Фромилид® (125мг/5мл)

МНН: Кларитромицин
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clarithromycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016484
Информация о регистрации в РК: 05.11.2015 - 05.11.2020
Номер регистрации в РБ: 5798/02/07/12/17/21
Информация о регистрации в РБ: 24.10.2017 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Фромилид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кларитромицин

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер, 125 мг/5 мл

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат - кларитромицин 1,5 г,

қосымша заттар: карбомер, повидон, гипромеллоза фталаты (НР 55), тальк, майсана майы, ксантан шайыры, банан хош иістендіргіші, сусыз лимон қышқылы, калий сорбаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, титанның қостотығы (Е171), сахароза

Сипаттамасы

Ұсақ, пішінсіз ақтан ақ дерлік түске дейінгі банан иісі бар түйіршіктер.

Түйіршіктері бар құтыға 42 мл су қосқаннан және 30 сек бойы қатты сілкуден кейін банан иісі бар сарғыш-ақ түсті гомогенді суспензия түзілуі тиіс.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған антибактериялық препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Кларитромицин.

АТХ коды J01FA09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кларитромицин ас қорыту жолдарынан тез және жақсы сіңеді. Микробиологиялық белсенді 14-ОН-кларитромицин бауыр арқылы бірінші өткенде түзіледі. Препаратты тамақпен қабылдағанда сіңудің және 14-ОН-кларитромицин түзілуінің басы аздап іркіледі, бірақ жалпы биожетімділігі өзгермейді. Кларитромицин фармакокинетикасы дозаға байланысты болмаса да, тұрақты концентрациясы препаратты бірізді 2 күн ішінде қабылдағаннан кейін анықталады.

Бесінші дозаны қабылдағаннан кейінгі фармакокинетикалық параметрлері төмендегіні құрайды: кларитромицин үшін - Сmax 1,98 мкг/мл, АUC 11,5 мкг·сағ/мл, Тmax 2,8 сағ және Т½ 3,2 сағ және тиісінше 14-ОН-кларитромицин үшін - 0,67 мкг/мл, 5,33 мкг·сағ/мл, 2,9 сағ және 4,9 сағ.

Организм тіндерінде кларитромицин концентрациясы қан сарысуындағыдан бірнеше есе артық. Жоғарырақ концентрациясы тонзиллярлық және өкпе тіндерінде байқалады. Ортаңғы құлақ сұйықтығында кларитромицин концентрациясы қан сарысуы концентрациясынан астам болады.

Қан плазмасындағы ақуыздармен байланысуы клиникалық тиісінше 0,45-ден 4,5 мкг/мл дейінгі концентрацияларында 70% жуық құрайды.

14-ОН-кларитромицин бүйрекпен бөлінетін негізгі метаболит болып табылады және шамамен қабылданған дозаның 10 – 15 % құрайды.

Доза қалдығының үлкен бөлігі, негізінен өтпен, нәжіспен шығарылады. Бастапқы заттың 5 – 10 % нәжіспен шығарылады.

Бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілерде және бауыры сау емделушілерде кларитромициннің тепе теңдік концентрациясы бауыр дисфункциясындағы 14-ОН-кларитромициннің азырақ концентрациясынан басқа айырмашылығы болмайды.

500 мг кларитромицин қабылдаған, бүйрек функциясы бұзылуы бар емделушілерде фармакокинетикалық параметрлер мәні ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігіне сәйкес артқан.

Емделушілердің жасы кларитромициннің фармакокинетикалық параметрлеріне әсер етпейді.

АИТВ жұқтырған балаларда 15 – 30 мг/кг/күн дозада (доза екі рет қабылдауға бөлінген) кларитромицин қабылдағанда қан плазмасындағы кларитромициннің жоғарылау концентрациясы және ұзағырақ жартылай шығарылу кезеңі байқалады.

Фармакодинамикасы

Кларитромицин –Фромилидтің белсенді заты - макролидтер тобының жартылай синтетикалық антибиотигі. Бактерияға қарсы әсері оның сезімтал бактериялардың 5OS-рибосомальді субъбірліктерімен байланысуымен және ақуыз биосинтезі бәсеңдеуімен анықталады. Фромилид® ауруханалық штаммдарды қоса, кең ауқымды аэробты және анаэробты грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қарсы жоғары тиімділік көрсетеді. Эритромициннің ЕТТК қарағанда, кларитромициннің ең төмен тежегіш концентрациясы (ЕТТК) әдетте екі есе төмен.

Кларитромицин in vitro Legionella pneumophila және Mycoplasma pneumonie қарсы тиімділігі жоғары. Кларитромицин Helicobacter pylori қарсы бактерицидті әсер етеді, бейтарап рН кезінде кларитромицин белсенділігі қышқыл рН кезіндегіге қарағанда жоғары. In vitro және in vivo деректері микобактериялардың клиникалық елеулі штаммдарына қарсы кларитромициннің жоғары тиімділігін айғақтайды.

Enterobacteriaceae және Pseudomonas штаммдары, лактоза ферменттемейтін грамтеріс бактериялар сияқты, кларитромицинге сезімтал емес.

Препарат in vitro, сондай-ақ клиникалық практикада көптеген микрорганизмдердің штаммдарына қатысты бактерияға қарсы белсенділік танытады:

Аэробтық грамоң микроорганизмдер: Staphylococcus aureus, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Listeria monocytogenes.

Аэробтық грамтеріс микроорганизмдер: Haemophilus influenzae,

Haemophilus parainfluenzae, Moraxella catarrhlis, Neisseria gonorrhоeae,

Legionella pneumophila.

Басқа да микроорганизмдер: Mycoplasma pneumoniae, Chlamydia pneumoniae (TWAR).

Микобактериялар: Mycobacterium avium, Mycobacterium intracellulare қоса, Mycobacterium leprae, Mycobacterium kansasii, Mycobacterium chelonae, Mycobacterium fortuitum, Mycobacterium avium сomplex (MAC).

Микроорганизмдердің бета-лактамазалары кларитромицин тиімділігіне әсер етпейді.

Метициллин- және оксациллинрезистентті стафилококк штаммдарының көпшілігі кларитромицинге сезімтал емес.

Микробиология

Кларитромицин in vitro, сондай-ақ клиникалық практикада төменде аталған микроорганизмдердің көптеген штаммдарына қатысты белсенді:

Аэробтық грамоң микроорганизмдер: Staphylococcus aureus, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Listeria monocytogenes.

Аэробтық грамтеріс микроорганизмдер: Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Moraxella catarrhalis, Neisseria gonorrhоeae, Legionella pneumophila.

Басқа да микроорганизмдер: Mycoplasma pneumoniae, Chlamydia pneumoniae (TWAR).

Микобактериялар: Mycobacterium avium, Mycobacterium intracellulare қоса, Mycobacterium leprae, Mycobacterium kansasii, Mycobacterium chelonae, Mycobacterium fortuitum, Mycobacterium avium сomplex (MAC).

Микроорганизмдердің бета-лактамазалары Фромилид тиімділігіне әсер етпейді.

Метициллин- және оксациллинрезистентті стафилококк штаммдарының көпшілігі Фромилидке резистентті.

Helicobacter: H. рylori

Микроорганизмдердің көпшілігі үшін негізгі метаболиттің (14-ОН–кларитромицин) микробиологиялық белсенділігі осындай немесе метаболит тиімділігі 2 есе жоғары негіздік субстанцияға қарағанда, H. Influenzae қоспағанда, 1-2 есе әлсіз. Негіздік субстанция және 14-ОН–метаболит influenzae in vitro және in vivo бактериялық штаммдарына байланысты аддитивті немесе синергиялық әсер етеді.

Қолданылуы

- тыныс алу жолдарының төменгі бөлімдерінің инфекцияларында (бронхит, пневмония және т.б.);

- тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлімдерінің инфекцияларында (фарингит, синусит және т.б.)

- тері және жұмсақ тіндердің инфекцияларында (фолликулит, целлюлит,тілме);

- жедел ортаңғы отитте

- Mycobacterium avium немесе Mycobacterium intracellulare, Mycobacterium chelonae, Mycobacterium fortuitum, Mycobacterium kansasii туындаған диссеминирленген немесе оқшауланған микобактериялық инфекцияларда

Қолдану тәcілі және дозалары

Микобактериялық емес инфекцияларды емдеуге 6 айдан 12 жасқа дейінгі нәрестелер мен балалар үшін суспензия түріндегі Фромилид® препаратының ұсынылатын дозасы дене салмағына қарай 7,5 мг/кг тәулігіне 2 рет, ең жоғары дозасы - тәулігіне 2 рет 500 мг құрайды. Емнің ұзақтығы әдетте қоздырғыш түріне және аурудың ауырлығына қарай 5–10 күнді құрайды. Суспензияны тамақ ішуге байланыссыз қолданады (сүтпен қолдануға болады).

1 кесте

Баланың дене салмағына қарай препаратты дозалау (тәулігіне 2 рет қабылдау)

Баланың дене салмағы* (кг)

125 мг/5 мл

1 қабылдауға арналған суспензия дозасы (мл)

кларитромицинге сәйкес (мг)

8 – 11

2,5 мл

62,5 мг

12 – 19

5,0 мл

125 мг

20 – 29

7,5 мл

187,5 мг

30 – 40

10,0 мл

250 мг

* Дене салмағы 8 кг дейінгі балаларға дозаны дене салмағының әр килограмына сәйкес есептеу керек (7,5 мг/кг тәулігіне 2 рет).

Микобактериялық инфекциялар

Микобактериялық инфекцияларды емдеуге, емделушінің жай-күйін және ауру ауырлығын дәрігердің жеке клиникалық бағалауын ескере отырып, балалар үшін суспензия түріндегі Фромилид® препаратының ұсынылатын дозасы дене салмағына қарай тәулігіне 2 рет 7,5 мг/кг –ден 15 мг/кг дейінді құрайды. Емдеуді препарат қолданудан клиникалық тиімділік байқалмай қалғанша жалғастырады (басқа антимикобактериялық препараттар қосу қажет болуы мүмкін).

2 кесте

Дене салмағына қарай микобактериялық инфекциясы бар балаларға ұсынылатын дозалау

Баланың дене салмағы* (кг)

Фромилид® суспензиясының мөлшері 125мг/5 мл (тәулігіне 2 рет)

 

7,5 мг/кг тәулігіне 2 рет

15 мг/кг тәулігіне 2 рет

8 – 11

2,5 мл

5 мл

12 – 19

5 мл

10 мл

20 – 29

7,5 мл

15 мл

30 – 40

10 мл

20 мл

* Дене салмағы 8 кг дейінгі балаларға дозаны дене салмағының әр кг-не қарай есептеу керек (7,5 – 15 мг/кг тәулігіне 2 рет).

Бүйрек жеткіліксіздігіндегі дозалануы

Минутына 30 мл төмен креатинин клиренсімен балаларға Фромилид® дозасы 50 % азайтылуы керек. Емдеу ұзақтығы 14 күннен аспауы тиіс.

Суспензия дайындау тәсілі

Суспензия дайындау үшін 42 мл суды өлшеп алу керек. Ішіндегі түйіршіктері сусып түсуі үшін құтыны алдын ала сілкіңіз. Құтыға 1/2 көлемдегі суды қосыңыз және барлық қатты бөлшектердің суспензия түріне өтуіне дейін шайқаңыз. Судың қалған бөлігін қосыңыз және жақсылап шайқаңыз (қарқынды және/немесе ұзақ шайқаудан аулақ болыңыз). Препаратты әрбір қолдану алдында құтыны суспензия қалпына келгенше сілку керек.

Жағымсыз әсерлері

Төменде клиникалық зерттеулер және маркетингтен кейінгі әртүрлі дәрілік түрлерді және кларитромициннің әртүрлі дозаларын қолдану кезіндегі туындайтын жағымсыз реакциялар келтірілген. Жағымсыз реакциялар туындау жиілігіне қарай берілген: 10% астам – өте жиі, 1-10% - жиі, 0,1-1% - жиі емес

Жиі

- ұйқысыздық

- бас ауыру

- дизгевзия (дәм сезудің бұзылуы), дәмнің бұрмалануы

- жүрек айну, іштің ауыруы, құсу, диспепсия, диарея

- бауырдың функционалдық тестілерінің нормадан ауытқуы

- бөрту, гипергидроз

Жиі емес

  • целлюлит1, ауыз қуысы кандидозы, гастроэнтерит2

  • инфекция3, қынаптық инфекциялар

  • лейкопения, нейтропения4, тромбоцитемия3, эозинофилия4

- анафилактоидты реакциялар1, аса жоғары сезімталдық

- анорексия, тәбеттің төмендеуі

  • үрейлену, күйгелектік3

  • естен тану1, дискинезия1, бас айналу, ұйқышылдық, тремор

  • бас айналуы, естудің нашарлауы, құлақтың шуылдауы

- жүректің тоқтап қалуы1, жүрекше фибрилляциясы1, ЭКГ –дағы QT аралығының ұзаруы, экстрасистолия1, пальпитация,

  • демікпе 1, мұрыннан қан кету2, өкпе тамырлары эмболиясы1

  • эзофагит1, гастроэзофагеальді рефлюксті ауру2, гастрит, прокталгия2,

  • стоматит, глоссит, іштің кебуі4, іш қату, ауыздың құрғауы, кекіру, метеоризм

- холестаз4, гепатит4, АЛТ, АСТ, ГГТ4 деңгейінің жоғарылауы

  • буллезді дерматит1, қышыну, есекжем, макуло-папулёзді бөртпе3

  • бұлшықет түйілулері3, қаңқа-бұлшықет сіресуі1, миалгия2

  • қан креатининінің жоғарылауы1, қан мочевинасының жоғарылауы1

  • дімкәстік4, қызба 3, астения, кеуденің ауыруы4, қалтырау4, қатты қажу4

  • альбумин-глобулин ара қатынасының өзгеруі1, қан сарысуында сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы4, қан сарысуында лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы 4

Бірлі-жарым хабарлар

1,2,3,4 Жағымсыз реакциялар туралы деректер тек препаратты төмендегі түрде қолданғанда ғана хабарланды:

1 – инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ

2 – әсер етуї ұзаққа созылатын таблеткалар

3 – суспензиялар

4 – дереу босап шығатын таблеткалар

Маркетингтен кейінгі хабарламалар (практикада қолданғанда):

Жиілігі белгісіз, өйткені бұл реакциялар туралы емделушілердің анықталмаған популяциясынан ерікті түрде хабарланды. Олардың жиілігін болмаса препарат қабылдаумен себепті байланысын әркез дәл анықтау мүмкін емес. Кларитромицинді жалпы қолдану тәжірибесі 1 миллиард емделуші-күннен астамды құрайды.

  • жалған жарғақшалы колит, тілмелі қабыну

  • агранулоцитоз, тромбоцитопения

  • анафилактикалық реакциялар, ангионевроздық ісіну

  • психоздар, сананың шатасуы, өзін-өзі танымау, депрессия, бағдардан жаңылу, елестеулер, шым-шытырық түс көру, мания

  • құрысулар, агевзия (дәм сезінуді жоғалту), паросмия, аносмия, парестезия

  • естімей қалу

  • пируэтті қарыншалық тахикардия (torsades de pointes), қарыншалық тахикардия

  • қан құйылу

  • жедел панкреатит, тіл түсінің өзгеруі, тіс түсінің өзгеруі

  • бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлық сарғаю

  • Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, эозинофилия және жүйелік көріністерімен қатар жүретін медикаментозды тері реакциясы (DRESS), акне

  • рабдомиолиз2 (рабдомиолиздің туындағаны туралы кейбір хабарларда кларитромицинді рабдомиолиз дамуымен байланысты басқа дәрілік препараттармен (статиндер, фибраттар, колхицин немесе алопуринол сияқты) бір мезгілде қолданған), миопатия

  • бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит

  • халықаралық қалыптасқан қатынастың жоғарылауы, протромбиндік уақыттың ұзаруы, несеп түсінің өзгеруі

Иммунды жүйенің бұзылуымен емделушілер.

ЖИТС-пен науқастарда және кларитромициннің жоғары дозасын микобактериялық инфекцияны емдеуге ұзақ уақыт қабылдаған иммунды жүйенің бұзылуымен басқа емделушілерде, препаратты қабылдаумен байланысты жағымсыз әсерлері мен негізгі немесе қатар жүретін аурудың симптомдарын әрдайым ажырату мүмкін болмайды.

Кларитромицинді 1000 мг тәуліктік дозада қабылдаған ересек науқастарда ең жиі кездесетін жағымсыз әсерлері жүрек айнуы, құсу, дәм сезудің бұзылуы, іштің ауыруы, диарея, бөртпе, іштің кебуі, бас ауыруы, іш қату, естудің бұзылуы, қан сарысуында АЛТ және АСТ құрамының жоғарылауы болды. Жиі емес: диспноэ, ұйқысыздық және ауыздың құрғауы байқалды. Иммундық жүйесі нашарлаған емделушілердегіні қалыпты шамадан елеулі айырмасы бар аталған зертханалық көрсеткіштердің мәні талданды, төмендегі деректер алынды: күніне 1000 мг кларитромицин қабылдаған емделушілердің 2–3 %-да АЛТ және АСТ деңгейінің айтарлықтай жоғарылауы және қанда лейкоциттер және тромбоциттер санының айтарлықтай төмендеуі байқалды. Емделушілердің аздаған шамасында сондай-ақ қандағы мочевина құрамының жоғарылауы байқалды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • Макролидтер тобының антибиотиктеріне немесе қосымша заттарының біріне аса жоғары сезімталдық.

  • Төмендегі препараттармен бірге тағайындау:

  • астемизол, цизаприд, пимозид, терфенадин

  • қастауыш алкалоидтары (мысалы, эрготамин немесе дигидроэрготамин)

  • пероральді қабылдауға арналған мидазолам

  • CYP3A4 (ловастатин немесе симвастатин) ауқымды метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер)

  • колхицин

  • тикагрелор немесе ранолазин.

  • Сыртартқысында QT аралығының ұзаруы, қарыншалық жүрек аритмиясы (екі бағытты тахикардияны қоса).

  • Гипокалиемия (QT аралығының ұзаруы қаупі).

  • Ауыр бауыр жеткіліксіздігі және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Оларды үйлестіру өзара әрекеттесудің ауыр салдарын дамытуы мүмкіндігіне байланысты келесі дәрілік препараттарды кларитромицинмен бірге қолдануға қатаң тыйым салынады.

Цизаприд, пимозид, астемизол және терфенадинді бір мезгілде қолданғанда: қарыншалық тахикардия, қарыншалық фибрилляцияны және екі бағытты тахикардияны қоса, QT аралығының ұзаруы және аритмия болуы мүмкін.

Маркетингтен кейінгі зерттеулер кларитромицин және қастауыш алкалоидтарын (эрготамин немесе дигидроэрготамин) бірге қабылдаудың орталық жүйке жүйесін қоса, тамырлардың түйілуін, аяқ-қол және басқа да тіндердің ишемиясы түрінде білінетін қастауыштың уытты әсеріне алып келетінін көрсетеді.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер): Фромилидті ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде, өйткені ол елеулі дәрежеде CYP3A4 метаболизденеді, ал кларитромициннің болуы олардың плазмадағы концентрациясының артуын туындатады, осыдан миопатия және рабдомиолиз даму қаупі ұлғаяды. Кларитромицинлді берілген статиндермен бір уақытта қабылдаған емделушілерде рабдомиолиз туындау жағдайлары туралы мәліметтер бар. Егер Фромилид қолдану міндетті түрде болса, онда

ловастатин немесе симвастатин қабылдауды тоқтату керек.

Фромилидті статиндермен бірге қолдануды тағайындағанда сақ болу керек. Егер Фромилид және статиндерді бір мезгілде қолданбаса болмайтын жағдай болса, CYP3A метаболизміне тәуелсіз, мысалы флувастатин сияқты статиндер тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек.

Статиннің ең төмен мүмкін дозасын жазып беру ұсынылады. Емделушілерде миопатия белгілері және симптомдарын қадағалау керек.

Фромилид және статиндерді бірге тағайындағанда сақ болу керек.

Басқа дәрілік препараттардың кларитромициннің емдік тиімділігіне әсері

CYP3A индукциялайтын препараттар (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай) кларитромицин метаболизмін жеделдетуі мүмкін. Бұл кларитромицин концентрациясының және оның тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Бұдан басқа, CYP3A индукциялайтын басқа дәрілік заттардың деңгейін қадағалау талап етілуі мүмкін, ол кларитромициннің CYP3A тежегіш әсері салдарынан жоғарылауы мүмкін (сондай-ақ CYP3A4 тежегішіне қатысты медициналық қолдану бойынша нұсқаулық бойынша қараңыз). Рифабутин және Фромилидті бір мезгілде қабылдау рифабутин деңгейінің жоғарылауына және сарысудағы кларитромицин концентрациясының төмендеуіне, сондай-ақ увеит қаупі артуына алып келетіні белгілі.

Келесі препараттар қан сарысуындағы кларитромицин концентрациясының өзгерісін туындатуы, болмаса теориялық тұрғыда туындатуы мүмкіндігі белгілі. Кларитромицин дозасын түзету немесе емнің басқа нұсқаларын қарастыру талап етілуі мүмкін.

Эфавиренз, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин: цитохром P450 метаболизмдік жүйесінің күшті индукторы ретінде олар кларитромициннің метаболизмін жеделдетуі, бір мезгілде оның белсенді метаболиттерінің (14-OH-кларитромицин) концентрациясын жоғарылата отырып, осылайша плазмадағы оның концентрациясын төмендетуі мүмкін.

Кларитромицин және 14-OH-кларитромициннің әртүрлі бактерияларға микробиологиялық әсерінің айырмашылығы әртүрлі болуына байланысты

кларитромицин және цитохром Р450 ферменттерінің индукторларын бірге қабылдау қажетті емдік әсерге қол жеткізуге кедергі болуы мүмкін.

Этравирин қабылдағанда кларитромицин экспозициясы төмендейді, ал оның белсенді метаболитінің, 14-OH-кларитромициннің концентрациясы жоғарылайды. Өйткені 14-OH-кларитромицин микобактериялық кешенге (МАС) қарсы тиімділігі аз дәрі болып табылады, препараттың бұл патогенге қатысты жалпы тиімділігі өзгеруі мүмкін. Осы себепті МАС емдеу үшін емнің баламалы нұсқасын қарастыру керек.

14-ОН-кларитромицин белсенді метаболитінің тепе-теңдік концентрациясы флуконазолмен бірге қолданғанда елеулі өзгермеген. Фромилид дозасын түзету талап етілмейді.

200 мг ритонавирді әрбір сегіз сағат сайын және кларитромицинді әр 12 сағат сайын бір уақытта қабылдау кларитромицин метаболизмінің елеулі төмендеуіне алып келді. Бұл арада кларитромицин Cmax 31%-ға ұлғайды,

Cmin - 182% артты, AUC - 77% ұлғайды. Іс жүзінде 14-OH-кларитромицин түзілуінің толық тежелуі анықталды. Емдік диапазонының кеңдігінен бүйрек функциясы қалыпты емделушілерде Фромилид дозасының азаюы талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде доза түзету керек: креатинин клиренсі (КК) 30–60 мл/мин болғанда кларитромицин дозасын 50 %-ға, КК < 30 мл/мин –75 %-ға азайту керек. Күніне 1 г астам кларитромицин дозасын ритонавирмен бірге қолдануға болмайды.

Дозаны осыған ұқсас түзетуді бүйрек функциясы бұзылуы бар емделушілерде ритонавирді атазанавир және саквинавир қоса, басқа АИТВ-протеаза тежегіштерімен бірге фармакокинетикалық күшейткіш ретінде қолданғанда жүргізу керек («Дәрілік препараттармен екі бағытта өзара әрекеттесулер» бөлімін қараңыз).

Кларитромициннің басқа дәрілік препараттарға әсері

Аритмияға қарсы препараттар:

Маркетингтен кейінгі практикада кларитромицинді хинидинмен немесе дизопирамидпен бір мезгілде қабылдағанда екі бағытты тахикардия жағдайлары тіркелген.

Фромилидті аталған препараттармен бір мезгілде қабылдағанда QT аралығының ұзаруын мезгілінде анықтау үшін ЭКГ-мониторинг жүргізу ұсынылады. Фромилидпен ем кезінде қан сарысуындағы бұл препараттардың концентрациясын қадағалау керек. Сондай-ақ кларитромицин және дизопирамидті бір мезгілде қабылдағанда гипогликемия жағдайлары туралы мәлімдеулер бар. Фромилид және дизопирамидті бір мезгілде қабылдағанда қандағы глюкоза деңгейін қадағалау керек.

Пероральді гипогликемиялық дәрілер және инсулин: натеглинид және репаглинид және кларитромицин сияқты белгілі бір гипогликемиялық дәрілермен бір мезгілде қолданғанда CYP3A энзимі тежелуі байқалуы мүмкін, бұл гипогликемия туындатуы мүмкін. Глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг ұсынылады.

CYP3A-байланысты өзара әрекеттесулер: CYP3A ферментінің тежегіші ретінде белгілі кларитромицинді және CYP3A бірінші метаболизденетін кез келген басқа препаратпен бірге қолдану соңғысының қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауына алып келуі мүмкін, бұл өз кезегінде оның емдік әсерін және жағымсыз реакцияларын күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін.

Кларитромицин қолданғанда дәрілік заттар - CYP3A субстраттарын қабылдайтын емделушілерде, әсіресе егер соңғысының емдік диапазоны тар болса (мысалы, карбамазепин) және/немесе осы энзиммен экстенсивті метаболизденсе, сақ болу керек.

Кларитромицинді бір мезгілде қолданатын емделушілерде CYP3A метаболизденетін дәрілік заттардың дозасын өзгерту және сарысулық концентрациясының мониторингі қажет болуы мүмкін.

Келесі дәрілік препараттардың немесе препараттар тобының: алпразолам, астемизол, карбамазепин, цилостазол, цизаприд, циклоспорин, дизопирамид, қастауыш алкалоидтары, ловастатин, метилпреднизолон, мидазолам, омепразол, пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин), пимозид, хинидин, рифабутин, силденафил, симвастатин, такролимус, терфенадин, триазолам және винбластин бір ғана CYP3A изоферменттерімен метаболизденетіні белгілі, бірақ бұл тізім толық емес. Өзара әрекеттесулердің осыған ұқсас механизмі фенитоин, теофиллин және вальпроат қолданғанда анықталды, бұлар цитохром Р450 жүйесінің басқа изоферментімен метаболизденеді.

Омепразолды (40 мг күн сайын) кларитромицинмен (500 мг әрбір 8 сағат сайын) бір мезгілде қабылдағанда плазмадағы омепразолдың тепе-теңдік концентрациясының ұлғайғаны анықталды

(Cmax, AUC0-24 және t1/2 – ұлғаюы тиісінше 30%, 89% және 34%). Асқазандағы pH көрсеткішінің орташа мәні омепразолды жеке қабылдағанда 5,2 және омепразолды кларитромицинмен бірге қабылдағанда 5,7 құрады.

Фосфодиэстераза тежегіштерінің (силденафил, тадалафил және варденафил) плазмалық концентрациясы оларды кларитромицинмен ұлғаю ықтималдығы бар, бұл фосфодиэстераза тежегіштерінің дозасын азайтуды талап етуі мүмкін.

Кларитромицинмен бірге қабылдағанда теофиллин және карбамазепиннің айналымдағы концентрациясының клиникалық зерттеулер нәтижелері аздаған, бірақ статистикалық елеулі (p≤0,05) артуы болатынын көрсетеді.

Толтеродин негізінен цитохром Р450 (CYP2D6) 2D6-изоформасымен метаболизденеді. Алайда CYP2D6 жоқ емделушілерде метаболизм CYP3A арқылы жүреді. Бұл популяцияда CYP3A бәсеңдету толтеродинның плазмалық концентрациясының елеулі жоғарылауына алып келеді. Бұндай емделушілер үшін толтеродин дозасын төмендету оны Фромилид® сияқты

CYP3A тежегіштерімен қолданғанда қажет болуы мүмкін. Триазолобензодиазепиндер (мысалы, алпразолам, мидазолам, триазолам):

Мидазолам және кларитромицинді пероральді бірге қабылдау қарсы көрсетілімде.

Мидазоламды кларитромицинмен көктамыр ішіне қолданғанда дозаны мезгілінде түзету үшін емделушінің жай-күйіне мұқият мониторинг жүргізу керек.

Триазолам және альпразоламды қоса, CYP3A метаболизденетін басқа да бензодиазепиндерді қолданғанда сақтық шараларын жасау керек. Элиминациясы CYP3A (темазепам, нитразепам, лоразепам) байланыссыз болатын бензодиазепиндер үшін кларитромицинмен клиникалық елеулі өзара әрекеттесулер дамуының ықтималдығы аз.

Кларитромицин және триазоламды бірге қолданғанда дәрілік өзара әрекеттесулері және орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлері (ұйқышылдық және сананың шатасуы) дамығаны туралы маркетингтен кейінгі мәлімдеулер бар. ОЖЖ тарапынан фармакологиялық әсерлердің ұлғаюы мүмкіндігін ескере отырып, емделушіні бақылау керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулері

Кларитромицинді және басқа да отоуытты препараттарды, әсіресе аминогликозидтерді бірге қабылдауды сақтықпен тағайындау керек.

Колхицин CYP3A үшін де, сондай-ақ p-гликопротеиннің эффлюксті тасымалдаушысы үшін де субстрат болып табылады. Кларитромицин және басқа да макролидтер CYP3A және p-гликопротеин тежегіштері болып табылады, сондықтан Фромилид және колхицинді бір мезгілде қолданған жағдайда, кларитромицинмен p-гликопротеинді және CYP3A тежеу колхицин экспозициясының артуына алып келуі мүмкін. Емделушілерде колхицинмен уыттанудың клиникалық біліністерін қадағалау керек. Бауыр және бүйрек функциясы қалыпты емделушілерде Фромилидпен бір мезгілде қабылдағанда колхицин дозасын төмендету керек.

Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге Фромилид және колхицинді бірге қабылдау қарсы көрсетілімде.

Кларитромицин және дигоксинді (P-гликопротеин субстраты (Pgp)) бір уақытта қолданғанда Pgp кларитромицинмен бәсеңдету жүреді, бұл дигоксин экспозициясының жоғарылауына алып келуі мүмкін. Маркетингтен кейінгі байқауларда кларитромицинді дигоксинмен бірге қабылдайтын емделушілерде қан сарысуындағы дигоксин концентрациясының жоғарылағаны анықталды. Кейбір емделушілерде дигиталисті уыттылық белгілері, оның ішінде потенциалды фатальді аритмиялар дамыды. Дигоксиннің қан сарысуындағы концентрациясын оны Фромилидпен қолданған емделушілерде мұқият бақылау керек.

Зидовудинді және таблеткадағы кларитромицинді бір уақытта пероральді қабылдағанда АИТВ-инфекциясы бар ересек емделушілерде зидовудиннің тепе-теңдік концентрациясы төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Кларитромицин оларды бір уақытта пероральді қабылдағанда зидовудин сіңуіне әсер етеді; бұны Фромилид және зидовудинді қабылдаудың 4 сағаттық аралығын сақтау жолымен елеулі дәрежеде болдырмау мүмкіндігі бар. Бұл өзара әрекеттесулер Фромилид суспензиясын зидовудин және дидеоксиинозинмен бір уақытта қабылдағанда АИТВ-инфекциясы бар бала-емделушілерде туындамайды.

Кларитромицин және метаболизмінде CYP3A теориялық тұрғыда қатыспайтын препараттарды ((мысалы, фенитоин және вальпроат) қоса, CYP3A тежегіштерімен арасында өзара әрекеттесулер анықталды. Фромилид сияқты препараттармен бірге тағайындағанда олардың сарысудағы деңгейіне талдау жүргізу ұсынылады. Бұл препараттардың сарысудағы концентрациясы артуы туралы мәліметтер бар.

Дәрілік препараттардың екі бағыттағы өзара әрекеттесулері

Атазанавир және кларитромицин CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады. Бұл препараттар арасындағы екі бағыттағы өзара әрекеттесулер расталған.

Кларитромицин (500 мг күніне екі рет) және атазанавирді (400 мг күніне бір рет) бірге қолдану кларитромицин экспозициясының екі есе артуына, 14-OH-кларитромицин экспозициясының 70%-ға төмендеуіне және атазанавир AUC 28%-ға артуына алып келеді. Кларитромицин елеулі емдік терезесімен сипатталатындықтан, бүйрек функциясы қалыпты емделушілерде кларитромицин дозасын төмендету талап етілмейді. Орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде (КК 30-дан 60 мл/мин дейін) Фромилид дозасы 50%-ға азайтылуы тиіс. КК 30 мл/мин аз емделушілер үшін Фромилид дозасы тиісінше дәрілік түрін пайдалану жолымен 75%-ға азайтылуы тиіс. Протеазалар тежегіштерімен бірге қабылдағанда Фромилид дозасы күніне 1000 мг аспауы тиіс.

Артериялық гипотензия даму қаупінен Фромилид® препаратын CYP3A4 метаболизденетін кальций өзекшелері блокаторларымен (верапамил, амлодипин, дилтиазем сияқты) бір мезгілде сақтықпен қолдану керек.

Өзара әрекеттесулерінде кларитромициннің де, сондай-ақ кальций өзекшелері блокаторларының плазмалық концентрациялары жоғарылауы мүмкін. Кларитромицинді верапамилмен бірге қабылдаған емделушілерде

артериялық гипотензия, брадиаритмия және лактоацидоз байқалды.

Итраконазол және кларитромицинді бір мезгілде қолданғанда (тиісінше CYP3A субстраттары және тежегіштері) кларитромицин итраконазолдың плазмалық деңгейін жоғарылатуы мүмкін және керісінше.

Итраконазолды және Фромилидті қолданғанда күшейтілген немесе фармакологиялық тиімділігінің әсер етуі ұзаққа созылатын білінулері немесе симптомдарын анықтау үшін емделушілер дәрігердің мұқият бақылауында болуы тиіс.

Саквинавир және кларитромицин CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады. Бұл препараттар арасында екі бағытты өзара әрекеттесулердің барын растады. Дені сау 12 еріктілердегі зерттеу кларитромицин (500 мг күніне екі рет) және саквинавирді (жұмсақ желатинді капсулаларда 1200 мг күніне үш рет) бір уақытта қабылдаудың саквинавирді жеке қабылдауға қарағанда, саквинавирдің AUC және Cmax тепе-тең көрсеткіштерінің тиісінше 177% және 187% артуын туындатқанын көрсетті. Кларитромицинді жеке қабылдағанмен салыстырғанда, кларитромицин AUC және Cmax шамамен 40%-ға артқан. Аталған дозалауды және дәрілік түрлерді қолданған жағдайда доза талап етілмейді. Саквинавирді жұмсақ желатинді капсулаларда қолдану дәрілік өзара әрекеттесулері бойынша қатты желатинді капсулалардағы саквинавирден айырмасы бар. Саквинавир және ритонавирдің Фромилидпен біріктірілімінде ритонавирдің кларитромицинмен болжамды өзара әрекеттесулерін ескеру керек («Дәрілермен өзара әрекеттесулері» бөлімін қараңыз).

Айрықша нұсқаулар

Антибиотиктерді ұзақ уақыт немесе қайталап қолдану сезімтал емес бактериялар мен зеңдердің шамадан тыс өсуін туғызуы мүмкін. Асқын инфекция туындағанда Фромилид қолдануды тоқтату және сәйкесінше емдеуді бастау керек.

Препаратты бүйректің қалыпты және орташа жеткіліксіздігі бар емделушілерде сақтықпен қолдану керек.

Кларитромицин қабылдағанда бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауын қоса, бауыр функциясының бұзылуы және гепатоцеллюлярлық және/немесе сарғаюмен немесе онсыз холестаздық гепатит жағдайлары тіркелген.

Бауыр функциясының бұлай бұзылуы ауыр дәрежеде болуы мүмкін және әдетте қайтымды болады. Сондай-ақ өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігі туралы жағдайлар хабарланды, ол негізінен күрделі негізгі ауруларымен және/немесе қатарлас дәрі-дәрмекпен емдеумен байланысты болуы мүмкін. Анорексия, сарғаю, несептің күңгірттенуі, іш аймағының қышуы немесе ауыруы сияқты гепатит симптомдары туындағанда, Фромилид қолдануды дереу тоқтату қажет.

Кларитромициннің үлкен бөлігі бауыр арқылы шығарылады, сондықтан бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілерге бұл антибиотикті сақтықпен тағайындау керек.

Макролидтерді қоса, бактерияға қарсы препараттардың көбін қабылдағанда дәрежесі орташадан өмірге қауіптіге дейін ауытқитын жалғанжарғақшалы колит жағдайлары тіркелген.

Clostridium difficile (CDAD) тудырған жеңіл дәрежелі ауырлықпен өліммен аяқталатын жалғанжарғақшалы колитке дейінгі диареяның дамуы туралы, бактерияға қарсы препараттардың барлығын дерлік, соның ішінде кларитромицинді қолданғанда хабарланды.

Диареясы бар барлық емделушілерде антибиотик қабылдағаннан кейін Clostridium difficile туындаған диарея дамуы мүмкіндігі туралы әркез есте ұстау керек. Бұдан басқа сыртартқыны мұқият жинау керек, Clostridium difficile туындаған диарея дамуы туралы бактерияға қарсы препараттарды қолданудан 2 айдан кейін хабарланды.

Колхицин

Маркетингтен кейінгі есептерде, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шеккен егде жастағы емделушілерде кларитромицинмен бірге қабылдағанда колхицин уыттылығы туралы хабарланды.

Кейбір емделушілерде өліммен аяқталу жағдайлары тіркелген. Фромилид® және колхицинді бірге қабылдау қарсы көрсетілімде.

Кларитромицин мен триазолбензодиазепиндерді, мысалы, триазолам, мидазоламды бір мезгілде сақтықпен қолдану керек («Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Фромилид және басқа да отоуытты препараттарды, әсіресе аминогликозидтерді бірге қабылдағанда сақтықпен тағайындау керек. Емдеу кезінде және емнен кейін вестибулярлық және есту функцияларын бақылау керек.

QT аралығының ұзаруы қаупінен жүректің ишемиялық ауруы, ауыр жүрек жеткіліксіздігі, гипомагниемиясы, брадикардиясы (минутына <50 соғумен) бар емделушілерде немесе QT артуын туындатуы мүмкін басқа да медициналық препараттармен бір мезгілде қабылдағанда Фромилид® препаратын сақтықпен пайдалану керек.

Фромилид препаратын туа біткен немесе жүре пайда болған QT аралығының ұзаруы немесе сыртартқысында қарыншалық аритмиясы бар емделушілерге пайдалануға тиым салынады.

Пневмония Макролидтерге Streptococcus pneumoniae резистенттілігі болуы мүмкін болғандықтан, ауруханадан тыс пневмонияны емдеу үшін кларитромицинді тағайындағанда сезімталдыққа тест жүргізудің маңызы бар. Ауруханалық пневмония жағдайында кларитромицинді басқа тиісті антибиотиктермен біріктіріп қолдану керек.

Тері мен жұмсақ тіндердің ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа инфекциялары

Бұндай инфекциялардың жиірек қоздырғыштары Staphylococcus aureus және Streptococcus pyogenes болады, олар сондай-ақ макролидтерге резистентті болуы мүмкін. Сондықтан сезімталдыққа тест жүргізу керек. Егер бета-лактамдық антибиотиктерді пайдалану мүмкін болмаған жағдайларда (мысалы, аллергиядан), басқа препарат дұрыс болып табылады, мысалы клиндамицин. Қазіргі кезде макролидтер тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялық зақымдануларының жеке түрлерін, мысалы: Corynebacterium minutissimum тудырған ауруларды, әдеттегі безеулерді және жылжығыш эритеманы емдеу үшін және пенициллиндермен емдеуді қолдануға болмайтын жағдайларда ғана пайдаланылады.

Егер анафилаксия, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз сияқты аса жоғары сезімталдықтың күрделі жедел реакциялары немесе эозинофилиямен және жүйелік білінулерімен бірге жүретін дәрілік тері реакциялары байқалса, Фромилид қолдануды дереу тоқтату және бірден сәйкесінше ем тағайындау керек.

Кларитромицинді СYP3A4 цитохромы ферментінің индукторларымен бір мезгілде тағайындағанда сақтық керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуін» қараңыз).

Кларитромицин мен басқа макролидтер, сондай-ақ линкомицин мен клиндамицин арасында айқаспалы резистенттіліктің мүмкін екендігін ескеру керек.

Пероральді гипогликемиялық препараттар/инсулин

Фромилидті және пероральді гипогликемиялық дәрілерді (мысалы, сульфонилмочевина туындылары), сондай-ақ инсулинді бір мезгілде қолданғанда, елеулі гипогликемия туындауы мүмкін. Глюкоза деңгейіне мұқият бақылау ұсынылады.

Пероральді антикоагулянттар

Кларитромицин мен варфаринді бір мезгілде қолданғанда күрделі қан кетулер, ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) көрсеткіштерінің және протромбиндік уақыттың елеулі жоғарылау қаупі бар. Кларитромицинді және ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттармен біріктіріп қолданғанда ХҚҚ және протромбиндік уақытты мұқият бақылау керек.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Фромилидті статиндермен бірге қабылдауды сақтықпен тағайындау керек. Кларитромицин және статиндерді бір мезгілде қабылдайтын емделушілерде рабдомиолиз туындауы туралы мәлімет бар. Бұндай емделушілерде миопатия белгілері және симптомдарын қадағалау керек.

Егер кларитромицин және статиндерді бір мезгілде қолданбаса болмайтын жағдай болса, статиннің ең төмен мүмкін дозасын жазып беру ұсынылады.

CYP3A метаболизміне тәуелсіз, мысалы флувастатин сияқты статиндер тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек.

Қосымша заттар туралы арнайы ақпарат

Фромилид® құрамында сахароза бар. Сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза жағымсыздығы, глюкоза - галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі аурулары бар емделушілер бұл дәріні қабылдамауы керек.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және бала емізу кезінде кларитромицин қауіпсіздігі анықталмағандықтан Фромилидті жүктілік кезінде, әсіресе жүктіліктің І триместрінде пайда және қауіп арақатынасын мұқият бағалап алмай қолдану ұсынылмайды; кларитромицин емшек сүтімен бөлініп шығады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.

Әсері туралы мәліметтер жоқ. Препараттың бұл түрі балаларға қолдануға арналған. Алайда автокөлік пен басқа механизмдерді басқарар алдында жүйке жүйесі тарапынан құрысулар, бас айналуы, вертиго, елестеулер, сананың шатасуы, бағдардан жаңылу және т.б. сияқты жағымсыз реакциялардың туындау мүмкіндігін назарда ұстау қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары асқазан-ішек жолы тарапынан, сондай-ақ психикалық жай-күйінің өзгерулері мүмкін, параноидальдік мінез-құлық, гипокалиемия және гипоксемия

Емі: асқазанды шаю және симптоматикалық ем. Гемодиализ немесе перитонеальді диализ қан сарысуындағы кларитромицин концентрациясы деңгейіне елеулі әсер етпейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бірінші ашылуына бақылауы бар, айналдыра сызығы бар, бұралатын полиэтилен қақпақпен тығындалған, сыйымдылығы 100 мл күңгірт шыныдан жасалған құтыларға 25 г түйіршіктерден салынған.

Жиынтықта дозалайтын еккіші бар 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл; дайын суспензияны -14 күн.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылуы

Рецепт арқылы

Өндіруші

КРКА, д. д., Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д. д., Ново место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ.19,

корпус 1б, 2 қабат, 207 кеңсе

тел.: +7 (727) 311 08 09

факс: +7 (727) 311 08 12

info.kz@krka.biz

 

Прикрепленные файлы

634163401477976360_ru.doc 159.5 кб
372513281477977565_kz.doc 190.5 кб
5798_02_07_12_17_p.pdf 0.54 кб
5798_02_07_12_17_s.pdf 1.81 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ