен байланысу қабілеті және амин қышқылдарының мөлшері бойынша бірнеше топтарға бөлінетін көптеген бета-лактамазалар бар. Грамоң бактерияларда бета-лактамазалар қоршаған ортаға бөлініп шығады, сол кезде грамтеріс бактерияларда, бета-лактамазалар периплазмалық кеңістікте орнығады. Бактериялардың бета-лактамазаны түзу қабілеті бір бактериялық жасушадан басқа бактериялық жасушаға оңай өтетін плазмидтермен өте жиі байланысты және, осылайша, төзімділікті бактериялардың бір түрінен басқа түріне беріп отырады.

Пневмококктардың бета-лактамдық антибиотиктерге төзімділігінің пайда болу механизмі бір немесе бірнеше ақуыздардың өзгеруі болып табылады, олармен антибиотик басқа тәсілмен байланысады. Өзгерген ақуыз тек пенициллинді ғана емес, бірнеше антибиотиктермен байланысу қабілетін жоғалтады. Егер бірнеше ақуыздар өзгерсе, штаммдар өте төзімді деп есептеледі. Тиісті дозаларда, амоксициллин пероральді түрде қолданылғанда, аралық және төзімді пневмококктар әсерінен туындаған инвазивтік емес жұқпаларды емдеу үшін өте тиімді бета-лактамдық антибиотик болып табылады.

Қолданылуы

Амоксициллинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған жұқпаларда:

  • тыныс жолдарының жоғарғы бөлімдерінің жұқпаларында (ортаңғы отит, синусит, фарингит, тонзиллит)

  • тыныс жолдарының төменгі бөлімдерінің жұқпаларында (жедел бактериялық бронхит, созылмалы бактериялық бронхиттің өршуі, пневмония)

  • несеп-жыныс жолдарының жұқпаларында (уретрит, цистит, пиелонефрит, пиелит, эндометрит, цервицит, соз)

  • тері мен жұмсақ тін жұқпаларында

  • асқазан-ішек жолының жұқпаларында (сальмонеллез, Salmonella typhi амоксициллинге сезімтал болғанда)

  • асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасында Helicobacter pylori эрадикациялауға

  • Лайм ауруында (боррелиоз)

  • кейбір басқа жұқпаларда (бруцеллез, лептоспироз)

  • ауыз қуысында және жоғарғы тыныс жолдарындағы хирургиялық араласымда бактериялық эндокардиттің алдын алуға

Қолдану тәсілі және дозалары

Хиконцилді ас қорытуға қарамай-ақ қабылдауға болады. Хиконцилмен емделу кезінде емделушілер сұйықтықты әдеттегіден көбірек ішуі керек. Суспензияны жанына бірге салынған өлшеуіш қасықтың жәрдемімен өлшеп, сұйықтықпен ішіп қабылдаған жөн. Ұнтақтан суспензия дайындау үшін тек таза (қайнаған) суды пайдалану керек.

100 мл суспензияны (250 мг/5 мл) дайындау үшін 92 мл су қажет.

Судың қажетті мөлшерінің (92 мл-ден) төрттен бірін ішінде ұнтағы бар құтыға қосады да, құтыны жауып, сілкілеп араластыру керек. Содан кейін қалған суды қосып, құтыны сілкілеп араластырады. Әзірленген суспензия құтыдағы белгіленген сызыққа дейін жетуі тиіс. Пайдаланып болғаннан кейін құтыны жақсылап жапқан жөн.

Хиконцилді қабылдау арасындағы аралық өте ауқымды. Дозаны, қабылдау жиілігін және емдеу ұзақтығын ауруға және емделушінің жағдайына байланысты, түзету керек.

Ересектерге және дене салмағы 40 кг-ден асатын балаларға әдеттегі доза тәулігіне үш рет 250 мг-ден 500 мг-ге дейінгі немесе күніне екі рет 500 мг-ден 1000 мг-ге дейінгі Хиноцилді құрайды. Синуситте, пневмонияда және басқа да ауыр жұқпаларда тәулігіне үш рет 500 мг-ден 1000 мг-ге дейін тағайындаған жөн. Ең жоғары тәуліктік дозасы 6 г құрайды.

Дене салмағы 40 кг-ден төмен балаларға әдеттегі доза тәулігіне 3 рет, дене салмағының 1 кг-ге шаққанда 20 мг-ден 40 мг-ге дейінгі немесе тәулігіне екі рет 25 мг-ден 45 мг/кг-ге дейінгі Хиноцилді құрайды. Төзімді Streptococcus pneumonias әсерінен болған жұқпалар қаупі жоғары болатын балаларға Хиконцилді өте жоғары дозаларда қолдану керек – нәрестенің дене салмағының әр кг шаққанда 80 мг күн сайын 3 қабылдау немесе 90 мг/кг күн сайын 2 қабылдау. Балалар үшін ең жоғары тәуліктік доза дене салмағының әр кг шаққанда 100 мг құрайды (тәулігіне 3 г асырмай).

Боррелиоз (Лайм ауруы): ересектер және дене салмағы 40 кг-ден асатын балалар тәулігіне 3 рет 500–1000 мг, ал дене салмағы 40 кг-ден төмен балаларға тәулігіне үш қабылдауға бөлінген, дене салмағының әр кг шаққанда 50 мг тағайындаған жөн.

Helicobacter pylori эрадикациялау үшін Хиконцилді басқа дәрілік заттармен біріктіріп қолдану керек. Ересектер тәулігіне 2 рет 1000 мг, балалар тәулігіне 2 рет, дене салмағының әр кг шаққанда 50 мг Хиконцилден қабылдайды.

Эндокардиттің алдын алу үшін хирургиялық араласымнан 1 сағат бұрын 3 г Хиконцил қолданылады және  хирургиялық араласымнан кейін 6 сағаттан соң – 1,5 г. Балаларға емшараға дейін дене салмағының әр кг шаққанда 50 мг және емшарадан кейін 25 мг қолданады.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерге

Хиконцилді бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге қолдануға болады. Бүйректің ауыр дәрежелі жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі <10 мл/мин және/немесе 0,16 мл/с) дозалар арасындағы аралықты 12-24 сағатқа дейін арттыру ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі ( 1/100 – <1/10 дейін)

 - диарея және жүрек айнуы

- эритематозды және макулопапулезді бөртпе

Жиі емес ( 1/1,000 – <1/100 дейін)

- құсу

- есекжем, қышыну

Сирек ( 1/10,000 – <1/1,000 дейін)

- микроорганизмдері тұрақты ауыр жұқпалар (жалпы бұзылулар, енгізілген жерде реакциялар)

Өте сирек (<1/10,000)

- транзиторлы анемия, тромбоцитопения, эозинофилия, нейтропения, гемолиздік анемия

- қан кету уақытын және протромбиндік уақытты ұзарту

- ангионевроздық ісінуді, анафилактикалық реакцияларды, сарысу құю ауруын және аллергиялық васкулитті қоса, ауыр аллергиялық реакциялар

- сананың шатасуы, құрысулар (препараттың өте жоғары дозаларын қабылдап жүрген емделушілерде), гиперкинезия

- елестеулер

- стоматит, эзофагит, тұрақты диарея (жалған жарғақшалы колитте емдеуді тоқтатқан жөн), түкті қара тіл, тіс беткейінің боялуы (балаларда)

- трансаминаза және билирубин деңгейлерінің жоғарылауы, гепатит, холестаздық сарғаю

- интерстициальді нефрит, кристаллурия

- бронхтың түйілуі

- тері реакциялары, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, эритема, эксфолиативті дерматит

Ауыр жағымсыз әсерлер пайда болған кезде препаратпен емдеуді тоқтатқан жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амоксициллинге, пенициллин қатарының басқа да антибиотиктеріне немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- аллергиялық реакциялардың сыртартқыда болуы, поллиноз, бронх демікпесі

- жұқпалы мононуклеозы және лимфалық бездердің қатерлі аурулары (лимфосаркома, лимфоцитарлы лейкоз) бар емделушілер

- фенилкетонурия (Феллинг ауруы)

- сыртартқыда асқазан-ішек жолының аурулары (әсіресе антибиотиктерді қолдануға байланысты болатын колит)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолданғанда Хиконцил кейбір пероральді контрацептивтік дәрілердің тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Аллопуринолді амоксициллинмен бір мезгілде қабылдап жүрген емделушілерде тері бөртпесі жиірек пайда болады.

Клавулан қышқылымен бір мезгілде қолдану амоксициллиннің әсерін күшейтеді.

Амоксициллиннің басқа антибиотиктермен біріктірілімі

Амоксициллинді бактериостатикалық антибиотиктермен (макролидтер, тетрациклиндер) және басқа да бета-лактамдық антибиотиктермен (цефалоспориндер, монобактамдар, пенемдер) біріктірмеу керек.

Бактериостатикалық әсері бар антибиотиктер амоксициллиннің тиімділігін төмендетеді. Амоксициллинді метотрексатпен бір мезгілде қабылдағанда метотрексаттың уыттылығы жоғарылайды.

Амоксициллинмен біріктіріп қолданғанда антикоагулянттардың әсері күшейеді, бұл қан кетуді туындатуы мүмкін.

Амоксициллинмен емдеу кезінде Кумбс реакциясында және несептегі глюкоза концентрациясын анықтауда жалған оң нәтижелер алынуы мүмкін.

Пробенецидті бір мезгілде қолдану өттегі амоксициллин деңгейін арттырады. Пробенецид өзекшелік секрецияны басады.

Амоксициллинді аминогликозидтермен біріктіруге болады. Біріктіру синергиялық әсер береді. Амоксициллинді сондай-ақ хинолондармен бір мезгілде қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Пенициллиндерге, басқа да β-лактамдық антибиотиктерге және цефалоспориндерге айқаспалы аса жоғары сезімталдық, осындай жағдай өте сирек байқалса да, пайда болуы ықтимал. Амоксициллинмен емдеу аллергиялық реакцияларға әкеп соққан жағдайда, антибиотик қабылдауды тоқтатқан және тиісті ем жүргізген жөн.

Амоксициллин қабылдайтын емделушілерде бездік қызбамен астасқан эритематозды (тері) бөртпелері бақыланған.

Сондай-ақ амоксициллинді ұзақ уақыт қолдану кейде сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне алып келуі мүмкін.

Несеп бөлінуі төмендеген емделушілерде өте сирек жағдайларда, негізінен парентеральді емдегенде, кристаллурия туралы хабарланған.

Амоксициллиннің жоғары дозаларын қабылдаған уақыттарда болуы мүмкін кристаллурияны азайту үшін сұйықтықты және несеп айдайтын дәрілерді талапқа сай пайдалануды қолдау ұсынылады.

Амоксициллинмен емдеу кезінде ішек флорасында өзгеріс болуы мүмкін. Бұл Clostridium difficile мөлшерінің артуына және жалған жарғақшалы колиттің пайда болуына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда амоксициллинді қолдануды тоқтату және тиісті ем жүргізу қажет. Сондай-ақ, әсіресе қынапта зеңдік микроорганизмдердің мөлшері артып кетуі мүмкін. Инфекциялық мононуклеозы немесе лимфалық бездердің қатерлі аурулары бар емделушілерге Хиконцилді қолданғанда тері бөртпелері жиі пайда болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер препаратты сақтықпен қабылдағаны жөн. Бүйрек функциясы айқын бұзылғанда дозалау арасындағы аралықты қолдану тәсілі жөніндегі нұсқаулыққа сай арттыру керек.

Бір уақытта амоксициллин және пероральді антикоагулянттарды қабылдаған емделушілерде протромбиндік уақыттың (халықаралық қалыптасқан қатынастың артуы -INR) ұзақтығының артуы туралы сирек хабарланған. Сондықтан антикоагулянтты бір мезгілде тағайындағанда тиісінше бақылау керек. Қан ұюының қажетті деңгейін ұстап тұру үшін пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету талап етілуі мүмкін.

Шала туылған балаларда және неонатальді кезеңде сақтық шараларын сақтау талап етіледі: бүйрек, бауыр және гематологиялық функцияларды тексеру керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бұл препаратты жүктілік кезінде қолдануға болады, бірақ мұндайда осылай емдеудің тиімділігін мұқият таразылау қажет.

Препараттың аздаған мөлшері емшек сүтіне өтеді, бірақ бұған қарамастан, осыған байланысты Хиконцил препаратын емшек емізу кезеңінде абайлап қолдану керек, өйткені ол кандидоз туындатуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Хиконцил көлікті басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, кристаллурия, орталық жүйке жүйесі қозғыштығының жоғарылауы, сананың шатасуы, құрысулар.

Емі: симптоматикалық ем. Әдетте бүйрек функциясы қалыпты емделушілерде сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін пайдаланған жағдайда асқынулар туындамайды. Бүйрек жеткіліксіздігінде амоксициллинді шығару үшін гемодиализ ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат бірінші ашылуы бақыланатын және тығыздайтын жарғақшасы бар полипропилен / полиэтиленнен (қысу жүйесі + бұрылыс) жасалған қақпақпен тығындалған, 100 мл-де айналдыра сызығы бар сыйымдылығы 133 мл күңгірт шыныдан жасалған шыны құтыларға салынады.

1 құты 5 мл пластик қасықпен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл;

Дайын суспензияны14 күн, тоңазытқышта 2 ºС – 8 °С температурада.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Сандоз ГмбХ, Австрия

Қаптаушы

Сандоз ГмбХ, Австрия

Тіркеу куәлігі иесі

КРКА, д.д., Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 19, корпус 1б,

2-ші қабат, 207 кеңсе.

тел. 8 (727) 311-08-09

факс 8 (727) 311-08-12

info.kz@krka.biz

Прикрепленные файлы

502565711477976825_ru.doc 110.5 кб
446676111477977982_kz.doc 127 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники