Фосфалюгель
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Фосфалюгель
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
16 г гель
Құрамы
16 г бір пакетшенің (саше немесе стик) ішінде
белсенді зат – 20 % алюминий фосфатының гелі - 10.40 г (2.08 г алюминий фосфатына сәйкес),
қосымша заттар: кальций сульфатының дигидраты, пектин, агар-агар 800, апельсин хош иістендіргіші, калий сорбаты, 70% сорбитол ерітіндісі, тазартылған су
Сипаттамасы
Араластырғаннан кейін ақ немесе ақ дерлік түсті, апельсин иісі бар гомогенді гель
Фармакотерапиялық тобы
Қышқылдылықтың бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Антацидтер. Алюминий препараттары. Алюминий фосфаты
АТХ коды А02АВ03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат асқазан-ішек жолынан іс жүзінде сіңбейді. Алюминий фосфатының сіңірілуі 0,087%-ға жуықты құрайды. Сіңген алюминий организмнен толығымен бүйрекпен шығарылады. Тағам фосфаттарымен байланыспайды.
Фармакодинамикасы
Қышқылды бейтараптандыратын, бүркемелейтін, сіңіретін әсері бар.
Пепсиннің протеолизистік белсенділігін төмендетеді. Асқазан ішіндегісінің қышқылдылығын физиологиялық деңгейде сақтай отырып, асқазан сөлінің сілтіленуін туындатпайды. Тұз қышқылының екіншілей өте жоғары сөлінісіне әкеп соқтырмайды. Асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығында қорғаныш қабатын түзеді. Ас қорыту жолдарының өне бойында уыттардың, газдар мен микроорганизмдердің шығарылуына ықпал етеді, ішек ішіндегісінің пассажын қалпына келтіреді.
Қолданылуы
- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруында
- сөл бөлу функциясы қалыпты немесе жоғары гастритте
- диафрагмалық жарықта
- рефлюкс-эзофагитте
- ойық жаралы емес диспепсия синдромында
- функционалдық диареяда
- уыттанудан, дәрілік препараттарды, тітіркендіргіш заттарды (қышқылдар, сілтілер), алкогольді қабылдаудан туындаған асқазанның және ішектің бұзылыстарында
- радиоактивті элементтердің сіңірілуін азайту үшін профилактика мақсатында
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке 1-2 пакеттен тәулігіне 2-3 рет. Қабылдау сызбасы ауру сипатына қарай:
Гастро-эзофагеальді рефлюкс, диафрагма жарығы - тамақтан соң бірден және түнге қарай.
Асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы – тамақтан соң 1-2 сағаттан кейін және ауыру туындағанда дереу қабылдайды.
Гастрит, диспепсия – тамаққа дейін.
Тоқ ішектің функционалдық аурулары – таңертең аш қарынға және түнге қарай. Егер Фосфалюгель қабылдау аралығында ауыру қайта жаңғырса - препарат қабылдауды қайталайды.
Қолдану бойынша ұсыныстар
Пакет ішіндегісін саусақтар арасына алып, біртекті гель алу үшін мұқият жаза отырып, тегістеңіз. |
|
Пакетті тіке ұстап тұрып, белгіленген орындағы бұрышын кесіп алыңыз немесе алып тастаңыз. |
|
Гельді пакеттегі тесік арқылы саусақтармен сығып шығарыңыз. |
|
Гельді таза күйінде қабылдайды немесе қабылдар алдында жарты стақан суда сұйылтады. |
Жағымсыз әсерлері
Сирек
- іш қатуы (негізінен егде жастағы науқастарда, төсек тартып жатқан науқастарда)
- аллергиялық реакциялар (Квинке ісінуі, есекжем)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың кез-келген компонентіне жоғары сезімталдық
- бүйрек функциясының айқын бұзылулары
- тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы бар пациенттер үшін
- Альцгеймер ауруы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Сіңіргіш және бүркемелегіш әсеріне байланысты Фосфалюгель кейбір препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін.
Тетрациклин тобының антибиотиктерін, темір препараттарын, жүрек гликозидтерін, олардың сіңуі баяулайтын болғандықтан, Фосфалюгельді қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң ғана қабылдау керек.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты дәрігер тағайындауынсыз ұзақ уақыт қабылдауға болмайды.
Бауыр циррозында, айқын жүрек жеткіліксіздігінде сақтықпен қолданады. Егде пациенттерде және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде Фосфалюгельді ұсынылған дозаларда қолданғанда қан сарысуындағы алюминийдің концентрациясы артуы мүмкін.
Фосфалюгельді қабылдаудан сирек туындайтын іш қатуларда күнделікті тұтынатын судың мөлшерін арттыру ұсынылады.
Препаратты қант диабеті бар науқастар қабылдай алады. Препарат радиоактивті элементтердің сіңуін азайту үшін профилактика мақсатында қолданылуы мүмкін.
Фосфалюгель препаратын қолдану рентгенологиялық зерттеу нәтижелеріне әсер етпейді.
Жүктілік және лактация
Деректер жоқтығына байланысты ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: асқазан-ішек жолдары моторикасының бәсеңдеуі.
Емі: іш жүргізетін препараттарды тағайындау, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
16 г гельден ламинацияланған қағаздан, алюминий фольгадан және жоғары қысымды полиэтиленнен (ішкі қабаты) жасалған термодәнекерленген көп қабатты пакеттерге (сашелер немесе стиктер) салынған.
20 пакеттен (саше) немесе 6 пакеттен (стиктер) медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші ұйымның атауы мен елі
Фарматис, Франция, Зона Актив. Ист. № 1, 60190 Эстрес- Сан-Дени
Қаптаушы ұйымның атауы мен елі
Фарматис, Франция
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Астеллас Фарма Юроп Б.В., Силвиусвег 62, 2333 ВЕ, Лейден, Нидерланды
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:
«Астеллас Фарма Юроп Б.В.» ҚР өкілдігі
050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 15, «Нұрлы Тау» БО, 4В корпусы, №20 кеңсе
Телефон/факс +7 727 311 13 90 Pharmacovigilance.KZ@astellas.com