Хекокур спаг. Пека

Производитель: ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие лекарственные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021433
Информация о регистрации в РК: 17.11.2020 - 14.04.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Хекокур спаг. Пека

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Ішуге арналған тамшылар, 50 мл, 100 мл

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы. Басқа дәрілік препараттар.

АТХ коды V03AX

Препарат гомеопатиялық

Қолданылуы

кешенді ем құрамында

- бауыр және өт шығару жолдарының жедел және созылмалы аурулары

- метеоризммен және асқазан-ішек жолы мүшелерінің түйіліп ауыруымен қатар жүретін ас қорыту бұзылуларында

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді ингредиенттердің біріне немесе қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдық

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Жоғары қауіп тобына бауыр аурулары, эпилепсиясы бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуіне қосымша зерттеулер жүргізілмеген.

Арнайы сақтандырулар

Ерітіндінің бұлыңғырлануы препарат тиімділігіне әсер етпейді.

Гомеопатиялық препаратты бастапқы қабылдау кезінде аурудың бұрын болған симптомдары қысқа уақыт аралығы ішінде (бастапқы реакция) күшеюі мүмкін. Онда препарат қабылдауды тоқтату керек. Бастапқы реакция қарқындылығы азайған жағдайда, препарат қабылдауды қайта бастауға болады. Ауру симптомдары қайталап күшейгенде препарат қабылдауды тоқтату қажет.

Гомеопатиялық дәрімен ұзақ емдеудің кез келгенін гомеопатияда тәжірибесі бар дәрігер бақылауы тиіс, өйткені бақылаусыз пайдалану жағымсыз дәрі-дәрмектік симптомдарға (жаңа белгілер) әкелуі мүмкін.

Қосымша зат

Хекокур спаг. Пеканың бір реттік дозасында (5 – 15 тамшы) 48-143 мг этанол бар, сондықтан препарат алкогольден зардап шегетіндер үшін зиянды.

Педиатрияда қолдану

Препарат тек 12 жастан асқан балаларға арналған.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Хекокур спаг. Пеканы жүкті әйелдерде қолдану туралы деректер шектеулі.

Жануарларға зерттеулерде репродуктивті уыттылығы анықталмаған.

Хекокур спаг. Пеканы, егер әйелдің клиникалық жағдайы гомеопатикалық емді қажет етпесе, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Бала емізу

Бала үшін емшек емізудің пайдасы мен әйел үшін емнің пайдасын ескере отырып, бала емізуді тоқтату немесе Хекокур спаг. Пекамен емдеуді тоқтату туралы шешім қабылдау қажет.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Хекокур спаг. Пека көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз ғана әсер етеді.

Этанол мөлшері 31 % к. болатынын ескеру қажет.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Егер дәрігер басқаша жазбаса:

Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер: 10-15 тамшы күніне 3 рет, суда сұйылтылған, тамақтанудан кейін, пероральді.

Егер Сіз алдыңғы дозаны өткізіп алсаңыз, екі еселенген дозаны пайдаланбаңыз.

Аурудың жедел жағдайларында күніне 6 рет суда сұйылтылған 5 тамшысын тамақтан кейін пероральді қабылдау керек. Апта бойы, одан әрі

Егер симптомдар жақсарса, жоғарыда сипатталған стандартты дозаға оралу ұсынылады.

Созылмалы түрлерінде 2-3 ай бойы күніне 1-3 рет аз мөлшердегі суда 5 тамшыдан қабылдау керек.

Емдеу ұзақтығы 7 күн.

Ауру симптомдары жоғалғаннан кейін асқынудың профилактикасы үшін препаратты күніне 2 рет қабылдауды тағы 3 – 7 күн бойы жалғастыру ұсынылады.

Егер емдеуді бастағаннан кейін 7 күн ішінде жағдайыңыз жақсармаса немесе тіптен нашарлап кетсе, емдеуші дәрігерге көріну керек.

Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Аурудың созылмалы және ұзақ түрлері:

Препаратты қолдану ұзақтығы пациенттің жағдайына байланысты және жалпы шектелмейді.

Созылмалы түрлерін емдеудің оң нәтижелерін сақтау үшін немесе аурудың ұзақ ағымында қосымша 2-3 ай бойы препаратты жоғарыда көрсетілгендей күніне 2 рет (таңертең және кешке) қабылдау ұсынылады.

Осы кезеңнен кейін препаратты қабылдау 1-3 аптаға тоқтатылуы тиіс, бұл ретте аурудың симптомдарын бақылап, емдеуші дәрігермен емдеуді жалғастыру керек пе деген мәселені шешіп алған жөн.

Кез келген жағдайда жоғарыда көрсетілген аурулардың созылмалы түрлерін емдеу емдеуші дәрігердің бақылауымен ғана жүргізілуі тиіс.

Қолдану тәсілі

Суда сұйылтылған тамшылар тамақтан кейін пероральді қабылданады.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Препараттың артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Кез келген қиындықтар болған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгініңіз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Препаратты қолдану әдісіне қатысты күмән туындаған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болғанда) қабылдау керек шаралар

Осы кезге дейін Хекокур спаг. Пека қолданғанда ешқандай жағымсыз әсерлері анықталмаған.

Аллергиялық реакциялардың алғашқы белгілері болғанда Хекокур спаг. Пеканы қолдануды тоқтату қажет.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

1г (= 1.04 мл = 27 тамшы)

10 грамм препараттың құрамында

белсенді заттар:

Chionanthus virginicus

D2

1.40 г

Iberis amara

D6

1.40 г

Lycopodium clavatum

D4

1.40 г

Mandragora e radice siccato. spag. Peka

D12

1.40 г

Phosphorus

D10

1.40 г

Peumus boldus spag. Peka

D6

0.60 г

Cynara scolymus

D8

1.00 г

Taraxacum officinale spag. Peka

D8

1.40 г

Қосымша заттар: тазартылған су, этанол 31 % к.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Этанол дәмі және этанолдың әлсіз немесе орташа иісі бар түссіз немесе сәл сарғыш мөлдір сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл немесе 100 мл препараттан түссіз тамшылатқышы мен алғашқы ашылуы бақыланатын полипропиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар III типті гидролитикалық коңыр шыны құтыға салынған.

Құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Құтыны алғаш ашқаннан кейін – 12 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ

D-88353 Кисслегг, Германия, Райффейсенштрассе 15

Тел. 0049-7563/91160, факс 0049-7563/2862

e-mail: info@pekana.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Фирма «Санжар» ЖШС, Алматы қ., 050057, Айманов к-сі 206, к. 34, тел: 248-33-02, e-mail: info@sanzharpharma.kz

Прикрепленные файлы

Инструкция_Hechocur_new_ru.docx 0.03 кб
Hechocur_new_kz_ЛВ.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники