Футарон

МНН: Фузидовая кислота
Производитель: Сигма-Тек Фармасьютикал Индастриз
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fusidic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019849
Информация о регистрации в РК: 16.11.2018 - 16.11.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Футарон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фузид қышқылы

Дәрілік түрі

Көз тамшы дәрісі 1 % 5 г

Құрамы

1 г препараттың құрамында

белсенді зат - фузид қышқылы (микрондалған), фузид қышқылы гемигидратына баламалы, 10,0 мг,

қосымша заттар: динатрий эдетаты, маннит, карбомер 940, трометамол, бензалконий хлориді 50 %, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті біртекті тұтқыр суспензия.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Микробтарға қарсы препараттар. Антибиотиктер. Фузид қышқылы.

АТХ коды S01АA13

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың дәрілік түрі тұтқыр көз тамшылары түрінде келеді, бұл конъюнктивамен ұзақ жанасуды және көз жасы сұйықтығында фузид қышқылының жеткілікті концентрациясын қамтамасыз етеді.

Футаронның бір тамшысын бір рет қолданғаннан кейін 1 және 12 сағаттан соң көз жасы сұйықтығындағы фузид қышқылының концентрациясы сәйкесінше 15,7 - 40 мкг/мл және 1,4 - 5,6 мкг/мл құрайды. Көзішілік сұйықтықтағы фузид қышқылының 0,3 мкг/мл-ге тең (бір рет қолданғаннан кейін) орташа концентрациясы кемінде 12 сағат бойы ұсталып тұрады, бұл ретте қан сарысуында фузид қышқылы анықталмайды.

Фармакодинамикасы

Фузид қышқылы – полициклдық құрылымды антибиотик, әсер ету механизмі G элонгациясы факторымен өзара әрекеттесу арқылы бактериялық ақуыздар синтезін тежеуге негізделген. Сонымен қатар гуанозинтрифосфаттардың гидролизі бұзылады, бұл пептидтік тізбектің ұзаруын тоқтатуға алып келеді. Фузид қышқылы бактериостатикалық, ал өте жоғары дозаларда бактерицидтік белсенділікке де ие.

Фузид қышқылы көз жұқпаларын жиі туғызатын микроорганизмдерге: Staphylococcus aureus, Streptococcus pneumoniae, Haemophilus influenza. қатысты белсенді. Enterobacteriaciae және Pseudomonas spp. фузид қышқылының әсеріне төзімді.

Қолданылуы

Препаратқа сезімтал микроорганизмдер туындатқан көздің бактериялық жұқпалары:

- конъюнктивитте

- блефаритте

- кератитте

- дакриоциститте.

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті қолдануға арналған.

Көз тамшы дәрісін қолданудың алдында шайқау керек.

Ересектер мен 8 жастан асқан балаларға Футаронды әр 12 сағат сайын 7 күн бойы екі көзге (конъюнктивальді қапшыққа) 1 тамшыдан - тәулігіне 2 рет тамызады.

Футаронды қолданумен емді бастағаннан кейін 7 күн ішінде ешқандай нәтиже болмаса, емдеуді қайта қарау керек.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (есекжем түрінде және конъюнктиваның өтпелі қатпарлары фолликулаларының ісінуі)

- қышыну, шымылдатып ашыту, конъюнктива гиперемиясы, ауырсыну, жас ағу, қабақтың ісінуі, конъюнктивиттің асқынуы

- ирит болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- фузид қышқылына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 8 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды

- жүктілік және лактация кезеңі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препараттың дәрілермен өзара әрекеттесуі жөніндегі деректер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Препарат көз тамшы дәрісі түрінде көзішілік инъекцияға арналмаған!

Жоғары сезімталдықтың кез келген белгілері пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек.

Әрбір қолданыстан кейін препараты бар құтыны жабу керек. Тамшуыр ұшын көзге немесе кез келген басқа беткейлерге тигізіп алмаған жөн.

Жұмсақ жанаспалы линзалармен жанастырмауға тырысу керек; қолданудың алдында жанаспалы линзаларды шешіп алу және препаратты тамызғаннан кейін 15 минуттай күту керек.

Футаронды қолдану кезеңінде жанаспалы линзаларды тағу ұсынылмайды, өйткені оның компоненттері линзада бұлыңғырлануды туындатуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде (бала емізуде) препаратты қолданудың жеткілікті тәжірибесі жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолданғаннан кейін көру жітілігі уақытша нашарлайтын емделушілердің жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін қауіпті қызмет түрлерінен аулақ болғандары жөн.

Артық дозалануы

Көз тамшы дәрісі түрінде пайдаланған кезде фузид қышқылының артық дозалануы жөніндегі деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 г препараттан қорғағыш сақинасымен жабдықталған, бұралып жабылатын қорғағыш қалпақшасы және тамшылатқыш-тығыны бар пластик құтыға құйылған.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Құтыны ашқаннан кейін препаратты 30 күн ішінде пайдалану керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Сигма-Тек Фармасьютикал Индастриз», В1 секторы, Өндірістік аймақ нөмірі 6, 6 Октобер Сити, Мысыр

Сауда белгісінің және тіркеу сертификатының иесі

«Уорлд Медицин Офтальмикс» компаниясы болып табылады, Ұлыбритания

Тіркеу куәлігінің иесі

«Уорлд Медицин Офтальмикс», Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР, Алматы қ., Сүйінбай к-сі 222 Б

Тел/факс: 8(7272)529090

 

 

Прикрепленные файлы

932105061477976959_ru.doc 46.5 кб
165665011477978132_kz.doc 72.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники