ФУРАМАГ® (FURAMAGUM®) (Furazidin)

МНН: Фуразидин
Производитель: ОЛАЙНФАРМ АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Производные нитрофурана
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021037
Информация о регистрации в РК: 13.12.2019 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 5672/02/07/12/15/17
Информация о регистрации в РБ: 30.11.2017 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

ФУРАМАГ® (FURAMAGUM®) 25 мг

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар 25 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат: 21,85 мг фуразидин (25 мг калий фуразидиніне сәйкес)

қосымша заттар: калий карбонаты, негізгі магний карбонаты, тальк,

капсула корпусы мен қақпағының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), темірдің (ІІІ) сары тотығы (Е172), желатин.

Сипаттамасы

Құрамында қызылғылт сары-қоңырдан қызыл-қоңырға түске дейінгі ірі ұнтақ бар қатты желатинді капсулалар № 4 (қоңырқай-сары/қоңырқай-сары). Ақ, сары, қызғылт сары және қызғылт сары-қоңыр түсті бөлшектер болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Басқа да бактерияға қарсы препараттар. Нитрофуран туындылары.

АТХ коды J01XЕ

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фурамаг 1:1 арақатынасындағы фуразидин калий және негізгі магний карбонатының қоспасы болып табылады. Фуразидин калийдің фармакокинетикалық қасиеттері қарапайым фуразидин қасиеттерінен ерекше болып келеді. Ішке қабылдағанда фуразидин калийдің дәл сол дозалардағы биожетімділігі фуразидинге қарағанда шамамен 3 есе жоғары, және тиісінше, бактериостатикалық әсері елеулі жоғарылайды.

Сіңуі – аш ішекте баяу диффузия жолымен жүреді. Нитрофурандардың аш ішектің дистальді сегментінен сіңуі проксимальді және медиальді сегменттен сіңуін арттырады, тиісінше 2 және 4 есе (урогенитальді жұқпаларды және асқазан-ішек жолдары ауруларын, оның ішінде созылмалы энтериттерді бір мезгілде емдеуде ескеру керек).

Тамақ ішу дәрілік заттардың сіңуіне ықпал етеді.

Фурамагты 50 мг дозада бір рет қабылдаудан кейін қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына 3 сағаттан кейін жетеді және 6-8 сағат сақталады; фуразидин калий несепте 2-4 сағаттан кейін анықталады. Дәрілік заттың лимфадағы құрамының жоғары болуы клиникалық тұрғыдан маңызды (жұқпаның лимфалық жолмен таралуын іркеді). Өттегі және несептегі белсенді заттың концентрациясы бірнеше есе жоғары, ал ликворда – сарысуға қарағанда бірнеше есе төмен. Сілекейдегі фуразидин құрамы оның сарысудағы концентрациясының 30 % құрайды.

Дәрілік заттар организмде біркелкі таралады.

Қандағы және тіндердегі фуразидин концентрациясы оның тез бөлінуіне байланысты салыстырмалы түрде көп емес, несепте концентрация қандағыға қарағанда елеулі жоғары.

Бүйрек арқылы бөліну шумақтық сүзілу және өзекшелік сөлініс жолымен (85 %) жүреді, ішінара өзекшелерде кері реабсорбцияға ұшырайды. Фуразидин калийдің несептегі төмен концентрациясында сүзілу және секреция үдерісі басым болады, жоғары концентрациясында секреция азаяды және реабсорбция ұлғаяды.

Басқа нитрофурандардан ерекшелігі, Фурамагты қабылдағаннан кейін несептің рН өзгермейді.

Қышқыл реакциясы бар несепте (рН ≤ 5,5) нитрофурандардың белсенділігі артады және уыттылық даму қаупі жоғарылайды.

Сілтілі несепте фуразидин калий шығарылуы күшейеді және дәрілік заттардың әсері азаяды.

Елеусіз биотрансформацияланады (10% аз), бүйректің бөліп шығару қызметінің төмендеуінде метаболизм қарқындылығы өседі. Күндізгі доза организмнен 24 сағат ішінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Фурамаг, әсер ету ауқымы кең нитрофурандар тобына жататын микробқа қарсы дәрі. Фурамагқа резистенттілігі баяу дамиды және жоғары дәрежеге жетпейді.

Фурамаг грамоң, сондай-ақ грамтеріс микробтарға, Staphylococcus spp. патогендік штаммдарға және антибиотиктерге резистентті басқа да микроорганизмдерге қатысты белсенді.

Фурамаг басқа нитрофурандармен салыстырғанда (Staphylococcus aureus, S. saprophyticus, S. еpidermidis), Escherichia coli, Aerobacter aerogenes, Bact. сitrovorum, Proteus mirabilis, Proteus morganii стафилококктарына қатысты белсендірек. Сондай-ақ көптеген басқа патогендік немесе шартты-патогенді бактерияларға, Streptococcus agalactiae, Enterococcus spp.– Enterococcus faecalis, Enterococcus faecium және Corynebacterium, кейбір грамтеріс бактериялар (Citrobacter amalonaticus, C. diversus, C. freundii, Klebsiella oxytoca, K. ozaenae, Enterobacter, Neisseria, Salmonella, Shigella қоса) қатысты тиімді.

Pseudomonas aeruginosa тұрақты, Proteus spp., Serratia spp штаммдарының көбі тұрақты.

Фуразидин калийдің in vitro сезімтал микроорганизмдердің көбі үшін ең төмен тежегіш концентрациясы (MIC) 0,2-ден 6 мкг/мл дейінді құрайды.

Әсер ету механизмі. Фуразидин бактериялық рибосома ақуыздарының және басқа макромолекулалардың белсенділігін жоятын немесе зақымдайтын реактивті қосылыстарға дейін бактериялық флавопротеиндармен қалпына келеді. Нәтижесінде аэробты тыныс алу және ақуыздың, жасуша қабырғасының, ДНҚ, РНҚ синтезі үдерістері бұзылады. Көптеген әсер ету механизмі микроорганизмдердің нитрофурандарға пайда болған әлсіз тұрақтылығымен түсіндіріледі.

Нитрофурандар әсері нәтижесінде микроорганизмдер токсинді азырақ бөледі, осыған байланысты емделушінің жалпы жағдайы микрофлораның өсуі айқын бәсеңсітілуіне дейін де жақсаруы мүмкін.

Нитрофурандардың басқа микробқа қарсы көптеген дәрілерден айырмашылығы организмнің иммундық жүйесін бәсеңсітпейді, керісінше, белсенділендіреді (комплемент титрін және лейкоциттердің микроорганизмдерді фагоциттеу қабілетін жоғарылатады). Нитрофурандар емдік дозаларында лейкопоэзді стимуляциялайды.

Қолданылуы

  • Фуразидин калийге сезімтал микроорганизмдерден туындаған

жұқпаларда: несеп шығару жолдарының жұқпаларында (жедел цистит, уретрит, пиелонефрит), простатитте, тері және жұмсақ тіндердің жұқпаларында, ауыр жұқпаланған күюлерде, гинекологиялық жұқпаларда.

  • Алдын алу үшін урологиялық операцияларда, цистоскопияда,

катетеризацияда және т.б.

Қолдану тәсілі және дозалары

Капсуланы тамақтан кейін, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып, шайнамай, тұтас жұту керек.

Ересектерге: 50-100 мг (2-4 капсула) күніне 3 рет.

Дене салмағы 30 кг астам 6 жастан үлкен балаларға: 50 мг (2 капсула) күніне 3 рет.

Емдеу курсы 7-10 күнді құрайды. Қажет болғанда 10-15 күндік үзілістен соң курсты қайталайды.

Жұқпалардың алдын алу үшін

Ересектер және салмағы 30 кг және одан асатын 6 жастан үлкен балаларға: 50 мг күніне бір рет.

Қабылдай алмай қалған дозаның орнын басу үшін ешқашан қосарлы доза қабылдамаңыз.

Жағымсыз әсерлері

Қолайсыз жағымсыз реакциялардың даму жиілігіне қарай классификациясы: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін); жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100 дейін); сирек (≥ 1/10 000 - < 1/1000 дейін); өте сирек (< 1/10 000); біліну айқындығы белгісіз (қол жетімді деректер бойынша анықтау мүмкін емес)*.

Жиі

- бас ауыруы

Жиі емес - бас айналуы, ұйқышылдық

- жүрек айнуы, метеоризм

Сирек

- шеткергі нейропатия

- көрудің бұзылуы

- құсу, тәбеттің болмауы, диарея, диспепсия, іш қатуы, іш ауыруы

- папулезді бөртпелер, қышыну

Өте сирек

- қан түзілуі бұзылуы (апластикалық анемия, агранулоцитоз, тромбоцитопения)

- панкреатит

- өкпенің жоғары сезімталдығының жедел және созылмалы реакциялары. Жедел өкпе реакциясы – жоғары сезімталдықтың бірнеше сағат бойына, сирек жағдайда – минуттар бойына дамитын және қызба, эозинофилиямен, жөтелмен (қақырықпен немесе қақырықсыз), кеуде ауыруымен, күшті ентігумен сипатталатын реакциясы. Созылмалы өкпе реакциялары нитрофуранмен емдеу тоқтатылған соң ұзақ уақыт бойы туындауы мүмкін және біртіндеп күшейетін ентігумен, жиі тыныс алумен, қызбамен, эозинофилиямен, үдемелі жөтелмен, интерстициальді пневмониямен және/немесе өкпе фиброзымен сипатталады.

- бассүйек ішілік гипертензия

- ангиоэдема, есекжем, эксфолиативті дерматит, полиморфты эритема, қайтымды алопеция

- артралгия (буындардағы ауыру)

- холестатикалық сарғаю, гепатит

- әлсіздік, температура жоғарылауы

Фурамаг несепті күңгірт-сары немесе қоңыр түске бояйды.

Асқазан-ішек жолдары тарапынан жағымсыз әсерлер жиілігі препаратты тамақпен бірге қабылдағанда азаяды.

Жағымсыз әсерлерді болдырмау немесе айқындығын азайту үшін көп мөлшердегі сұйықтық пайдалану, В тобының витаминдерін және антигистаминдік дәрілерді қабылдау ұсынылады. Айқын білінген жағымсыз әсерлерде дозаны төмендету немесе дәрілік заттарды қабылдауды тоқтату керек.

Егер Сізде қосымша бетте көрсетілмеген қандай да бір жағымсыз әсерлер білінсе немесе аталған жағымсыз әсерлердің қандай да бір түрі ерекше қатты білінсе дәрігерге қаралуды өтінеміз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші заттарына, нитрофуран тобының басқа қосылыстарына немесе дәрілік заттың қосымшаларына жоғары сезімталдық

  • ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі ≤ 30 мл/мин)

  • полинейропатия (диабеттікті қоса)

  • порфирия (тұқым қуалайтын қандағы пигменттік алмасудың бұзылуы)

  • жүктілік және бала емізу

  • дене салмағы  30 кг 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Емдеуші дәрігерге барлығы туралы, оның ішінде өзіңіз қабылдайтын рецептісіз босатылатын дәрілік заттар туралы да міндетті түрде хабар беріңіз.

Қан түзілуі үдерісін бәсеңсіту мүмкіндігінен ристомицинмен, левомицетинмен, сульфаниламидтермен бір уақытта қолдануға болмайды.

Пенициллинмен және цефалоспоринмен бір уақытта қолданғанда бактерияға қарсы әсері елеулі артады. Тетрациклинмен, эритромицинмен немесе олеандомицинмен (антибиотиктер) жақсы біріктіріледі.

Несепті сілтілендіретін дәрілер нитрофурандардың белсенділігін әлсіретеді.

Несепті қышқылдандыратын дәрілер (қышқылдар, оның ішінде аскорбин қышқылы, сондай-ақ кальций хлориді), дәрілік заттың белсенділігін күшейтеді, бірақ уытты құбылыстар даму қаупін өсіреді.

Антагонизм әсері болуы мүмкін болғандықтан хинолондармен (налидикс қышқылы, норфлоксацин, оксолин қышқылы) бір мезгілде Фурамаг қолдануды болдырмаған жөн.

Фурамаг және урикозуриялайтын дәрілік заттарды (пробенецид, сульфинпиразон) бір мезгілде қолдану фуразидин калийдің несеппен шығарылуын төмендетеді және, тиісінше, уыттылығын ұлғайтуы мүмкін.

Құрамында магний трисиликат болатын антацидтік дәрілер Фурамаг сіңуін азайтады.

Қолайсыз жағымсыз әсерлер (бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу) күшеюі мүмкіндігінен емдеу уақытында алкогольдік сусындар пайдалануға болмайды, сондай-ақ жүрек қағуы күшеюі, артериялық қысым төмендеуі, құрысулар болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Гемолиз даму қаупі болғандықтан глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар емделушілерге сақтық жасау керек.

Бүйрек, бауыр және жүйке жүйесі қызметі бұзылуы бар емделушілерге сақтықпен қабылдау керек.

Анемиясы, В тобының витаминдерінің тапшылығы, өкпе ауруы бар емделушілерге және дәрілік заттарға белгілі жоғары сезімталдығы бар емделушілерге сақ болу керек .

Полинейропатия даму қаупіне байланысты қант диабеті бар емделушілерге сақтықпен тағайындау керек. Нейропатияның алғашқы симптомдарында дәрілік заттарды қабылдауды тоқтату керек. Сондай-ақ Фурамагты ұзақ уақыт қолдану да шеткергі нейропатияны (ауыру, тиісті жүйке аумағында сезімталдық бұзылуы) туындатуы мүмкін.

Ұзақ уақыт қолданғанда бауыр және бүйрек қызметі көрсеткіштерін, сондай-ақ өкпенің қызметін, әсіресе 65 жастан асқан емделушілерде (өкпе фиброзы қаупі), бақылау керек.

Фурамагтың алдын алуға арналған дозаларын ұзақ уақыт қолданғанда бактерияларға клиникалық елеулі резистенттілік дамымайды.

Фурамагпен емдеу кезінде жалған жарғақшалы колиттің даму жағдайлары туралы деректер жоқ. Бактерияға қарсы дәрілерді қолдану уақытында тік ішектің табиғи микрофлорасын бәсеңсітуден туындаған диареясы бар емделушілерде бұл жағымсыз әсерлер болуы ықтималдығын назарда ұстау керек. Фурамаг іс жүзінде ішек микрофлорасын өзгертпейді. Жалған жарғақшалы колиттің жеңіл түрінде бактерияға қарсы дәрілерді қабылдауды тоқтату жеткілікті.

Фурамаг қабылдаушы емделушілерде несептегі глюкозаны мысты қалпына келтіру әдісімен анықтағанда жалған-оң нәтиже беруі мүмкін. Егер несептегі глюкозаны анықтау үшін ферментативті әдістер пайдаланылса, Фурамаг талдама нәтижесіне әсер етпейді.

Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері

Дәрілік зат көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдар: нейроуытты реакциялар, оның ішінде атаксия, тремор, жедел уытты гепатит, гемолитикалық немесе мегалобласттық анемия, лейкопения.

Емі. Артық дозалану жағдайында препарат қабылдауды тоқтатып, асқазанды шаю емшарасын және симптоматикалық ем жүргізген жөн. Жедел симптомдарды басу үшін антигистаминдік дәрілер қолдану керек. В тобының витаминдерін (тиаминбромид) қолдану ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

“Олайнфарм”АҚ.

Мекенжайы: Рупницу к-сі 5, Олайне, LV-2114, Латвия.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Олайнфарм» АҚ, Латвия

Мекенжайы: Рупницу к-сі 5, Олайне, LV-2114, Латвия.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

050009 Алматы қ., Абай даңғылы 151/115, 807 кеңсе,

телефон /факс 007 727 333 46 52,

E-mail:olainfarm.instr@mail.ru

Прикрепленные файлы

400599171477976570_ru.doc 68 кб
681472791477977724_kz.doc 80.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ