Форцип (таблетки)

МНН: Ципрофлоксацин
Производитель: REPLEK FARM Ltd. Skopje
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ciprofloxacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021377
Информация о регистрации в РК: 30.09.2020 - 30.09.2030
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 43.97 KZT
Предельная цена реализации в РК: 1 195.26 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Форцип

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ципрофлоксацин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 500 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - ципрофлоксацин гидрохлориді 583,00 мг

(ципрофлоксацинге баламалы 500,00 мг),

қосымша заттар: жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, повидон, кросповидон, сусыз коллоидты кремний, тальк, магний стеараты,

үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 6 сР (НРМС 2910), макрогол 6000, титанның қостотығы (Е 171), тальк, диметикон.

Сипаттамасы

Біртекті, сопақша, екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында сызығы бар таблеткалар. Сындырғанда таблетканың ақ немесе ақ дерлік түсті өзекшесі және нәзік ақ үлбірлі жабын байқалады.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Микробқа қарсы препараттар - хинолон туындылары. Фторхинолондар. Ципрофлоксацин

АТХ коды J01MA02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

250 мг, 500 мг және 750 мг бір реттік дозаларын пероральді қабылдағаннан кейін ципрофлоксацин сарысудағы ең жоғары концентрациясына 1-2 сағаттан кейін жете отырып, негізінен аш ішектен, жылдам және белсенді түрде сіңіріледі. Бір реттік 100-750 мг дозаларда сарысудағы дозаға тәуелді 0.56-3.7 мг/л ең жоғары концентрациясы (Cmax) анықталды. Сарысудағы концентрациясы енгізілген дозаға пропорционалды 1000 мг дозаға дейін жоғарылайды. Препараттың абсолютті биожетімділігі шамамен 70- 80% құрайды. Ципрофлоксацинді (60 минут бойына) әрбір 12 сағат сайын көктамыр ішіне 400 мг енгізгенде түзілетін ауданға баламалы сарысудағы «концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан (AUC) пайда болуы үшін әрбір 12 сағатта 500 мг дозада ішке қабылдау көрсетілген.

Таралуы

Ципрофлоксациннің плазма ақуыздарымен байланысуы төмен (20-30%). Ципрофлоксацин плазмада негізінен иондалмаған түрде болады және ол дене салмағының 2-3 л/кг құрайтын үлкен тепе-тең таралу көлеміне ие. Тіндердегі Форцип препаратының концентрациясы, әсіресе жыныс органдары және қуық асты безінің тіндерінде плазмадағы концентрациядан жиі жоғары болады. Препарат сілекейді, назальді және бронхтық секретте, синустар шырышында, қақырықта, тері күлдіреуіктерінің ішіндегісінде, лимфада, перитонеальді сұйықтықта, өтте, қуық асты безінің секретінде, несепте, эндометрияда белсенді түрде болады.

Метаболизм

Төрт метаболиттің төмен концентрациясы анықталған: диэтилципрофлоксацин (M1), сульфоципрофлоксацин (M2),оксоципрофлоксацин (M3) және формилципрофлоксацин (M4). Метаболиттердің in-vitro антибактериялық белсенділігі бар, бірақ бастапқы қосылысқа қарағанда айқындығы төмен. Ципрофлоксацин CYP 450 1A2 изоэнзимдерінің орташа тежегіші ретінде белгілі.

Шығарылуы

Ципрофлоксацин негізінен несеппен бірге өзгермеген түрде және аз дәрежеде нәжіспен шығарылады. Бүйрек функциясы қалыпты емделушілерде сарысудан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 7 сағатты құрайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде жартылай шығарылу кезеңі сәл ұлғайған, бұл жағдайларда доза түзету талап етілуі мүмкін.

Препаратты бауыр циррозы бар емделушілерге тағайындағанда ципрофлоксацин фармакокинетикасының елеулі өзгерістері анықталмаған.

Ципрофлоксациннің сіңуін тамақпен бірге қабылдау баяулатады, бірақ елеулі өзгертпейді.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Форцип фторхинолондар тобының кең ауқымда әсер ететін антибактериялық препараты болып табылады. Ципрофлоксациннің бактерицидтік әсері оның бактериялық ДНҚ: топоизомераза II (ДНҚ-гираз) және топоизомераза IV репликациясы, транскрипциясы, репарациясы және рекомбинациясы үшін қажет бактериялық ферменттерді тежеу қабілетімен шартталған. Препарат бактериялық ДНҚ-гираза А-субъбірліктерін бәсеңдету жолымен әсер етеді, бұл ДНҚ тарамының үзілуін және бактериялар қырылуын туындатады. Препарат тиімділігі көбіне сарысудағы ең жоғары концентрациясы (Cmax) мен әрбір нақты бактериялық қоздырғышқа арналған ең төмен тежегіш концентрация (ЕТТК) арасындағы, сондай-ақ қисық астындағы (AUC) аумағы және ЕТТК арасындағы арақатынасқа тәуелді.

Төзімділігінің механизмі

Ципрофлоксацинге in-vitro  төзімділігі ДНК-гиразада және IV топоизомеразадағы мақсатты оқшауланған мутация жолымен алуға болады.

Ципрофлоксацин мен басқа да фторхинолондар арасындағы алынған айқаспалы төзімділік дәрежесі тұрақсыз. Бір бағытты мутациялар клиникалық төзімділікке алып келе алмайды, алайда көптеген мутациялар, әдетте көптеген немесе осы кластың барлық белсенді заттарына клиникалық төзімділікке алып келеді.

Микроорганизмдердің сезімталдығы басым түрлері.

Аэробты грамоң микроорганизмдер: Bacillus anthracis.

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Aeromonas spp., Brucella spp., Citrobacter koseri, Francisella tularensis, Haemophilus ducreyi, Haemophilus influenzae*, Legionella spp., Moraxella catarrhalis*, Neisseria meningitides, Pasteurella spp. , Salmonella spp.*, Shigella spp.*, Vibrio spp. , Yersinia pestis.

Анаэробты микроорганизмдер: Mobiluncus.

Басқа да микроорганизмдер (жүре пайда болған тұрақтылық болмағандағы орташа айқын сезімталдық): Chlamydia trachomatis , Chlamydia pneumoniae, Mycoplasma hominis, Mycoplasma pneumonia.

Осы препаратқа төзімділік пайда болуы мүмкін микроорганизмдер түрі.

Аэробты грамоң микроорганизмдер: Enterococcus faecalis (жүре пайда болған төзімділік болмағандағы орташа айқындықтағы сезімталдық), Staphylococcus spp.* (метициллинге тұрақты штаммдар   фторхинолондарға өте жиі төзімді болады, бұл әртүрлі барлық стафилококктардың 20-50% құрайды, әдетте ол аурухана ішіндегі штаммдарда жоғары болады).

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Acinetobacter baumannii+ , Burkholderia cepacia+*, Campylobacter spp.+*, Citrobacter freundii*, Enterobacter aerogenes, Enterobacter cloacae*, Escherichia coli*, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae*, Morganella morganii*, Neisseria gonorrhoeae*, Proteus mirabilis*, Proteus vulgaris*, Providencia spp., Pseudomonas aeruginosa* , Pseudomonas fluorescens, Serratia marcescens*.

Анаэробты микроорганизмдер: Peptostreptococcus spp. , Propionibacterium acnes.

Препарат әсеріне тұрақты микроорганизмдер.

Аэробты грамоң микроорганизмдер: Actinomyces, Enteroccus faecium, Listeria monocytogenes.

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер:Stenotrophomonas maltophilia.

Басқа да анаэробты микроорганизмдер: Mycoplasma genitalium, Ureaplasma urealitycum.

* Мақұлданған клиникалық көрсетілімдерде сезімтал қоздырғыштардың клиникалық тиімділігі анықталған

+ төзімділік дәрежесі ≥ 50% ЕО елдерінің бір немесе одан көбінде

Қолданылуы

Ересектер

- граммоң бактериялардан туындаған төменгі тыныс жолдарының ауруларында (созылмалы обструктивті өкпе ауруының өршуі, муковисцидоздағы немесе бронхоэктаздардағы бронх-өкпе жұқпалары, пневмония)

- созылмалы іріңді ортаңғы отитте, синуситте

- несеп шығару жолдарының жұқпаларында

- жыныс жолдарының жұқпаларында

- гонококкты уретритте және цервицитте, орхоэпидидимитте және кіші жамбас органдарының қабыну ауруларында (оның ішінде Neisseria gonorrhoeae туындаған)

- асқазан-ішек жолдарының жұқпаларында

- интраабдоминальді жұқпаларында

- тері және жұмсақ тіндердің жұқпаларында (грамтеріс бактериялардан туындаған)

- сүйек және буындардың жұқпаларында

- сібір ойық жарасының өкпедегі түрінде (жанасудан кейінгі алдын алуда және радикальді емдеуде)

- нейтропениясы бар емделушілерді емдеуде (бактериялық жұқпалар аясындағы қызбамен)

Балалар және 6 жастан асқан жасөспірімдер

- Pseudomonas aeruginosa туындаған муковисцидоз аясындағы жедел пневмонияда

- сібір ойық жарасының өкпедегі түрінде (жанасудан кейінгі алдын алуда және радикальді емдеуде)

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблетка тамақтан кейін ішке қабылданады, және тұтас жұту керек. Таблетканы кесуге, ұсақтауға және шайнауға болмайды. Таблетканы ашқарынға қабылдағанда белсенді заттары жылдам сіңеді. Таблеткаларды сүт өнімдерімен (мысалы, сүт, йогурт) немесе минералдармен байытылған жеміс шырындарымен (мысалы, кальциймен байытылған апельсин шырыны) қабылдауға болмайды. Жұқпалы аурулардың ауыр ағымында және/немесе таблеткаларды ішу арқылы қабылдау мүмкін болмағанда (мысалы, энтеральді қоректенетін науқастар) басқа дәрілік түрде (көктамырішілік инфузияға арналған) ципрофлоксацинмен емді бастау ұсынылады, ал содан кейін Форцип препаратын пероральді қабылдауға өтеді. Дозалау режимін жұқтыру үдерісінің орналасуына және ағымының ауырлығына, организмнің жай-күйіне, жасына, дене салмағына, емделушінің бүйрегінің функционалдық жай-күйіне қарай жеке анықтайды. Емнің ұзақтығы ауру ауырлығына және қоздырғыштың түріне байланысты.

Кіші жамбас органдарының қабыну аурулары, интраабдоминальді жұқпалар, нейтропениясы бар науқастардағы жұқпалар, қоздырғыштардың түріне қарай (мысалы, Pseudomonas aeruginosa, Acinetobacter, Staphylococci) сүйек және буындардың жұқпалары сияқты кейбір бактериялық жұқпалы ауруларды емдеу үшін Форцип препаратының жоғарырақ дозаларын және\немесе бір мезгілде басқа бактерияға қарсы препараттармен тағайындау қажет болуы мүмкін.

Ересектерге препарат жеңіл және орташа дәрежелі жұқпаларда тағайындалады: 500 мг тәулігіне екі рет. Ең жоғары бір реттік доза - 750 мг, ең жоғары тәуліктік доза - 1500 мг.

Емнің ұзақтығы: емнің ұзақтығы жұқпаның түрі мен ауырлығына байланысты, бұл арада емделушінің клиникалық және бактериологиялық жауабын ескеру керек. Көптеген жұқпалар үшін емді симптомдар жойылғаннан кейін кемінде 48 сағат бойына жалғастыру керек. Емнің орташа ұзақтығы 5-10 күнді құрайды, бірақ ауыр немесе асқынған жұқпаларда ұзақтау емдеу курсы талап етілуі мүмкін.Ауруға қарай препарат тағайындау бойынша ұсыныстар.Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жұқпалары: 500 мг күніне екі рет, емдеу курсы 7-14 күн.Жедел синусит: 500 мг күніне екі рет, емдеу курсы 7- 10 күн.

Жедел асқынбаған цистит: 500 мг күніне екі рет, емдеу курсы 3 күн.

Асқынған цистит, асқынбаған пиелонефрит: 500 мг күніне екі рет, емдеу курсы 7-14 күн.

Созылмалы бактериялық простатит: 500 мг күніне екі рет, емдеу курсы 28 күн.

Жедел гонококкты уретрит және цервицит: 500 мг (бір реттік доза).

Жұқпалы диарея (оның ішінде 1 типті Shigella dysenteriae туындаған): 500 мг күніне екі рет, емдеу курсы 5-7күн.

Іш сүзегі: 500 мг күніне екі рет, емдеу курсы 7-10 күн.

Интраабдоминальді жұқпалар, грамтеріс бактериялардан

туындаған: 500 мг күніне екі рет, емдеу курсы 7-14 күн.

Тері және жұмсақ тіндердің жұқпалары: 500 мг күніне екі рет, емдеу курсы, 7-14 күн.

Сүйек және буындардың жұқпалары: 500 мг күніне екі рет, емдеу курсы 4-6 апта.

Нейтропениясы бар науқастардағы жұқпаны емдеу немесе алдын алу (Форцип препаратын қолда бар ұсыныстарға сәйкес басқа бактерияға (ларға) қарсы дәрімен (лермен) бір мезгілде тағайындау керек): күніне екі рет 500 мг, емді нейтропенияның барлық кезеңі бойына жалғастыру керек.

Ингаляциялық түрдегі сібір ойық жарасын жанасудан кейінгі алдын алу және радикальді емі - препараттың пероральді түрімен ем қабылдау мүмкіндігі бар емделушілер үшін (клиникалық мақсатта керек болғанда), препарат қабылдауды күдік пайда болғанда немесе қоздырғыштың әсері расталғанда бірден бастау керек: 500 мг күніне екі рет, емдеу курсы 60 күн.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы бұзылуы бар емделушілер үшін ұсынылатын бастапқы және демеуші доза:

креатинин клиренсі > 60 – әдеттегі дозалау тағайындалады,

креатинин клиренсі 30-60 – ең жоғары ұсынылатын доза әрбір 12 сағат сайын 250-500 мг,

клиренсі < 30 – әрбір 24 сағат сайын ең жоғары ұсынылатын доза 250-500 мг, гемодиализдегі емделушілер үшін –әрбір 24 сағат сайын 250-500 мг (гемодиализ сеансынан кейін),

перитонеальді диализдегі емделушілер үшін – әрбір 24 сағат сайын 250-500 мг.

Бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілерде доза түзету талап етілмейді.

6 жастан асқан балалар және жасөспірімдерге:

- сібір ойық жарасының өкпедегі түрінде (кейінгі алдын алу мен емдеуде): салмақтың 1 кг-на 15 мг тәулігіне 2 рет (ең жоғары бір реттік доза 500 мг),

- муковисцидоз жеңіл түрінің жұқпалы өршулерінде: салмақтың 1 кг-на 20 мг тәулігіне 2 рет, ең жоғары тәуліктік доза 500 мг.

Емнің әдеттегі ұзақтығы 5- 10 күн құрайды, бірақ ауыр жағдайларда немесе ауру асқынғанда Форцип препаратымен емнің ұзағырақ курсы қажет болуы мүмкін.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған ең жоғары тәуліктік доза - 500 мг.

Бүйрек және/немесе бауыр функциясы бұзылуы бар балалардағы дозалау режимі зерттелмеген.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ципрофлоксацинге және хинолондар тобының антибактериялық препараттарына жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- эпилепсия

- тизанидинмен бір мезгілде қолдану

-18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жас (6 жасқа дейінгі муковисцидоздың және сібір ойық жарасының өкпедегі түрінің аясындағы жедел пневмонияда).

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- жүрек айнуы, диарея

Жиі емес

- кандидоз

- эозинофилия

- тәбеттің болмауы, құсу, іштің ауыруы, диспепсия, метеоризм

- қозу, психомоторлық аса жоғары белсенділік, бас ауыруы, бас айналуы, иіс және дәм сезудің бұзылуы, астения, қызба

- АЛТ, АСТ, сілтілік фосфатаза, сарысулық билирубиннің транзиторлы жоғарылауы

- тері бөртпесі, қышыну, есекжем

- бұлшықет –қаңқа ауыруы (мысалы, аяқ-қол ауыруы, арқаның ауыруы, кеуденің ауыруы), артралгия

- бүйрек жеткіліксіздігі

Сирек

- антибиотиктер қолдануға байланысты колит (өліммен аяқталу мүмкіндігі өте сирек)

- лейкопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, тромбоцитемия, нейтропения, анемия, лейкоцитоз

- аллергиялық реакция, Квинке ісінуі

- гипергликемия, амилаза жоғарылауы

- сананың шатасуы және бағдардан жаңылу, үрейлену, әдеттен тыс түс көру, депрессия (суицидтік идеяның /ойлардың потенциалды кульминациясы бар, өзін-өзі өлтіру әрекеті, аяқталған суицид), елестеулер, сезімталдық бұзылуы, бас айналуы, діріл, құрысулар (эпилепсиялық статусты қоса), көрудің бұзылуы (мысалы, көзге қосарланып көріну), құлақтағы шуыл, естімей қалу/ естудің бұзылуы

- тахикардия, жүрек ырғағы бұзылуы, артериялық қысымның төмендеуі, QT аралығының ұзаруы

- ентігу (оның ішінде демікпе)

- бауыр жеткіліксіздігі, холестатикалық сарғаю (теріде, склерада), гепатит

- фотосезімталдық

- миалгия, артрит, бұлшықет тонусы жоғарылауы және бұлшықет түйілулері

- бүйрек жеткіліксіздігі, гематурия, тубуло-интерстициальді нефрит, кристаллурия, полиурия, несеп іркілуі, несеп шығаратын өзекшеден бөліністер, қан кету, вагинит,

- ісінулер, тершеңдік (гипергидроз)

Өте сирек

- гемолитикалық анемия, агранулоцитоз, панцитопения (өмірге қауіпті), сүйек кемігінің қызметі бәсеңдеуі (өмірге қауіпті)

- анафилактикалық реакциялар (анафилактикалық шок), сарысу құю ауруы

- бас сақинасы, координация бұзылуы, жүрістің бұзылуы, йіс сезудің бұзылуы, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, түстерді қабылдаудағы бұрмалап көріну

- васкулит

- панкреатит, бауыр некрозы (өмірге қауіп төндіретін бауыр жеткіліксіздігіне дейін өте сирек үдейтін)

- петехиялар, эритема, түйінді эритема, Стивенс-Джонсон синдромы (өмірге аса қауіпті), Лайелл синдромы (өмірге аса қауіпті)

- миастения симптомдарының өршуі, бұлшықет әлсіздігі, тендинит, сіңір үзілуі (көбіне ахилл сіңірі)

Жиілігі белгісіз

- шеткергі нейропатия

- қарыншалық экстрасистолия, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардия (көбіне QT аралығының ұзару қаупінің факторлары бар науқастарда), жүрекше дірілі, естен танулар, артериялық гипертензия, стенокардия, миокард инфарктісі, жүрек тоқтауы, ми тамырларының тромбозы

- жедел жайылған экзантематозды пустулез

- қан ұюының бұзылуы (К витаминінің антагонистерін қабылдаған емделушілерде)

- дисфагия, ішек тесілуі, асқазан-ішектен қан кету

- қорқыныш сезімі, абыржу, депрессия, тремор, құлақтағы шуыл, тер бөлінуінің күшеюі, ұйқы бұзылуы, елестеулер, шым—шытырық түстер, күмән туғызу (бұл реакциялар препаратты дереу тоқтатуды талап етеді)

- дисгликемия (көбіне гипергликемия), гемолитикалық анемия

- гломерулонефрит

- бронх түйілуі

- буындардың домбығуы

- құйылулар сезіну, естен тану жай-күйі

- церебральдік артериялар тромбозы, диспноэ, мұрыннан қан кету

- геморрагиялық күлдіреуіктер, петехиялар, түйінді эритема, васкулит

- тендовагинит, сіңір үзілуі, мочевинаның, креатининнің транзиторлы жоғарылауы, гематурия

Аса сирек

- жалған жарғақшалы колит

- жоғары сезімталдық реакциялары: көмей, өкпе немесе бет ісінуі, ентігу, есекжем және қышыну, температура жоғарылауы, эозинофилия

- ықылық ату, қан түкіру, өкпе артериясының эмболиясы, кеуденің ауыруы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

QT аралығының ұзаруын туындататын дәрілік препараттар

Форцип препаратын, басқа да фторхинолондар сияқты, QT аралығын ұзартатын препараттарды (мысалы, IA ​​және III класты антиаритмиялық препараттар, үшциклды антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қабылдайтын емделушілерде сақтықпен қолдану керек.

Хелатты кешендер қалыптасуы

Форцип препаратын және құрамында көп валентті катиондар, минералды қоспалар (кальций, магний, алюминий,темір), фосфат байланыстыратын полимерлер (севеламер, лантан карбонаты), сукральфат немесе антацидтер, сондай-ақ құрамында магний, алюминий немесе кальций бар буферлік сыйымдылығы үлкен (мысалы, диданозин таблеткалары) препараттар бар дәрілік заттарды ішке бір мезгілде қолданғанда ципрофлоксацин сіңірілуі төмендейді. Осыған байланысты Форцип препаратын бұл препараттарды қабылдаудан 1-2 сағат бұрын немесе ең болмаса қабылдағаннан кейін 4 сағаттан соң қабылдау керек. Бұл шектеулер Н2-рецепторлары блокаторларының класына жататын антацидтерге қатысты емес.

Тамақ және сүт өнімдері

Құрамында кальций мөлшері жоғары өнімдер ципрофлоксацин сіңуіне әсер етпейді. Алайда Форцип препаратын және сүт немесе минералдармен байытылған өнімдерді (мысалы, сүт, йогурт, құрамында кальций мөлшері жоғары апельсин шырыны) бір мезгілде қабылдаудан аулақ болу керек, өйткені Форциптің сіңуі төмендеуі мүмкін.

Пробенецид

Пробенецид ципрофлоксациннің бүйректік тубулярлық секрециясына кедергі келтіреді және оның қан сарысуындағы деңгейінің жоғарылауын туындатады.

Метоклопрамид

Метоклопрамид Форцип сіңуін елеулі жоғарылатады, бұл оның плазмадағы ең жоғары концентрациясына жету уақытының қысқаруына алып келеді. Форциптің биожетімділігіне елеулі әсері байқалмаған.

Омепразол

Форцип препаратын және құрамында омепразол бар дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдау Форцип препаратының Cmax және AUC (концентрация-уақыт арақатынасының қисық астындағы ауданы) елеулі төмендеуіне алып келеді.

Ципрофлоксациннің басқа дәрілік заттарға әсері:

Тизанидин

Тизанидин мен Форцип препаратын бір мезгілге тағайындауға болмайды. Дені сау еріктілердің қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеулерде ципрофлоксацинмен бір мезгілде қабылдағанда тизанидин концентрациясының ( Cmax - 7рет, AUC - 10 рет) артқаны бақыланды. Қан сарысуындағы тизанидин концентрациясының жоғарылауында гипотензивтік және седативтік жағымсыз реакциялар дамуы мүмкін.

Метотрексат

Форцип препаратымен бір мезгілде қолданғанда, метотрексат тубулярлық тасымалының (бүйрек метаболизмі) баяулауы мүмкін, бұл қан плазмасындағы метотрексат концентрациясының жоғарылауына алып келуі мүмкін және метотрексаттан туындаған уытты жағымсыз реакциялар даму ықтималдығын арттыруы мүмкін. Бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Теофиллин

Форцип препаратын және құрамында теофиллин бар дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдау қан плазмасындағы теофиллин концентрациясының жоғарылауына алып келуі мүмкін және жағымсыз реакциялар дамуын туындатуы мүмкін. Бұндай жағымсыз реакциялар жеке-дара жағдайларда өмірге қауіпті немесе өліммен аяқталуы мүмкін. Егер бұл препараттарды қалайда бір мезгілде қолдану керек болса, қан сарысуындағы теофилин концентрациясын бақылау керек және қажет болса оны дозасын төмендету керек.

Басқа ксантин туындылары

Форцип препаратын және құрамында кофеин немесе пентоксифиллин (окспентифиллин) бар дәрілерді бір мезгілде қолданғанда қан сарысуындағы ксантин концентрациясының жоғарылағаны туралы хабарланған.

Фенитоин

Форцип препаратын және фенитоинді бір мезгілде қабылдағанда фенитоиннің сарысулық деңгейінің артуына немесе төмендеуіне алып келуі мүмкін, қандағы препарат деңгейіне бақылау жүргізу ұсынылады.

Циклоспорин

Форцип және циклоспорин бір мезгілде қолданылғанда қан сарысуындағы креатинин концентрациясының уақытша жоғарылағаны байқалды. Бұл емделушілерде креатинин концентрациясын аптасына екі рет бақылау керек.

К витаминінің антагонистері

Форцип препаратын және К витаминінің антагонистерін бір мезгілде қолданғанда ципрофлоксациннің антикоагулянттық әсері күшеюі мүмкін. Қауіп ауруға, жасына, науқастың жалпы жай-күйіне қарай өзгеруі мүмкін, сондықтан ципрофлоксациннің халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ) мәнінің жоғарылауына дәл әсерін бағалау күрделі.

Форцип препаратын және К витаминінің антагонистерін (варфарин, аценокумарол, фенпрокумон немесе флуиндион) үйлестіре қолданған уақытта және қолданғаннан кейін дереу қан сарысуына ұдайы бақылау жүргізу керек.

Глибенкламид

Жеке-дара жағдайларда Форцип препаратын және құрамында глибенкламид бар дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану глибенкламид әсерін күшейтуі және гипогликемия дамуына алып келуі мүмкін.

Дулоксетин

Клиникалық зерттеулер барысында дулоксетинді және СУР450 1А2 изоэнзимінің күшті тежегіштерін (флювоксамин сияқты) бір уақытта қолданудың дулоксетиннің AUC және Сmax артуына алып келуі мүмкіндігі анықталды. Ципрофлоксациннің өзара әрекеттесулері туралы клиникалық деректер жоқтығына қарамастан, Форцип препараты және дулоксетинді бір мезгілде қолданғанда өзара әрекеттесулерінің ықтималдығының алдын алу керек.

Ропинирол

Клиникалық зерттеулер барысында ропиниролды СУР450 1А2 изоэнзимінің орташа тежегіші ципрофлоксацинмен бір мезгілде қолданудың ропиниролдың AUC және Сmax тиісінше 60 % және 84 % артуына алып келетіні анықталды. Форцип препаратымен бір мезгілде қолдану кезінде және қолданғаннан кейін дереу ропиниролдың жағымсыз әсерлерінің мониторингін жасау және тиісінше дозасын түзету ұсынылады.

Лидокаин

Дені сау еріктілер қатыстырылған зерттеу құрамында лидокаин және ципрофлоксацин, СУР450 1А2 изоэнзимінің орташа тежегіші бар дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану көктамыр ішіне енгізілген лидокаин клиренсін 22 % азайтады. Лидокаинмен ем жағымды болса да, Форцип препаратымен бір мезгілде қолданғаннан кейін жағымсыз реакциялармен бірге жүруі мүмкін белгілі бір өзара әрекеттесулер байқалуы мүмкін.

Клозапин

7 күн бойына 250 мг ципрофлоксацинді клозапинмен бір мезгілде қолданғаннан кейін клозапин және N-десметилклозапиннің сарысулық концентрациялары тиісінше 29 % және 31 % жоғарылаған. Клиникалық бақылау керек және клозапин дозасын Форцип препаратымен бір мезгілде қолдану кезінде және қолданудан кейін дереу түзету керек.

Силденафил

Дені сау еріктілер қатыстырылған зерттеу силденафил препаратының Сmax және AUC оны 50 мг дозада 500 мг Форцип препаратымен пероральді қолданғаннан кейін шамамен екі есе жоғарылайтынын көрсетті.

Форцип препаратын силденафилмен пайдасы мен қаупін мұқият таразылай отырып, сақтықпен тағайындау керек.

Айрықша нұсқаулар

Ми тамырларының айқын атеросклерозында, ми қан айналымының бұзылуында сақтықпен қолдану керек.

Аса жоғары сезімталдық

Сирек жағдайларда тіпті бір реттік доза қабылдағаннан кейін өмірге қауіп төндіретін аллергиялық реакциялар (анафилактикалық шокты және анафилактоидтық реакцияларды қоса) дамуы мүмкін. Бұл жағдайларда препаратты тоқтатады және керекті ем жүргізеді.

Стрептококктық жұқпалар (Streptococcus pneumoniae қоса)

Тиімділігі жеткіліксіздігіне байланысты стрептококкты жұқпаларды емдеу үшін Форцип препараты ұсынылмайды.

Жыныс жолдарымен берілетін жұқпалар

Гонококкты уретрит, орхоэпидидимит, кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары фторхинолонға төзімді Neisseria gonorrhoeae түрлерінен туындауы мүмкін. Егер бұл қоздырғыштың фторхинолонға төзімділігін жоққа шығару мүмкін болмаса, Форцип препаратын басқа тиімді бактерияға қарсы дәрілермен бір мезгілге тағайындау керек. 3 күн ішінде клиникалық жақсару болмағанда, емді түзету талап етеді.

Несеп шығару жолдарының жұқпалары

Escherichia coli - несеп шығару жолдарының жұқпаларын туындататын көбірек таралған патоген, ол өте жиі фторхинолондар әсеріне сезімтал емес болады (препаратты бір рет қабылдау аз әсер етеді және қоздырғыштардың сезімтал емес түрлерінің дамуына ықпал етеді), сондықтан оның сезімтал емес түрлерінің кездесу жиілігінің оқшау деректерін ескеру керектігі ұсынылады.

Фотосезімталдық

Форцип фотосезімталдық реакцияларының дамуын туындатуы мүмкін. Емдеу кезеңінде емделушілерге күн сәулесінің немесе УК-сәулеленудің шамадан тыс әсерінен аулақ болу керек.

Орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылу

Хинолондардың құрысулар туындататыны немесе құрысу дайындығы шегін төмендететіні белгілі. Форцип препаратын ОЖЖ бұзылуы бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек. Құрысу дамыған жағдайда препарат қабылдауды тоқтату керек. Психикалық реакциялар тіпті ципрофлоксацинді бірінші енгізуден кейін дамуы мүмкін. Сирек жағдайларда, депрессия немесе психоз қауіп төндіретін мінез-құлыққа дейін үдеуі мүмкін. Бұндай жағдайларда препаратты тоқтату керек.

Ципрофлоксацин қабылдайтын емделушілерде полинейропатия (ауыру, күйдіру, сенсорлық бұзылыстар, бұлшықет әлсіздігі, жеке-дара немесе үйлесімде) даму жағдайлары сирек анықталды. Полинейропатия дамыған жағдайда қайтымсыз өзгерістер дамуын болдырмас үшін Форцип препаратын тоқтату керек.

Жүрек тарапынан бұзылу

QT аралығы ұзаруы үшін мынадай белгілі қауіп факторлары бар емделушілерде ципрофлоксацинді қоса, фторхинолондарды пайдаланғанда сақ болу керек:

• QT аралығының туа біткен ұзару синдромы

• QT аралығын ұзартатын препараттарды (мысалы, IA және III класты антиаритмиялық препараттар, үшциклды антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) бір мезгілде қолдану

• түзетілмеген электролиттік дисбаланс (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)

• жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).

QT-аралығына препараттың әсеріне егде жастағы емделушілер және әйелдер сезімтал болып келеді. Осылайша, тұрғындардың осы тобында Форцип препаратын қоса, фторхинолондар пайдаланғанда сақ болу керек.

Интраабдоминальді жұқпалар

Операциядан кейінгі интраабдоминальді жұқпаларды емдеуде Форцип препаратының тиімділігі туралы деректер шектеулі.

Саяхатшылар диареясы

Препарат таңдау Форципке барған еліндегі қоздырғыштардың төзімділігі туралы ақпараттарға негізделуі тиіс.

Сүйек және буындардың жұқпалары

Форцип препаратын ауру қоздырғышының сезімталдығы нәтижесіне қарай бактерияға қарсы басқа дәрілермен үйлесімде қолдануға болады.

Асқазан-ішек жолы

Препаратпен ем уақытында немесе емнен кейін ауыр және ұзаққа созылатын диарея туындауы (оның ішінде, ем аяқталғаннан кейін бірнеше аптадан соң) антибиотиктер қабылдауға байланысты болатын колитті (кейде өліммен аяқталуы мүмкіндігі бар, өмірге қауіпті) көрсетуі мүмкін. Бұндай жағдайларда ем дереу тоқтатылуы тиіс және тиісінше ем тағайындалуы тиіс (бұл жағдайда ішек жиырылғыштығын азайтатын препараттарды қолдануға болмайды).

Глюкозо-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы

Ципрофлоксацин қолданғанда глюкозо-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы бар науқастарда гемолитикалық реакциялар болғаны анықталды. Бұндай емделушілерде Форцип препаратын қолданудан аулақ болу керек, препаратты тек пайда/қаупінің оң арақатынасында және гемолиз белгілеріне тұрақты бақылау жүргізгенде тағайындауға болады.

Төзімділігі

Әсері кең ауқымдағы басқа да микробқа қарсы дәрілер жағдайындағы сияқты, Форцип препаратын ұзақ уақыт қолданғанда, әсіресе нозокомиальді жұқпаларды және/немесе Staphylococcus жәнеPseudomonas туындаған жұқпаларды емдегенде сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне және асқын жұқпаларға соқтыруы мүмкін.

Гепатобилиарлық жүйе

Ципрофлоксациндерді қолданғанда некроздық гепатит және өмірге қауіпті бауыр жеткіліксіздігі дамуының сирек жағдайлары анықталған. Бауыр ауруының кез-келген белгілері мен симптомдары білінгенде (оның ішінде анорексия, сарғаю, күңгірт несеп, қышыну), ем дереу тоқтатылуы тиіс.

Бүйрек және несеп бөлу жүйесі

Ципрофлоксациндер қабылдағанда, оның ішінде Форцип препаратын қабылдағанда несептің сілтілік реакциялары дамуына байланысты кристаллурия дамуы ықтимал. Несеп концентрациясының жоғарылауының алдын алу үшін емделушілердің жеткілікті түрде сұйықтық қабылдауын қамтамасыз ету керек. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге қолда бар ұсыныстарға сәйкес дозаны және препарат қабылдау арасындағы аралықты түзету керек.

Сүйек-бұлшықет жүйесі

Форцип препаратын сыртартқысында хинолондар қабылдағаннан кейін дамыған сіңір аурулары бар емделушілерге тағайындауға болмайды. Өте сирек жағдайларда, бұл препаратқа қоздырғыш сезімталдығы болған жағдайда және қауіп/пайда арақатынасын ескере отырып, әсіресе стандартты ем тиімсіз болғанда препарат ауыр жұқпалары бар емделушілерге тағайындалуы мүмкін. Тендинит және сіңір үзілуі (көбіне ахилл), кейде екі жақты, ципрофлоксацинді емнің бірінші 48 сағатында қолданғанда дамуы мүмкін. Тендопатия қаупі егде жастағы емделушілерде және бір мезгілде кортикостероидтар қабылдаған емделушілерде жоғары.

Тендиниттің кез келген белгілерінде (мысалы ауыру, ісіну, қабыну), Форцип препаратымен емді тоқтату керек. Сондай-ақ сақтық жасау керек және бұл қол-аяқты тыныш қалыпта сақтау керек.

Форцип препаратын миастениясы бар емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

P450 цитохромы

Ципрофлоксацин бауыр CYP1A2 энзимдерінің тежегіші болып табылады. Форцип препаратын және әдетте CYP1A2 (мысалы, теофиллин, клозапин, ропинирол, тизанидин) метаболизденетін басқа да препараттарды бір мезгілде қолдану бұл препараттардың плазмадағы жоғары концентрацияларына алып келеді және олардың клиникалық елеулі жағымсыз әсерлерін туындатуы мүмкін. Егер емделушілер бұл заттарды Форцип препаратымен (мысалы теофиллин) бір мезгілде қабылдаса артық дозаланудың клиникалық белгілерін және қан сарысуындағы препараттар концентрациясын анықтауды мұқият бақылау керек.

Метотрексат

Ципрофлоксацин мен метотрексатты бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Клиникалық зерттеу нәтижесіне әсері

Ципрофлоксациннің Mycobacterium tuberculosis (in-vitro) қарсы әсері Форцип қабылдайтын емделушілердің сынамасында бактериологиялық зерттеулердің жалған-теріс нәтижесін беруі мүмкін.

Балалар және жасөспірімдер

Форцип препаратын 6 жастан асқан балаларда және жасөспірімдерде тағайындағанда ұсынылатын дозалауды және қабылдау ретін сақтау керек. Емдеуді тек балаларда және жасөспірімдерде муковисцидозды және/немесе ауыр жұқпаларды емдеуде тәжірибесі бар мамандар ғана тағайындауы керек.

Жыныстық тұрғыда жетілмеген жануарлардағы клиникалық зерттеулерде ципрофлоксацин буындардың артропатиясын сирек жағдайларда туындатты. Орташа жасы - 6,3 жас (бақылау тобында – 349 балалар, орташа жасы - 6,2 жас; жасының диапазоны 1- 17 жас) болған 335 балаға жүргізілген салыстырудың клиникалық зерттеулерінде ципрофлоксацин қабылдауға байланысты деп болжанған буын ауруларының жиілігі препаратты қабылдаудың 42-ші күні зерттелген топта -7,2%, бақыланатын топта - 4,6% құрағаны анықталды. Препарат қабылдауға байланысты буын ауруларының жиілігі соңынан бір жыл бойы бақылау бойынша зерттелген топта 9,0% және салыстыру тобында 5,7% құрады. Барлық жоғарыда аталғандарға байланысты балаларға ем тағайындар алдында пайда/қаупінің арақатынасына бағалау жүргізу керек.

Несеп шығару жолдарының асқынған жұқпалары және пиелонефрит

Балалардағы несеп шығару жолдарының жұқпасын препаратпен емдеуді тек емнің басқа әдістерін пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана, берілген препаратқа қоздырғыш сезімталдығының нәтижесін ескере отырып, тағайындау керек.

Автомобильді немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі.

Препарат психомоторлық реакциялардың жылдамдығын азайтуы, бас айналуы, сананың шатасуы, тремор, елестеулер сияқты жағымсыз әсерлер дамуын туындатуы мүмкін, сондықтан автомобиль басқаруда және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жүргізгенде сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас айналуы, тремор, бас ауыруы, шаршағыштық, құрысулар, елестеулер, сананың шатасуы, іштегі жайсыздық, бүйрек және бауыр бұзылуы, кристаллурия, гематурия, қайтымды бүйрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.

Емі: асқазан шаю, медициналық бақылау, қажет болғанда демеуші ем. Емделушіге сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін тағайындау керек. Құрамында кальций немесе магний бар антацидтер, теориялық тұрғыда артық дозалануда ципрофлоксацин сіңуін азайтуы мүмкін. QT аралығының ұзаруы мүмкіндігінен ЭКГ мониторингін жүргізу керек. Гемодиализ және перитонеальді диализдің тиімділігі аз (организмнен препараттың10% азы шығарылады).

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлорид / поливинилиденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

1 қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

REPLEK FARM Ltd. Skopje, Скопье, Македония Республикасы

Тіркеу куәлігінің иесі

VEGAPHARM LLP., Лондон, Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Cepheus Medical» ЖШС (Цефей Медикал), 050000, ҚР, Алматы қ., Панфилов к-сі 98, «OLD SQUARE» БО, кеңсе 807.

тел: +7 (727) 300 69 71, e-mail: cepheusmedical@gmail.com

 

Прикрепленные файлы

544987421477976534_ru.doc 183.5 кб
883689881477977708_kz.doc 182.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники