Фривэй Комби

МНН: Фенотерола гидробромид + Ипратропия гидробромид
Производитель: Фармак ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: ипратропия бромид и фенотерола гидробромид
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024635
Информация о регистрации в РК: 11.07.2020 - 11.07.2025

Инструкция

Саудалық атауы

Фривэй Комби

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Ингаляцияға арналған ерітінді, 25 мл

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Адренергиялық, ингаляциялық. Антихолинергиялықтармен біріктірілген адренергиялық препараттар, үштік біріктірілімдерді қоса. Фенотерол және ипратропий бромиді.

ATХ коды: R03A L01

Қолданылуы

- тыныс алу жолдары өткізгіштігінің созылмалы обструкциялық бұзылуын симптоматикалық емдеу және профилактикасы: аллергиялық және аллергиялық емес (эндогенді) бронх демікпесі

- физикалық жүктемеден туындаған демікпе, эмфиземамен және эмфиземасыз созылмалы обструкциялық бронхит

Ұзақ емдеу кезінде қатар жүретін қабынуға қарсы ем тағайындау қажет.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • фенотерол гидробромидке, атропин тәрізді заттарға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия, тахиаритмия

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

  • Назар аударыңыз! Препараттың көзге түсуін болдырмау үшін сақ болу керек

  • басқа да ингаляциялық дәрілік заттар сияқты, Фривэй Комби өмірге қауіпті болуы мүмкін парадоксалды бронх түйілуін тудыруы мүмкін. Парадоксалды бронх түйілуі пайда болған жағдайда Фривэй Комбиді пайдалануды тоқтату және балама терапиямен ауыстыру қажет

  • диспноэ және кеуде қуысындағы ауырсыну сияқты симптомдарды бағалауға назар аудару қажет, өйткені олар тыныс алу немесе жүректен болуы мүмкін/ жедел диспноэ (тыныс алудың қиындауы) тез дамып келе жатқан жағдайында дереу дәрігерге бару керек

  • Фривэй Комби қабылдайтын , негізгі ауруы - жүректің ауыр түрдегі ауруы (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, аритмиясы немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі ) бар пациенттердің кеуде қуысының ауыруын сезген кезде немесе жүрек жұмысының нашарлаған симптомдары пайда болғанда медициналық көмекке жүгінуін ескерту қажет.

  • бронхиалды обструкция күшейген жағдайда ұзақ уақыт мерзімінде, ұсынылғаннан көбірек бета2-агонистердің дозасын арттыру, оның ішінде Фривэй Комби бар, бұл тек ақталған емес, қауіпті де болды

  • препараттың құрамында консервант бензалконий хлориді және тұрақтандырғыш динатрий эдетаты бар. Көрсетілген компоненттер гиперреактивті тыныс жолдарымен пациенттерде бронх түйілуін тудыруы мүмкін

  • Фривэй Комбиді қолдану допинг талдауының оң нәтижесіне әкелуі мүмкін

  • Фривэй Комбимен емдеу диабетке қарсы дәрілік заттардың гипогликемиялық әсерін төмендетуі мүмкін

  • егер ингаляциялық анестетиктерді қолдану жоспарланса, анестезия басталғанға дейін кемінде 6 сағат бұрын фенотеролды қолдануды тоқтату қажет екенін ескеру керек

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі және өзара әрекеттесудің басқа түрлері

Басқа антихолинергиялық препараттармен Фривэй Комбиді созылмалы түрде бірге қолдану зерттелмеген сондықтан, ұсынылмайды.

Төменде көрсетілген дәрілік заттарды/дәрілік заттардың класстарын бір мезгілде тағайындау Фривэй Комбиді қолдану тиімділігіне әсер етуі мүмкін.

Жағымсыз реакциялардың әсерінің күшеюі және/немесе қауіп-қатерінің артуы:

  • басқа бета-адренергиялық дәрілер (енгізудің барлық жолдары);

  • басқа да антихолинергиялық дәрілер (енгізудің барлық жолдары);

  • ксантин туындылары (мысалы, теофиллин);

  • қабынуға қарсы дәрілер (кортикостероидтар);

  • моноаминоксидаза тежегіштері;

  • үшциклды антидепрессанттар;

  • галогенденген көмірсутекті анестетиктер (мысалы, галотан, трихлорэтилен және энфлуран). Әсіресе, олар жүрек-қантамыр жүйесіне әсер етуі мүмкін.

Әсерді төмендету:

  • бета-блокаторларды бір мезгілде тағайындау

Басқа ықтимал өзара әрекеттесуі

Бета-миметиктерді қолдануға байланысты гипокалиемия, ксантиннның туындыларын, кортикостероидтар мен диуретиктерді бір мезгілде тағайындаумен күшеюі мүмкін. Бұл фактіге тыныс алу жолдарының өткізгіштігінің ауыр бұзылыстары бар пациенттерді емдеу кезінде ерекше назар аудару керек.

Дигоксин алатын пациенттерде гипокалиемия аритмияның пайда болу қаупінің жоғарлауына әкелуі мүмкін. Бұдан басқа, гипоксия гипокалиемияның жүрек ырғағына теріс әсерін күшейтуі мүмкін. Мұндай жағдайларда қандағы калий деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылады.

Глаукоманың жедел ұстамасының қаупі бүркілген ипратропий көзге түскен кезде де, бета2 - агонистермен біріктіріп қолданған кезде де артады.

Сондай-ақ, Фривэй Комбимен емдеу диабетке қарсы дәрілік заттардың гипогликемиялық әсерін төмендетуі мүмкін. Алайда, бұл әдетте жүйелі енгізу үшін (таблетка немесе инъекция/инфузия түрінде) қолданылатын жоғары дозаларда ғана күтіледі.

Егер ингаляциялық анестетиктерді қолдану жоспарланса, фенотеролды анестезия басталғанға дейін кемінде 6 сағат бұрын қолдануды тоқтату қажет екенін ескеру қажет.

Арнайы ескертулер

Ентігу

Жедел дамитын диспноэ (тыныс алудың қиындауы) жағдайында дереу дәрігерге бару керек.

Парадоксалды бронх түйілуі

Басқа ингаляциялық дәрілік заттар сияқты, Фривэй Комби өмірге қауіпті болуы мүмкін парадоксалды бронх түйілуін тудыруы мүмкін. Парадоксалды бронх түйілуі пайда болған жағдайда Фривэй Комбиді пайдалануды тоқтату және баламалы еммен ауыстыру қажет.

Жүйелік әсер

Егер доза ұсынылған дозадан жоғары болса, қауіпті/пайданы мұқият бағалағаннан кейін ғана Фривэй Комбиді қолдану керек жағдайлар:

  • қант диабеті ағымының жеткіліксіз бақылануы;

  • жақында өткерген миокард инфарктісі;

  • миокардит;

  • жүректің немесе тамырлардың ауыр органикалық аурулары (әсіресе тахикардия болған кезде);

  • гипертиреоз;

  • феохромоцитома;

  • жүрек гликозидтерін қолдану;

  • ауыр және емделмеген артериялық гипертензия;

  • аневризма.

Жүрек-қантамыр қызметіне әсері

Симпатомиметикалық дәрілік препараттарын қолданғанда, соның ішінде Фривэй Комби бар, жүрек-қантамыр әсерлері байқалуы мүмкін. Постмаркетингтік деректер мен әдебиеттегі жарияланымдар бета-агонистерге байланысты миокард ишемиясының жекеленген жағдайлары туралы куәландырады.

Фривэй Комби қабылдайтын , негізгі ауруы - жүректің ауыр түрдегі ауруы (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, аритмиясы немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі ) бар пациенттердің кеуде қуысының ауыруын сезген кезде немесе жүрек жұмысының нашарлаған симптомдары пайда болғанда медициналық көмекке жүгінуін ескерту қажет.

Диспноэ және кеуде қуысындағы ауырсыну сияқты симптомдарды бағалауға назар аудару қажет, себебі олардың шығу тегі тыныс алумен немесе жүрекке байланысты болуы мүмкін.

Фривэй Комбиді, басқа да антихолинергиялық дәрілер сияқты, сақтықпен қолданған жөн:

  • жабықбұрышты глаукомаға бейімділігі бар пациенттерге;

  • несеп шығару жолдарының обструкциясы бар пациенттерге (мысалы, қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы немесе интравезикалды обструкциясы бар);

  • бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге;

  • бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге.

Офтальмологиялық асқынулар

Көзге ипратропий бромиді аэрозолінің немесе оның бета2-агонистермен біріктірілімі түсуі нәтижесінде пайда болған көру мүшелері тарапынан асқынулардың (мидриаз, көзішілік қысымның жоғарылауы, жабық бұрышты глаукома, көздің ауыруы сияқты) жекелеген жағдайлары туралы хабарламалар бар.

Назар аударыңыз! Пациенттерге Фривэй Комби, ингаляцияға арналған ерітіндіні пайдалану ережелері туралы толығырақ нұсқау беру керек. Препараттың көзге түсуін болдырмау үшін сақ болу керек.

Жабықбұрышты глаукоманың жедел ұстамаларының белгілері:

  • көз ауруы немесе жайсыздық;

  • анық көрмеу;

  • ореол пайда болу сезімі;

  • көз алдында түсті дақтардың пайда болуын сезу;

  • конъюнктивальді немесе корнеальді гиперемия түрінде көздің қызаруы

Жоғарыда көрсетілген симптомдар кез келген үйлесімде пайда болғанда қарашықтың тарылуына ықпал ететін көз тамшыларымен емдеуді бастау керек және дереу мамандандырылған медициналық көмекке жүгіну қажет.

Асқазан-ішек жолы моторикасының бұзылуы

Муковисцидозбен ауыратын пациенттер препаратты қолданған кезде асқазан-ішек жолы моторикасының бұзылуының дамуына бейім болуы мүмкін.

Ұзақ пайдалану

  • Бронх демікпесі бар пациенттерге Фривэй Комби қажет болған жағдайда ғана қолданыу керек. ӨСОА жеңіл түрлері бар пациенттерге "талап ету бойынша" ем (симптоматикалық ем) тұрақты қолдануға қарағанда орынды болуы мүмкін.

  • Тыныс алу жолдарының қабыну процесін бақылау үшін және бронх демікпесімен немесе ӨСОА стероидқа тәуелді түрлерімен ауыратын пациенттерде ауруды бақылаудың нашарлауын болдырмауға арналған қабынуға қарсы терапияны қолдану немесе күшейту қажеттілігі туралы есте сақтау қажет

Құрамында бета2-агонистері бар препараттың мысалы, Фривэй Комби, бронхиальды обструкция симптомдарын тоқтату үшін ұлғайтылған дозаларын үнемі қолдану, ауру ағымын бақылауды нашарлатуы мүмкін.

Бронхиалды обструкция күшейген жағдайда ұзақ уақыт мерзімінде, ұсынылғаннан көбірек бета2-агонистердің дозасын арттыру, оның ішінде Фривэй Комби бар, бұл тек ақталған да емес, қауіпті де болды.

Өмірге қауіп төндіретін ауру ағымының нашарлауын болдырмау үшін пациентті емдеу жоспарын және ингаляциялық кортикостероидтармен қабынуға қарсы талапқа сай терапияны қайта қарау туралы мәселені қарастырған жөн.

Негізгі аурудың күрделі асқыну қаупінің артқаны жайлы бірнеше жағдайлар хабарланды, сондай-ақ бронх демікпесін ұзақ мерзімде ингаляциялық бета2-симпатомиметиктердің шамадан тыс жоғары дозаларымен қабынуға қарсы жеткіліксіз еммен емдеген кезде өлім туралы жағдайлар да хабарланды. Себеп-салдарлы байланысы толық түсіндірілмеген. Алайда, талапқа сай қабынуға қарсы емнің өмірлік маңызы бар.

Гипокалиемия

Басқа симпатомиметикалық бронходилататорларды Фривэй Комбимен бір мезгілде медициналық бақылаумен ғана тағайындау керек. Бета2-агонистердің жоғары дозаларымен емдеуге байланысты әлеуетті елеулі гипокалиемия туындауы мүмкін. Қандағы калийдің бастапқы деңгейі төмен болғанда қандағы калий деңгейін бақылау ұсынылады.

Қант диабеті

Қандағы глюкоза деңгейінің жоғарлауы байқалуы мүмкін. Сондықтан диабеті бар пациенттерде глюкоза деңгейін бақылау керек.

Жоғары сезімталдық

Сирек жағдайларда Фривэй Комби қабылдағаннан кейін есекжем, ангионевроздық ісіну, бөртпе, бронхоспазм, ауыз жұтқыншақ ісіну және аллергиялық реакциялар сияқты жоғары сезімталдық реакциялары бірден дамуы мүмкін.

Қосымша заттар

Препараттың құрамында консервант бензалконий хлориді және тұрақтандырғыш динатрий эдетаты бар. Көрсетілген компоненттер гиперреактивті тыныс алу жолдарымен пациенттерде бронх түйілуін тудыруы мүмкін.

Допингке қатысты ескерту

Фривэй Комбиді қолдану допинг талдауының оң нәтижесіне әкелуі мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Фривэй Комби педиатрияда қолданылады. 6 жасқа дейінгі балаларға препаратты пациенттің жағдайын медициналық бақылау жағдайында ғана тағайындау керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Клиникаға дейінгі деректер фенотерол мен ипратропийдің жүктілікке теріс әсерін таппады. Алайда жүктілік кезінде дәрілерді қолдануға байланысты әдеттегі сақтық шараларын сақтау қажет. Фенотеролдың жатырдың жиырылу функциясына тежейтін әсерін ескеру керек. Бета2-симпатомиметиктерді жүктілік соңында немесе жоғары дозада қолдану нәрестеге теріс әсер етуі мүмкін (тремор, тахикардия, қандағы глюкоза деңгейінің ауытқуы, гипокалиемия).

Фенотерол гидробромид емшек сүтіне енеді. Ипратропийдің емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ. Ипратропий балаға айтарлықтай мөлшерде түсуі мүмкін, әсіресе, егер оны ингаляция арқылы қабылдағанда. Бала емізетін әйелдерге Фривэй Комбиді сақтықпен тағайындау керек.

Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зерттеулер жүргізілген жоқ. Фривэй Комбиді қолданғанда бас айналу, тремор, аккомодацияның бұзылуы, мидриаз және анық көрмеу сияқты жағымсыз реакциялардың пайда болу мүмкіндігі туралы пациенттерге ескерту керек. Автокөлікті басқару немесе басқа механизммен жұмыс істеу кезінде сақ болу керек. Қандай да бір жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда пациент ықтимал қауіпті қызметтен аулақ болу керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Небулайзердің көмегімен тек ингаляцияға арналған.

Емдеуді дәрігердің бақылауымен, мысалы, стационар жағдайында бастаған және жүргізген жөн.

Үйде емдеу тәжірибелі дәрігердің кеңесінен кейін, тез әсер ететін төмен дозалы бета-агонистерді қолдану жағдайдың жеңілдеуіне жеткіліксіз болған пациенттерге ұсынылуы мүмкін. Үйде емдеу, сондай-ақ небулайзерді басқа себептер бойынша пайдалануды қажет ететін (мысалы, аэрозольдарды қолдану қиындық тудыратын мәселелерге байланысты) пациенттерге ұсынылуы мүмкін. Немесе небулайзерді пайдалану ережелерімен таныс пациенттер үшін жоғары дозалар алу қажеттігіне байланысты.

Терапияны әрдайым ең төмен ұсынылған дозадан бастау керек.

Дозаны жедел эпизодтың ауырлығына байланысты жеке таңдау керек.

Симптомдар жеңілдеген кезінде пайдалануды тоқтату керек.

Ұсынылған дозалау режимдері

12 жастан бастап балалар мен ересектер.

Бронх түйілуінің кенеттен болған ұстамаларын шұғыл емдеу.

Жедел ұстаманың ауырлығына байланысты 1,0-2,5 мл Фривэй Комби физиологиялық ерітіндімен 3-4 мл көлемге дейін сұйылтылғаннан кейін қолданылады.

Тек қана ерекше ауыр жағдайларда физиологиялық ерітіндімен 3-4 мл көлемге дейін араластырылғаннан кейін 4 мл дейін Фривэй Комби қабылдауға болады.

Физикалық жүктемеден туындаған немесе болжамды аллергиялық жанасудан туындаған демікпенің профилактикасы үшін, егер мүмкін болса, инцидентке дейін 10-15 минут бұрын 2-3 мл физиологиялық ерітіндіде сұйылтылған 0,1–0,2 мл Фривэй Комбиді қолдану керек.

6-12 жастағы балалар.

Жедел демікпе ұстамаларын шұғыл емдеу.

Жедел ұстаманың ауырлығына және пациенттің жасына байланысты физиологиялық ерітіндімен 3-4 мл көлемге дейін араластырылғаннан кейін 0,5-2,0 мл Фривэй Комби қолдану керек.

Физикалық жүктемеден туындаған немесе болжамды аллергиялық жанасудан туындаған демікпенің профилактикасы үшін, егер мүмкін болса, инцидентке дейін 10-15 минут бұрын 2-3 мл физиологиялық ерітіндіде сұйылтылған 0,1–0,2 мл Фривэй Комби қолданылады.

6 жасқа дейінгі балалар (дене салмағы 22 кг кем).

Осы жас тобына препаратты қолдану туралы ақпарат шектеулі болғандықтан, препаратты төменде көрсетілген дозада пациенттің жағдайын медициналық бақылау жағдайында ғана қолдану ұсынылады.:

бір дозаға 1 кг дене салмағына 0,1 мл (максимум 0,5 мл-ге дейін) физиологиялық ерітіндімен 3-4 мл-ге дейін араластырылғаннан кейін.

Фривэй Комби амброксолмен бірге қатар жүретін ингаляцияға ингаляциялық және пероральді дәрілік түрлерінде жарамды.

Енгізу әдісі мен жолы

Небулайзердің көмегімен тек ингаляция үшін. Ұсынылған дозаны қолдану үшін физиологиялық ерітіндімен (0,9 %) 3-4 мл соңғы көлемге дейін сұйылту қажет. Ингаляцияға арналған Фривей Комбидің 1 мл ерітінді құрамында 20 тамшы бар. Қолдануға дайын сұйылтылған ерітіндіні симптомдардың жеткілікті жеңілдеуіне қол жеткізгенге дейін деммен ішке тартқан жөн.

Қолдануға дайын сұйылтылған ерітінді қолданар алдында әрдайым жаңадан дайындалуы тиіс. Қолдануға дайын ерітінді дайындалғаннан кейін бірден пайдаланылуы тиіс; сұйылтылған ерітіндінің кез келген қалдықтарын жою қажет. Пациенттер небулайзердің өндірушісінің нұсқауларын ұстану керек.

Небулайзердің көмегімен қолдануға арналған ерітінді, шашыраған түрде мүштік арқылы дем алуға ұсынылады. Мүштік болмаған кезде бетке тығыз жанасатын бетперде қолданылуы керек. Глаукоманың дамуына бейім пациенттер көзді қорғауға мұқият қамқорлық жасауы тиіс.

Фривэй Комби ингаляциясына арналған ерітіндіні небулайзерлердің түрлі үлгілерімен қолдануға болады. Жалпы доза мен өкпеге жететін доза пайдаланылатын небулайзерге байланысты және ипратропий бромиді мен фенотерол гидробромиді аэрозолінің қолданумен салыстырғанда дозасы жоғары болуы мүмкін және аспаптың тиімділігіне байланысты.

Емдеу ұзақтығы

Терапияны әрдайым ең аз ұсынылған дозадан бастау керек.

Дозаны жедел эпизодтың ауырлығына байланысты жеке таңдау керек.

Пайдалануды симптомдары жеңілдеген кезде тоқтату керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: артық дозалану ұзақтығына байланысты бета2-адренергиялық дәрілерге тән мынадай жағымсыз реакциялар байқалуы мүмкін: ысыну, жеңіл бас айналу, бас ауыруы, тахикардия, жүрек соғуының жиілеуі, аритмия, артериялық гипотензия немесе тіпті шок, артериялық гипертензия, мазасыздық, кеуде қуысының ауыруы, қозу, экстрасистолия және саусақтарда , сондай ақ барлық денеде күшті тремор болуы мүмкін. Гипергликемия дамуы мүмкін.

Асқазан-ішек жолдары тарапынан шағымдары, оның ішінде жүрек айнуы мен құсу, әсіресе ішу арқылы артық дозаланғаннан кейін болуы мүмкін. Фенотеролды Фривэй Комби үшін көрсетілімдер бойынша ұсынылған дозадан асатын дозаны қолданғанда метаболизмдік ацидоз, сондай-ақ гипокалиемия байқалды.

Ипратропий бромидтің артық дозалану симптомдары (ауыздағы құрғақтықты сезіну, көрнекі аккомодацияның бұзылуы) дем алатын ипратропийдің өте төмен жүйелі қол жетімділігіне байланысты, әлсіз.

Шұғыл іс-шаралар: Фривэй Комбимен емдеу тоқтатылуы тиіс. Қышқылдық-сілтілік теңгерім мен электролиттік мониторингті ескеру керек.

Тыныштандыратын дәрілерді, транквилизаторларды енгізу, ауыр жағдайларда – емдеуге жатқызуды қамтитын қарқынды ем. Фенотерол үшін спецификалық антидоттар ретінде бета-адренорецепторлардың блокаторларын қолдануға болады (дұрысы бета1-селективті); алайда бета-блокаторлардың ықпалымен бронхиалды обструкцияның жоғарылауы мүмкіндігін ескеру және бронх демікпесімен немесе ӨСОА ауыратын пациенттер үшін өліммен аяқталуы мүмкін, жедел бронх түйілуінің даму қаупіне байланысты дозаны мұқият таңдау қажет.

Жүрек қызметін бақылау ұсынылады, атап айтқанда ЭКГ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерінен кеңес алу ұсынылады

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Төменде келтірілген жағымсыз әсерлердің көпшілігі антихолинергиялық және бета-адренергиялық Фривэй Комби қасиеттерімен түсіндіруге болады.

Жекелеген жағдайларға қарағанда жиі кездесетін жағымсыз реакциялар келесі градацияға сәйкес санамаланған: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1000-ден <1/100-ға дейін); сирек (≥1/10000-ден <1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (бар деректер бойынша реакциялардың пайда болу жиілігін бағалау мүмкін емес).

Жиі

  • жөтел

Жиі емес

- күйгелектік

- бас ауруы, тремор, бас айналу

- тахикардия, жүрек соғуының жиілеуі

- фарингит, дисфония

- жүрек айнуы, құсу, ауыздың құрғауы

- систолалық артериялық қысымның жоғарылауы

Сирек (≥1/10000 бастап <1/1000 дейін)

  • анафилаксиялық реакциялар*, аса жоғары сезімталдық*

  • гипокалиемия

  • ажитация, психикалық өзгерістер (психикалық бұзылулар жоғары қозушылық, гиперактивті мінез-құлық, ұйқының бұзылуын және елестеулермен байқалады, бұл ең алдымен 12 жасқа дейінгі балаларда байқалды)

  • глаукома*, көзішілік қысымның жоғарылауы*, аккомодацияның бұзылуы*, мидриаз* көрудің анық болмауы*, көз ауыруы*, мөлдірқабықтың ісінуі*, конъюнктивальды гиперемия*, көз алдында ореол пайда болуы*

  • аритмия, жүрекше фибрилляциясы, суправентрикулярлы тахикардия*, миокард ишемиясы*

  • бронх түйілуі, тамақтың тітіркенуі, фарингеалды ісіну, ларингоспазм*, парадоксалды бронх түйілуі (ингаляциядан туындаған)*, тамақтың құрғауы*

  • стоматит, глоссит, асқазан-ішек жолының моторикасының бұзылуы**, диарея, іш қату*, ауыз қуысының шырышты қабығының ісінуі*, қыжыл

  • есекжем, бөртпе, қышыну, ангиоэдема*, петехия, гипергидроз*

  • бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет түйілуі, миалгия

  • несептің іркілуі

  • диастолиялық артериялық қысымның төмендеуі, тромбоцитопения

Өте сирек (<1/10000)

  • фолликулит

  • ашытып күю және қышу түріндегі жергілікті реакциялар

  • қанда қант деңгейінің артуы

Ерекше сирек / Жеке жағдайларда

  • пурпура

  • жоғары белсенділік

  • ангинальды ауырсыну, вентрикулярлы экстрасистолия

  • жергілікті тітіркену

* Препараттың кез келген клиникалық зерттеу кезінде байқалмаған жағымсыз құбылыстары. Жиілік дәрілік заттың қысқаша сипаттамасын жасау жөніндегі ЕО нұсқаулығына сәйкес ем алған пациенттердің жалпы санынан есептелген сенімді интервалдың 95% - ы жоғарғы шекарада көрсетілген (3/4968 = 0,00060, бұл "бірлі-жарым" құбылыстарды білдіреді).

** Әсіресе муковисцидозбен ауыратын пациенттер ингаляциялық антихолинергиялық компоненттерді (Фривэй Комби препаратында бар) қолданғанда асқазан-ішек жолы моторикасының бұзылуының дамуына бейім болуы мүмкін.

Ингаляциялық терапия үшін басқа дәрілік заттар сияқты Фривэй Комби жергілікті тітіркену симптомдарын тудыруы мүмкін. Клиникалық зерттеулер барысында анықталған ең көп таралған жағымсыз әсерлер жөтел, ауыздың құрғақтығын сезіну, бас ауруы, тремор, фарингит, жүрек айнуы, бас айналуы, дисфония, тахикардия, жүрек соғуының жиілеуі, құсу, систолалық артериялық қысымның жоғарылауы және күйгелектік болды.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: фенотерол гидробромиді,0,5 мг; ипратропий бромиді, 0,261 мг (сусыз ипратропий бромидіне баламалы - 0,25 мг);

қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, натрий хлориді, сұйылтылған хлорсутек қышқылы, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 мл-ден ашылуы бақыланатын құтыға арналған полиэтилен қақпағымен және полиэтилен тамшылатқышпен тығындалған, қоңыр түсті бұрандалы мойыны бар шыны құтыда. Құтыға өзі желімденетін заттаңба жабыстырылады.

Әрбір құты медициналық қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон корапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Құтыны алғашқы ашқаннан кейін жарамдылық мерзімі 6 ай. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Арнайы сақтау шарттарын талап етпейді. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәлімет

«Фармак»АҚ, Украина, 04080, Киев қ., Кирилловская к-сі, 74.

Тел.: +38 (044) 496 87 87

Электронды поштасы: info@farmak.ua

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Фармак»АҚ,Украина, 04080, Киев қ., Кирилловская к-сі, 63.

Тел.: +38 (044) 496 87 87, факс: +38 (044) 239 19 40

Электронды пошта мекен-жайы: info@farmak.ua

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

ДП Нұсқаулығының соңғы жаңартылған күні.

"Фармак" АҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., индексі 050012, Амангелді к-сі, 59 "А"," Шартас " Бизнес орталығы, 9 қабат. Тел. / факс: +7(727) 267 63 73, электронды поштасы: а.aspetova@farmak.kz

Прикрепленные файлы

ЛВ_Фривэй_Комби_дек_2019.docx 0.06 кб
Фривэй_ЛВ_каз.doc 0.16 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту