Фурацилин (0.02 г, Эйкос-Фарм ТОО)

МНН: Нитрофурал
Производитель: Эйкос-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Производные нитрофурана
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010718
Информация о регистрации в РК: 20.01.2017 - 20.01.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Фурацилин

Халықаралық патентелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

0,02 г таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 0,02 г фурацилин

қосымша зат – натрий хлориді

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, сызығы бар, сары немесе жасылдау сары түсті, беткейі сәл біркелкі емес боялған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер мен зарарсыздандырғыш препараттар. Фуран туындылары.

АТХ коды D08AF

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гистогематикалық бөгеттер арқылы оңай өтеді және сұйықтықтар мен тіндерде біркелкі таралады. Организмде өзгеруінің негізгі жолы нитротопты қалпына келтіруі болып табылады. Бүйрекпен және ішінара өтпен ішек қуысына бөлініп шығады. Несептегі ең жоғарғы концентрациясына қабылдағаннан соң 6 сағаттан кейін жетеді.

Фармакодинамикасы

Фурацилин нитрофуран туындыларының ішіндегі микробқа қарсы дәрі. Грамоң және грамтеріс бактерияларға (стафилококктар, стрептококктар, ішек таяқшасы, протеялар, сальмонеллалар, эшерихиялар), сондай-ақ трихомонадалар мен лямблилерге бактериостатикалық әсер етеді.

Антибиотиктерге және сульфаниламидтерге төзімді микроорганизмдер Фурацилинге сезімтал. Фурацилинге резистенттілік баяу дамиды және жоғары дәрежесіне жетпейді.

Қолданылуы

  • терінің ұсақ зақымдануларында (соның ішінде сыдырылулар, сызаттар, жарықтар, кескен жерлер), іріңді жараларда, ойылуларда, ойық жараларда

  • II және III дәрежелі күйіктерде

  • блефаритте, конъюнктивитте

  • сыртқы есту жолының фурункулезінде, жедел сыртқы және ортаңғы отитте

  • мұрынның қосалқы қойнауларының іріңді-қабыну үдерістерінде

  • плевра эмпиемасында (қуыстарды жуып-шаю)

  • остеомиелитте

  • баспада, стоматитте, гингивитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Фурацилинді сыртқа сулы 0,02% (1:5000) ерітінді және спиртті 0,066% (1:1500) ерітінді түрінде қолданады.

- іріңді жараларда, ойылулар мен ойық жараларда, II және III дәрежелі күйіктерде, теріні ауыстырып және екінші рет тігу үшін түйіршікті беткейді дайындау үшін жараны фурацилиннің сулы ерітіндісімен сулайды және ылғал таңғыштар салады

- остеомиелитте операциядан кейін қуысты фурацилиннің сулы ерітіндісімен жуып-шаяды және ылғал таңғыш салады

- плевра эмпиемаларында іріңді сорып алады және плевра қуысын фурацилиннің 20 - 100 мл сулы ерітіндісін енгізе отырып жуып-шаяды

- созылмалы іріңді отиттерде, сыртқы есту жолының фурункулдарында және мұрын айналасы қойнауларының эмпиемаларында фурацилиннің спиртті ерітіндісінің тамшылары түрінде қолданады

- жоғарғы жақсүйектік (гаймор) және мұрын айналасының басқа қойнауларын жуып-шаю үшін фурацилиннің сулы ерітіндісін пайдаланады

- конъюнктивиттерде және көздің скрофулездік ауруларында конъюнктива қалтасына фурацилиннің сулы ерітіндісін тамызады

- баспа және стоматиттерде препараттың сулы ерітіндісімен шаюды тағайындайды.

Сулы ерітіндіні дайындау үшін фурацилиннің 1 таблеткасын 100 мл дистилляцияланған суда ерітеді.

Спиртті ерітіндісін 70% этанолда (фурацилиннің 1 таблеткасын 70% спирттің 100 мл-сінде ерітеді), отиттерде – дене температурасына дейін жылытылған спиртті ерітіндісін күн сайын 5-6 тамшыдан сыртқы есту жолына тамызады.

Блефаритте, конъюнктивитте – конъюнктива қалтасына сулы ерітіндіні инстилляциялайды.

Ауыз қуысы мен тамақты шаю үшін – 20 мг (1 таблетка) 100 мл қайнаған суда ерітеді.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар, терінің қышуы, дерматит

  • жүрек айнуы, құсу, диарея

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жекелей жоғары сезімталдық

- созылмалы аллергиялық дерматоздар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Сулы ерітіндіні дайындау үшін фурацилиннің 1 бөлігін изотониялық натрий хлориді ерітіндісі немесе тазартылған судың 5000 бөлігіне ерітеді. Жылдамырақ еріту үшін қайнап тұрған немесе ыстық су ұсынылады. Фурацилиннің спиртті ерітіндісін 70% спиртте дайындайды.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және лактация кезіндегі жағымсыз әсерлері туралы мәліметтер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсер ететіні туралы мәліметтер жоқ.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 таблеткадан екі жағында да полимер жабыны бар қаптамалық қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада.

250 пішінді қаптамадан мемлекеттік орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа (топтық қаптама) салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 лет

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Боралдай кенті, 71 разъезд.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы.

Тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы қ-сы, Нүсіпбеков к-сі 32

тел: 397 64 29, факс: 250 71 78, e-mail: pharm@eikos.kz

Прикрепленные файлы

644999971477976890_ru.doc 46.5 кб
194397511477978056_kz.doc 54.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники