Хепилор®

МНН: Гексетидин+холина салицилат+хлорбутанола гемигидрат
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018353
Информация о регистрации в РК: 15.06.2021 - 15.06.2031
Номер регистрации в РБ: 10453/15/21
Информация о регистрации в РБ: 16.03.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Хепилор®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ауыз қуысына арналған спрей

Құрамы

1 мл спрейдің құрамында

белсенді заттар: 100% затқа шаққанда гексетидин – 1 мг, 100% затқа шаққанда холин салицилаты 80% – 5 мг, 100% сусыз затқа шаққанда хлорбутанол гемигидраты – 2,5 мг;

қосымша заттар: этанол (96 %), натрий сахарині, полисорбат 20, пропион қышқылы, лимон майы, анис майы, ментол (левоментол), эвкалиптол, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән хош иісі бар мөлдір немесе жеңіл бозаңданған сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТХ коды R02AА20.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Белсенді заттар ауыз қуысының шырышты қабығында бекітіледі, олар ол жерден біртіндеп босап шығады.

Фармакодинамиикасы

Препараттың әсері үш белсенді ингредиентпен негізделген.

Бактерияға қарсы және зеңге қарсы белсенділік.

Гексетидин – жергілікті қолдануға арналған антисептикалық дәрі. Гексетидиннің арқасында Хепилор ауыз қуысы ауруларының көбірек таралған қоздырғыштарына, оның ішінде грамоң және грамтеріс микроорганизмдер (аэробтар мен анаэробтар) мен зеңдерге қатысты айқын бактерияға қарсы әсер береді. Хепилор спрейінің әсер ету механизмі гексетидиннің тиаминді бәсекелесе алмастыру (гексетидиннің құрылымы тиаминнің құрылымымен ұқсас) қабілетіне негізделген, ол бактериялар мен зеңдердің өсуі мен көбеюі үшін қажет.

Гексетидин тіндерді қанмен қамтамасыз етуді жақсарта және эпидермистің регенерациясын көтермелей отырып, қан тоқтататын әсер береді, ауыру сезімін басады, шырышты қабыққа бүркемелегіш әсер етеді.

Қабынуға қарсы белсенділік.

Холин салицилаты айқын ауыруды басатын, ыстық түсіретін және қабынуға қарсы әсерге ие, ауыз қуысының ауруларын емдеу үшін жергілікті қолданылады.

Ауыруды басатын белсенділік.

Хлорбутанол бактерияға қарсы, қабынуға қарсы әсерге және жергілікті жансыздандырғыш белсенділікке ие, ол ауырудың жеңілдеуіне ықпал етеді. Белсенді заттар ауыз қуысы шырышты қабығында бекітіледі, олар ол жерден біртіндеп босап шығады.

Хепилор спрейі тамақтағы ауыру мен қабынуды басады, бактериялық жұқпалардың дамуына кедергі жасайды және ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабығының эпителизациясын жеделдетеді.

Қолданылуы

  • ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпалы-қабыну ауруларын жергілікті емдеуде: ангинада, жедел және созылмалы тонзиллитте, фарингитте, ларингитте, гингивитте, стоматитте, афтозды ойық жараларда

  • стоматологиялық операцияларға дейін және кейін ауыз қуысының күтімінде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ауыз қуысына бүрку үшін жергілікті қолданады.

Ересектерге: 1 бүркуден тәулігіне 4-6 рет.

12 жастан асқан балаларға: 1 бүркуден күніне 2-3 рет.

Емдеу курсы 5 күннен артық емес.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар: ауыз қуысының шырышты қабығының сәл тітіркенуі, тері реакциялары

  • дәм және иіс сезудің бұзылуы мүмкін (бұл жағдайда емдеуді тоқтату қажет)

  • препараттың компоненттерінің біріне сенсибилизация қаупі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың кез-келген компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 12 жасқа дейінгі балаларға

  • препараттың компоненттеріне аллергия анықталғанда

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Құрамында антисептиктер бар препараттармен бірге қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Қолданған кезде препаратты жұтуға болмайды және көзге тиюін болдырмау керек, өйткені препараттың құрамында этанол бар.

Ұзақ уақыт қолдану ұсынылмайды, өйткені бактериялардың немесе зеңдердің таралу қаупі бар ауыз қуысы мен тамақтың табиғи микробтық тепе-теңдігі өзгеруі мүмкін.

Бактериялық жұқпаның жалпы клиникалық белгілері пайда болса, бактерияға қарсы жалпы ем қарастырылуы тиіс.

Егер симптомдар 5 күннен артық сақталса және/немесе дене температурасы жоғарыласа, емдеу тактикасын қайта қарастыру қажет.

Жүктілік және бала емізу кезінде қолданылуы.

Жүктілік немесе бала емізу кезінде препаратты тек дәрігердің тағайындауымен және тек препараттан анаға келетін пайда ұрық үшін қауіптен асатын болса ғана қолданады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.

Белгісіз.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозаланғаны туралы хабарламалар болған жоқ.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Қорғаныш қалпақшасы бар, ауыз арқылы қолданылатын дозалағыш-сорғымен жабдықталған, мойны бұрандалы қоңыр түсті шыныдан жасалған құтыда 20 мл немесе 50 мл-ден.

Препарат құтыдан бүріккіш арқылы аэрозольді ағын түрінде босап шығады.

Құтыға өздігінен желімделетін заттаңбаны жапсырады.

Әр құты мен бүріккіш мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

 

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“Фармак” ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ-сы, Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

“Фармак” ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, индекс 050012, Амангельды к-сі 59 "А", "Шартас" бизнес орталығы, 9 қабат.

Тел +7 (727) 367 64 63, факс +7 (727) 267 63 73, электронды поштасы: a.liadobruk@gmail.com,

 

Прикрепленные файлы

664833981477977191_ru.doc 56 кб
304256631477978346_kz.doc 66.5 кб
10453_15_21_p.pdf 0.28 кб
10453_15_21_s.pdf 0.26 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ