Фолацин (5 мг)

МНН: Фолиевая кислота
Производитель: Ядран Галенски Лабораторий АО
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019543
Информация о регистрации в РК: 08.12.2017 - 08.12.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 26.23 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Фолацин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фолий қышқылы

Дәрілік түрі

Таблеткалар 5 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 5 мг фолий қышқылы,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, повидон, кросповидон, микрокристалды целлюлоза , магний стеараты

Сипаттамасы

Сары түсті, жалпақ цилиндр пішінді, қызыл сары түсті теңбілдері бар,беті тегіс, бір жақ бетінде ойығы және сызығы бар, иіссіз таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Гемопоэз стимуляторлары. Фолий қышқылы және оның туындылары.

АТХ коды В03ВВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фолий қышқылы асқазан-ішек жолдарынан, негізінен он екі елі ішектен және аш ішектен жақсы сіңеді. Барлық тіндерге біркелкі таралады. Жұлын сұйықтығынан ішінара концентрацияланады. Плазмадағы ең жоғары концентрациясына ішке қабылдағаннан кейін 30-60 минуттан соң жетеді.

Плазма мен бауырда 5-метилентетрагидрофолатқа метаболизденеді, әсер ететін заты глутамин қышқылымен байланысады және кофермент болып табылады. Фолаттардың жалпы мөлшерінің 50 % жуығы бауырда концентрацияланады. 70 % жуығы плазма протеинімен байланысады. Несеппен, шумақтық сүзіліспен шығарылады. 5 мг мөлшеріндегі доза несеппен 5 сағаттан соң шығарылады.

Фармакодинамикасы

В тобының витамині (ВС витамині, В9 витамині). Фолий қышқылы тапшылығының орнын толтырады.

Организмде мегалобласттардың қалыпты пісіп жетілуі және нормобласттардың пайда болуы үшін де қажетті әр түрлі метаболизмдік үдерістерге қатысатын коферментке (тетрагидрофолий қышқылына) айналады. Фолий қышқылы тапшы болған кезде қан түзілуінің мегалобластты түрі дамиды. Эритропоэзды стимуляциялайды, амин қышқылдарының (оның ішінде метиониннің, сериннің, глициннің), нуклеин қышқылының, пуриндердің, пиримидиндердің синтезіне, холиннің, гистидиннің алмасуына қатысады. Жүктілік кезінде ұрыққа тератогендік және зақымдаушы факторлардың әсеріне қатысты қорғаушы қызмет атқарады. Бұдан басқа, плацентаның қалыпты пісіп-жетілуіне және плацентаның, оның ажырауына жол бермей, қызмет атқаруына мүмкіндік береді. Фолацин сперматозоидтардың пісіп-жетілу үдерісінде маңызды рөл атқарады және еркектердің белсіздігінің алдын алуға қолданылады.

Қолданылуы

- фолий қышқылы тапшылығынан болған мегалобластты анемияда

- макроцитарлы гиперхромды анемияда

- резекциядан кейінгі анемияда

- егде жаста болатын сидеробластты анемияда

- дәрілік заттардан және иондайтын радиациядан болған анемия мен лейкопенияда

- асқазан-ішек жолының ауруларымен байланысты болатын анемияда (спру, мальабсорбция синдромы, персистирлейтін диарея, бауыр қызметінің жеткіліксіздігі, бауырдың алкогольдан болатын циррозы)

- жүктілік кезіндегі анемияда

- ұрықта жүйке түтікшесі кемістігінің дамуының (анэнцефалия, гидроцефалия, ми жарығы, «жарық таңдай», «қоян ерін»), көп ұрықтылықтың, жүктіліктің шегіне жетпеуінің алдын алуға

- лактация кезіндегі анемияның алдын алуда

- никотинге, алкогольге немесе дәріге тәуелділік аясындағы анемияда

  • - фолий қышқылы антагонистерімен (метотрексат, сульфаметаксазол - триметоприм біріктірілімі), құрысуға қарсы препараттармен (фенитоин, примидон, фенобарбитал) ұзақ уақыт емделгенде

  • полиневриттерде және полинейропатияда, оның ішінде этиологиясы алкогольден болғанда

  • фолий қышқылының тапшылығымен теңдестірілмеген немесе қанағаттанаралықсыз тамақтануда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қолданылады. Ересектерге:

  • ересектерде фолий қышқылының тапшылығынан болған мегалобластты анемияны емдеу үшін: тәулігіне 5 мг-дан 4 ай бойы, алдын алу үшін – тәулігіне 2,5 мг-дан. Емделу курсы 20-30 күн. Емдеу курсын бір айдан кейін қайталау керек. Препаратты ұзақ уақыт қабылдағанда препаратпен В12 витаминін (цианокобаламин) біріктіру керек

  • мальабсорбцияда, ішектің қабыну ауруларында және теңдестірілмеген немесе толыққанды емес тамақтану кезінде макроцитарлы анемияның алдын алу және емдеу үшін тәулігіне 15 мг-дан, спру ауруы бар емделушілерге – тәулігіне 5-15 мг-дан;

  • ұрықта жүйке түтікшесінің кемістігі дамуының алдын алу үшін – жорамалданған жүктілікке дейін тәулігіне 4,0 мг дейін 4 апта бойы және қабылдауды жеке дәрігердің тағайындауымен жүктіліктің І триместрі бойы жалғастыру керек.

  • теңдестірілмеген немесе қанағаттанарлықсыз тамақтанумен байланысты фолий қышқылы тапшылығының алдын алу үшін – тәулігіне 2,5-5 мг-дан.

Жоғарылау демеуші дозалар маскүнемдікке шалдыққан емделушілерге, сондай-ақ созылмалы жұқпасы бар және құрысуға қарсы препараттарды қабылдап жүрген емделушілерге тағайындалуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

- болуы мүмкін: аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері, қышыну, эритема, бронхтың түйілуі)

- диспепсиялық құбылыстар, іштің ауыруы

- қызба

Сирек:

-ұйқысыздық, құрысуға дайындықтың жоғарылауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • пернициозды анемия

  • қатерлі жаңа түзілімдер

  • кобаламин тапшылығы

  • 12 жасқа дейінгі балалық жаста

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фенитоин әсерін төмендетеді (фенитоин дозасын ұлғайту талап етіледі).

Стероидты емес анальгетиктерді, құрысуға қарсы дәрілерді (фенитоин және карбамазепин), эстрогендерді, пероральді контрацептивтерді ұзақ уақыт қабылдау фолий қышқылын қажетсінуді арттырады.

Антацидтер (оның ішінде Са2+, Al3+ және Mg2+ препараттары), колестирамин, этил спирті, сульфасалазин және вальпрой қышқылы фолий қышқылының сіңуін төмендетеді.

Метотрексат, пириметамин, триамтерен, триметоприм дигидрофолатредуктазаны тежейді және фолий қышқылының әсерін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Гемодиализде жүрген емделушілер Фолациннің жоғары мөлшерін қажет етеді.

Фолацинді, әсіресе жоғары дозаларда, ұзақ уақыт қолданған кезде қанда В12 витаминінің концентрациясы төмендеуі мүмкін.

Препаратты ұзақ уақыт қолдануды В12 витаминін (цианокобаламин) қабылдаумен біріктіру ұсынылады.

Жүктілік және лактация кезінде қолданылуы

Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты ұсынылған дозаларда қолдану көрсетілген

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Фолий қышқылының артық дозалануы

Симптомдары: аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Ұзақ уақыт қолданғанда В12 гиповитаминозы дамуы мүмкін. Уыттылық әсерге бір мезгілде 300 мг доза және одан көпті қабылдағанда жетеді.

Емі: препаратты тоқтату. Гемодиализ көмегімен шығарылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мг таблеткалар поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

1,2 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ядран» АҚ Галенски Лабораторий 51000, Пулац н/ж, Риека, Хорватия.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Ядран» АҚ Галенски Лабораторий, Хорватия

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы «Ядран» АҚ Галенски Лабораторий өкілдігі, Алматы қ-сы, Луганский к-сі 54, котт.9, тел. +7 272 62-14-48, www.jadran.ru

 

 

 

Прикрепленные файлы

687502011477976954_ru.doc 53.5 кб
048464081477978111_kz.doc 58 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники