Фурасол

МНН: Фуразидин
Производитель: ОЛАЙНФАРМ АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Производные нитрофурана
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020864
Информация о регистрации в РК: 20.08.2019 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 9523/10/15/16/20
Информация о регистрации в РБ: 19.11.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Фурасол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жергілікті және сыртқа қолдану үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

100 мг

Құрамы

Бір пакеттің ішінде

белсенді зат - 100,0 калий фуразидині

(87,4 фуразидинге баламалы)

қосымша зат – 900,0 натрий хлориді

Сипаттамасы

Қызғылт-қоңыр түсті ірі ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және зарарсыздандыратын препараттар. Нитрофуран туындылары.

АТХ коды D08AF

Фармакологиялық қасиеттері

Калий фуразидині – микробтарға қарсы дәрі, нитрофуран туындысы. Грамоң коктарға (Staphylococcus spp., Streptococcus spp.), грамтеріс таяқшаларға (E. coli, Salmonella spp., Shigella spp., Klebsiella spp.) қатысты белсенді. Pseudomonas aeruginosa, Enterococcus spp., Acinetobacter spp., көптеген Proteus spp., Serratia spp. штамдарына төзімді. Әсер ету механизмі нуклеин қышқылдары синтезінің тежелуімен байланысты. Концентрациясына байланысты бактерицидті немесе бактериостатикалық әсер етеді.

Көптеген бактерияларға қарсы бактериостатикалық концентрациясы 10-20 мкг/мл құрайды. Бактерицидті концентрациясы шамамен 2 есе жоғары. Нитрофуран әсерінен микроорганизмдерде тыныс алу тізбегінің және үшкарбондық қышқылдар циклінің (Кребс циклы) белсенділігі басылып, сондай-ақ басқа биохимиялық үдерістерінің төмендеуі орын алып, соның салдарынан оның қабықтары және цитоплазмалардың жарғақшалары бұзылуына әкеледі.

Нитрофурандар комплементтің титрін және лейкоциттердің микроорганизмдерді фагоциттау қабілетін арттырады.

Қолданылуы

Жергілікті және сыртқы дәрі ретінде жұқпалы-қабыну ауруларын кешенді емдеуде

  • ауыз қуысы

  • жұтқыншақ

  • жұқтырылған жаралар (тері мен шырышты қабықтың)

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті және сыртқа қолдануға арналған.

Ерітіндіні қолданар алдында тікелей дайындайды. Пакеттің ішіндегісін стақандағы (200 мл) ыстық суда ерітеді және жылы ерітіндіні күніне 2-3 рет ауыз қуысы мен жұтқыншақты шаю үшін пайдаланады.

Препарат ерітіндісін жараны шаю үшін де қолданады. Хирургиялық өңдеуден кейін ерітіндіні тікелей жараның беткейіне жағады, содан кейін жараны стерильді дәке таңғышпен таңады немесе таңғыш материалмен орайды. Жараның беткейіне күніне 2-3 рет жағады.

Жағымсыз әсерлері

- терінің аллергиялық реакциялары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • калий фуразидиніне немесе нитрофуран қатарындағы препараттарға жоғары сезімталдық

  • аллергиялық дерматит

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 4 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антибиотиктермен қосылғанда синергизм (біріккен әсері) байқалады).

Препаратпен емделіп жүрген кезде алкоголь қабылдаған жағдайда теріде аллергиялық реакциялар даму ықтималдығы артады.

Айрықша нұсқаулар

Сақтану шаралары

Жекелеген жағдайларда аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін. Мұндай жағдайда препарат қолдануды тоқтатып, емдеуші дәрігерге қаралу керек.

Ерітіндіні тікелей қолданар алдында дайындайды.

Дайындалған ерітіндіні сақтауға болмайды.

Педиатрияда қолданылуы

4 жастан кіші балаларға ауыз қуысы мен тамақты шаюға қолдануға болмайды, өйткені бала ауыз қуысы мен тамағын әлі де өзі шая алмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 г ұнтақтан ламинаттан жасалған пакетте.

Ламинаттан жасалған 15 пакеттен қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткен қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

“Олайнфарм” АҚ.

Мекенжайы: Рупницу к-сі 5, Олайне, LV-2114, Латвия.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

050009 Алматы қ., Абай д-лы 151/115,

807 кеңсе, телефон/факс 007 727 333 46 52,

E-mail olainfarm.instr@mail.ru

Прикрепленные файлы

348722741477976681_ru.doc 43.5 кб
017959921477977836_kz.doc 48.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ