Флуконазол (150 мг) (Флуконазол)

МНН: Флуконазол
Производитель: Технолог ЧАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fluconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№000027
Информация о регистрации в РК: 23.07.2021 - 23.07.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Флуконазол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Флуконазол

Дәрілік түрі, дозасы

Қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг, 100 мг, 150 мг

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Триазол туындылары. Флуконазол.

АТХ коды J02АС01

Қолданылуы

Ересек пациенттерде емдеу мақсатында қолданады:

- криптококкты менингит

- кокцидиоидомикоз

- инвазиялық кандидоз

- шырышты қабық кандидозы, оның ішінде ауыз-жұтқыншақ, өңеш кандидозы, кандидурия, созылмалы тері-шырышты кандидоз

- ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін пайдаланудан туындаған кандидоз), ауыз қуысының гигиенасы жеткіліксіздігінде және жергілікті ем тиімсіз болғанда

- жедел немесе қайталанған қынаптық кандидоз, жергілікті емдеу мүмкін болмағанда

  • - кандидоздық баланит, жергілікті ем қолданылмайтын болғанда

  • - дерматомикоздар, табан, дене микоздарын қоса, дерматомикоз, түрлі-түсті теміреткі және тері кандидоздары, жүйелі емдеу көрсетілген кезде

  • - тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз), басқа препараттарды қолдануға болмайтын кезде.

  • Ересек пациенттерде профилактика мақсатында қолданылады:

  • - қайталанулар қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингит қайталанулары

  • - қайталанудың жоғары қаупіне бейім, АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде ауыз жұтқыншақ және өңеш кандидозының қайталанулары

    - қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін (жылына 4 немесе одан көп эпизодтар) азайту

    - ұзаққа созылатын нейтропениясы бар пациенттердегі кандидоздық инфекциялар профилактикасы (мысалы, химиялық емнен өтетін гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде немесе гемопоэздік діңді жасушалар трансплантациясы жасалған пациенттерде).

  • 6 -тен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер:

  • - шырышты қабықтың кандидозы (ауыз-жұтқыншақ кандидозы, өңеш кандидозы), инвазивті кандидоз, криптокококкты менингит

  • - иммун тапшылығы бар пациенттерде кандидозды инфекциялардың профилактикасы

  • - қайталану қаупі жоғары балалардағы криптококкты менингиттің қайталануын болдырмау үшін демеуші ем ретінде.

    Емдеу бактериологиялық және басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғанға дейін тағайындалуы мүмкін. Алайда, бұл нәтижелер белгілі бола салысымен, инфекцияға қарсы емді алынған нәтижелерге сәйкес түзету керек.

    Осы препаратты қолданғанда зеңге қарсы дәрілік заттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды басшылыққа алу қажет.

    Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

    Қолдануға болмайтын жағдайлар

    - флуконазолға, басқа азольдық қосылыстарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

    - флуконазолды көп рет тәулігіне 400 мг немесе одан жоғары дозаларда қолданатын пациенттерге флуконазолды және терфенадинді бір мезгілде қолдану (көп реттік қолданудағы өзара әрекеттесулерді зерттеу нәтижелеріне сәйкес)

    - флуконазолды және QТ аралығын ұзартатын әрі СYР3А4 ферментінің көмегімен метаболизденетін (мысалы, цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин, амиодарон және эритромицин) басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану

    - 6 жасқа дейінгі балаларға

    - жүктілік және бала емізу кезеңі

    - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

    Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

    Дерматофития. Балалардағы дерматофитияны емдеуге арналған флуконазолды зерттеу нәтижелеріне сәйкес флуконазолдың тиімділігі гризеофульвиннен аспайды және тиімділіктің жалпы көрсеткіші 20% - дан аз. Сондықтан препаратты дерматофитияны емдеу үшін қолдануға болмайды.

    Криптококкоз. Флуконазолдың басқа жердегі криптококкозды (мысалы, өкпе криптококкозын және тері криптококкозын) емдеудегі тиімділігіне дәлелдер жеткіліксіз, сондықтан мұндай ауруларды емдеу үшін дозалау жөніндегі ұсыныстар жоқ.

    Терең эндемиялық микоздар. Флуконазолдың паракокцидиоидомикоз, гистоплазмоз және тері-лимфалық споротрихоз сияқты эндемиялық микоздардың басқа түрлерін емдеуге тиімділігінің дәлелдері жеткіліксіз, сондықтан мұндай ауруларды емдеу үшін дозалау жөніндегі ұсыныстар жоқ.

    Бүйрек жүйесі. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек.

    Бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігі. Кетоконазол бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігін тудыратыны белгілі және ол сирек байқалса да, флуконазолға да қатысты болуы мүмкін. Преднизонмен бір мезгілде емдеумен байланысты бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігі "Флуконазолдың басқа дәрілік заттарға әсері" бөлімінде сипатталған.

    Гепатобилиарлық жүйе. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек. Флуконазолды қолдану сирек жағдайларда әсіресе негізгі аурулары ауыр күйдегі пациенттерде өлімге ұшыратуды қоса, ауыр гепатоуыттылықтың дамуымен байланысты. Гепатоуыттылықтың дамуы флуконазолды қолданумен байланысты болған жағдайларда, оның препараттың жалпы тәуліктік дозасына, емнің ұзақтығына, пациенттің жасына және жынысына байланыстылығы белгіленбеген. Әдетте флуконазолдан туындаған гепатоуыттылық қайтымды болады, ал оның көріністері емді тоқтатқаннан кейін жойылады.

    Флуконазолды қолданғанда бауырдың функционалдық сынамалары нәтижелерінің ауытқуы байқалатын пациенттерге бауырдың неғұрлым ауыр зақымдануының дамуына қатысты мұқият бақылау орнату керек.

    Бауырға күрделі ықпалын білдіретін сиптомдар (айқын астения, анорексия, тәбеттің болмауы, ұдайы жүрек айнуы, құсу және сарғаю) туралы пациентке мәлімделуі тиіс. Мұндай жағдайда флуконазолды қолдануды дереу тоқтатып, дәрігермен кеңесу қажет.

    Жүрек-қан тамырлар жүйесі. Электрокардиограммада QТ аралығының ұзаруы кейбір азолдарға, оның ішінде флуконазолға байланысты. Флуконазол түзеткіш калий өзекшесін (Ikr) бәсеңдету арқылы QТ аралығын ұзартады. Басқа дәрілік заттардың (мысалы, амиодарон) әсері салдарынан QT аралығының ұзаруы СУР3А4 Р450 цитохромы ферментінің бәсеңдеуі нәтижесінде күшеюі мүмкін. Флуконазолды қолданғанда QТ аралығының ұзаруы және "пируэт" типті пароксизмальді қарыншалық тахикардияның өте сирек жағдайлары хабарланды. Мұндай хабарламалар жүректің құрылымдық аурулары, электролит алмасуының бұзылуы және QТ аралығына әсер ететін басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану сияқты елеулі қауіп факторлары бар ауыр науқастанған пациенттерге қатысты болды. Препаратты аритмияның даму қаупі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. QТс аралығын ұзартатын және СУР3А4 Р450 цитохромы ферментінің көмегімен метаболизденетін дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

    Галофантрин. Галофантрин CYP3A4 ферментінің субстраты болып табылады және ұсынылған емдік дозаларда қолданғанда QТс аралығын ұзартады. Галофантрин мен флуконазолды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

    Дерматологиялық реакциялар. Флуконазолды қолданғанда Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты эксфолиативті тері реакцияларының дамуы туралы сирек хабарланған.

    Флуконазолды қолдану кезінде эозинофилиямен және жүйелік білінулермен (DRESS) дәрілік реакцияны қоса, күрделі тері реакцияларының дамуы туралы хабарланды.

    ЖИТС бар пациенттер көптеген дәрілік заттарды қолданғанда ауыр тері реакцияларының дамуына бейім. Егер беткейлік зеңді инфекциясы бар пациентте флуконазолды қолданумен астасқан бөртпелер пайда болса, препаратты одан әрі қабылдауды тоқтату керек. Егер инвазивті/жүйелі зеңді инфекциясы бар пациентте теріде бөртпелер пайда болса, оның жай-күйін мұқият бақылау керек, ал буллезді бөртпелер немесе полиморфты эритема дамыған жағдайда флуконазолды қолдануды тоқтату керек.

    Аса жоғары сезімталдық. Өте сирек жағдайларда анафилаксиялық реакциялардың дамығаны туралы хабарланған.

    Р450 цитохромы. Флуконазол СYР2С9 ферментінің күшті тежегіші және СYР3А4 ферментінің орташа тежегіші болып табылады. Сондай-ақ флуконазол СYР2С19 ферментінің де тежегішіне жатады. Флуконазолды және СYР2С9, СYР2С19 және СYР3А4 қатысуымен метаболизденетін емдік аясы тар препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттердің жай-күйін бақылау керек.

    Терфенадин. Терфенадин мен флуконазолды тәулігіне 400 мг-ден аз дозада бір мезгілде қолданғанда пациенттің жай-күйін мұқият бақылау керек.

    Кандидоз. Зерттеулер Candida штамдары инфекцияларының айырмашылығы C. albicans-тен басым екенін көрсетті. Олар флуконазолға жиі төзімділік (мысалы, C. krusei және C. auris) немесе аз сезімталдық (C. glabrata) көрсетеді. Мұндай инфекциялар флуконазолмен ем тиімсіз болғанда зеңге қарсы баламалы емді талап етуі мүмкін. Дәрігерлерге әр түрлі Candida түрлерінің флуконазолға төзімділігінің ауқымы кеңдігін ескеру ұсынылады.

    Қосымша заттар

    Препарат құрамында лактоза моногидраты бар. Галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге бұл препаратты қабылдауға болмайды.

    Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

    Флуконазолды және төменде көрсетілген дәрілік заттарды бірге қолдануға болмайды

    Цизаприд. Флуконазол мен цизапридті бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде жүрек тарапынан жағымсыз реакциялардың, оның ішінде «пируэт» типті пароксизмальді қарыншалық тахикардияның (torsade de pointes) дамуы байқалды. Бақыланатын зерттеу барысында флуконазолды 200 мг дозада тәулігіне 1 рет және 20 мг дозада цизапридті тәулігіне 4 рет бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы цизаприд концентрациясының елеулі жоғарылауына және QТс аралығының ұзаруына әкелді. Флуконазол мен цизапридті бір мезгілде қолдануға болмайды.

    Терфенадин. QTc аралығы ұзаруынан туындаған ауыр жүрек аритмияларының даму жағдайларымен байланысты, зеңге қарсы азолдар тобындағы дәрілік заттарды терфенадинмен бір мезгілде қолданған пациенттерде осы препараттардың өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген. Бір зерттеуде тәулігіне 200 мг дозада флуконазол қолдану кезінде QTc аралығының ұзаруы байқалмаған. Басқа зерттеуде тәулігіне 400 және 800 мг дозаларда флуконазол қолдану кезінде флуконазолды тәулігіне 400 мг немесе одан жоғары дозаларда қолданудың осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында терфенадин деңгейін едәуір арттыратынын көріністеді. Флуконазолды 400 мг немесе одан жоғары дозаларда терфенадинмен біріктіріп қолдануға болмайды. Флуконазолды тәулігіне 400 мг-ден төмен дозаларда терфенадинмен бір мезгілде қолданғанда пациент жағдайына мұқият мониторинг жүргізген жөн.

    Астемизол. Флуконазолды және астемизолды бірге қолдану астемизолдың клиренсін төмендетуі мүмкін. Осыдан туындайтын қан плазмасындағы астемизол концентрациясының жоғарылауы, өз кезегінде, QT аралығының ұзаруына және сирек жағдайларда «пируэт» типті пароксизмальді қарыншалық тахикардияға (torsade de pointes) әкеліп соғуы мүмкін. Флуконазол мен астемизолды бір мезгілде қолдануға болмайды.

    Пимозид және хинидин. Флуконазол мен пимозидті немесе хинидинді бірге қолдану пимозид немесе хинидин метаболизмінің бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін. Қан плазмасында пимозид немесе хинидин концентрациясының жоғарылауы QТ аралығының ұзаруын туындатуы және сирек жағдайларда «пируэт» типті пароксизмальді қарыншалық тахикардияның дамуына әкелуі мүмкін. Флуконазол мен пимозидті немесе хинидинді бір мезгілде қолдануға болмайды.

  • Эритромицин. Эритромицин мен флуконазолды бір мезгілде қолдану кардиоуыттылықтың даму қаупінің жоғарылауына (QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті пароксизмальді қарыншалық тахикардия (torsade de pointes) дамуы), соның салдарынан, кенет коронарлық өлімге әкелуі мүмкін. Флуконазол мен эритромицинді бір мезгілде қолдануға болмайды.

  • Флуконазолды және төменде көрсетілген дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды

  • Галофантрин. Флуконазол СYР3А4-ке бәсеңдету әсері есебінен галофантриннің қан плазмасындағы концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану кардиоуыттылықтың даму қаупінің жоғарылатуы (QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті пароксизмальді қарыншалық тахикардияның (torsade de pointes) дамуы), соның салдарынан кенет коронарлық өлімге әкелуі мүмкін. Бұл дәрілік заттардың біріктірілімін қолданудан аулақ болу керек.

  • Бірге қолдануда сақ болу керек

    Амиодарон. Флуконазолды амиодаронмен бір мезгілде қолдану QT аралығының ұзаруына әкелуі мүмкін. Флуконазол мен амиодаронды, әсіресе флуконазолдың жоғары дозаларымен (800 мг) бір мезгілде қолдану қажет болса, сақтық таныту керек.

    Флуконазолды және төменде көрсетілген дәрілік заттарды бірге қолдану сақтықты және дозаны түзетуді талап етеді

    Басқа дәрілік заттардың флуконазолға ықпал етуі

    Рифампицин. Флуконазол мен рифампицинді бір мезгілде қолдану флуконазолдың AUC мәнінің 25%-ға азаюына және жартылай шығарылу кезеңінің 20%-ға қысқаруына әкелді. Рифампицин қабылдап жүрген пациенттерде флуконазолдың дозасын жоғарылату мәселесін қарастырған жөн.

    Бір мезгілде ас ішу, циметидинді, антацидтерді қолдану немесе сүйек кемігін ауыстырып қондыру үшін бүкіл денені сәулелендіру флуконазолды ішу арқылы қолданғанда оның сіңуіне клиникалық мәнді әсер етпейді.

    Гидрохлоротиазид. Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуін зерттеуде флуконазол алған дені сау еріктілерге гидрохлоротиазидті бір мезгілде көп рет қолдану флуконазолдың қан плазмасындағы концентрациясын 40% - ға арттырды. Өзара әрекеттесудің мұндай параметрлері бір мезгілде несеп айдайтын дәрілер алатын пациенттер үшін флуконазолдың дозалау режимінде өзгерістерді талап етпейді.

  • Флуконазолдың басқа дәрілік заттарға ықпал етуі

  • Флуконазол Р450 цитохромының CYP2C9 изоферментінің күшті тежегіші және СYР3А4 орташа тежегіші болып табылады. Бұдан бөлек, флуконазол СYР2С19 тежегішіне де жатады. Анықталған/белгіленген өзара әрекеттесулерге қоса (төменде келтірілген), флуконазолмен бір мезгілде қолданған кезде СYР2С9, СYР2С19 және СYР3А4 арқылы метаболизденетін басқа препараттардың қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылау қаупі бар. Сондықтан препараттардың мұндай біріктірілімдерін сақтықпен қолдану керек; мұндайда пациенттердің жай-күйін мұқият бақылау қажет. Флуконазолдың ферменттерді тежегіш әсері жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығына байланысты емдеу аяқталғаннан кейін 4-5 тәулік бойы сақталады.

  • Альфентанил. Дені сау еріктілерде флуконазолды (400 мг дозада) және альфентанилді (20 мкг/кг дозада вена ішіне) бір мезгілде қолдану АUС10 екі есе ұлғаюына әкелді (СYР3А4 изоферментінің тежелуінен болуы ықтимал). Альфентанилдің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

    Амитриптилин, нортриптилин. Флуконазол амитриптилиннің және нортриптилиннің әсерін күшейтеді. Біріктірілген емнің басында және емдеудің бірінші аптасы өткен соң 5-нортриптилин және/немесе S-амитриптилин концентрацияларын өлшеу ұсынылады. Қажет болған жағдайда амитриптилин/нортриптилин дозасын түзету керек.

    Амфотерицин В. Иммунитеті қалыпты және төмен, инфекция жұқтырған тышқандарға флуконазол мен В амфотерицинді бір мезгілде қолданғанда мынадай нәтижелер алынды: C. аlbicans тудырған жүйелі инфекциясында зеңге қарсы аздаған аддитивті әсері білінді; Cryptococcus neoformans туындатқан бассүйекішілік инфекцияларында өзара әрекеттесулер болған жоқ; Aspergillus fumigatus туындатқан жүйелі инфекцияларында екі препараттың антагонизмі. Осы зерттеулер барысында алынған нәтижелердің клиникалық маңызы белгісіз.

    Антикоагулянттар. Тіркеуден кейінгі бақылау кезеңінде флуконазол мен варфаринді бір мезгілде қолданған кезде проторомбин уақытының ұлғаюынан туындаған қан кетулер жағдайының дамуы туралы (қанталаулар, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, гематурия және мелена) хабарланған. Осындай құбылыстар азолдар тобындағы басқа да зеңге қарсы дәрілерді қолданған кезде байқалған. Флуконазол мен варфаринді бір мезгілде қолданған кезде протромбин уақытының екі есе ұлғаюы байқалған, бұл СYР2С9 арқылы варфариннің метаболизмінің бәсеңдеуі салдарынан болуы ықтимал. Кумариндік қатардағы антикоагулянттарды флуконазолмен бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде протромбин уақытын мұқият бақылау ұсынылады. Қажет болған жағдайда варфариннің дозасын түзету керек.

  • Бензодиазепиндер қысқа әсерлі, мысалы, мидазолам, триазолам. Мидазоламды және флуконазолды ішу арқылы қолданудан кейін қан сарысуында мидазолам концентрациясының едәуір жоғарылауы және психомоторлық әсерлері байқалды. Флуконазолды 200 мг дозада және мидазоламды 7,5 мг дозада ішке бір мезгілде қолдану, тиісінше, мидазоламның AUC және жартылай шығарылу кезеңінің 3,7 және 2,2 есе артуына әкелді. Флуконазолды тәулігіне 200 мг дозада және 0,25 мг триазоламды ішке қолдану триазоламның AUC және жартылай шығарылу кезеңінің, тиісінше, 4,4 және 2,3 есе артуына әкелді. Флуконазол мен триазоламды бір мезгілде қолданғанда триазолам әсерлерінің күшеюі және ұзаққа созылуы байқалды. Егер флуконазол қабылдайтын пациенттерге бензодиазепиндермен бір мезгілде ем жүргізу керек болса, соңғысының дозасын азайтып, пациент жағдайына тиісті бақылау орнату мәселесін қарастыру керек.

  • Карбамазепин. Флуконазол карбамазепиннің метаболизмін бәсеңдетеді және қан плазмасындағы карбамазепин концентрациясының 30% жоғарылауына жағдай жасайды, бұл өз кезегінде, карбамазепиннің уыттылық әсерлерінің дамуымен қатар жүруі мүмкін. Карбамазепиннің қандағы концентрация деңгейіне және емдік әсерінің айқындық дәрежесіне байланысты оның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

    Кальций өзекшелерінің блокаторлары. Кейбір кальций өзекшелерінің блокаторлары (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 ферментінің көмегімен метаболизденеді. Флуконазол кальций өзекшелері блокаторларының жүйелі экспозициясын арттыруға қабілетті. Жағымсыз реакцияларды анықтауға қатысты мұқият мониторинг өткізу ұсынылады.

    Целекоксиб. Флуконазолды (тәулігіне 200 мг дозада) және целекоксибті (200 мг дозада) бір мезгілде қолданғанда целекоксибтің ең жоғарғы концентрациясының және AUC, тиісінше, 68% және 134% жоғарылауы байқалды. Целекоксиб пен флуконазолды бір мезгілде қолданғанда целекоксиб дозасын екі есе азайту қажет болуы мүмкін.

    Циклофосфамид. Циклофосфамид пен флуконазолды бір мезгілде қолдану қан сарысуында билирубин және креатинин деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Бұл препараттарды, қан сарысуында билирубин мен креатинин концентрацияларының жоғарылау қаупін ескеріп, бір мезгілде қолдануға болады.

    Фентанил. Фентанил мен флуконазолдың өзара әрекеттесу мүмкіндігі салдарынан фентанилмен уыттанудан өлімге соқтырған бір жағдай хабарланды. Оның үстіне, дені сау еріктілердегі зерттеуде фентанил элиминациясын флуконазолдың едәуір баяулатуы көріністелді. Фентанил концентрациясының жоғарылауы тыныстың тарылуына әкелуі мүмкін. Тыныс тарылуының әлеуетті қаупін анықтау мақсатында пациенттердің жағдайын мұқият бақылау қажет. Фентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

  • ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері. Флуконазолды және CYP3A4 арқылы метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін (аторвастатин және симвастатин сияқтылар), немесе CYP2C9 арқылы метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін (флувастатин сияқтылар) бір мезгілде қолдану миопатияның және рабдомиолиздің даму қаупін арттырады. Осы препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болғанда миопатия және рабдомиолиз симптомдарының пайда болуына қатысты пациентті мұқият қадағалаған және креатинкиназа деңгейіне мониторинг жүргізген жөн. Креатинкиаза деңгейі айқын жоғарылаған жағдайда, сондай-ақ миопатия/рабдомиолиз диагностикаланғанда немесе оған күдіктенгенде ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін қолдануды тоқтату керек.

  • Ибрутиниб. Флуконазол сияқты CYP3A4 орташа тежегіштері плазмадағы ибрутиниб концентрациясын арттырады және уыттылық қаупін арттыруы мүмкін. Егер препараттарды біріктірілімде қолданбауды болдырмау мүмкін болмаса, тежегішті қолдану кезеңінде ибрутиниб дозасын тәулігіне бір рет (2 капсула) 280 мг дейін азайту және мұқият клиникалық мониторингті қамтамасыз ету қажет.

    Ивакафтор. Муковисцидозды трансжарғақшалық өткізгіштік реттегішін (CFTR) күшейткіш ивакафтормен бір мезгілде қолдану ивакафтордың экспозициясын 3 есе, ал гидроксиметиливакафторды (М1) 1,9 есе арттырады. Флуконазол және эритромицин сияқты CYP3A4 орташа тежегіштерін бір мезгілде қолданатын пациенттер үшін ивакафтор дозасын тәулігіне бір рет 150 мг дейін төмендету ұсынылады.

    Олапариб. Флуконазол сияқты CYP3A4 орташа тежегіштері плазмадағы олапариб концентрациясын арттырады; бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер біріктірілімді болдырмауға болмаса, олапариб дозасын күніне екі рет 200 мг-ға дейін шектеу керек.

    Иммуносупрессорлар (мысалы, циклоспорин, эверолимус, сиролимус және такролимус)

  • Циклоспорин. Флуконазол циклоспорин концентрациясын және AUC мәнін едәуір жоғарылатады. Флуконазолды тәулігіне 200 мг дозада және циклоспоринді тәулігіне 2,7 мг/кг дозада бір мезгілде қолданғанда циклоспорин AUC 1,8 есе ұлғаюы байқалды. Бұл препараттарды циклоспорин дозасын оның концентрациясына қарай азайтқан жағдайда бір мезгілде қолдануға болады.

  • Эверолимус. Тиісті in vitro және in vivo зерттеулер жүргізілмесе де, флуконазол CYP3А4 бәсеңдеуімен байланысты қан сарысуында эверолимус концентрациясын арттыруы мүмкін деп саналады.

    Сиролимус. Флуконазол сиролимустың қан плазмасындағы концентрациясын СУР3А4 ферментімен және Р-гликопротеинмен сиролимус метаболизмін бәсеңдету жолымен жоғарылатуы ықтимал. Бұл препараттарды сиролимус дозасын түзетумен препаратты қолданудың концентрациясы мен әсеріне байланысты бір мезгілде қолдануға болады.

  • Такролимус. Флуконазол такролимусты ішу арқылы қолданған кезде такролимустың метаболизмін СYР3А4 ферментімен ішекте тежеу арқылы оның қан сарысуындағы концентрациясын 5 есеге дейін жоғарылата алады. Такролимусты вена ішіне қолданған кезде фармакокинетиканың елеулі өзгерістері байқалған жоқ. Такролимустің қан сарысуындағы концентрациясының жоғарылығы нефроуыттылықпен дамуымен астасады. Ішке қабылдауға арналған такролимус дозасын оның қандағы концентрациясына байланысты төмендету керек.

  • Лозартан. Флуконазол лозартанның метаболизмін оның белсенді метаболитіне дейін (Е-3174) бәсеңдетеді, бұл лозартанды қолданған кездегі ангиотензин II рецепторларына антагонизммен байланысты әсерлердің үлкен бөлігіне жауап береді. Бүкіл емдеу кезеңінде пациенттердің артериялық қысымына ұдайы мониторинг жүргізу ұсынылады.

    Метадон. Флуконазол қан сарысуындағы метадон концентрациясын арттыруы мүмкін. Метадон мен флуконазолды бір мезгілде қолданғанда метадон дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

    Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП). Флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда флурбипрофен Сmax және AUC мәндері, тек флурбипрофен қолдану кезіндегі сәйкес көрсеткіштермен салыстырғанда, тиісінше, 23% және 81% жоғарылады. Осыған ұқсас, флуконазол мен рацемиялық ибупрофенді (400 мг дозада) бір мезгілде қолданғанда ибупрофеннің фармакологиялық белсенді S-(+) изомерінің Сmax және AUC мәндері, тек рацемиялық ибупрофен қолдану кезіндегі сәйкес көрсеткіштермен салыстырғанда, тиісінше, 15% және 82% жоғарылады.

    Мақсатты зерттеулер жүргізілмегеніне қарамастан, флуконазолдың CYP2C9 изоферменті арқылы метаболизденетін басқа ҚҚСД (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелі экспозициясын арттыру қабілеті белгілі. Бұл препараттарды бірге қолданған жағдайда ҚҚСД қабылдаумен байланысты жағымсыз реакцияларды және уытты көріністерді анықтау үшін жиі-жиі мониторинг өткізу ұсынылады. ҚҚСД дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

  • Фенитоин. Флуконазол бауырда фенитоинның метаболизмін бәсеңдетеді. 200 мг дозада флуконазолды және 250 мг дозада фенитоинды вена ішіне көп рет бір мезгілде қолдану фенитоинның AUC24 және Сmin тиісінше 75% және 128%-ға артуына әкелді. Осы дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда фенитоинның уытты әсерінің дамуының бар-жоқтығын анықтау үшін қан плазмасында фенитоинның концентрациясына мониторинг жүргізген жөн.

  • Преднизон. Бауыр трансплантациясынан кейін пациентте 3 айлық емдеу курсынан кейін флуконазолды тоқтату аясында бүйрекүсті безі қыртысының жедел жеткіліксіздігінің дамуы жөнінде хабарлар бар. Болжам бойынша, флуконазолмен емді тоқтату CYP3A4 белсенділігінің жоғарылауына әкелген, бұл преднизонның метаболизмін күшейтеді. Преднизонмен және флуконазолмен ұзақ уақыт бойы біріктірілген ем алушы пациенттер флуконазолды қабылдауды тоқтатқан кезде бүйрекүсті безі қыртысы жеткіліксіздігін анықтау мақсатында мұқият медициналық бақылауда болуы тиіс.

  • Рифабутин. Флуконазол рифабутиннің қан сарысуындағы концентрациясын жоғарылатады, бұл рифабутиннің АUС 80% дейін ұлғаюына әкеледі. Флуконазолды және рифабутинді бір мезгілде қолданған кезде увеиттің дамыған жағдайлары баяндалған. Дәрілік заттардың мұндай біріктірілімін қолданған кезде рифабутиннің уыттылық әсерінің симптомдарын ескеру керек.

  • Саквинавир. Флуконазол CYP3A4 изоферментімен бауырдағы саквинавир метаболизмін тежеуге байланысты және P-гликопротеин тежелісіне байланысты саквинавирдің AUC және Cmax мәндерін, тиісінше, шамамен 50% және 55% арттырады. Флуконазол мен саквинавир/ритонавир арасындағы өзара әрекеттесу зерттелмеген, сондықтан олар бұдан да айқын сипатта болуы мүмкін. Саквинавир дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

  • Сульфонилмочевина туындылары. Дені сау еріктілердің қатысуымен жүргізілген зерттеулер флуконазолды ішілетін сульфонилмочевина туындыларымен (хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, тольбутамид) бір мезгілде қолдану олардың жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруына әкелетінін көрсетті. Флуконазолмен бір мезгілде қолданған кезде қандағы глюкоза деңгейін тұрақты бақылау және қажет болса, сульфонилмочевина препараттарының дозасын дер кезінде төмендету керек.

    Теофиллин. Флуконазолды 14 күн бойы 200 мг-ден қолдану қан плазмасындағы теофиллиннің орташа клиренсінің 18% - ға төмендеуіне әкелді. Теофиллинді жоғары дозаларда қолданатын немесе басқа себептер бойынша теофиллиннің уытты көріністерінің даму қаупі жоғары пациенттерді теофиллиннің уытты әсер ету белгілерін анықтау үшін мұқият бақылау керек. Уыттылық белгілері пайда болғанда емді өзгерту керек.

    Тофацитиниб. Тофацитинибтің әсері тофацитинибті CYP3A4 орташа тежелуіне де, CYP2C19 күшті тежелуіне де (мысалы, флуконазол) әкелетін препараттармен бір мезгілде қолданғанда артады. Сондықтан тофацитинибтің дозасын тәулігіне бір рет 5 мг-ға дейін, оны осы препараттармен біріктіргенде төмендету ұсынылады.

    Қабіршөп алкалоидтары. Мақсатты зерттеулер жүргізілмегеніне қарамастан, флуконазол қабіршөп алкалоидтарының қан плазмасындағы концентрациясын (мысалы, винкристиннің және винбластиннің) жоғарылатуға қабілетті, осылайша нейроуыттылықтың дамуына әкеліп соғады деп саналады, бұл СYР3А4 изоферментін тежеумен байланысты болуы мүмкін.

    А дәрумені. Бір мезгілде трансретин қышқылын (А дәруменінің қышқыл түрі) және флуконазолды қолданған пациентте мидың жалған ісігі түріндегі ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакциялар туындағаны, оның флуконазолды тоқтатқаннан кейін жойылғаны хабарланды. Бұл дәрілік заттарды бір мезгілде қолдануға болады, бірақ ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакциялардың туындау қаупін есте ұстаған жөн.

  • Вориконазол (СYР2С9 және СYР3А4 тежегіштер). Вориконазолды ішу арқылы (1-ші күні әр 12 сағат сайын 400 мг-ден, содан соң 2,5 күн бойы әр 12 сағат сайын 200 мг-ден) және флуконазолды ішу арқылы (бірінші күні 400 мг, содан соң 4 күн бойы әр 24 сағат сайын 200 мг-ден) еркек жынысты 8 дені сау еріктілер бір мезгілде қолданғанда вориконазолдың Сmax және АUС тиісінше орта есеппен 57 % (90 % СА: 20 %, 107%) және 79 % (90% СА: 40 %, 128%) жоғарылауына әкелді. Вориконазолды немесе флуконазолды қолдану дозасын және/немесе жиілігін азайту мұндай әсердің жойылуына әкеле ме, жоқ па белгісіз. Вориконазолды флуконазолмен бірге қолданғанда пациенттердің жай-күйіне вориконазол қолданумен байланысты жағымсыз әсерлердің дамуы бойынша бақылау жүргізу керек.

  • Зидовудин. Ішу арқылы қолданған кезде флуконазол зидовудиннің клиренсін шамамен 45%-ға төмендетеді және зидовудиннің Сmax пен AUC мәндерін, сәйкесінше, 84%-ға және 74%-ға арттырады. Бұдан басқа, флуконазолмен бір мезгілде қолданған кезде зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңінің шамамен 128%-ға ұзарғаны байқалды. Дәрілік заттардың осындай біріктірілімін қабылдап жүрген пациенттер зидовудинді қолданумен байланысты жағымсыз реакцияларды анықтау мақсатында бақылауға алынуы тиіс. Қажет болса зидовудиннің дозасын төмендетуге болады.

    Азитромицин. Азитромицинді 1200 мг дозада бір рет қабылдаудың флуконазол фармакокинетикасына 800 мг дозада бір рет қолданғанда, сондай-ақ флуконазолдың азитромицин фармакокинетикасына әсерін анықтау үшін 18 дені сау еріктілердің қатысуымен ашық, рандомизацияланған, үшжақты айқаспалы зерттеу жүргізілді. Флуконазол мен азитромицин арасында елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ.

    Пероральді контрацептивтер. Флуконазолды көп рет қабылдау аясында біріктірілген пероральді контрацептивті қолдануға екі фармакокинетикалық зерттеу жүргізілді. Флуконазолды 50 мг дозада қолданған кезде гормондар деңгейіне елеулі ықпалы байқалған жоқ, ал флуконазолды 200 мг дозада күн сайын қабылдаған кезде этинилэстрадиолдың және левоноргестрелдің АUС сәйкесінше 40% және 24% ұлғайды. Осылайша, флуконазолды көрсетілген дозаларда көп рет қолдану біріктірілген ішілетін контрацептивтердің тиімділігіне ықпал ете қоймайтынын айғақтайды.

    Арнайы сақтандырулар

    Жүктілік немесе лактация кезінде

    Зерттеулер жүктіліктің I триместрінде флуконазол алған әйелдерде өздігінен түсік тастау қаупінің жоғарылауын көрсетеді.

    Кокцидиоидомикозды емдеу үшін аналары үш және одан да көп ай бойы флуконазолды жоғары дозаларда (тәулігіне 400-800 мг) қабылдаған жаңа туған нәрестелерде (брахицефалияны, құлақ ойығының дисплазиясын, еңбегінің алдыңғы жағының шамадан тыс ұлғаюын, санның қисаюын, иық-шынтақ синостозын қоса) көптеген туа біткен ақаулар жағдайлары сипатталған, дегенмен бұл жағдайлардың флуконазолды қабылдаумен себеп-салдарлық байланысы түсініксіз.

    Флуконазолды жануарларда зерттеу препараттың репродуктивті уыттылығын көрсетті.

    Флуконазол стандартты дозаларда және қысқа мерзімді емдеу үшін, күтілетін пайдасы қауіптен едәуір асатын жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде пайдаланылмауы тиіс.

    Флуконазолды жоғары дозаларда және/немесе ұзақ уақыт қолдану үшін, өмірге қауіп төндіретін потенциалды инфекциялар жағдайларын қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

    Флуконазол емшек сүтіне өтеді және қан плазмасына қарағанда төмен концентрациясына жетеді. Бала емізуді 150 мг флуконазолды бір рет қолданғаннан кейін жалғастыруға болады.

    Флуконазолды көп рет қолданғанда немесе флуконазолдың жоғары дозаларын қолданғанда бала емізу ұсынылмайды. Емшекпен емізудің баланың дамуы мен денсаулығы үшін пайдасын, сондай-ақ ананың препаратқа клиникалық қажеттілігін және препараттың кез-келген ықтимал жағымсыз әсерлерін немесе емшек емізетін бала үшін ананың негізгі ауруын бағалау керек.

    Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

    Флуконазолдың автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Пациенттерді препаратты қолданғанда бас айналудың немесе құрысудың даму мүмкіндігі туралы хабардар ету керек. Мұндай симптомдар дамыған кезде автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу ұсынылмайды.

    Қолдану жөніндегі нұсқаулар

    Дозалану режимі

    Флуконазолдың тәуліктік дозалары зеңдік инфекцияның түрі мен ауырлығына байланысты. Қынаптық кандидоздың көптеген жағдайлары үшін препаратты бір рет қолдану жеткілікті.

    Препаратты көп рет қолдануды қажет ететін инфекцияларда, емдеуді белсенді зеңдік инфекцияның клиникалық немесе зертханалық белгілері жоғалғанға дейін жалғастыру керек. Емдеу ұзақтығы жеткіліксіздігі инфекцияның белсенді үдерісінің қайталануына әкеліп соғуы мүмкін.

    Ересектер

    Қолданылуы

    Дозалау бойынша ұсыныс

    Емдеу ұзақтығы

    Криптококкоз

    Криптококкты менингитті емдеу

    Жүктеме доза 1-ші күні 400 мг

    құрайды.

    Демеуші доза:200-400 мг/тәулік

    Емдеу ұзақтығы әдетте кемінде

    6-8 аптаны құрайды.

    Өмірге қауіп төндіретін инфекцияларда тәуліктік дозаны800 мг дейін арттыруға болады

    Даму қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингиттің қайталануын болдырмауға арналған демеуші ем

    Ұсынылатын доза тәулігіне 200 мг құрайды

    Уақыты анықталмаған

    Кокцидиоидомикоз

    Ұсынылатын доза тәулігіне 200-400 мг құрайды

    Емдеу ұзақтығы

    пациенттің жағдайына байланысты 11-24 ай немесе одан да көп.

    Инфекцияның кейбір түрлерін емдеу үшін, әсіресе менингитті емдеу үшін тәулігіне 800 мг дозаны қолдану орынды болуы мүмкін.

    Инвазивті кандидоз

    Жүктеме доза 1-ші күні 800 мг

    құрайды.

    Демеуші доза –400 мг/тәулік

    Кандидемияны емдеудің әдетте ұсынылған ұзақтығы қан сеппесінің алғашқы теріс нәтижелерінен және кандидемия белгілері мен симптомдары жоғалғаннан кейін 2 аптаны құрайды

    Шырышты қабық кандидозы

    Ауыз-жұтқыншақ кандидозы

    Жүктеме доза 1-ші күні 200-400 мг құрайды.

    Демеуші доза –

    100-200 мг/тәулік

    Емдеу ұзақтығы

    7-21 күн

    (ремиссияға жеткенге дейін), бірақ ауыр иммун тапшылығы бар пациенттер үшін артуы мүмкін

    Өңеш кандидозы

    Жүктеме доза 1-ші күні 200-400 мг құрайды.

    Демеуші доза –

    100-200 мг/тәулік

    Емдеу ұзақтығы

    14-30 күн

    (ремиссияға жеткенге дейін), бірақ ауыр иммун тапшылығы бар пациенттер үшін артуы мүмкін

    Кандидурия

    Ұсынылатын доза

    тәулігіне 200-400 мг

    7-21 күн ішінде. Ауыр иммун тапшылығы бар пациенттер үшін емдеу ұзақтығын ұлғайтуға болады

    Созылмалы атрофиялық кандидоз

    Ұсынылатын доза

    тәулігіне 50 мг

    14 күн ішінде

    Тері және шырышты қабықтардың созылмалы кандидозы

    Ұсынылатын доза

    тәулігіне 50-100 мг

    Емдеу ұзақтығы 28 күнге дейін, бірақ инфекцияның ауырлығы мен түріне немесе иммунитеттің төмендеуіне байланысты ұзартылуы мүмкін

    Қайталанудың даму қаупі жоғары, АИТВ инфекциясын жұқтырған

    пациенттерде шырышты қабық кандидозының қайталану

    профилакти-

    касы

    Ауыз-жұтқыншақ кандидозы

    100-200 мг/ тәулігіненемесе 200 мг

    3 рет/аптасына

    Емдеу ұзақтығы иммунитеті төмен пациенттер үшін шектеусіз болып табылады

    Өңеш кандидозы

    100-200 мг/ тәулігіненемесе 200 мг

    3 рет /аптасына

    Емдеу ұзақтығы иммунитеті төмен пациенттер үшін шектеусіз болып табылады

    Гениталиялық кандидоз

    Жедел қынаптық кандидоз

    150 мг

    Бір реттік доза

    Кандидозды баланит

    Қынаптық кандидоздың қайталануын (жылына 4 немесе одан көп эпизодтар) емдеу және

    профилактикасы

    Әр үшінші күні 150 мг, тек 3 доза

    (1-ші күн, 4-ші күн және 7-ші күн), содан кейін

    150 мг 1 рет/апта. демеуші доза түрінде

    Демеуші доза:6 ай бойы

    Дерматоми-коздар

    Табан микозы, тегіс тері микозы, шап аймағы дерматомикозы, терінің кандидоздық инфекциялары

    Ұсынылатын доза 150 мг

    аптасына

    1 рет немесе тәулігіне 1 рет 50 мг

    Емдеу ұзақтығы

    2-4 апта.

    Табан микозын емдеу 6 аптаға дейін созылуы мүмкін

    Түрлі-түсті теміреткі

    300-400 мг аптасына 1 рет

    1-3 апта

    50 мг тәулігіне 1 рет

    2-4 апта

    Дерматофитты

    онихомикоз

    Ұсынылатын доза 150 мг

    аптасына 1 рет.

    Емдеуді инфекцияланған тырнақ ауысып дені сауы өсіп шығуына дейін жалғастыру керек. Саусақтар мен бас бақайлардың тырнақтары қайтадан өсуі үшін әдетте тиісінше 3-6 ай немесе 6-12 ай қажет. Алайда әртүрлі пациенттерде, сондай-ақ жасына қарай өсу жылдамдығы әртүрлі болуы мүмкін. Ұзақ сақталған созылмалы инфекцияларды табысты емдеуден кейін кейде тырнақ пішінінің өзгеруі байқалады

    Ұзақ нейтропениясы бар пациенттерде кандидозды инфекциялардың профилактикасы

    200 мг-400 мг

    Емдеуді нейтропенияның күтіліп отырған дамуына дейін бірнеше күн бұрын бастау керек және

    нейтрофилдер саны 1000/мм3-тен артқаннан кейін 7 күн жалғастырады

    Пациенттердің ерекше топтары

    Егде жастағы пациенттер

    Дозаны бүйрек функциясының жай-күйіне байланысты таңдау қажет.

    Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

    Флуконазол негізінен өзгермеген түрде несеппен шығарылады. Препаратты бір рет қолданғанда пациенттердің осы санатының дозасын түзету қажет емес.

    Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге (балаларды қоса) препаратты бірнеше рет қолдану қажет болғанда емдеудің 1-ші күні көрсетілімдерге байланысты бастапқы 50-400 мг дозаны қолдану керек. Осыдан кейін тәуліктік дозаны (көрсетілімдерге байланысты) келесі кестеге сәйкес есептеу керек:

    Креатинин клиренсі (мл/мин)

    Ұсынылатын дозаның пайызы

    > 50

    100 %

    < 50 (диализсіз)

    50 %

    Ұдайы диализ

    100 % әрбір диализден кейін

    Тұрақты диализдегі пациенттер әрбір диализден кейін 100 % ұсынылған дозаны алуы тиіс. Диализ жүргізілмеген күні, пациент креатинин клиренсіне байланысты түзетілген дозаны алуы тиіс.

    Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге

    Флуконазолды бауыр функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен қолдану керек, өйткені флуконазолды пациенттердің бұл санатына қолдану туралы ақпарат жеткіліксіз.

    Балалар (6 жастан 18 жасқа дейін)

    Препаратты әдетте 6 жастан бастап қолдануға болады.

    Ең жоғары тәуліктік дозаны 400 мг асыруға болмайды.

    Ересектердегі ұқсас инфекциялар сияқты, емдеу ұзақтығы клиникалық және микологиялық жауапқа байланысты. Флуконазолды тәулігіне 1 рет қолданады.

    Бүйрек функциясы бұзылған балаларға препараттың дозасы төменде келтірілген. Флуконазолдың фармакокинетикасы бүйрек жеткіліксіздігі бар балаларда зерттелмеген.

    6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар

    Қолданылуы

    Дозалау бойынша ұсыныс

    Емдеу ұзақтығы

    Шырышты қабық кандидозында

    Бастапқы доза:

    6 мг/кг.Кейінгі доза:3 мг/кг/ тәулігіне

    Бастапқы дозаны тепе-тең концентрацияға жылдам қол жеткізу мақсатында1-ші күні қолдануға болады

    Инвазивті кандидозда

    6-12 мг/кг/ тәулігіне

    Аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты

    Криптококкты менингит

    Даму қаупі жоғары балаларда криптококкты менингиттің қайталануын болдырмауға арналған демеуші емде

    6 мг/кг/ тәулігіне

    Аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты

    Иммун тапшылығы бар пациенттерде кандидоздың профилактикасында

    3-12 мг/кг/ тәулігіне

    Индукцияланған нейтропенияның дәрежесі мен ұзақтығына байланысты

    (ересектерге арналған дозаларды қараңыз)

    12 жастан асқан балалар

    Дене салмағына және пубертаттық дамуына байланысты дәрігер препараттың қандай дозасы (ересектер үшін немесе балалар үшін) пациент үшін оңтайлы екенін бағалауы керек. Клиникалық деректер балаларда флуконазол клиренсі ересектермен салыстырғанда жоғары екенін көрсетеді. Ересектерде 100, 200 және 400 мг дозаларда және балаларда 3, 6 және 12 мг/кг дозаларда қолдану салыстырмалы жүйелік экспозицияға қол жеткізуге әкеледі.

    Балаларда гениталиялық кандидоздарды емдеу үшін флуконазолды қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Егер препаратты жасөспірімдерге (12 жастан 18 жасқа дейін) қолданудың шұғыл қажеттілігі болса, ересектерге арналған әдеттегі дозаларды қолдану керек.

    Енгізу әдісі және жолы

    Ішке қабылдау үшін.

    Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

    Таблеткаларды тұтас жұту керек. Препаратты ас ішуге байланыссыз қабылдайды.

    Емдеу ұзақтығы

    Әр адамға жекелей, зең инфекцияларының сипаты мен ауырлығына байланысты.

    Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

    Флуконазолдың артық дозалануы туралы хабарламалар бар. Бір мезгілде елестеулер және параноидтық мінез-құлық туралы хабарланған.

    Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық ем жүргізу (оның ішінде демеуші шаралар және асқазанды шаю) жеткілікті болуы мүмкін.

    Флуконазол негізінен несеппен шығарылады, сондықтан қарқындатылған диурез оның шығарылуын жылдамдатуы мүмкін. Ұзақтығы 3 сағаттық гемодиализ сеансы флуконазолдың қан плазмасындағы деңгейін шамамен 50%-ға төмендетеді.

    Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

    Деректер жоқ.

    Тоқтату синдромы қаупінің болуына көрсетілім

    Деректер жоқ.

    Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

    Егер осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңіздің кеңесіне жүгініңіз.

    ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

    Жиі

    - бас ауыру

    - іштің ауыруы, құсу, диарея, жүрек айну

    - аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің артуы

    - бөртпе

    Жиі емес

    - анемия

    - тәбеттің нашарларуы

    - ұйқышылдық, ұйқысыздық

    - құрысулар, парестезия, бас айналу, дәм сезудің бұзылуы

    - вертиго

    - іш қату, диспепсия, метеоризм, ауыздың құрғауы

    - холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің артуы

    - дәрі-дәрмектік дерматит (бекітілген дәрі-дәрмектік дерматитті қоса), есекжем, тері қышынуы, қатты тершеңдік

    - миалгия

    - қатты қажу, дімкәстік, астения, қызба

    Сирек

    - агранулоцитоз, лейкопения, тромбоцитопения, нейтропения

    - анафилаксия

    - гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, гипокалиемия

    - тремор

    - пароксизмальді «пируэт» типті қарыншалық тахикардия, QТ аралығының ұзаруы

    - бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымданулар

    - уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантематозды пустулез, эксфолиативті дерматит, ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі, алопеция

    Белгісіз

    - эозинофилиямен және жүйелік көріністермен дәрілік реакция (DRESS)

    Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

    http://www.ndda.kz

    Қосымша мәліметтер

    Дәрілік препарат құрамы

    Бір таблетканың құрамында

    белсенді зат: флуконазол 50 мг, 100 мг немесе 150 мг;

    қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, повидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты; қабықтың құрамы: гипромеллоза (гидроксипропилметилцеллю-

    лоза), титанның қостотығы (Е 171), тальк, полиэтиленгликоль 6000 (макрогол 6000), полисорбат 80.

    Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

    Дөңгелек пішінді, ақ немесе ақ дерлік түстегі қабықпен қапталған, үстіңгі және астыңғы беттері дөңес таблеткалар. Сындырылған жерін үлкейткіш әйнекпен қарағанда тұтастай бір қабатпен қоршалған ядросы көрінеді.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    10 таблеткадан (50 мг және 100 мг доза үшін) және 1 немесе 2 таблеткадан (150 мг доза үшін) поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольга негізінде орамалық қаптама материалдан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

    1 пішінді ұяшықты (50 мг және 100 мг доза үшін) қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

    1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан (150 мг доза үшін) 1 таблеткалы немесе 1 пішінді ұяшықты қаптамадан 2 таблеткалы медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

    Сақтау мерзімі

    3 жыл.

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

    Сақтау шарттары

    Түпнұсқалық қаптамасында 30 0С- ден аспайтын температурада сақтау керек.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецепт арқылы.

    Өндіруші туралы мәліметтер

    «Технолог» ЖАҚ.

    Украина, 20300, Черкасск обл., Умань қ., Старая прорезная көшесі, 8.

    тел./факс: +38-(04744) 4-03-02

    E-mail: info@technolog.ua

    Web site: www.lekhim.ua/tehnolog

    Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

    «Технолог» ЖАҚ.

    Украина, 20300, Черкасск обл., Умань қ., Старая прорезная көшесі, 8.

    тел./факс: +38-(04744) 4-03-02

    E-mail: info@technolog.ua

    Web site: www.lekhim.ua/tehnolog

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    «АЛДИМЕД» ЖШС.

    Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, Самал-1 ы/а, 1 үй

    тел/факс: (727) 263-27-34

    E-mail: aldimed@mail.ru

    20

    Прикрепленные файлы

    Флуконазол_каз_ИМП.docx 0.08 кб
    Проект_1_ИМП_(ЛВ)_Флуконазол_рус.docx 0.09 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники