Фуцис® (раствор для инфузий, 2 мг/мл)

МНН: Флуконазол
Производитель: МАРК БИОСАЙНС ЛТД
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fluconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019201
Информация о регистрации в РК: 19.09.2022 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Фуцис®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Флуконазол

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған ерітінді, 2мг/мл

Құрамы

Бір мл препарат құрамында

белсенді зат - 2 мг флуконазол,

қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған зеңге қарсы препараттар.

Триазол туындылары.

АТХ коды J02А С01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қан плазмасындағы флуконазол концентрациясы дозаға пропорционал. Препаратпен емделген 4-5 тәулікте тәулігіне бір реттен көп рет қолданған кезде тепе-тең 90% концентрациясына жетеді.

Алғашқы күні әдеттегі тәуліктік дозасынан екі есе асып кететін екпінді доза енгізу екінші күні-ақ тепе-тең 90% концентрациясына жеткізеді. Препараттың іс жүзіндегі таралу көлемі организмдегі жалпы су көлеміне жақындайды. Флуконазолдың қан ақуыздарымен байланысу дәрежесі 11-12%-дан аспайды. Флуконазол организмнің зерттелген сұйық орталарының бәрінде жоғары өту қабілетін иеленеді. Сілекей мен қақырықтағы препарат деңгейлері оның қан плазмасындағы концентрацияларына ұқсас.

Зеңді менингиті бар науқастарда жұлын сұйықтығындағы флуконазол деңгейі оның қан плазмасындағы концентрациясының 80%-на жетеді. 

Флуконазол жоғары концентрацияларына (сарысулық көрсеткіштерінен жоғары) мүйізді қабатта, эпидермис/дерма қабатында және тер бездерінде жетеді. Флуконазол терінің мүйізді қабатында жиналады. Препаратты 50 мг дозада тәулігіне бір рет қолданғанда мүйізді қабаттағы флуконазол концентрациясы 12 күннен соң 73 мкг/г құрап, емдеуді тоқтатқаннан кейін 7 күннен соң концентрация 5,8 мкг/г құрады. Аптасына бір рет 150 мг дозасын қолданғанда мүйізді қабаттағы флуконазол концентрациясы 7-ші күні 23,4 мкг/г және екінші дозадан кейінгі 7 күннен соң 7,1 мкг/г құрады. 

Тырнақтардағы флуконазол концентрациясы аптасына бір рет 150 мг қабылдаған 4 айдан кейін сау тырнақтарда 4,05 мкг/г және ауру тырнақтарда 1,8 мкг/г құрады;

Флуконазол емдеуді тоқтатқаннан кейін 6 айдан соң тырнақ сынамаларынан табылды.

Флуконазол, негізінен, бүйрекпен шығарылады, бұл орайда, енгізілген дозаның 80%-ға жуығы өзгермеген күйде несептен табылады. Флуконазол клиренсі креатинин клиренсіне пропорционал. Айналымдағы метаболиттері анықталмаған.

Балалардағы флуконазолдың фармакокинетикалық параметрлері

Балаларда көктамыр ішіне енгізген кездегі флуконазолдың фармакокинетикалық параметрлері кестеде келтірілген.

Баланың жасы

Препарат дозасы (мг/кг)

Жартылай шығарылу кезеңі (сағат)

Концентрация/уақыт қисығы астындағы ауданы

(АUС, мкг • сағ./мл)

11күн –11ай

Бір рет 3 мг/кг

23,0

110,1

5–15 жас

Бірнеше рет 2 мг/кг

17,4*

67,4*

5–15 жас

Бірнеше рет 4 мг/кг

15,2*

139,1*

5–15 жас

Бірнеше рет 8 мг/кг

17,6*

196,7*

 Ескерту: * - препарат енгізілген соңғы күні алынған деректер.

 

Мерзімінен бұрын туылған сәбилерге (гестация уақыты – шамамен 28 апта) флуконазол, жаңа туған нәрестелер қарқынды емдеу бөлімінде қалдырылған уақытта әр үш тәулік, ең көп дегенде 5 тәулік сайын 6 мг/кг дозада көктамыр ішіне енгізілді. Препараттың жартылай шығарылатын орташа кезеңіне алғашқы күні 74 сағатта (44-185) жетіп, жетінші күні 53 сағатқа (30-131) және он үшінші күні 47 сағатқа (27-68) азайды.

Қисық астындағы ауданы (мкг • сағ./мл) 1-ші күні 271 (173-385 аралықпен) болып, 7-ші күні орташа 490 көрсеткішіне (292-734 аралықпен) ұлғайды және 13-ші күні орташа 360 көрсеткішіне (167-566 аралықпен) төмендеді.

Таралу көлемі (мл/кг) 1-ші күні 1183 (1070-1470 аралықпен) құрап, 7-ші күні орташа 1184 көрсеткішіне (510-2130 аралықпен) және 13-ші күні 1328-ге дейін (1040-1680 аралықпен) молайды.

Егде жастағы адамдардағы флуконазолдың фармакокинетикалық параметрлері

Бір мезгілде диуретиктер тағайындау AUC немесе Cmax көрсеткіштеріне елеулі әсер етпейді, егде жастағы емделушілерге тән креатинин клиренсі (74 мл/мин), несепте өзгермеген күйде болатын қалпына келген препарат пайызы (0-24 сағ., 22 %) және флуконазолдың бүйректік клиренсінің бағалары (0,124 мл/мин/кг), әдетте, жастары кіші волонтерлердегі ұқсас көрсеткіштерден төмен болды. Егде жастағы емделушілерде флуконазолдың жиналу ерекшелігі осы топта бүйрек қызметі көрсеткіштерінің төмендеуімен байланысты болды.

Фармакодинамикасы

Флуконазол - зеңге қарсы триазол дәрілерінің жаңа класының өкілі, зең жасушаларындағы стеролдар синтезінің іріктелген тежегіші.

Флуконазол белсенділігі оппортунистік микоздарда, соның ішінде иммунитет төмендететін жайылған кандидозды қоса, Саndida spp.; бассүйекішілік жұқпаларды қоса, Сryptococcus neoformans; Мiсrоsporum spp. және Тrychophyton spp. туғызған жұқпаларда көрсетілген.

Сонымен бірге, флуконазол белсенділігі Blastomyces dermatitides, Соссidioides iттitis (бассүйекішілік жұқпаларды қоса) және Нistoplasma capsulatum туғызған жұқпаларда көрсетілген.

C. Albicans-қа қарағанда, флуконазолға табиғи сезімтал емес (мысалы, Саndida krusei) басқа Саndida түрлері туғызған супер жұқпа жағдайлары белгілі. Мұндай жағдайларда микозға қарсы баламалы емдеу қажет болады.

Қолданылуы

- криптококкоз, криптококкты менингит пен басқа жерде орналасқан жұқпаларды қоса (мысалы, өкпе, тері), соның ішінде ЖИТС вирусын тасымалдаушыларды және ЖИТС-пен науқастарды, ағзалар трансплантациясынан кейінгі емделушілерді және иммуносупрессанттармен ем алатын басқаларды емдеу

- ЖИТС-пен науқастардағы криптококкоз қайталануларының алдын алу, демеуші ем

- жайылған кандидоз, кандидемияны қоса, диссеминацияланған кандидоз және инвазивті кандидозды жұқпаның басқа түрлері (құрсақ қуысының, эндокардтың, көздердің, тыныс алу және несеп шығару жолдарының зақымдануы)

- қарқынды емдеу бөлімінде жатқан, цитостатикалық және иммуносупрессивті ем алатын немесе оларды кандидозға мейлінше бейім ететін басқа факторлардың ықпалында болатын қатерлі жаңа түзілімдері бар емделушілерді емдеу

- шырышты қабықтардың кандидозы: ауыз жұтқыншағының, өңештің зақымдануы, инвазивті емес бронх-өкпе жұқпасы, кандидурия, тері-шырыш және созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерінен болатын кандидоз)

- ЖИТС-пен науқастарда орофарингеальді кандидоз қайталануының алдын алу

- генитальді кандидоз, жедел немесе қайталамалы қынаптық кандидоз; кандидозды баланит; қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін (жылына 3 рет және одан да көп қайталану) азайту мақсатында алдын алу үшін қолдану

- химиялық ем немесе сәулемен емдеу салдарынан осындай жұқпаларға бейім болатын қатерлі жаңа түзілімдері бар емделушілерде зең жұқпасының алдын алу

- дерматомикоздар: табан микозы, тегіс тері микозы, шап дерматомикозы, кебек тәрізді теміреткі, онихомикоз және терінің кандидозды жұқпалары

- иммунитет жүйесі зақымданған науқастардағы терең эндемиялық микоздар, кокцидиоидоз, паракокцидиоидоз, споротрихоз және гистоплазмоз

Қолдану тәсілі және дозалары

Фуцистің® тәуліктік дозасы фунгальді жұқпаның табиғатына және ауырлығына байланысты. Препаратты көп рет қабылдау қажет болатын жұқпаларды емдеуді клиникалық-зертханалық тиімділікке жеткенше (белсенді зең жұқпасының өшуі) ұзартуға болады. Емдеу мерзімінің жеткіліксіздігі белсенді жұқпалану үдерісінің жаңғыруына әкеледі. ЖИТС және криптококты менингитпен немесе қайталанатын орофарингеальді кандидозбен ауыратын емделушілерге, әдетте, қайталанудың алдын алу үшін демеуші ем қажет болады. Емді өсірінділік немесе басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғанша бастай беруге болады, ал олар алынған кезде микробқа қарсы препараттар да қосылады.

Препарат минутына 10 мл жылдамдықпен инфузия арқылы көктамыр ішіне енгізіледі. Емделушіні көктамырішілік енгізуден ішу арқылы қабылдауға көшіргенде препараттың тәуліктік дозасын өзгерту қажет емес. Енгізу тәсілін таңдау (к/і, ішке) науқастың клиникалық ахуалына байланысты.

Ересектер

Криптококкты менингитте және басқа жерлерге орныққан криптококкты жұқпаларда бірінші күні 400 мг тағайындайды, сонан соң тәулігіне бір рет 200 мг-400 мг доза қолданумен емді жалғастырады. Криптококкты жұқпаны емдеу ұзақтығы клиникалық және микологиялық жауапқа байланысты, бірақ, әдетте криптококкты менингитте кемінде 6-8 аптаға созылады. ЖИТС-пен науқастардағы криптококкты менингит қайталануының алдын алу мақсатында - тәулігіне 200 мг.

Кандидемия, диссеминацияланған кандидоз және инвазивті кандидозды жұқпаның басқа түрлерінде доза, әдетте, алғашқы тәуліктерде 400 мг, ал одан кейін тәулігіне 200 мг құрайды. Клиникалық тиімділігінің айқындылық дәрежесіне қарай, дозаны тәулігіне 400 мг дейін арттыруға болады. Ем ұзақтығы клиникалық және микологиялық тиімділігіне байланысты.

Орофарингеальді кандидозда әдеттегі доза 7-14 күн бойы тәулігіне бір рет 50 мг-ден 100 мг-ге дейін құрайды. Қажет болса, емді иммундық қызметі ауыр бұзылған емделушілерде едәуір ұзартуға болады.

Тіс протездерін киюден болатын ауыз қуысының атрофиялық кандидозында әдеттегі доза протез өңдеуге арналған жергілікті антисептикалық дәрілерді бір мезгілде қолданумен 14 күн бойы тәулігіне бір рет 50 мг құрайды.

Шырыштылардың басқа да кандидозды жұқпаларында (кандидозды эзофагит, инвазивті емес бронх-өкпе жұқпасы, кандидурия, тері-шырыш кандидозы), генитальді кандидозды қоспағанда, әдеттегі тиімді доза 14-30 күн бойы тәулігіне 50 мг-ден 100 мг-ге дейін құрайды.

ЖИТС-пен науқастарда орофарингеальді кандидоз қайталануын болдырмау үшін негізгі емнің толық курсынан кейін флуконазолды аптасына бір рет 150 мг дозада тағайындауға болады.

Қайталанған қынаптық кандидоздың пайда болу жиілігін азайту үшін айына бір рет 150 мг доза қолдануға болады. Емдеу ұзақтығы әркімге жеке белгіленеді, бірақ 4-12 ай аралығындағы шекте болуы тиіс. Кейбір емделушілер жиірек қолдануды қажет етеді.

Кандидоздың алдын алу үшін флуконазолдың ұсынылатын дозасы, зең жұқпасы даму қаупінің дәрежесіне қарай, тәулігіне бір рет 50-400 мг құрайды.

Жайылатын жұқпаның жоғары қаупі болған кезде (мысалы, айқын немесе ұзақ сақталатын нейтропениясы күтілімді науқастарда) ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 400 мг құрайды.

Флуконазол күтілімді нейтропенияға дейін бірнеше күн бұрын тағайындалады; нейтрофильдер саны 1 мм3 аумағында 1000-нан аса көбейгеннен кейін тағы 7 тәулік бойы емдеу жалғасады.

Табан микозы, тегіс тері микозы, шап дерматомикозы, кандидозды жұқпалар қамтылатын тері жұқпаларында ұсынылатын доза аптасына бір рет 150 мг немесе күніне бір рет 50 мг құрайды. Емдеу, әдетте, 2-4 апта бойы созылады, бірақ табан микозында 6 аптаға дейін ұзартылуы мүмкін. Кебек тәрізді теміреткіге қарсы ұсынылатын доза 2 апта бойы аптасына бір рет 300 мг құрайды; жекелеген емделушілерге емді сол дозалауда үш аптаға дейін жалғастырады, ал кейбір емделушілер үшін 300-400 мг аралығындағы бір реттік доза жеткілікті болады. Баламалы дозалау режимі – 2-4 апта бойы тәулігіне бір рет 50 мг.

Тырнақтар микозына қарсы ұсынылатын доза аптасына бір рет 150 мг құрайды. Емдеуді сау тырнақ қабаты пайда болғанша жалғастыру қажет. Қол мен аяқ тырнақтарының қалып шегінде жаңара өсу кезеңі, тиісінше, 3-6 ай және 6-12 ай аралығымен ұзарады. Бұл үдеріс емделушінің жекеше ерекшеліктері мен жасына байланысты ауытқиды. Тырнақтардың ұзаққа созылған созылмалы жұқпасын сәтті емдегеннен кейін кейде оның пішіні өзгереді.

Терең эндемиялық микоздарда препараттың тәулігіне 200-ден 400 мг дейінгі дозасы керек болады.

Ем ұзақтығы әркімге жеке белгіленеді.

Педиатриялық тәжірибеде қолдану

Балалардағы емдеу ұзақтығы, ересектердегі сәйкесті жұқпалар кезіндегідей, клиникалық және микозға қарсы тиімділігіне байланысты.

Балаларда препаратты ересектерге арналған дозадан асып кететін тәуліктік дозада қолдануға болмайды. Фуцис® күн сайын тәулігіне бір рет қолданылады.

Шырышты қабықтар кандидозында ұсынылатын доза тәулігіне 3 мг/кг құрайды. Тұрақты тепе-тең концентрацияларына жылдамырақ жету мақсатында бірінші күні тәулігіне 6 мг/кг екпінді доза тағайындауға болады.

Жайылған кандидозды және криптококкты жұқпаны емдеу үшін ұсынылатын дозасы, аурудың ауырлығына қарай, тәулігіне 6-12 мг/кг құрайды.

Жұқпаның даму қаупі цитоуытты химиялық ем немесе сәулемен емдеу салдарынан болатын нейтропениямен байланысты иммунитеті бәсеңдеген науқастарда зеңді жұқпалардың алдын алу үшін, индукцияланған нейтропенияның айқындылығы мен ұзақтығына қарай, тәулігіне 3-12 мг/кг флуконазол тағайындалады.

4 апталық және одан кіші жастағы сәбилер

Емшек еметін сәбилерде флуконазол организмнен баяулау шығарылады. Тіршілігінің алғашқы 2 аптасында Фуцис®, одан үлкен жастағы сәбилерге тағайындалған дозада (дене салмағына 1 кг есебінен), бірақ 72 сағат аралықтармен тағайындалады. 3-4 апталық жастағы сәбилерге 48 сағаттық аралықпен дәл сондай доза енгізіледі.

Егде жастағы тұлғалар

Егер осы тұста бүйрек жеткіліксіздігінің бұзылуына қатысты деректер жоқ болса, әдеттегі дозалау режимін ұсыну қажет.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілер үшін (креатинин клиренсі <50 мл/мин) препарат дозалау режимі төмендегі келтірілуіне сай болуы тиіс.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде қолдану

Фуцис® негізінен несеппен өзгеріссіз күйде шығарылады. Бір рет қабылдау кезінде дозаны өзгерту қажет емес. Бүйрек қызметі бұзылған науқастарға (балаларды қоса) препаратты көп рет қолданған кезде әуелі 50 мг-ден 400 мг-ге дейін құрайтын екпінді доза енгізу қажет.

Екпінді доза енгізілгеннен кейін тәуліктік доза (көрсетілімге қарай) кесте бойынша белгіленеді:

Креатинин клиренсі (мл/мин)

Ұсынылған доза пайызы

> 50

≤ 50 (диализсіз)

Диализде ұдайы болатын науқастар

100%

50%

диализдің әр сеансынан кейін 100%

Жағымсыз әсерлері

- бас ауыру, бас айналу

- ұйқышылдық, ұйқысыздық

- құрысулар

- ауыз кеберсуі, дәм сезудің өзгеруі, парестезиялар

- іштің ауыруы, диспепсия, метеоризм, жүрек айну, құсу, диарея

- тремор

- қатты терлеу

- бауырдың уытты зақымдануы, бірлі-жарым өлім жағдайларын қоса,

сілтілі фосфатаза, билирубин, аланинаминотрансфераза (АЛТ) және аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейлерінің жоғарылауы, бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, гепатоцеллюлярлы некроз, сарғаю, холестаз

- анемия, эозинофилия, агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

- анафилактикалық шок, анафилаксия, ангионевротикалық ісіну, бет ісінуі

- гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, гипокалиемия

- QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті пароксизмалық қарынша тахикардиясы, қарыншалардың дірілдеуі

- алопеция, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз қамтылатын эксфолиативті тері реакциялары, тері қышымасы, есекжем, дерматит, жедел жайылған экзантематозды пустулез

- миалгия

- шаршау, дімкәстану, әлсіздік, дене температурасының көтерілуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- флуконазолға, химиялық құрылымы жағынан оған ұқсас азол қосылымдарына жоғары сезімталдық

- цизаприд, астемизол, эритромицин, пимозид, хинидинмен бір мезгілде қабылдау

- жүктілік және лактация кезеңі

- тәулігіне 400 мг және одан көп дозада флуконазолды көп рет қолданған кезде терфенадинді бір мезгілде қабылдау

 

Сақтықпен

Флуконазол қолдану аясында бауыр қызметі көрсеткіштерінің бұзылуы; беткейлік зеңді жұқпалары және инвазивті/жүйелі зеңді жұқпалары бар науқастарда флуконазол қолдану аясында бөртпелердің пайда болуы; тәулігіне 400 мг дозада бір мезгілде терфенадин мен флуконазол қолдану; қауіп факторлары көп науқастарда аритмия кезіндегі ықтималды жай-күйлер (органикалық жүрек аурулары, электролит теңгерімінің бұзылуы және осындай бұзылулардың дамуына ықпал ететін қатарлас ем).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антикоагулянттар

Варфарин қолданылғанда флуконазол протромбин уақытын 12 ұзартады, варфаринмен бір мезгілде флуконазол алған емделушілерде протромбин уақытының ұзаруымен байланысты қан кетулер (гематомалардың түзілуі, мұрыннан қан кету және асқазан-ішектен қан кету, гематурия және мелена) туралы хабарламалар болды.

Кумарин антикоагулянттарын қолданатын науқастарда протромбин уақытын мұқият бақылап отыру қажет.

Азитромицин

Азитромицинді 1200 мг дозада ішке және флуконазолды 800 мг дозада ішке бір мезгілде бір рет ішу арқылы қолдану флуконазол мен азитромицин арасында қандай да бір елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге әкелген жоқ.

Бензодиазепиндер (әсері қысқа):

Мидазолам ішке қабылдауға тағайындалған кезде флуконазол қолдану алғашқысының концентрациясын едәуір арттырады және психомоторлық реакциялар туындатады. Мидазоламның бұл әсері, көктамыр ішіне енгізілген флуконазолмен салыстырғанда, капсулалар түріндегі флуконазол қабылдаған кезде көбірек айқын.

Егер флуконазолмен емделіп жүрген емделушіге бензодиазепин тағайындау қажет болса, соңғысының дозасын азайтып, ал емделушіні тиянақты қадағалау қажет.

Цизаприд

Флуконазол мен цизапридті бір мезгілде қолданған кезде, «пируэт» типті пароксизмалық қарынша тахикардиясын қоса, жүрек жағынан болған ұнамсыз реакциялардың бірлі-жарым жағдайы сипатталған. 200 мг флуконазолды тәулігіне бір рет және 20 мг цизапридті тәулігіне төрт рет бір мезгілде тағайындау қан плазмасындағы цизаприд концентрациясының едәуір өсуіне және QT аралығының ұзаруына әкелді.

Флуконазол алатын емделушілерге цизаприд тағайындау қарсы көрсетілімді.

Циклоспорин

Кинетикалық зерттеулер деректері бойынша, бүйрегі ауыстырып салынған реципиенттерде тәулігіне 200 мг дозадағы флуконазол циклоспорин концентрациясын баяу жоғарылатты. Алайда, басқа зерттеу барысында, тәулігіне 100 мг флуконазол көп рет қабылданғанда сүйек кемігі реципиенттерінде циклоспорин деңгейінің өзгергені білінбеген. Флуконазолмен емдеу кезінде қандағы циклоспорин концентрациясын анықтау ұсынылады.

Гидрохлортиазид

Флуконазол қолданған кезде дені сау еріктілердегі өзара әрекеттесу кинетикасын зерттегенде гидрохлортиазидті көп рет қолдану плазмадағы флуконазол концентрациясын жоғарылатады. Бұл көрсеткішке әсер етуі диуретиктер қолданатын емделушілерде флуконазол дозалануын өзгертуді талап етпейді, бірақ дәрігерлер өзара әрекеттесу болуы мүмкін екенін ұмытпауы тиіс.

Ішуге арналған контрацептивтер

50 мг флуконазол қабылдағанда гормондар деңгейлеріне ешбір елеулі әсері болған жоқ, ал тәулігіне 200 мг қабылдаған кезде концентрация/уақыт қисығы астындағы ауданның (АUС) этинилэстрадиолда 40% және левоноргестрелде 24% ұлғаюы байқалды.

Аптасына бір рет 300 мг дозада флуконазол қабылдаған кезде этинилэстрадиол мен норэтиндронның концентрация/уақыт қисығы астындағы ауданы (АUС), тиісінше, 24% және 13% ауқымданды. Флуконазолды келтірілген дозаларда көп рет қабылдаудың біріктіріп ішуге арналған контрацептивтердің тиімділігіне теріс әсер ету ықтималдығы аз.

Фенитоин

Флуконазол мен фенитоинді бір мезгілде тағайындау фенитоин концентрациясының клиникалық мәнді дәрежеге дейін жоғарылауымен қатар жүреді.

Егер екі препаратты да бірге қолдану қажет болса, фенитоин деңгейіне мониторинг жасап, қан сарысуындағы емдік концентрациясын қамтамасыз ету үшін оның дозасын іріктеу қажет.

Рифабутин

Флуконазол мен рифабутиннің өзара әрекеттесуі жөнінде хабарланып, нәтижесінде соңғысының сарысулық деңгейлері жоғарылады.

Флуконазол мен рифабутинді бір мезгілде тағайындау кезінде увеит жағдайлары сипатталған.

Рифабутин мен флуконазолды бір мезгілде қабылдап жүрген науқастарды мұқият қадағалау қажет.

Рифампицин

Флуконазол мен рифампицинді бір мезгілде тағайындау 25% АUС азаюына және флуконазолдың жартылай шығарылу кезеңінің 20% ұзаруына әкелді.

Рифампицин мен флуконазолды бір мезгілде алатын науқастарда соңғысының дозасын арттырудың мақсатқа сай келуін қарастыру қажет.

Сульфонилмочевина туындылары

Флуконазол бір мезгілде қабылданғанда дені сау еріктілерде ішуге арналған сульфонилмочевина препараттарының (хлорпропамид, глибенкламид, глипизид және толбутамид) жартылай шығарылу кезеңін ұзартты. Қант диабетімен науқастарға флуконазол мен ішуге арналған сульфонилмочевина препараттарын бірге тағайындауға болады, бірақ бұл орайда гипогликемияның дамуы мүмкін екенін ескерген жөн.

Такролимус

Флуконазол мен такролимустың өзара әрекеттесуі, нәтижесінде соңғысының сарысулық деңгейлерінің артуы жөнінде хабарламалар бар. Флуконазол мен такролимус бір мезгілде тағайындалғанда нефроуыттылық жоғарылаған жағдайлар сипатталған.

Такролимус пен флуконазолды бір мезгілде алатын науқастарға мұқият бақылау қажет.

Терфенадин

Флуконазол мен терфенадинді бір мезгілде қолданған кезде болған ауыр аритмиялық бұзылу жағдайларымен байланысты препараттардың өзара әрекеттесулеріне қатысты зерттеулер жүргізілді.

Флуконазол тәулігіне 200 мг дозада қолданылғанда QT аралығының ұзартуы байқалды. Флуконазолды 400 мг және 800 мг дозаларда қолданған кезде тәулігіне 400 мг дозадағы флуконазол қан плазмасындағы терфенадин концентрациясын едәуір жоғарылатады.

Флуконазолды тәулігіне 400 мг және одан да көп дозаларда терфенадинмен бір мезгілде тағайындау қарсы көрсетілімді.

Флуконазолды тәулігіне 400 мг-ден аз дозаларда терфенадинмен қосып емдеуді мұқият бақылаумен жүргізу қажет.

Теофиллин

14 күн бойы 200 мг флуконазол қабылдау плазмадағы теофиллин клиренсінің орташа жылдамдығын 18% төмендетті. Флуконазолмен жоғары дозаларда теофиллин қолданатын науқастарды немесе теофиллиннің уытты әсер ету қаупі жоғары науқастарды емдегенде теофиллиннің артық дозалану белгілерін бақылау қажет; олар білінгенде емді тиісті үлгіде өзгерту керек.

Зидовудин

Кинетикалық зерттеулер зидовудин деңгейлерінің жоғарылауын көрсетті, ол соңғысының негізгі метаболитіне метаболизденуінің төмендеуімен байланысты болды. Осындай біріктірілім қолданатын науқастарды зидовудиннің жағымсыз әсерін анықтау мақсатында қадағалау қажет.

Астемизол

Флуконазолды астемизолмен немесе Р450 цитохромы жүйесімен метаболизденетін басқа препараттармен бір мезгілде қабылдайтын емделушілерде қолдану қан сарысуындағы осы препараттар концентрацияларының жоғарылауымен қатар жүреді. Cенімді ақпарат болмаса, флуконазол бір мезгілде тағайындалған кезде абайлап әрекет ету қажет. Емделушілер мұқият қадағаланады.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген, дегенмен өзара әрекеттесу ықтималдығы зор.

Альфентанил

Фуциспен® бір мезгілде емдегенде альфентанил клиренсінің және таралу көлемінің азаюы, сондай-ақ Т1/2 (жартылай шығарылу кезеңі) ұзаруы байқалады. Болжамды әсер ету механизмі Фуцистің® CYP3A4 ферментін тежеуі болып табылады. Альфентанил дозасын реттеу қажет болады.

Амитриптилин, нортриптилин

Фуцис® амитриптилин мен нортриптилин әсерін күшейтеді. 5-нортриптилин және/немесе S-амитриптилин біріктірілген емнің басында бір аптадан соң өлшенеді.

Егер қажет болса, амитриптилин/нортриптилин дозасы ретке келтірілуі тиіс.

Амфотерицин В

Фуцис® пен В амфотерицинін иммунитеті қалыпты және әлсіреген, жұқпаланған тышқандарда бір мезгілде қолдану келесі нәтижелерді көрсетті: C. albicans туғызған жүйелі жұқпаларда зеңге қарсы аздап қосымша әсер етуі, Cryptococcus neoformans туғызған бассүйекішілік жұқпа кезінде ешқандай өзара әрекеттесу болмауы, А.fumigatus туғызған жүйелі жұқпаға екі препараттың антагонизмі. Бұл зерттеуде алынған клиникалық мәнді нәтижелер белгісіз.

Фуцис®, тиазолам метаболизмінің тежелуіне орай, триазолам (бір реттік доза) мәндерін: AUC шамамен 50%, Смах 20-32% және t1/2 25-50% жоғарылатады. Триазолам дозасын реттеу қажет болады.

Карбамазепин

Фуцис® карбамазепин метаболизмін тежейді және сарысуда соңғысының концентрациясын 30% арттырады. Карбамазепинмен уыттанудың даму қаупі бар. Концентрация/тиімділік өлшемдеріне қарай, карбамазепин дозасын реттеу қажет болады.

Кальций өзектерінің бөгегіштері

Кальций өзектерінің кейбір антагонистері (нифедипин, исрапидин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 ферментімен метаболизденеді. Фуцис® кальций өзектерінің антагонистерінің жүйелі әсер етуін едәуір жоғарылатады.

Препараттың жағымсыз әсеріне жиі мониторинг жасау ұсынылады.

Целекобсиб

Фуциспен® (тәулігіне 200 мг) және целекобсибпен (200 мг) қатарлас ем кезінде, целекобсибке тән Смах мен AUC, тиісінше, 68% және 134% ұлғайды. Фуциспен® қосылған целекоксиб дозасының жартысы қажет болады.

Циклофосфамид

Фуцис® пен циклофосфамидті біріктіріп емдеу қан сарысуындағы билирубин мен креатинин деңгейлерін арттырады. Біріктірілімді қан сарысуындағы билирубин мен креатинин деңгейлерінің жоғарылау қаупі туындағанша пайдалануға болады.

Фентанил

Фуцис® фентанил шығарылуын едәуір кідіртеді. Фентанил концентрацияларының жоғарылауы тыныс алу жеткіліксіздігіне әкеледі.

Галофантрин

Фуцис®, CYP3A4 тежелісі әсеріне орай, плазмадағы галофантрин концентрациясын арттырады.

А-редуктаза гидроксиметилглутарил-коферментінің (ГМГ-КоА-редуктаза) тежегіштері

Фуцис® CYP3A4 арқылы метаболизденетін аторвастатин мен симвастатин сияқты немесе CYP2С9 арқылы метаболизденетін флувастатин сияқты ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен тағайындалған кезде миопатия мен қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозының (рабдомиолиз) даму қаупі артады.

Егер қатарлас ем қажет болса, науқас миопатия мен рабдомиолиз белгілерінің білінуі тұрғысынан қадағалануы тиіс, сондай-ақ креатинкиназа деңгейіне бақылау жүргізген жөн. Егер креатинкиназа деңгейінің едәуір артуы байқалса немесе егер миопатия/рабдомиолиз дамуы диагностикаланса немесе күдік тудырса, ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін қабылдауды тоқтату керек.

Лосартан

Фуцис® Лосартанмен емдеу кезінде болатын ангиотензин II рецепторлары антагонизмінің басым бөлігіне жауап беретін белсенді метаболитіне (Е-31 74) лосартанның метаболизденуін тежейді. Науқастар артериялық қысымын үнемі бақылауы тиіс.

Метадон

Фуцис® қан сарысуындағы метадон концентрациясын жоғарылатады. Метадон дозасын реттеу қажет болады.

Қабынуға қарсы стероидты емес перепараттар (ҚҚСП)

Фуциспен® бір мезгілде тағайындағанда флурбипрофенге тән Смах пен AUC, флурбипрофен монотерапиясымен салыстырғанда, тиісінше, 23% және 81% ұлғаяды. Осыған ұқсас түрде, Фуцис® ибупрофеннің рацемиялық қоспасымен (400мг) бір мезгілде тағайындалғанда, соңғысының монотерапиясымен салыстырғанда, фармакологиялық белсенді изомер [S-(+) – ибупрофенге тән Смах пен AUC, тиісінше, 15% және 82% ұлғайды.

Фуцис® CYP2С9 арқылы метаболизденетін басқа ҚҚСП (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелі әсерлерін күшейтеді. ҚҚСП-мен байланысты жағымсыз әсеріне және уыттылығына жиі мониторинг жасау ұсынылады. ҚҚСП дозасын реттеу қажет болады.

Саквинавир

Фуцис® саквинавир AUC-ын шамамен 50%, Смах-сын шамамен 55% арттырып, саквинавир клиренсін CYP3A4 арқылы саквинавирдің бауырдағы метаболизмін тежеу және Р-гликопротеинін тежеу есебінен шамамен 50% азайтады. Саквинавир дозасын реттеу қажет болады.

Сиролимус

Фуцис® CYP3A4 пен Р-гликопротеин арқылы сиролимус метаболизмін тежеу жолымен, жорамалды түрде, сиролимустың плазмалық концентрациясын арттырады. Бұл біріктірілімді, тиімділік/концентрация өлшеміне қарай, сиролимус дозасын реттегенде пайдалануға болады.

Барвинк алкалоидтары

Фуцис® барвинк алкалоиды плазмалық деңгейлерін (мысалы, винкристин және винбластин) жоғарылатып, CYP3A4-ті тежеу әсерінен болатын нейроуыттылыққа әкеледі.

А витамині

Бұл біріктірілімді пайдалануға болады, бірақ ОЖЖ-мен байланысты жағымсыз әсерлерді анықтау мақсатында емделушілерді қадағалау керек.

Зидовудин

Фуцис®, ішу арқылы қабылдаған кезде зидовудин клиренсінің шамамен 45% кемуіне орай, зидовудиннің Смах және AUC мәндерін, тиісінше, 84% және 74% арттырады. Фуциспен® біріктіріп емдегеннен кейін зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 128% ұзарады.

Бұл біріктірілімді алатын науқастар зидовудин қабылдаумен байланысты жағымсыз реакцияларды анықтау мақсатында қадағалануы тиіс. Зидовудин дозасын азайту қажет болады.

Вориконазол (CYP2С9, CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші)

Ішуге арналған вориконазолды (400 мг әр 12 сағат сайын 1-ші күні, сосын 200 мг әр 12 сағат сайын 2,5 күн бойы) және ішуге арналған Фуцисті® (400 мг 1-ші күні, сосын 200 мг әр 24 сағат сайын 4 күн бойы) бір мезгілде қолдану вориконазол AUC мен концентрациясын, тиісінше, орташа 57% (90% С1: 20%, 107%) және 79% (90% СI:40%, 128%) ұлғаюына әкелді.

Фуцис® пен вориконазолды кез келген дозада бірге тағайындау ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Үйлесімділігі

Көктамыр ішіне енгізуге арналған Фуцис® келесі ерітінділермен үйлесімді:

а) Рингер ерітіндісі

б) Хартман ерітіндісі

в) декстрозадағы калий хлориді ерітіндісі

г) 4,2% натрий бикарбонаты ерітіндісі

д) аминофуцин

е) 0,9% натрий хлориді ерітіндісі.

Фуцисті® жоғарыда аталған ерітінділердің біреуімен бірге инфузиялық жүйеге енгізуге болады. Препараттың басқа дәрілермен үйлесуінің айрықша белгісі жоқ жағдайлары сипатталмауына қарамастан, оны инфузия алдында басқа препараттармен араластыруға болмайды.

Флуконазолмен емдеу кезінде бауыр қызметінің көрсеткіштері бұзылған науқастар дәрігер қадағалауында болуы тиіс. Бауыр зақымдануының клиникалық белгілері білінгенде флуконазол тоқтатылу керек.

ЖИТС-пен науқастар көп препараттарды қолданған кезде ауыр тері реакцияларының дамуына мейлінше бейім. Беткейлік зең жұқпасы себебімен емделетін науқаста флуконазол қолданудан болуы мүмкін бөрту пайда болғанда препаратты тоқтату керек. Инвазивті/жүйелі зең жұқпалары бар науқастарда бөртпелер пайда болғанда олардың жай-күйін міндетті түрде қадағалау керек, полиморфты эритемамен зақымдану дамығанда флуконазол тоқтатылады.

Бүйрек қызметі бұзылғанда дозаны 2 есе (креатинин клиренсі 0,35-0,8 мл/сек) – 4 есе (креатинин клирені 0,18-0,35 мл/сек) азайтады.

Сирек жағдайларда Фуцис® қолдану, ең алдымен, күрделі қатарлас аурулары бар науқастарда бауырдың уыттану өзгерістерімен, сонымен қатар өліммен аяқталумен қатар жүреді. Фуцистің® гепатоуытты әсері, әдетте, қайтымды болды; оның белгілері емді тоқтатқаннан кейін басылды. Фуциспен® емделу кезінде бауыр қызметінің көрсеткіштері нашарлайтын науқастарды бауырдың зақымдану нышандарын анықтау мақсатында қадағалау қажет.

Фуцис® қолданумен байланысты болуы мүмкін бауыр зақымдануының клиникалық нышандары мен белгілері білінгенде препаратты тоқтату керек.

Фуцис® сирек жағдайларда анафилактикалық реакциялар туындатады.

Фуциспен® емдеу кезінде науқастарда сирек жағдайларда Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз сияқты эксфолиативті тері реакциялары дамыған. Көптеген препараттарды қолдану кезінде ЖИТС-пен науқастар ауыр тері реакцияларының дамуына бейім келеді. Беткейлік зеңдік жұқпаларды емдеу кезінде науқаста Фуцис® қолданумен байланысты болуы мүмкін бөрту пайда болғанда препаратты тоқтату керек. Инвазивті/жүйелі зеңді жұқпалары бар науқастарда бөртпелер пайда болғанда оларды мұқият қадағалап, буллезді зақымданулар немесе көп түрлі эритема туындағанда Фуцисті® тоқтату керек.

Фуцис® ЭКГ-да QT аралығының ұзаруын туындатады. Фуцис® қолданылған кезде органикалық жүрек аурулары, электролит теңгерімінің бұзылуы және осындай бұзылулардың дамуына ықпал ететін қатарлас ем сияқты көптеген қауіп факторлары бар науқастарда QT аралығының ұзаруы және қарыншалардың жыпылықтауы/дірілдеуі өте сирек болды. Сондықтан аритмия кезіндегі жай-күйлер ықтималдығы зор осындай емделушілерге Фуцис® сақтықпен қолданылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бас айналу немесе құрысулар болуы мүмкін екендіктен, автокөлік басқару немесе техника пайдалану кезінде сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлер күшеюі.

Емдеу: белгілеріне қарай емдеу ұсынылады.

Флуконазол несеппен шығарылады, сондықтан қарқынды диурез препарат шығарылуын жеделдетуі мүмкін.

3 сағатқа созылатын гемодиализ сеансы плазмадағы флуконазол деңгейін шамамен 50% төмендетеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препараттан полиэтилен құтыда. Бір құтыдан мөлдір полипропилен пакетке қаптайды және медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

МАРК БИОСАЙНС ЛТД, ҮНДІСТАН «Кусум Хелткер Пвт. Лтд.», Үндістан үшін

Plot no.876, NH No.8, Village: Hariyala, Taluka: Matar, Distric: Kheda -387 411, Gujarat, INDIA.

Тіркеу куәлігінің иесі

Кусум Хелткер Пвт. Лтд., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы «Кусум Хелткер Пвт. Лтд.» серіктестігінің өкілдігі, Үндістан

заңды мекенжайы: Алматы қ., Достық д-лы, 117/6, «Хан Тәңірі» БО 

орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Достық д-лы, 117/6, «Хан Тәңірі» БО. 

Телефон: 295-26-50, 295-26-51 (54), Факс: 295-26-55 

E-mail: Office@kusumhealthcare.kz

Прикрепленные файлы

656225531477977085_ru.doc 124.5 кб
395339111477978260_kz.doc 176 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники