ХЕТРОКАР (Карбоплатин)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
ХЕТРОКАР
Халықаралық патенттелмеген атауы
Карбоплатин
Дәрілік түрі, дозасы
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат 10 мг/мл
Фармакотерапиялық тобы
Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Антинеопластикалық препараттар. Басқа антинеопластикалық препараттар. Құрамында платина бар препараттар. Карбоплатин.
ATХ коды: L01XA02
Қолданылуы
ХЕТРОКАР препараты мыналарды емдеу үшін қолданылады:
1. Шығу тегі эпителиальді кең таралған аналық без обыры:
- бірінші қатардағы терапия
- егер басқа емдеу тиімді болмаса, екінші қатардағы терапия.
2. Өкпенің ұсақ жасушалы карциномасы басқа химиотерапиялық препараттармен біріктірілімде.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық
бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі
< 30 мл/мин), егер дәрігер мен пациенттің пікірінше емдеудің ықтимал
пайдасы қауіптен асып түспесе
ауыр миелосупрессия
қан кететін ісіктер
сары қызбаға қарсы вакцинация
жүктілік және лактация кезеңі
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Карбоплатинмен емдеуді ісікке қарсы препараттарды тағайындау тәжірибесі бар дәрігерлер ғана жүргізуі керек. Қан таллдауын, сондай-ақ бүйрек пен бауыр функциясын бағалауға арналған тесттерді жүйелі түрде жүргізу қажет, ал сүйек кемігі функциясының айтарлықтай тежелуі немесе бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы дамыған кезде осы препаратпен емдеуді тоқтату керек.
Карбоплатин мутагенді және ықтимал канцерогенді зат болып табылады. Карбоплатинді сұйылту енгізу кезінде уытты заттармен жұмыс істеу кезінде сақтық шараларын сақтау қажет. Карбоплатин препаратын сұйылту енгізуді қорғағыш қолғап, бет маскалары және қорғағыш киімдер киілген жағдайда дайындалған медицина қызметкерлері жүргізуі тиіс.
Карбоплатинді сұйылту және вена ішіне енгізу үшін пайдаланылған дәрілік препараттың кез келген қалған мөлшері мен шығын материалдары медициналық мекемеде қабылданған ережелерге сәйкес утилизациялануы керек.
Гематологиялық уыттылық
Лейкопения, нейтропения және тромбоцитопения дозаға тәуелді және дозаны шектейді. Карбоплатинмен емдеу кезінде шеткері қанның талдауын жиі, ал гематологиялық уыттылық дамыған жағдайларда, қан көрсеткіштері қалпына келгенге дейін жүргізу керек. Карбоплатинді монотерапияда қабылдап жүрген пациенттерде гематологиялық надирге жету медианасы 21-інші күнге, ал карбоплатинді басқа цитоуытты препараттармен біріктіріп қабылдап жүрген пациенттерде – 15-інші күнге келеді. Жалпы алғанда, карбоплатинді бір реттік курстық енгізуді лейкоциттер, нейтрофилдер және тромбоциттер деңгейлері қалыпқа түскенше жүргізбеу керек. Карбоплатинді кезекті енгізуді, алдыңғы емдеу курсы аяқталғаннан кейін және/немесе қалпына келгеннен кейін нейтрофилдер 2000 жасуша/мм3 аз және тромбоциттер кемінде 100 000 жасуша/мм3 деңгейіне дейін кемінде төрт аптадан соң жүргізуге болады.
Анемия сирек жағдайда қан құюды қажет ететін жиі және жиынтық жай-күй болып табылады.
Карбоплатинді қабылдаған пациенттерде, дәрілік препарат индукциялаған серологиялық антиденелердің болуымен гемолиздік анемия дамыған туралы хабарламалар бар. Бұл асқыну өлімге әкелуі мүмкін.
Миелосупрессияның ауырлығы бұрын ісікке қарсы ем қабылдаған (әсіресе бұрын цисплатинмен емделген) және/немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде жоғарылайды. Ондай пациенттерде карбоплатиннің бастапқы дозаларын төмендету, және препаратты енгізулер арасындағы аралықтарда қан талдауларын жиі жасау жолымен қан көрсеткіштеріне мұқият қадағалауды жүргізу керек.
Карбоплатиннің миелосупрессиялық әсерін қатарлас химиотерапияның миелосупресиялық әсерлері толықтыруы мүмкін. Ауыр және тұрақты миелосупрессиясы бар пациенттерде өлім жағдайларын қоса, инфекциялық асқынулардың қаупі жоғарылайды. Миелоуыттылық дамыған жағдайда, карбоплатинмен емдеуді үзе тұру, дозасын түзету немесе емдеуді толықтай тоқтату қажеттілігін қарастыру қажет. Емнің басқа миелосупрессиялық түрлерімен біріктірілген карбоплатинмен емдеуді, аддитивті миелосупрессиялық әсерін азайту үшін дозалары мен уақытты ескере отырып өте мұқият жоспарлау керек.
Карбоплатинмен және ісікке қарсы басқа препараттармен емдеуден кейін бірнеше жылдан соң дамыған жедел промиелоциттік лейкоз және миелодисплазиялық синдром (МДС)/жедел миелоидтық лейкоз (ЖМЛ) туралы хабарламалар болған.
Жүрек айнуы және құсу
Жүрек айнуы мен құсу карбоплатинді енгізгеннен кейін 6-12 сағаттан соң дамиды және 24 сағатқа созылады. Құсуға қарсы препараттармен премедикация және препаратты баяу енгізу осы әсерлердің жиілігі мен ауырлығының төмендеуіне ықпал етеді.
Гемолиздік-уремиялық синдром (ГУС)
Гемолиздік-уремиялық синдром (ГУС) өмірге қауіпті жағымсыз әсер болып табылады. Микроангиопатиялық гемолиздік анемияның алғашқы симптомдары мен белгілері, мысалы, қатарлас тромбоцитопениямен гемоглобиннің жылдам төмендеуі, сарысудағы билирубин, сарысудағы креатинин, қанның азот мочевинасы немесе лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы кезінде ХЕТРОКАР препаратымен емдеуді тоқтату керек. Бүйрек жеткіліксіздігі тіпті, емдеуді тоқтатқаннан кейін де қайтымсыз болып шығуы мүмкін, соған байланысты, диализ жүргізу қажет болуы мүмкін.
Аллергиялық реакциялар
Платина негізіндегі басқа препараттармен жағдайдағы сияқты, карбоплатинді енгізгенде көбінесе инфузия кезінде туындайтын аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін, соның нәтижесінде инфузияны тоқтату және тиісінше симптоматикалық ем қажет болуы мүмкін. Құрамында платина бар дәрілік заттар арасындағы, кейде өлімге соқтырған айқаспалы реакциялар туралы хабарламалар болған.
Коунис синдромына дейін үдеген жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарламалар бар (миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін жедел аллергиялық коронарлық артериоспазм, «Жағымсыз әсерлердің сипаттамасын» бөл. қара).
Бүйрек уыттылығы
Бүйрек функциясы қалыпты пациенттердегіге қарағанда, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қан түзу жүйесіне карбоплатиннің ықпалы айқынырақ және ұзағырақ болады. Бұл қауіп тобында карбоплатинмен емдеу ерекше сақтықпен жүргізілуі тиіс.
Неврологиялық уыттылық
Әдетте, шеткері неврологиялық уыттылығы жиі және жеңіл түрде дамитын, және парестезиялармен және терең сіңір рефлекстерінің төмендеуімен шектелетін болса да, 65 жастан асқан пациентерде және/немесе бұрын цисплатинді қабылдаған пациенттерде оның жиілігі жоғарылайды. Мониторинг және неврологиялық тексерулерді жүйелі аралықтармен жүргізіп отыру керек.
Карбоплатинді бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылған дозаларынан артық дозаларда енгізгеннен кейін, көрмей қалуды қоса, көру қабілетіндегі бұзылулар туралы хабарланды. Көру қабілеті препараттың жоғары дозаларын енгізу тоқтатылғаннан кейін бірнеше аптаның ішінде толығымен немесе елеулі дәрежеде қалпына келеді.
Артқы қайтымды лейкоэнцефалопатия синдромы (АҚЛС)
Карбоплатинді біріктірілген химиотерапия режимінде қабылдаған пациенттерде қайтымды артқы лейкоэнцефалопатия синдромы (ҚАЛС) жағдайлары туралы хабарламалар болған. ҚАЛС – бұл сирек, емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды, жылдам өрбитін неврологиялық жай-күй, ол конвульсияны, гипертензияны, бас ауыруын, сананың шатасуын, соқырлықты және басқа, көру қабілетіндегі және неврологиялық бұзылуларды қамтиды. ҚАЛС диагностикасы миды көріністеу, дұрысы МРТ (магнитті-резонансты томография) деректеріне негізделеді.
Бауырдың венооклюзиялық ауруы
Бауырдың веноокклюзиялық ауруы жағдайлары (синусоидтық обструкция синдромы) туралы хабарланды. Олардың кейбіреулері өлімге әкелді. Пациенттерде бауыр функциясы бұзылуының немесе порталдық гипертензияның белгілері мен симптомдарының бар-жоқтығын қадағалау керек, олардың бауырда метастаздар нәтижесінде дамымағаны анық.
Ісік лизисінің синдромы (ІЛС)
Тіркеуден кейінгі кезеңде карбоплатинді монотерапия режимінде немесе ісікке қарсы басқа препараттармен біріктіріп енгізгенде ісік лизисі синдромы туралы хабарламалар пайда болды.
Ісік массасы жылдам ұлғаятын және цитоуытты дәрілерге сезімталдығы жоғары пациенттер сияқты, ІЛС қаупі жоғары пациенттерді мұқият қадағалау керек, сондай-ақ, тиісінше сақтық шараларын қадағалау керек.
Карбоплатинді дозалау
Егер ШСЖ Кокрофт-Голт формуласы бойынша бағаланса, пациенттердің кейбір қосалқы топтары (мысалы, 40 жастан 59 жасқа дейінгі пациенттер, дене салмағы индексі 20-25 пациенттер) толық емделмеу қаупі аса жоғары болады. Карбоплатинмен емнің емдеп жазатын әсеріне қол жеткізу үшін ШСЖ дәл анықтаудың ерекше маңыздылығын ескере отырып, егер мүмкін болса, ШСЖ стандартты әдістермен (инулин, 51Cr-EDTA, 99mTc-DTPA, 125I-иоталамат немесе йогексол) анықтаған дұрыс.
Басқалары
Карбоплатинмен емдеу кезінде есту қабілетінің бұзылуы туралы хабарланды. Отоуыттылығы балаларда айқынырақ болуы мүмкін. Балаларда кейінірек басталған естімей қалу жағдайдары туралы хабарланды. Пациенттердің бұл тобында ұзақмерзімді аудиометриялық қадағалау жүргізу ұсынылады.
Карбоплатинді қоса, цитоуытты препараттарды енгізумен иммунокомпрометацияланған пациенттерді тірі немесе тірі аттенуирленген вакциналармен вакцинациялау, ауыр немесе өлімге соқтыратын инфекциялардың дамуына алып келуі мүмкін. Карбоплатинді қабылдаған пациенттерді тірі вакциналармен вакцинациялауды жүргізбеген дұрыс. Өлі немесе белсенділігі жойылған вакциналармен вакцинациялауға болады; алайда, ондай вакциналарға иммундық жауап төмендеуі мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Онкологиялық аурулар кезінде тромбоз қаупінің жоғарылығына байланысты, антикоагулянттық ем жиі қолданылады. Онкологиялық аурулар кезінде қан ұюының жекелей жоғары ауытқымалылығы және пероральді антикоагулянттардың ісікке қарсы химиотерапиямен өзара әрекеттесуі мүмкіндігі пациентке пероральді антикоагулянттарды тағайындаған кезде халықаралық қалыптастырылған қатынасты (ХҚҚ) жиірек бақылауды қажет етеді.
Бір мезгілде қолдануға болмайды
Сары қызбаға қарсы вакцина: таралған инфекцияның өлімге соқтыру қаупі бар.
Бір мезгілде қолдану ұсынылмайды
Тірі аттенуирленген вакциналар (сары қызбаны қоспағанда): жүйелі, өлімге әкелуі мүмкін инфекциялық үдеріс қаупі бар. Негізгі аурумен иммунокомпрометацияланған пациенттерде қауіп жоғары. Бар болған жағдайда, белсенділігі жойылған вакцинаны (полиомиелит) қолдану.
Фенитоин, фосфенитоин: цитоуытты дәрілік препараттардың әсерінен фенитоиннің ас қорыту жолында сіңуінің төмендеуі нәтижесінде конвульсиялардың өршу қаупі немесе уыттылығының күшеюі немесе фенитоиннің әсерінен бауырдағы метаболизмінің жоғарылауы салдарынан цитоуытты дәрілік препаратардың тиімділігінің жоғалуы қаупі бар.
Бір мезгілде қолданылуын ескеру керек
Циклоспорин (және экстраполяциясы бойынша такролимус және сиролимус): лимфопролиферация қаупімен шамадан тыс иммуносупрессия.
Төмендегілер сияқты нефроуытты немесе отоуытты препараттар:
Аминогликозидтер: жинақталған нефроуыттылығына және отоуыттылығына байланысты, әсіресе, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде карбоплатиннің аминогликозидтік антибиотиктермен бір мезгілде қолданылуын ескеру керек.
Ілмектік диуретиктер: жинақталған нефроуыттылығына және отоуыттылығына байланысты, карбоплатиннің ілмектік диуретиктермен бір мезгілде қолданылуын ескеру керек.
Карбоплатин мен хелаттайтын агенттерді бір мезгілде енгізбеген дұрыс, өйткені теориялық тұрғыдан бұл карбоплатиннің ісікке қарсы әсерінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Алайда, жануарларға жүргізілген зерттеулердің және клиникалық тәжірибенің деректері бойынша, диэтилдитиокарбаматты енгізу карбоплатиннің ісікке қарсы әсеріне ықпалы тигізбейді.
Миелосупрессиялық қосылыстар: карбоплатинді басқа миелосупрессиялық қосылыстармен біріктіретін терапия кезінде миелосупрессия нашарлайды.
Арнайы ескертулер
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясы жиі төмендейтіндіктен, бұл карбоплатин дозасын анықтау кезінде ескерілуі керек.
Жүктілік және лактация кезінде қолдану
Жүктілік
Карбоплатин жүктілік кезінде қолданған кезде шаранаға зиян тигізуі мүмкін. Карбоплатин органогенез кезінде препарат енгізілген егеуқұйрықтарда эмбриоуыттылық пен тератогенділікті көрсетті. Жүкті әйелдерде бақыланатын зерттеулер жүргізілмеді. Егер бұл дәрілік препарат жүктілік кезінде қолданылса, немесе егер жүктілік осы дәрілік препаратты қолданудың аясында туындаса, пациент әйел шарана үшін қауіпті болуы ықтималдығы туралы хабардар болуы тиіс. Бала туатын жастағы әйелдер емделу кезінде контрацепцияның тиімді әдістерін қолдануы тиіс.
Бала емізу
Карбоплатиннің емшек сүтімен бөлінетін-бөлінбейтіндігі белгісіз. Карбоплатинмен емдеу кезінде бала емізуді тоқтату керек.
Фертильділік
Ісікке қарсы ем қабылдаған пациенттерде, гонадалардың бәсеңдеуінен аменореяға немесе азооспермияға туындатуы байқалуы мүмкін. Бұл әсерлері, дозасымен және емдеу ұзақтығымен байланысты болуы ықтимал және қайтымсыз болуы мүмкін. Ісікке қарсы бірнеше препараттың бірікірілімдері жиі қолданылатындықтан, аталық бездер немесе аналық бездер функциясы бұзылуының дәрежесін болжау қиын, бұл жекелеген дәрілік заттардың әсерлерін бағалауды қиындатады.
Карбоплатин гендік уытты болып табылады. Балалы бола алатын жастағы, карбоплатинмен ем қабылдап жүрген ерлерге, барлық емделу кезеңі және емдеу тоқтатылғаннан кейінгі 6 ай бойына контрацепцияның тиімді құралдарын қолдану, сондай-ақ, емдеуді бастағанға дейін шәуһетті консервациялау мүмкіндігі туралы кеңес алу қажет, өйткені карбоплатин қайтымсыз бедеулікті тудыруы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Карбоплатин жүрек айнуын, құсуды, көру және есту қабілетінің бұзылуын тудыруы мүмкін; сондықтан пациенттерге олардың көлік құралдарын және ықтимал қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықтимал әсері туралы ескерту керек.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Бұрын ем алмаған бүйрек функциясы қалыпты ересек пациенттер үшін карбоплатиннің ұсынылатын дозасы 15-60 минутқа созылатын бір реттік венаішілік инфузия түрінде 400 мг/м2 құрайды. Карбоплатин енгізуді қандағы тромбоциттер көрсеткіші 100000 жасуша/мм3 кем емес және нейтрофилдер 2000 жасуша/мм3 кем емес болғанда 4 аптадан кем емес аралықпен қайталайды. ХЕТРОКАР препаратын қолдануға дейін немесе одан кейін сұйықтық енгізу, сондай-ақ қарқынды диурез талап етілмейді.
Сүйек кемігінің жағдайына байланысты карбоплатиннің емдік дозасы орташа немесе ауыр гематологиялық уыттылық симптомдар бар пациенттер үшін түзетілуі мүмкін (яғни тромбоциттер мен нейтрофильді лейкоциттер саны тиісінше 50 000 және 500/мкл-ден аз). Монотерапия жағдайында да, біріктірілген емдеу режимдерінде де дозаны 25%-ға төмендету мүмкіндігін қарастырған жөн;
Бұрын жүргізілген миелосупрессиялық емдеу курстары және/немесе 65 жастан асқан қауіп факторлары болған кезде дозаны 20-25%-ға төмендету ұсынылады; карбоплатинді абайлап қолдану, егер пациент бұрын цисплатин сияқты нефроуытты препараттармен емделген болса, ұсынылады.
Дозаны формула бойынша анықтау
Препараттың миллиграммдағы бастапқы дозасын шумақтық сүзіліс жылдамдығы (мл/мин-ге ШСЖ) мәніне және карбоплатиннің уақытқа байланысты қажетті концентрациясына (мг/мл × мин AUC) тәуелділігін сипаттайтын Кальверт формуласы бойынша анықтауға болады:
Жалпы доза (мг) = AUC × (ШСЖ + 25)
AUC мақсатты мәні |
Жоспарланған химиотерапия |
Пациенттің статусы |
|
5 – 7 мг/мл мин |
карбоплатинмен монотерапия |
бұрын ем алмаған |
|
4 – 6 мг/мл мин |
карбоплатинмен монотерапия |
|
|
4 – 6 мг/мл мин |
карбоплатин плюс циклофосфамид |
бұрын ем алмаған |
Ескертпе: Кальверт формуласына сәйкес карбоплатин дозасы мг/м2 емес, мг бойынша есептеледі.
Кальверт формуласын бұрын төмендегі ісікке қарсы препараттармен қарқынды терапия алған пациенттер үшін қолдануға болмайды:
митомицин С
нитрозомочевина
доксорубицин/циклофосфамид/цисплатинмен біріктірілген химиотерапия
бес немесе одан да көп дәрілік препараттармен біріктірілген ем
20 х 20 см немесе одан да көп аймаққа бағытталған сәулелік терапия ≥ 5000 рад.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Бүйрек функциясының бұзылуы (креатинин клиренсі 60 мл/мин аз) бар пациенттерге ауыр миелосупрессия даму қаупі жоғары болуына байланысты карбоплатин дозасын келесі түрде төмендетеді:
Бастапқы креатинин клиренсі |
Ұсынылатын доза карбоплатин |
41-59 мл/мин |
250 мг/м2 |
16-40 мл/мин |
200 мг/м2 |
Креатинин клиренсі 15 мл/мин-ден аз пациенттерде карбоплатинді қолдану туралы деректер емдеу бойынша ұсыныстар беру үшін жеткіліксіз.
Дозалау бойынша жоғарыда келтірілген барлық ұсыныстар емдеудің бастапқы курсына қатысты. Кейінгі дозаларды препараттың жағымдылығына және миелосупрессия дамуына байланысты түзету керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде карбоплатинді оңтайлы қолдану қан көрсеткіштерін, электролит деңгейін және бүйрек функциясын жиі бақылауды қажет етеді.
Біріктірілген ем
Карбоплатинді басқа миелосупрессорлармен бірге оңтайлы қолдану таңдалған емдеу режимі мен кестесіне сәйкес дозаларды таңдауды қажет етеді.
Егде жастағы пациенттер
65 жастан асқан пациенттерге бастапқы және келесі дозаларды түзету талап етілуі мүмкін.
Балалар
18 жасқа дейінгі балаларда карбоплатинді қолданудың жеткілікті тәжірибесі болмағандықтан, карбоплатинді дозалау бойынша нақты ұсыныстар беру мүмкін емес.
Енгізу жолы және тәсілі
Карбоплатин 15-60 минут ішінде вена ішіне тамшылатып қолданылады.
Дәрілік заттармен жұмыс жасар алдында немесе оны
енгізер алдында жасалуы керек сақтық шаралары:
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентратты сұйылту
ХЕТРОКАР препаратын 50 мг/мл инфузияға арналған глюкоза ерітіндісімен (5%) 0,4 – 2 мг/мл карбоплатин концентрациясына дейін немесе 9 мг/мл инфузияға арналған натрий хлориді ерітіндісімен (0,9%) 2 мг/мл концентрациясына дейін сұйылтуға болады.
Инелерді, шприцтерді, катетерлерді және құрамында алюминий бар инфузиялық жүйелерді дайындау және енгізу үшін қолдануға болмайды, олар карбоплатинмен әрекеттесуі мүмкін, нәтижесінде қара тұнба пайда болады немесе препарат белсенділігі жоғалады.
Карбоплатин мутагенді және ықтимал канцерогенді зат болып табылады. Карбоплатинді сұйылту және вена ішіне енгізу кезінде уытты заттармен жұмыс істеу кезінде сақтық шараларын сақтау қажет. Карбоплатинді сұйылту және вена ішіне енгізуді қорғағыш қолғап, бет маскалары және қорғағыш киімдер киілген жағдайда дайындалған медицина қызметкерлері жүргізуі тиіс.
Карбоплатинді сұйылту және вена ішіне енгізу үшін пайдаланылған дәрілік препараттың кез келген қалған мөлшері мен шығын материалдары медициналық мекемеде қабылданған ережелерге сәйкес утилизациялануы керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Симптомдары: 1600 мг/м2-ге жеткен дозаларда курсқа өмірге қауіп төндіретін гематологиялық жағымсыз әсерлер байқалды, гранулоцитопения, тромбоцитопения және анемия. Келесі гематологиялық емес жағымсыз әсерлер байқалған: шумақтық сүзіліс жылдамдығының 50%-ға төмендеуімен бүйрек функциясының бұзылуы, нейропатия, отоуыттылық, көрмей қалу, гипербилирубинемия, мукозит, диарея, бас ауыруымен жүретін жүрек айнуы және құсу, эритема және ауыр дәрежелі инфекция. Көпшілік жағдайларда естудің бұзылулары уақытша және қайтымды болды. Карбоплатиннің ұсынылғанынан артық дозаларын қолдану көрмей қалумен астасқан.
Емі: карбоплатинмен артық дозалану жағдайындағы антидоты туралы деректер жоқ. Артық дозаланудың болжамды асқынулары бауыр және бүйрек функцияларының бұзылуымен де, сондай-ақ, есту функциясының бұзылуымен де миелосупрессиямен байланысты болуы мүмкін. Сүйек кемігінің трансплантациясы және құюлар (тромбоциттер, қан) гематологиялық жағымсыз әсерлерді бақылауға алудың тиімді әдістері болуы мүмкін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
ХЕТРОКАР препаратымен емдеуді ісікке қарсы препараттарды тағайындау тәжірибесі бар дәрігерлер ғана жүргізуі керек.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Алынған хабарламаларға сәйкес жағымсыз реакциялардың жиілігі монотерапияда карбоплатин қабылдаған пациенттердің жинақталған мәліметтер базасына және тіркеуден кейінгі тәжірибеге негізделген. Төменде келтірілген карбоплатинді қолдану кезіндегі жағымсыз реакциялар тіркелді және келесі жиілікте хабарланды:
өте жиі (>1/10);
жиі (≥ 1/100 < 1/10 дейін);
жиі емес (> 1/1000 < 1/100 дейін);
сирек (≥ 1/10000 < 1/1000 дейін);
өте сирек (<1/10000)
жиілігі белгісіз (жиілікті қолда бар мәліметтер негізінде бағалау мүмкін емес).
Өте жиі
тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения, анемия
құсу, жүрек айнуы, іш аймағының ауыруы
креатининнің бүйрек клиренсінің төмендеуі, қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, аминотрансфераза аспартатының жоғарылауы, бауыр функциясының ауытқуы, қандағы натрий деңгейінің төмендеуі, қандағы калий деңгейінің төмендеуі, қандағы кальций деңгейінің төмендеуі, қандағы магний деңгейінің төмендеуі
Жиі
инфекциялар*
қан кету*
жоғары сезімталдық (мысалы, тері бөртпесі, есекжем, эритема, айқын себепсіз қызба немесе қышу), анафилактоидты реакция (ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі, ентігу, тахикардия, төмен артериялық қысым, есекжем, анафилаксиялық шок, бронхоспазм)
шеткері нейропатия, парестезия, терең сіңір рефлекстерінің төмендеуі, сенсорлық бұзылыс, дисгевзия
көрудің бұзылуы
отоуыттылық
жүрек-қантамыр аурулары*
тыныс алу бұзылыстары, өкпенің интерстициальді ауруы, бронхоспазм
диарея, іш қату, шырышты қабықтың бұзылуы
алопеция, терінің зақымдануы
тірек-қимыл аппаратының аурулары
урогенитальді жол ағзаларының аурулары
әлсіздік
қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, қандағы несеп қышқылының жоғарылауы
Жиі емес
қызба жағдайы, инфекция белгілерінсіз қалтырау
Сирек
көрмей қалу
Өте сирек
жедел промиелоциттік лейкемия
Жиілігі белгісіз
пневмония
жүргізілген терапиямен байланысты қайталама қатерлі ісік
сүйек кемігінің жеткіліксіздігі, фебрильді нейтропения, гемолиздік-уремиялық синдром (ГУС)
сусыздану, анорексия, гипонатриемия, ісік лизис синдромы
цереброваскулярлық бұзылыс*, Артқы қайтымды лейкоэнцефалопатия синдромы (АҚЛС)
жүрек жеткіліксіздігі*, Коунис синдромы
эмболизм*, гипертензия, гипотензия
стоматит, панкреатит
бауыр функциясының ауыр бұзылуы (оған қоса жедел бауыр некрозы)
есекжем, бөртпе, эритема, қышыну
инъекция орнындағы некроз, инъекция орнындағы реакция, экстравазация, инъекция орнындағы эритема, дімкәстік
* < 1%-дағы өлім, < 1%-дағы жүрек-қантамыр жүйесінің өлімге әкелетін жағымсыз реакцияларына жүрек жеткіліксіздігі, эмболия және ми қан айналымының жедел бұзылуы жатады.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Миелосупрессия карбоплатиннің дозаны шектейтін уыттылығы болып табылады. Бастапқы мәндері қалыпты пациенттерде тромбоциттердің 50000/мм3 төмен деңгейімен тромбоцитопения 25% пациентте, гранулоциттердің 1000/мм3 төмен деңгейімен нейтропения - 18% пациентте және лейкоциттердің 2000/мм3 төмен деңгейімен лейкопения - 14% пациентте байқалады. Барынша төмендеуі, әдетте, 21-інші күні байқалады. Карбоплатинді басқа миелосуппрессиялық препараттармен немесе емдеу түрлерімен біріктіріп қолданғанда миелосупрессия ушығуы мүмкін.
Бұрын ем қабылдаған пациенттерде, әсіресе, бұрын цисплатинді қабылдаған пациенттерде, және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде миелоуыттылықтың дәрежесі ауырырақ. Функционалдық статусы нашар пациенттерде де лейкопения мен тромбоцитопенияның ауырырақ дәрежесі білінген. Аталған құбылыстар, әдетте қайтымды екендігіне қарамастан, карбоплатинді қабылдаған, тиісінше 4% және 5% пациентте инфекциялық және геморрагиялық асқынулардың дамуына алып келген. Аталған асқынулар пациенттердің 1%-ынан азында өлімге әкелді.
Гемоглобиннің 8 г/дл төмен мәндерімен анемия бастапқы мәндері қалыпты 15% пациентте болған. Карбоплатиннің дозасын арттырғанда анемияның даму жиілігі жоғарылай түседі.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Құсу 65% пациентте байқалады, олардың ішінен 1/3 пациентте ол ауыр дәрежеде болады. Жүрек айнуы тағы 15%-ында байқалады. Бұрын ем қабылдаған пациенттер (әсіресе, бұрын цисплатинді қабылдаған пациенттер), құсудың дамуына анағұрлым бейім. Жүрек айнуы мен құсу, әдетте, карбоплатинді енгізгеннен кейін 6 – 12 сағаттан соң дамиды. Жүрек айнуы мен құсу, әдетте, препаратты еннізгеннен кейінгі 24 сағат ішінде тыйылады және әдетте, құсуға қарсы дәрілермен жүргізілетін профилактика мен емге жақсы жауап береді. Карбоплатинді басқа эметогенді препараттармен біріктіріп қолданғанда құсудың дамуы анағұрлым ықтимал.
Асқазан-ішек жолы тарапынан болған басқа шағымдар 8% пациенттегі ауыруды, 6% пациенттегі диареяны мен іш қатуды қамтиды.
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Шеткері нейропатия (негізінен, парестезиялар және терең сіңір рефлекстерінің төмендеуі) карбоплатинді қабылдап жүрген 4% пациентте кездесті. 65 жастан асқан пациенттер мен бұрын цисплатинді қабылдаған пациенттер, карбоплатинмен ұзақ уақыт ем қабылдаған пациенттер сияқты, қауіптің жоғарылауына ұшырайды. Карбоплатинмен емдеуді бастағанға дейін байқалған парестезиялар, әсіресе, егер олар цисплатинмен емдеумен байланысты болса, карбоплатинмен емдеу кезінде сақталуы немесе нашарлауы мүмкін.
Клиникалық тұрғыдан елеулі сенсорлық бұзылулар (яғни, көрудің бұзылулары және дәм сезудің өзгерулері) 1% пациентте байқалды.
Орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын көріністер туралы жиі емес хабарланған, және олар көбінесе, құсуға қарсы қатарлас еммен байланысты.
Неврологиялық жағымсыз әсерлердің жалпы жиілігі карбоплатинді біріктірілген режимде қабылдап жүрген пациенттерде жоғары. Сондай-ақ, бұл ұзағырақ жинақталған әсерімен байланысты болуы мүмкін.
Көру ағзасы тарапынан бұзылулар
Платина негізіндегі препараттармен емдеу кезіде дамитын, кейде уақытша көрмей қалуды қамтитын, көру қабілетінің транзиторлық бұзылулары туралы хабарламалар бар. Әдетте бұл, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттардың жоғары дозаларымен емдеумен байланысты.
Есту және тепе-теңдік мүшелер тарапынан бұзылулар
Жоғары жиілікті диапазондағы (4000 - 8000 Гц) бұзылулармен естудің сөйлеу диапазонынан тыс нашарлауы сериялық аудиометриялық зерттеулерде 15% жиілікпен байқалды. Гипоакузияның өте сирек жағдайлары туралы хабарланған. Тек 1% пациентте, көпшілік жағдайларда тиннит түрінде көрініс беретін клиникалық симптомдары болады.
Кейде карбоплатинмен емдеу кезінде, бұрын цисплатинмен емдеу кезінде есту мүшелері зақымданған пациенттерде есту функциясының ары қарай нашарлауы орын алады.
Карбоплатинмен емдеу кезіндегі, балалар жасындағы пациенттерде ұсынылғанынан артық дозаларын басқа отоуытты препараттармен біріктіріп қолданғанда клиникалық тұрғыдан елеулі естімей қалу туралы хабарламалар бар.
Бүйрек және несеп шығару жолының тарапынан бұзылулар
Нефроуыттылығы әдетте, карбоплатинді қабылдаған пациенттерде дозасын шектемейді, және сұйықтықтың көп көлемімен гидратациялау немесе қарқынды диурез сияқты профилактикалық шараларды қажет етпейді. Дегенмен, қан сарысуындағы мочевина немесе креатинин деңгейінің жоғарылауы байқалуы мүмкін.
Креатинин клиренсінің минутына 60 мл төмендеуімен анықталатын, бүйрек функциясының бұзылуы да байқалуы мүмкін. Карбоплатинмен емдеуді бастағанға дейін бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде нефроуыттылығының даму жиілігі мен ауырлық дәрежесі жоғарылауы мүмкін. Тиісінше гидратациялау бағдарламасының көмегімен бұндай әсерін болдырмауға мүмкіндік бар-жоғы белгісіз, дегенмен, бүйрек функциясының орташа төмендеуі (креатинин клиренсі 30 - 59 мл/мин) жағдайында дозасын азайту немесе карбоплатинмен емдеуді тоқтату қажет. Креатинин клиренсі < 30 мл/ мин пациенттерге карбоплатинді қолдануға болмайды.
Карбоплатиннің әдеттегі дозаларын енгізгенде, карбоплатиннің сұйықтықтың көп көлемімен гидратациялаусыз және/немесе қарқынды диурезсіз қолданылғанына қарамастан, бүйрек функциясының нашарлауы жиі емес дамыған. Қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы 6% пациентте, қандағы мочевина азоты деңгейінің жоғарылауы - 14% және несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы - 5% пациентте байқалды. Әдетте олар шамамен, пациенттердің жартысында жеңіл дәрежеде және қайтымды болған. Карбоплатинді қабылдап жүрген пациенттерде креатинин клиренсі бүйрек функциясын өлшеудің анағұрлым сезімтал тәсілі болып табылатындығы дәлелденді. Креатинин клиренсінің бастапқы мәндері 60 мл/мин немесе одан жоғары пациенттердің жиырма жеті (27%) пайызында карбоплатинмен емду кезінде креатинин клиренсінің төмендеуі білінді.
Зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі
Қан сарысуындағы натрий, калий, кальций және магний деңгейінің төмендеуі сәйкесінше 29%, 20%, 22% және 29% пациентте байқалды. Гипонатриемияның бастапқы дамуы туралы анағұрлым жиі хабарланды. Электролиттердің жоғалтылулары елеусіз болды, және негізінен, қандай-да бір клиникалық симптомдарсыз өтті.
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Бастапқы мәндері қалыпты 5% пациентте жалпы билирубин, 15%-ында - аспартатаминотрансфераза (АСТ) және 24% пациентте - сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауын қамтитын пациенттерде, бауыр функциясының өзгерістері байқалды. Негізінен, аталған өзгерістер жеңіл дәрежеде болды және пациенттердің шамамен жартысында қайтымды болды.
Карбоплатиннің өте жоғары дозаларын қабылдаған және сүйек кемігінің аллогенді трансплантациясын бастан өткерген пациенттердің шағын тобында, бауыр функциясы көрсеткіштерінің едәуір жоғарылауы байқалды.
Карбоплатинді жоғары дозаларда тағайындағаннан кейін бауыр жасушаларының жедел фульминантты некрозы жағдайлары байқалған.
Иммундық жүйенің тарапынан бұзылулар
Тері бөртпесі, есекжем, эритема, айқын себепсіз қызба немесе қышыну сияқты, карбоплатинге аллергиялық реакциялар пациенттердің 2%-ынан азында байқалған.
Кейде өлімге соқтыратын анафилаксиялық реакциялар препаратты енгізгеннен кейін бірнеше минуттан соң дамуы мүмкін: ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі, ентігу, тахикардия, артериялық қысымның төмендеуі, есекжем, анафилаксиялық шок, бронх түйілуі.
Басқа да жағымсыз әсерлер
Карбоплатинді қоса, бірнеше цитостатикалық препараттың біріктірілімімен емдеуден кейін салдарлы қатерлі жаңа түзілімдердің дамығаны туралы хабарланды.
Осының алдындағы сәулелік терапиядан кейінгі, карбоплатинмен монотерапиядан кейін 6 жылдан соң жедел промиелоциттік лейкоз дамығаны туралы хабарламалар бар.
Кейде алопеция, қызба және қалтырау, мукозит, әлсіздік, дімкәстану, сондай-ақ, дисгевзия байқалған.
Жекелеген жағдайларда гемолиздік-уремиялық синдром дамыған.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан асқынулар (жүрек жеткіліксіздігі, эмболия), сондай-ақ, ми қан айналымының жедел бұзылуының жекелеген жағдайлары туралы хабарламалар бар. Гипертензия жағдайлары туралы хабарланды.
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы бұзылулар
Енгізген орындағы реакциялар (ашыту, ауыру, қызару, ісіну, есекжем, экстравазация салдарынан болған некроз) дамығаны туралы хабарламалар бар.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы»
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 мл құрамында
белсенді зат – карбоплатин 10 мг
қосымша заттар: маннитол, инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссізден бозғылт-сарғыш түске дейінгі мөлдір ерітінді, көрінетін бөлшектері жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 мл препарат қоңыр түсті «FLIP OFF» түріндегі қақпағы бар алюминий қақпақпен қаусырылған резеңке тығынмен тығындалған янтарь түсті шыны құтыға салынады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Құтыны ашқаннан және инфузияға арналған ерітінді дайындағаннан кейін жарамдылық мерзімі
Карбоплатиннің сұйылтылғаннан кейінгі химиялық және физикалық тұрақтылығы глюкозаның инфузияға арналған 50 мг/мл (5%) ерітіндісінде бөлме температурасында 72 сағат бойы және натрий хлоридінің инфузияға арналған 9 мг/мл (0,9%) ерітіндісінде, жарықтан қорғалған жерде сақтаған жағдайда 2-ден 8 °С-ге дейінгі температурада 24 сағат бойы сақталатындығы көрсетілді. Алайда, карбоплатинді натрий хлоридінің 9 мг/мл (0,9%) ерітіндісінде сұйылтумен дайындалған, инфузияға арналған ерітіндіні дайындағаннан кейін бірден қолдану ұсынылады.
Препараттың ерітіндісін дереу қолдану керек. Егер карбоплатин ерітіндісі сұйылтылғаннан кейін бірден пайдаланылмаса, сақтау уақыты мен шарттары үшін медицина қызметкері жауап береді, ол әдетте, сұйылту стандартты асептикалық шарттарды сақтай отырып жүргізілген жағдайларда 2-ден 8 °C-ге дейінгі температурада 24 сағаттан аспауы тиіс.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәлімет
Hetero Labs Limited,
Unit - VI, Телангана штаты, Үндістан
Tel: +91-40-23704923/24/25
Fax: +91-40-23704926.
msreddy@heterodrugs.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
«CAMBER PHARMA (КАМБЕР ФАРМА)»
Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Бостандық ауданы,
Әл-Фараби даңғылы - 5, Нұрлы Тау Бизнес орталығы
Тел: +7 (727) 3115362, +7(727) 3115352
regulatory-pvg.kz@camberglobal.com
PV.kazakhstan@hetero.com
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөнінде шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
«CAMBER PHARMA (КАМБЕР ФАРМА)»
Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Бостандық ауданы,
Әл-Фараби даңғылы - 5, Нұрлы Тау Бизнес орталығы
Тел: +7 (727) 3115362, +7(727) 3115352
regulatory-pvg.kz@camberglobal.com
PV.kazakhstan@hetero.com