Фосфонциале

Производитель: Канонфарма продакшн ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация препаратов для лечения заболеваний печени и желчевыводящих путей
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019426
Информация о регистрации в РК: 23.10.2018 - 23.10.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Фосфонциале

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: 188 мг фосфатидилхолинге шаққанда, 200 мг липоид С 100, 70 мг силимар, оның ішінде 50 мг силибин,

қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций фосфаты дигидраты, магний стеараты, повидон, трехалоза дигидраты,

капсула құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е171), күн батар түстес сары (Е110).

Сипаттамасы

Ақшыл-қызыл сары түсті желатинді капсулалар, № 0. Капсула ішінде сары-қоңыр түсті, өзіне тән иісі бар, борпылдақ масса (кейбір агломераттар аздап қысқан кезде тығыз массаға бірігеді).

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр мен өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған препараттар. Бауыр мен өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған препараттар біріктірілімі.

АТХ коды A05C

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылданған фосфолипидтердің 90 %-дан астамы аш ішекте сіңеді. Олардың ауқымды бөлігі фосфолипаза А-мен 1-ацил-лизофосфатидилхолинге дейін ыдырайды, оның 50 % дереу ішектің шырышты қабатында сіңу үдерісі барысында көпқанықпаған фосфатидилхолинге кері ацетилирленуге ұшырайды. Осы көпқанықпаған фосфатидилхолин лимфа ағымымен қанға түсіп, одан негізінен жоғары тығыздықтағы липопротеиндермен байланысқан түрінде бауырға түседі.

Адамдарда фосфолипидтердің фармакокинетикасын зерттеу радиоактивті белгісі бар (3Н және 14С) дилинолеил фосфатидилхолин көмегімен жүргізілген, холинді бөлігі 3Н таңбаланған, ал линолий қышқылының қалдығында таңба ретінде 14С бар.

3Н ең жоғары концентрациясына енгізгеннен кейін 6-24 сағаттан соң жетеді және тағайындалған дозаның 19,9 % құрайды. Холинді кешеннің жартылай шығарылу кезеңі 66 сағатты құрайды.

Ең жоғары 14С концентрациясына енгізгеннен кейін 4-12 сағаттан соң жетеді және тағайындалған дозаның 27,9 %- на дейін құрайды. Осы компоненттің жартылай шығарылу кезеңі 32 сағатты құрайды. Нәжісте 3Н енгізілген дозасының 2 % және 14С енгізілген дозасының 4,5 % , несепте 3Н – 6 % және 14С ең төмен мөлшері анықталған.

Фармакодинамикасы

Бауыр мен өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған біріктірілген препарат. Құрамындағы компоненттері «эссенциальді» фосфолипидтер мен теңбіл алатікен флаволигнандары қосындысының (силибининге шаққанда) клинико-фармакологиялық әсерін береді.

Гепатопротекторлы дәрі, липидтер, ақуыздар және фосфолипидтер метаболизмін қалпына келтіреді; ақуыз синтезін ынталандырады; фосфолипидке тәуелді ферменттер жүйесінің белсенділендірілуіне және қорғалуына ықпал етеді, бауырдың функционалдық жағдайын және оның детоксикациялық қызметін жақсартады, гепатоциттер құрылымының сақталуына және қалпына келуіне ықпал етеді; бауырда дәнекер тіннің түзілуін тежейді.

Холестазда өт айдайтын әсер береді.

Қолданылуы

Емдік мақсатта кешенді ем құрамында:

- гепатитте (әртүрлі генездегі жедел және созылмалы)

- әртүрлі генездегі бауырдың майлы дистрофиясында (қант диабетінде, созылмалы жұқпаларда)

- уытты гепатитте, алкогольдік гепатитте

- бауыр циррозында, гестозда, сәуле ауруында

- псориазда (қосымша ем ретінде)

- улануда, дәрілік интоксикацияда, басқа соматикалық ауруларда бауыр қызметінің бұзылуында

- липидті зат алмасудың бұзылуында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ас қабылдау кезінде, бүтіндей жұтып, судың жеткілікті мөлшерімен іше отырып қабылдайды.

  • Әртүрлі этиологиядағы гепатиттерде - 2 капсуладан күніне 2 – 3 рет. Емдеу курсы кем дегенде 3 ай, қажет болғанда емдеу курсы ұзартылуы немесе қайталануы мүмкін. Вирусты гепатиттерде (әсіресе В және С гепатиттерінде), 2 капсуладан күніне 2 - 3 рет қабылдайды, емдеу курсы 12 айға дейін ұзартылуы мүмкін.

  • Псориазда (кешенді емде) – 1 – 2 капсуладан күніне 3 рет, емдеу курсы 14-тен 40 күнге дейінді құрайды.

  • Гестозда (негізінен бауырдың зақымдануымен гестоз), гепатозда 2 – 3 капсуладан күніне 2 – 3 рет. Емдеу курсы – 10-нан 30 күнге дейін.

  • Бауыр циррозында 2 капсуладан күніне 2 – 3 рет, емдеу курсы кем дегенде 3 ай (үдерістің ауырлығына байланысты).

  • Улануда, дәрілік уыттануда – 2 капсуладан тәулігіне 2 – 3 рет, емдеу курсы 30 – 40 күнге дейін.

Жағымсыз әсерлері

- жүректің айнуы, гастралгия

- аллергиялық реакциялар (бөртпе, экзантема, есекжем, қышыну)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекетесуі

Антикоагулянттармен дәрілік өзара әрекеттесуі мүмкін. Бір уақытта қолданғанда емделуші антикоагулянт дозасын түзету үшін дәрігермен кеңесуі керек.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және емшекпен емізу кезінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе басқа да әлеуетті қауіпті механизмдерді басқаруға әсер ету ерекшеліктері

Зерттелмеген

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Капсулалар.

10 немесе 15 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

10 капсуладан 3 пішінді қаптама немесе 15 капсуладан 2 пішінді қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Канонфарма продакшн», ЖАҚ, Ресей Федерациясы, 141100, Мәскеу облысы, Щелково қ-сы, Заречная к-сі, 105 үй,

телефон: +7 (495) 797 99 54, факс: +7 (495) 797 96 63, www.canonpharma.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Канонфарма продакшн» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан препарат сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы : «Нестеренко Н.А.» ЖК, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ-сы, Фурманов к-сі, 128 үй, 16 кеңсе, телефон: +7 727 279 66 59, e-mail: ip_n_nesterenko@list.ru

 

 

Прикрепленные файлы

165727521477977022_ru.doc 58.5 кб
879627951477978198_kz.doc 70.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники