Фолиевая кислота

МНН: Фолиевая кислота
Производитель: Открытое акционерное общество "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Folic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025931
Информация о регистрации в РК: 12.07.2022 - 12.07.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Фолий қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фолий қышқылы

Дәрілік түрі, дозалануы

1 мг таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Қан түзу және қан. Анемияға қарсы препараттар. В12 дәрумені және фолий қышқылы. Фолий қышқылы және оның туындылары. Фолий қышқылы.

АТХ коды В03ВВ01

Қолданылуы

- макроцитарлы (фолий тапшылықты) анемияны емдеуде

- фолий қышқылының гипо- және авитаминозында, оның ішінде тропикалық және тропикалық емес спруда, толыққанды тамақтанбауда, жүктілікте, эпилепсияға қарсы дәрілерді қабылдайтын пациенттерде.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

Сақтықпен: пернициозды анемия және цианокобаламиннің тапшылығымен басқа да мегалобластты анемиялар

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Сақтықпен: пернициозды анемия және цианокобаламиннің тапшылығымен басқа да мегалобластты анемиялар

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Фенитоиннің әсерін (оның дозасын арттыруды қажет етеді) төмендетеді.

Анальгетиктер (ұзақ емдеу), құрысуға қарсы препараттар (соның ішінде фенитоин мен карбамазепин), эстрогендер, пероральді контрацептивтер фолий қышқылына қажеттілікті ұлғайтады. Антацидтер (оның ішінде Ca2+, Al3+ және Mg2+ препараттары), холестирамин, сульфонаминдер (оның ішінде, сульфасалазин) фолий қышқылының сіңірілуін төмендетеді.

Цитостатиктерді (метотрексат) немесе эпилепсияға қарсы препараттарды қабылдайтын науқастарда мегалобластты анемияның дамуын болдырмау үшін, қатарластырып фолий қышқылын тағайындау ұсынылады.

Пириметамин, триамтерен, триметоприм дигидрофолатредуктазаны тежейді және фолий қышқылының әсерін төмендетеді (оның орнына осы препараттарды қабылдайтын пациенттерге кальций фолинатын тағайындау керек).

Zn2+ препараттарына қатысты бірдей ақпарат жоқ: бір зерттеулер фолаттардың Zn2+ сіңуін тежейтінін көрсетеді, басқалары бұл деректерді жоққа шығарады.

Арнайы ескертулер

Дәрілік зат балаларда гипо- және авитаминоздың профилактикасына арналмаған (тәуліктік қажеттілік пен ДЗ дозалануының сәйкес келмеуіне байланысты).

В9 гиповитаминозының профилактикасына теңестірілген тамақтану дұрыс болады. В9 дәруменіне бай өнімдер – көкөністер (салат, шпинат, қызанақ, сәбіз), жаңа алынған бауыр, бұршақ тұқымдастар, қызылша, жұмыртқа, ірімшік, жаңғақтар, дәнді дақылдар.

Фолий қышқылын В12 тапшылығын (пернициозды), нормоцитарлық және апластикалық анемияны емдеу үшін, сондай-ақ емге рефрактерлік анемияны емдеуде қолданбайды. Пернициозды (В12 тапшылықты) анемия кезінде фолий қышқылы гематологиялық көрсеткіштерді жақсарта отырып, неврологиялық асқынуларды бүркемелейді. Пернициозды анемия жоққа шығарылғанша, фолий қышқылын тәулігіне 0,1 мг асатын дозаларда тағайындау ұсынылмайды (мыналардан басқада – жүктілік және лактация кезеңі).

Гемодиализ жүргізілетін пациенттер фолий қышқылының жоғары мөлшерін қажет ететінін ескеру керек.

Емдеу кезінде антацидтерді фолий қышқылын қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң, холестираминді - фолий қышқылын қабылдаудан 4-6 сағат бұрын немесе одан кейін 1 сағат өткен соң қолданған жөн.

Антибиотиктердің плазма және эритроциттердің фолий қышқылы концентрациясына микробиологиялық баға беру нәтижелерін бұрмалауы (жалғандығы белгілі төмендетілген көрсеткіштер беруі) мүмкін екендігін ескерген жөн.

Фолий қышқылының жоғары дозаларын қолданғанда, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы емделгенде қанда B12 дәрумені (цианокобаламин) концентрациясы төмендеуі мүмкін. Фолий қышқылын ұзақ уақыт қолдануды В12 дәруменін қабылдаумен біріктіру ұсынылады.

Жүктілік кезінде қолданылуы

Дәрілік зат көрсетілімдеріне қарай жүктілік кезінде және лактация кезінде қолданылады. Жүктіліктің ерте кезеңінде күнделікті фолий қышқылын қабылдау шарананың жүйке түтігі қалыптасуының ақауларының (анэнцефалия, омыртқа бағанының ыдырауы) алдын алуы мүмкін. Егер препаратты қабылдау жүктіліктің төртінші аптасынан кейін басталса, фолий қышқылы жүйке түтігінің ақауының даму мүмкіндігіне әсер етпейді.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері: әсер етпейді.

Аталған нұсқаулықта сипатталмаған қандай-да болмасын жағымсыз әсерлері пайда болғанда өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

Ішке. Тамақтанудың алдында.

Макроцитарлы (фолий тапшылықты) анемияны емдеу үшін тағайындалады: ересектер мен 12 жастан асқан балаларға бастапқы дозаны тәулігіне 1 мг дейін (1 таблетка). Жоғары дозаларды қабылдағанда төзімділік дамуы мүмкін. Демеуші ем: ересектер мен 12 жастан асқан балаларға – 0,5 мг-ден (1/2 таблетка), жүктілік және лактацияда – тәулігіне 1 мг дейін.

Жүктілерге шарананың жүйке түтігінің ақауының дамуының профилактикасы үшін – тәулігіне 0,5 мг-ден (1/2 таблетка) тәулігіне 2,5 мг дейін (2,5 таблетка) болжанған жүктілікке дейін 4 аптаның ішінде. Қабылдауды жүктіліктің I триместрі бойы жалғастырады.

Емдік мақсатта (авитаминоздың ауырлығына байланысты) ересектерге – тәулігіне 5 мг дейін (5 таблетка) 20-30 күн ішінде. Фолий қышқылының емдік дозасын дәрігер анықтайды.

Қатар жүретін алкоголизмде, гемолиздік анемияда, созылмалы инфекциялық ауруларда, құрысуға қарсы ДЗ бір мезгілде қабылдағанда, гастрэктомиядан кейін, мальабсорбция синдромында, бауыр жеткіліксіздігінде, бауыр циррозында, стрессте препарат дозасы жоғарылатуы керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: фолий қышқылының 4 - 5 мг жоғары дозалары орталық жүйке жүйесі (ашуланшақтық және ұйқысыздық) және асқазан-ішек жолдары (жүректің айнуы, абдоминальді ауыру, метеоризм) тарапынан бұзылыстарды туындатуы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю, қажет болғанда симптоматикалық ем.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну ұсынылады

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Жиілігі белгісіз:

- анорексия, жүрек айнуы, іштің кебуі, ауыздағы ащы дәм

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, бронх түйілуі, эритема, гипертермия).

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 1 мг фолий қышқылы;

қосымша заттар - сахароза, картоп крахмалы, стеарин қышқылы

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақшыл-сары түстен сары түске дейінгі ойығы мен сызығы бар жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар.

Күңгірттеу және ақшылдау түсті теңбілдерінің болуына жол беріледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден немесе дәрілік заттарды қаптауға арналған пластификацияланбаған ПВХ үлбірден және алюминий фольга негізіндегі икемді қаптамадан немесе алюминий фольгадан немесе біріктірілген материалдан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге хром-эрзац картон немесе целлюлозалық картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск облысы, Борисов қ., Чапаев к-сі 64, тел/факс +375(177)734043, market@borimed.com.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Борисов қ., Чапаев к-сі, 64, тел/факс +375(177)734043, market@borimed.com.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Қазақстан Республикасы, 050026. Алматы қ., Нұрмақов к-сі 26/195, 39 пәтер, «МедФарм» ЖК, тел/факс: +7 (727) 2911 198, тел: +7 777 7040709, +7 777 2306494; Е-mail: pvqa-bzmp-kz@mail.ru

Прикрепленные файлы

ИМП.docx 0.02 кб
Фолиев_кисл_ЛВ_каз_УП_спец_238.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники