Флуцинар®

МНН: Флуоцинолона ацетонид
Производитель: Фармзавод Jelfa А.О.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fluocinolone acetonide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004066
Информация о регистрации в РК: 10.02.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Флуцинар®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Флуоцинолон ацетониді

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 0.025% жақпамай, 15 г

Құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат - 0.25 мг флуоцинолон ацетониді

қосымша заттар: пропиленгликоль, лимон қышқылы, сусыз ланолин, ақ вазелин.

Сипаттамасы

Өзіндік жеңіл иісі бар, ақ немесе ақ дерлік жартылай мөлдір майлы масса

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар.

Белсенді глюкокортикостероидтар (ІІІ топ). Флуоцинолон ацетониді.

ATХ коды D07AC04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Флуоцинолон ацетониді терінің мүйізгекті қабатына өтеді, ол жерде жинақталады; оның барын жергілікті қолданғаннан кейін тіпті 15 күннен кейін нақтылауға болады. Теріде метаболизденбейді. Организмге сіңірілгеннен кейін негізінен бауырда биотрансформацияланады. Несеппен және аз мөлшерде өтпен, негізінен, глюкурон қышқылымен қосылыстар түрінде және аз мөлшерде өзгермеген түрде шығарылады.

Флуоцинолон ацетонидтің қатпарлар аумағындағы нәзік теріге немесе эпидермисі зақымданған немесе қабыну үдерісінен зақымданған бет терісіне қолданғаннан кейін тері арқылы сіңуі ұлғаяды. Температура жоғарылауын және тері ылғалдылығын туындататын окклюзиялық таңғышты қолдану да флуоцинолон ацетонидінің сіңірілуін арттырады. Бұдан бөлек, дәрілік препаратты жиі қолданғанда немесе терінің ауқымды беткейіне жаққанда сіңірілуі артады. Тері арқылы сіңірілуі егде жастағыларға қарағанда жастарда айқынырақ білінеді.

Фармакодинамикасы

Флуцинар® сыртқа қолдануға арналған белсенділігі жоғары синтетикалық глюкокортикостероид болып табылады. Препарат қабынуға қарсы, қышынуға қарсы, аллергияға қарсы және тамыр тарылтатын әсер көрсетеді. Липофильді қасиеттерге ие және организмге тері арқылы өтеді. 2 г жақпамай қолданғаннан кейін-ақ гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесі бәсеңдетілуі нәтижесінде гипофизбен адренокортикотроптық гормон (АКТГ) өндірілуі төмендеуі мүмкін.

Флуоцинолон ацетонидінің қабынуға қарсы әсерінің механизмі фосфолипаза A2 белсенділігін бәсеңсіту және жасуша қабықшасы фосфолипидтерінен арахидон қышқылы босап шығуының азаюы нәтижесінде простагландиндер және лейкотриендер өнімін бәсеңдетумен жүзеге асырылады. Жергілікті аллергиялық реакциялар дамуын бәсеңдетеді. Жергілікті тамыр тарылтатын әсері нәтижесінде экссудативті реакцияларды азайтады. Ақуыздар синтезін, коллаген түзілуін төмендетеді. Терідегі ақуыз ыдырауын жылдамдатады және пролиферативті үдерістерді тежейді.

Қолданылуы

  • себореялық дерматитте

  • атопиялық дерматитте

  • уртикарлық теміреткіде

  • жанаспалы аллергиялық экземада

  • полиморфты эритемада

  • қызыл жегіде

  • псориазда

  • жалпақ теміреткіде

Флуцинар® жақпамай түрінде глюкокортикостероидтармен емдеуге сезімтал және қарқынды қышынумен немесе гиперкератозбен өтетін терінің жедел және ауыр, инфекция жұқтырылмаған, құрғақ қабыну ауруларын қысқа мерзімде емдеуге арналған.

Қолдану тәсілі және дозалары

Жақпамайды тәулік бойына 1-2 реттен жиі емес зақымданған тері бөлігіне жұқа қабатпен жағады. Жақпамайды окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды, псориазда ғана жабық таңғыш қолдануға болады, оны күн сайын ауыстырып отыру қажет.

Емді үздіксіз 2 аптадан артық жүргізуге болмайды. Бет терісіне 1 аптадан артық жағуға болмайды. Бір апта бойы ең көбі 15 г (1 сықпа) жақпамай пайдалануға болады.

2 жастан асқан балаларға қажет болған жағдайда терінің шағын беткейіне ерекше сақтықпен күніне 1 рет қолдану керек. Бет терісіне қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

  • безеулер, постстероидты пурпура, эпидермис өсуінің бәсеңдеуі, теріасты шелінің атрофиясы, тері атрофиясы және стриялар

  • терінің құрғауы, гипертрихоз немесе шаштың түсуі, тері депигментациясы немесе пигментациясы

  • телеангиэктазиялар

  • периоральді дерматит

  • фурункулез, салдарлы инфекция

Сирек

  • есекжем немесе макула-папулезді бөртпе немесе бұрыннан бар өзгерістердің өршуі

  • окклюзиялық таңғыш астында ісінулер, артериялық гипертензия түріндегі резорбциялық әсер, организмнің инфекцияларға қарсы тұруының төмендеуін туғызуы мүмкін

  • қабақ терісіне қолданғанда глаукома немесе катаракта дамуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • флуоцинолон ацетонидіне немесе басқа глюкокортикостероидтарға және негіз компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • терінің бактериялық, вирустық және зеңді инфекциялары

  • әдеттегі және қызғылт безеулер

  • периоральді дерматит

  • вакцинациядан кейінгі жай-күй

  • жүктіліктің І триместрі және лактация кезеңі

  • 2 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Глюкокортикостероидтарды жергілікті қолданғанда дәрілік өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз.

Алайда тиісті антиденелер пайда болу түріндегі талапқа сай иммунологиялық жауаптың болмауы мүмкіндігін есепке ала отырып, әсіресе терінің ауқымды беткейіне созылмалы түрде қолданғанда пациенттерге шешекке қарсы және иммунизацияның басқа түріне қарсы вакцинация жүргізуге болмайтынын есте ұстау керек.

Флуцинар® иммуносупрессиялық дәрілік заттардың әсерін күшейтуі және иммуностимуляциялайтын дәрілердің әсерін әлсіретуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

2 аптадан артық үздіксіз қолдануға болмайды. Дененің ауқымды беткейіне ұзақ қолданғанда жағымсыз әсерлері көрінісінің және ісінулер даму мүмкіндігінің жиілігі, артериялық гипертензия, гипергликемия, инфекцияларға қарсы тұруының төмендеуі артады.

Флуоцинолон ацетонидін жергілікті қолданғанда гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің бәсеңдеуі салдарынан АКТГ өнімінің төмендеуі, қандағы кортизол деңгейінің төмендеуі және емді тоқтатқаннан кейін басылатын ятрогендік Кушинг синдромының дамуы болуы мүмкін. АКТГ бүйрекүсті безін көтермелегеннен кейін қанда және несепте кортизолды анықтау арқылы бүйрекүсті бездері қыртысының функциясын мезгіл-мезгіл бақылау көрсетілген.

Жақпамайды қолданған жерде инфекция дамыған жағдайда тиісті бактерияға қарсы немесе зеңге қарсы ем қолдану керек. Егер инфекция симптомдары басылмаса, жақпамайды қолдануды инфекцияны емдеу кезеңінде тоқтату керек.

Ауру симптомдары күшеюі мүмкіндігін есепке ала отырып, жабық бұрышты және ашық бұрышты глаукомасы бар, сондай-ақ, катарактасы бар тұлғаларда препаратты қабақ терісіне жағуды болдырмау керек.

Тіпті, аз уақыт қолданғаннан кейін де бет терісіне, сондай-ақ, шап және қолтық аумағына жоғары сіңімділігін және жағымсыз әсерлері (телеангиэктазиялар, dermatitis perioralis) дамуы қаупінің жоғарылығын ескере отырып тек ерекше қажет жағдайларда ғана қолдану керек.

Әсіресе егде жастағы адамдарда бұрыннан бар теріасты шелінің атрофиясы жағдайында сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік

Флуцинар® анасына қолданудың пайдасы ұрық үшін ықтималды қауіптен артатын жағдайда ғана, жүктіліктің ІІ және ІІІ триместріндегі әйелдерде қолданылуы мүмкін.

Көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік препарат психомоторлық белсенділікті шектемейді, көлік құралдарын басқару және қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: терінің ауқымды беткейіне ұзақ қолданғаннан кейін келесі симптомдар орын алуы мүмкін: ісінулер, артериялық гипертензия, гипергликемия, инфекцияларға қарсы тұрудың төмендеуі, ал ауыр жағдайларда Кушинг синдромының дамуы.

Емі: дәрілік затты біртіндеп тоқтату және глюкокортикостероидтардың белсенділігі әлсіз емді пайдалану керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г ішкі беткейі лакталған алюминий сықпаларда.

Бір сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Jelfa Фармзауыты A.Қ.

58-500 Jelenia Góra, ul.W.Pola 21, Польша

Тіркеу куәлігінің иесі

«Валеант» ЖШҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі

Қазақстан, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 17 үй, «Нұрлы-Тау» бизнес орталығы, 4Б Блок, 1104 кеңсе

 

Телефон + 727 3 111 516, факс + 7 727 3 111 517

Электронды поштасы Office.KZ@valeant.com

 

 

Прикрепленные файлы

273635651477976291_ru.doc 62 кб
713564471477977482_kz.doc 66.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники