Флударабин С.К (10 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Флударабин С.К.
Халықаралық патенттелмеген атауы
Флударабин
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - флударабин фосфаты 10 мг,
қосымша заттар: жүгері крахмалы, магний стеараты, лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кросповидон.
қабық құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), макрогол-400.
Сипаттамасы
Екі беті дөңес, сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Ісікке қарсы препараттар. Антиметаболиттер. Пуриндік аналогтар.
АТХ коды L01BB05
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қан плазмасындағы және несептегі флударабин (2F-ara-A) фармакокинетикасы
Флударабин фармакокинетикасы екпінді дозамен жылдам инъекция арқылы препаратты вена ішіне қолданғаннан және қысқа мерзімді инфузиядан кейін, сондай-ақ артынан жалғасатын ұзақ инфузия және сосын флударабин фосфатының (2-фтор-aрa-AМФ) пероральді дозасынан кейін зерттелген.
2-фтор-ара-А фармакокинетикасы мен обырмен ауыратын науқастардағы емнің тиімділігі арасындағы анық өзара байланыстылығы табылмады.
Алайда нейтропения жиілігі және гематокрит өзгерістері гематпоэздың бәсеңдеуі түріндегі флударабин фосфаты цитоуытты әсерінің дозаға тәуелді сипатын көрсетті.
Таралуы және метаболизмі
Флударабин фосфаты (2-фтор-ара-АМФ) флударабиннің (2-фтор-ара-А) суда еритін ізашары болып табылады, ол адам организмінде жылдам және толығымен 2- фтор-ара-А нуклеозидіне дейін дефосфорланады. Плазма ақуыздарымен байланысы үлкен емес. Ит организмінде негізгі метаболит болып табылатын басқа метаболит – 2-фтор-ара-гипоксантин тек адам организмінде ең төменгі мөлшерлерде табылады.
Созылмалы лимфолейкозбен (СЛЛ) ауыратын науқастарға 30 минут бойы 25 мг/м2 2-фтор-ара-АМФ бір рет енгізгеннен кейін қан плазмасындағы 2-фтор-ара-А ең жоғарғы орташа концентрациясы инфузия соңына қарай 3,5-3,7 мкМ деңгейіне жетті. Бесінші дозадан кейін флударабиннің (2-фтор-ара-А) тиісті деңгейлері инфузияның соңына қарай орташа ең жоғарғы 4,4-4,8 мкМ деңгейлермен орташа жинақталуды көрсетті. 5-күндік емдеу графигі ішінде плазмадағы флударабин (2-фтор-ара-А) деңгейі шамамен екі есеге ұлғайды. Бірақ емнің бірнеше циклынан кейін флударабин (2-фтор-ара-А) жинақталуы байқалмауы мүмкін.
Инфузия аяқталғаннан кейін бастапқы фазасы шамамен 5 минут, аралық – 1-2 сағат және терминальді – шамамен 20 сағат жартылай шығарылу кезеңімен ең жоғарғы концентрацияның үш фазалы төмендеуі байқалды.
Флударабин (2-фтор-ара-А) фармакокинетикасын зерттеу барысында нәтижелерді салыстыру орташа жалпы плазмалық клиренс (Cl) 79±40 мл/мин/м2 (2,2±1,2 мл/мин/кг), ал орташа таралу көлемі (Vss) – 83±55 л/м2 (2,4±1,6 л/кг) құрағанын көрсетті.
Деректер жоғарғы тұлғааралық ауытқуын көрсетті. Флударабин фосфатын вена ішіне және пероральді қабылдаудан кейін плазмадағы 2-фтор-ара-А және қисық астындағы «концентрация-уақыт» ауданы концентрациясы дозаға байланысты ұлғайды, ал жартылай шығарылу кезеңі, плазмалық клиренс және таралу көлемдері дозаға қарамастан тұрақты болып қалды.
Флударабин фосфатын ішке қабылдаудан кейін қан плазмасындағы 2-фтор-ара-А ең жоғарғы деңгейлерге 1-2 сағаттан соң жетеді және в/і инфузияның соңына қарай анықталатын деңгейден шамамен 20-30% құрады. 2-фтор-ара-А орташа биожетімділігі бір рет және қайта қабылдаудан кейін 50-65% шегінде болды және ерітіндіні ішке немесе босап шығуы жылдам таблеткалар түрінде қабылдағаннан кейін тура сондай болды.
2-фтор-ара-А тағаммен бір уақытта қабылдаудан кейін 2-фтор-ара-А биожетімділігінің (AUC) аздап ұлғаюы (<10%), қан плазмасындағы концентрациясының (Cmax) аздап төмендеуі және ең жоғарғы концентрациясына (Tmax) жету уақытының ұлғаюы байқалды, ал терминальді фазаның жартылай шығарылу кезеңі өзгермеді.
Шығарылуы
2-фтор-ара-А негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Вена ішіне енгізілген дозаның 40-тан 60%-ға дейінгісі несеппен шығарылады.
3Н-2-фтор-ара-АМФ қолданумен зертханалық жануарлардағы салмақ теңгерімін зерттеу радиоактивті таңбасы бар заттардың несеппен толық шығарылуын көрсетті.
Пациенттердің жеке топтарында пайдалану ерекшеліктері
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препарат клиренсінің жалпы төмендеуі байқалды, бұл дозаны төмендету қажеттілігін көрсетеді. Қан плазмасының ақуыздарымен болған in vitro зерттеулер 2-фтор-ара-А ақуыздармен байланысына айқын үрдістің жоқтығын анықтады.
Флударабин трифосфатының жасушалық деңгейдегі фармакокинетикасы
2-фтор-ара-А лейкемиялық жасушаға белсенді тасымалданады, одан кейін монофосфатқа дейін және сосын ішінара ди- және трифосфатқа дейін рефосфорланады. Трифосфат (2-фтор-ара-АТФ) негізгі жасушаішілік метаболит және цитоуытты белсенділікке ие белгілі метаболиттердің бірі болып табылады. СЛЛ бар пациенттердің лейкемиялық лимфоциттердегі 2-фтор-ара-АТФ ең жоғарғы деңгейі орташа есеппен 4-ші сағатқа қарай байқалды және шамамен 20 мкМ құрайтын орташа ең жоғарғы концентрациядан едәуір ауытқулармен сипатталды. Лейкемиялық жасушалардағы 2-фтор-ара-АТФ концентрациясы да оның қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына қарағанда едәуір жоғары болды, бұл нысана-жаушалардағы заттардың жинақталуын көрсетеді. Лейкоздық лимфоциттердің in vitro инкубациясы кезінде 2-фтор-ара-А концентрациясына байланысты болатын 2-фтор-ара-А жасушадан тыс экспозициясы мен инкубация жылдамдығы және 2-фтор-ара-АТФ жасушаішілік концентрациясы арасында дозаға тәуелділік анықталды.
Нысана-жасушалардағы 2-фтор-ара-АТФ жартылай шығарылу кезеңі орташа есеппен 15-тен 23 сағатқа дейінгіні құрайды.
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі
Флударабин С.К. құрамында флударабин фосфаты бар, вирусқа қарсы агенттің, видарабиннің, 9-β-D-арабинофуранозиладениннің (ара-А) суда еритін фторланған нуклеотидті аналогы, ол аденозиндезаминазамен дезаминациялануына қатысты төзімді. Адам организмінде флударабин фосфаты жасушалармен қармалатын 2-фтор-ара-А дейін жылдам дефосфорланады, сосын белсенді трифосфатқа (2-фтор-ара-АТФ) дейін дезоксицитидинкиназамен жасуша ішінде фосфорланады. Бұл метаболит РНК-редуктазаны, ДНК-полимеразаны (альфа, дельта және ипсилон), ДНК-праймазаны және ДНК-лигазаны тежейді, бұл ДНҚ синтезінің бұзылуына әкеледі. Одан өзге, ақуыз синтезінің артынша төмендеуімен РНК-полимераза II ішінара тежеледі.
2-фтор-ара-ATФ әсер ету механизмінің кейбір аспектілерінің анықтығы әлі жеткіліксіз екеніне қарамастан басым фактор жасушалар өсуінің кідіруіне ықпал ететін ДНҚ, РНҚ және протеиндер синтезіне әсері болып табылатыны болжанады. Одан өзге, in vitro зерттеулер 2-фтор-ара-А СЛЛ бар пациенттердің лимфоциттеріне ықпалы ДНҚ және апоптоздың қарқынды фрагментация механизмін белсендіретінін көрсетті.
Қолданылуы
- сүйек кемігінің жеткілікті қоры бар пациенттерде В-жасушалық созылмалы лимфоцитарлық лейкозды емдеу
Флударабинмен С.К. бірінші желідегі препарат ретінде емдеу RAI жүйесі (Binet жүйесі бойынша ‒ С сатыда) бойынша III/IV сатыдағы ауруы өршіген пациенттер немесе ауру симптомдары немесе аурудың өршу белгілері байқалған жағдайда RAI жүйесі (Binet жүйесі бойынша ‒ A/B сатыда) бойынша I/II сатыдағы пациентте ғана басталуы тиіс.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке қабылдау үшін.
Ересек пациенттер
Ұсынылған доза әрбір 28 күні 5 күн бойы тәулігіне бір рет дене беткейінің флударабин фосфатының/м2 40 мг құрайды. Мұндай доза флударабин фосфатының (күніне дене беткейінің 25 мг/м2) 1,6-реттік ұсынылған венаішілік дозасына сай келеді.
Келесі кесте қабылданатын таблеткалардың мөлшерін анықтауға арналған нұсқаулық болып табылады
Дене беткейінің ауданы (ДБА), м2 |
ДБА негізделген есептелген жалпы тәуліктік доза (тұтас мәнге дейін дөңгеленген), мг/күн |
Бір күндік таблеткалар мөлшері (жалпы тәуліктік доза) |
0,75-0,88 |
30-35 |
3 (30 мг) |
0,89-1,13 |
36-45 |
4 (40 мг) |
1,14-1,38 |
46-55 |
5 (50 мг) |
1,39-1,63 |
56-65 |
6 (60 мг) |
1,64-1,88 |
66-75 |
7 (70 мг) |
1,89-2,13 |
76-85 |
8 (80 мг) |
2,14-2,38 |
86-95 |
9 (90 мг) |
2,39-2,50 |
96-100 |
10 (100 мг) |
Емдеу ұзақтығы препаратпен емдеу тиімділігіне және жағымдылығына байланысты. Флударабин С.К. ең жақсы әсерге (толық немесе ішінара ремиссия, әдетте 6 цикл) жеткенге дейін қабылдау керек және одан кейін дәрілік затты қолдану тоқтатылуы тиіс.
Емнің бірінші циклында дозаны түзету (емді Флударабин С.К. препаратын қолданумен бастау) ұсынылмайды (бүйрек функциясы бұзылған пациенттерді қоспағанда).
Флударабин С.К. препаратын қолданумен емделіп жүрген пациенттер қабылдағыштыққа және уыттылыққа қатысты тұрақты бақылауда болуы тиіс. Жекелеген доза бақылау нәтижесінде алынған гематологиялық уыттылық туралы деректерге сәйкес мұқият түзетілуі тиіс.
Егер келесі циклдың басында қан жасушаларының мөлшері ұсынылған дозаны қабылдау үшін тым аз мөлшерді құраса және егер еммен байланысты миелосупрессияның даму ықтималдығы болса гранулоциттер саны 1,0×109/л жоғары, тромбоциттер саны 100×109/л жоғары көрсеткішке жеткенге дейін емнің жоспарланған циклын шегеру керек. Емді екі аптадан асырмай шегеруге болады. Егер гранулоциттер мен тромбоциттер саны екі аптадан соң қалпына келмесе доза келесі кестеде келтірілген нұсқауларға сәйкес төмендетілуі тиіс.
Гранулоциттер [109/л] және/немесе тромбоциттер [109/л] |
Флударабин фосфатының дозасы |
||
0,5-1,0 |
50-100 |
30 мг/м2/тәул |
|
<0,5 |
<50 |
20 мг/м2/тәул |
Егер тромбоцитопения аурумен байланысты болса дозаны төмендету керек емес.
Егер пациенттің күйі емнің екі циклынан кейін өзгермесе гематологиялық уыттылық болмауы немесе мардымсыз болуы орын алса, онда флударабин фосфатының үлкен дозаларын қолдану қажеттілігі туралы мәселе емнің келесі циклдарында қарастырылуы мүмкін.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Бүйрек функциясы төмендеген пациенттер үшін дозаны түзету керек. Креатинин клиренсі 30-дан 70 мл/мин болғанда доза 50% төмендетілуі тиіс. Бұл пациенттерде уыттылықты бағалау үшін тұрақты гематологиялық бақылау қажет.
Флударабин С.К. препаратының пероральді түрімен емдеу креатинин клиренсінде <30 мл/мин («Қолдануға болмайтын жағдайларын» қар.) қарсы көрсетілген.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде флударабинмен емдеуге қатысты деректер жоқ. Пациенттердің мұндай тобына қатысты Флударабин С.К. препаратын қолдануды сақтықпен жүргізу керек.
Егде жастағы пациенттер
Флударабинді егде жастағы адамдардың (>75 жас) қолдануына қатысты қолда бар деректер жеткіліксіз болғандықтан аталған жас тобында сақтықпен қолданылуы тиіс.
65 жастан асқан пациенттерде креатинин клиренсін өлшеу керек.
Препаратты педиатрияда қолдану
Препараттың пероральді түрінің қауіпсіздігі мен тиімділігі 18 жасқа толмаған балалар үшін анықталмаған. Сондықтан препарат балаларда қолдану үшін ұсынылмаған.
Қолдану тәсілі
Препаратты ісінуге қарсы емдеу тәжірибесі бар білікті дәрігер тағайындауы тиіс.
Таблеткаларды аш қарынға, сондай-ақ ас қабылдаумен бір уақытта қабылдауға болады. Таблеткаларды сумен ішіп, тұтастай (шайнамай және сындырмай) жұту қажет.
Утилизациялау кезіндегі ерекше сақтық шаралары
Жүкті қызметкерлерге Флударабин С.К препаратымен манипуляция жасау ұсынылмайды. Флударабинді қолданғанда цитоуытты препараттарды пайдалану және жою үшін қабылданған барлық нұсқаулықтар сақталуы тиіс. Қалдықтарды өртеу арқылы утилизациялауға болады. Кез келген пайдаланылмаған дәрілік препарат немесе қалдықтар жергілікті талаптарға сәйкес утилизациялануы тиіс.
Жағымсыз әсерлер
Өте жиі (≥1/10)
-
инфекциялар/оппортунистік инфекциялар (мысалы, латентті вирустардың, оның ішінде, герпес және Эпштейн-Барр вирустарының реактивациясы, өршіген мультифокальді лейкоэнцефалопатия), пневмония
-
нейтропения, тромбоцитопения және анемия
-
жөтел
-
жүрек айнуы, құсу, диарея
-
дене температурасының көтерілуі, қатты қажу, әлсіздік
жиі (≥1/100 <1/10 дейін)
-
алкилдейтін цитоуытты дәрілермен, топоизомераза тежегіштерімен немесе радиотерапиямен бір уақытта немесе оған дейін, кейін негізінен флударабин қабылдаған пациенттердегі миелодисплазиялық синдром (МДС)/жедел миелоидты лейкоз (ОМЛ)
-
миелосупрессия
-
анорексия
-
шеткері нейропатия
-
көрудің бұзылуы
-
стоматит
-
тері бөртпесі
-
қалтырау, дімкәстік, ісінулер, мукозит, жайсыздық сезімі
жиі емес (≥1/1,000 <1/100 дейін)
-
аутоиммунды бұзылыстар (о.і., аутоиммунды гемолиздік анемия, тромбоцитопениялық пурпура, пемфигус, Эванс синдромы, жүре пайда болған гемофилия, күлдіреуік)
-
ісік ыдырау синдромы (бүйрек жеткіліксіздігі, метаболизмдік ацидоз, гиперкалиемия, гипокальциемия, гиперурикемия, гематурия, уратты кристаллурия және гиперфосфатемия)
-
сананың шатасуы
-
өкпе уыттылығы, өкпе фиброзын, пневмонитті, ентігуді қоса
-
асқазан-ішектен қан кету, бауыр ферменттері көрсеткіштерінің және ұйқы безінің аномальді бұзылуы
Сирек (≥1/10,000 <1/1,000 дейін)
-
лимфопролиферативтік бұзылыстар (Эпштейн-Барр вирусымен байланысты)
-
қозу, құрысулар, кома
-
көру жүйкесінің невриті, көру нейропатиясы және соқырлық
-
жүрек жеткіліксіздігі, аритмия
-
тері обыры, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы)
Жиілігі белгісіз постмаркетингтік тәжірибе
-
миға қан құйылуы
-
лейкоэнцефалопатия, жедел уытты энцефалопатия
-
қайтымды лекоэнцефалопатиялық синдром
-
өкпелік қан кету
-
геморрагиялық цистит
Күдікті жағымсыз реакциялардың репортталуы
Дәрілік затты тіркеуден кейін күдікті жағымсыз реакциялар туралы репорттау маңызды. Бұл дәрілік заттың пайда/қауіп арақатынасын мониторингілеуді жалғастыруға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау қызметкерлерінен ұлттық есептілік жүйесі арқылы кез келген күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарлауды сұрайды.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
белсенді затқа немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
креатинин клиренсі <30 мл/мин бүйрек функциясының бұзылуы
-
декомпенсацияланған гемолиздік анемия
-
тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, LAPP-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Рефрактерлі СЛЛ емдеу үшін флударабинді пентостатинмен (дезоксикоформицинмен) біріктірілімде вена ішіне енгізу өкпе уыттылығына байланысты өлім жағдайларының шамадан тыс жоғары жиілігіне әкелді. Сондықтан Флударабин С.К. препаратын пентостатинмен біріктірілімде қолдану ұсынылмайды.
Флударабин С.К. препаратының емдік тиімділігі дипиридамолмен немесе аденозинді қармаудың басқа тежегіштерімен төмендетілуі мүмкін.
Флударабинді цитарабинмен біріктірілімде пайдалану уақытында жасушаішілік ең жоғарғы концентрация және лейкоздық жасушалардағы жасушаішілік Аra-CTP бөлінуі (цитарабиннің белсенді метаболиті) жоғарылайды. Плазмадағы Аra-C концентрациясы және Аra-CTP элиминациясы жылдамдығы өзгермейді.
Препараттың пероральді түрімен бір уақытта ас қабылдау фармакокинетикалық параметрлерге елеулі ықпал көрсетпеді.
Айрықша нұсқаулар
Флударабин С.К. препаратымен емдеу цитоуытты дәрілерді пайдалану тәжірибесіне ие дәрігердің бақылауымен жүргізу керек.
Миелосупрессия
Ауыр миелосупрессия, атап айтқанда, флударабинмен ем алатын пациенттерде анемия, тромбоцитопения және нейтропения хабарланды. Ересектерде ауқымды ісіктерді флударабинмен емдегенде гранулоциттер мөлшерінің ең көп төмендеуі ем басталғаннан орташа есеппен 13-күні (3-тен 25 күнге дейін), тромбоциттерде – орташа есеппен 16-күні (2-ден 32 күнге дейін) байқалды. Пациенттердің көпшілігінде ем басталғанға дейін ауру салдарынан немесе алдын ала миелосупрессиялық ем нәтижесі ретінде гематологиялық бұзылыстар болған.
Миелосупрессия жинақтау сипатына ие болуы мүмкін. Химиотерапия туындатқан сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі көбінесе қайтымды болып табылады, препаратпен емделу кезінде гематологиялық көрсеткіштердің мұқият мониторингі қажет.
Флударабин фосфаты антибластомалық дәрі болып табылады, ол айқын уытты ықпал көрсетуі мүмкін. Препаратты қолдану кезінде пациенттер гематологиялық әсерді және негематологиялық уытты әсерлерді уақытында анықтау үшін мұқият медициналық қадағалауда болулары тиіс.
Флударабин С.К. препаратымен емдегенде анемияны, нейтропенияны және тромбоцитопенияны анықтау үшін шеткері қан көрсеткіштерін мезгіл-мезгіл бағалау ұсынылады.
Үш желілі гипоплазия немесе кейде өліммен аяқталған панцитопениямен көрініс беретін ересектердің сүйек кемігінде аплазия дамуының бірнеше жағдайлары туралы хабарланды. Клиникалық тұрғыдан маңызды панцитопенияның ұзақтығы 2 айдан 1 жылға дейін ауытқыды. Аталған эпизодтар алдын ала емделген, сондай-ақ емделмеген пациенттерде де анықталған.
Басқа цитоуытты препараттар сияқты қан түзетін дің жасушаларының сынамаларын әрі қарай сұрыптау қарастырылатын болса флударабин фосфатымен сақтық таныту керек.
Аутоиммунды бұзылыстар
Анамнезде қандай да бір аутоиммунды үдерістердің, сондай-ақ Кумбс сынамалары нәтижелерінің болуына қарамастан флударабинмен емдеу уақытында немесе одан кейін өмірге қауіп төндіретін, кейде өлімге апаратын аутоиммунды реакциялар (аутоиммунды гемолиздік анемия, аутоиммунды тромбоцитопения, тромбоцитопениялық пурпура, пемфигус, Эванс синдромы) сипатталған. Гемолиздік анемиямен ауыратын науқастардың көпшілігінде флударабинмен провокациялық сынамадан кейін гемолиздің қайталануы байқалды.
Флударабин С.К. препаратының пероральді түрімен ем алатын науқастар гемолиз белгілерін анықтау үшін мұқият қадағалануы тиіс. Ол анықталған жағдайда Флударабин С.К. препаратымен емді тоқтату ұсынылады. Аутоиммунды гемолиздік анемия кезіндегі ең көп таралған емдік шаралар сәулеленген қан трансфузиясы және глюкокортикостероидтармен емдеу болып табылады.
Нейроуыттылығы
Флударабин С.К. препаратын ұзақ қолданудың орталық жүйке жүйесіне әсерлері белгісіз. Алайда кейбір зерттеулерде ұсынылған венаішілік дозаны (26 емдеу курсына дейін) салыстырмалы түрде ұзақ қолданғанда флударабин пациенттерге жағымдылығы қанағаттанарлық екені көрсетілген.
Пациенттер неврологиялық әсерлердің белгілерін анықтау үшін мұқият медициналық қадағалауда болулары тиіс.
Жедел лейкозы бар пациенттерде тиімді дозаларды анықтау мақсатында жүргізілген зерттеулерде флударабинді жоғарғы дозаларда вена ішіне енгізу, соқырлықты, кома және өлімді қоса ауыр неврологиялық салдармен қатар жүрді. Симптомдар соңғы дозаны алған сәттен бастап 21-60 күннен соң пайда болды. Орталық жүйке жүйесінің осы ауыр уытты зақымдануы препаратты ұсынылған дозадан шамамен төрт есе артық дозада (5-7 күн бойы 96 мг/м2/тәул) вена ішіне алған 36% пациентте туындады. Препаратты СЛЛ емдеу үшін ұсынылған дозалар диапазонында алып жүрген пациенттерде орталық жүйке жүйесінің ауыр уыттылығы (кома, құрысу және қозу) сирек немесе сананың шатасуы аз жиілікпен туындады.
Флударабин С.К. препаратын қабылдау лейкоэнцефалопатияға, жедел уытты лейкоэнцефалопатияға немесе қайтымды лейкоэнцефалопатиялық синдромдарға әкелуі мүмкін. Олар мына кезде туындауы мүмкін:
• ұсынылған дозада
-
Флударабин С.К. препараты лейкоэнцефалопатиямен, жедел уытты лейкоэнцефалопатиямен немесе қайтымды лейкоэнцефалопатиялық синдромдармен байланысты дәрілік препараттардан кейін немесе солармен біріктірілімде қабылданса
-
Флударабин С.К. препараты бассүйек немесе жалпы сәулелену, қан түзетін жасушалардың трансплантациясы, «қожайынға қарсы трансплантат» (ҚҚТ) реакциясы, бүйрек функциясының бұзылуы немесе бауыр энцефалопатиясы сияқты басқа қауіп факторлары бар пациенттерге тағайындалса.
• ұсынылған дозадан жоғары дозаларда
Лейкоэнцефалопатия, жедел уытты лейкоэнцефалопатия немесе қайтымды лейкоэнцефалопатиялық синдром симптомдары бас ауыруымен, жүрек айнуымен және құсумен, құрысулармен, көрмей қалу сияқты көрудің нашарлауымен, сезім мүшелері функциясының бұзылуымен және ошақтық неврологиялық симптоматикамен қатар жүруі мүмкін. Қосымша жағымсыз әсерлер ретінде оптикалық неврит және папиллит, сананың шатасуы, ұйқышылдық, қозу, парапарез/ тетрапарез, бұлшықет түйілуі және несепті ұстай алмау болуы мүмкін.
Лейкоэнцефалопатия, жедел уытты лейкоэнцефалопатия немесе қайтымды лейкоэнцефалопатиялық синдром симптомдары қайтымсыз болуы, өмірге қауіп төндіретін және өлімге әкелуі мүмкін. Лейкоэнцефалопатия, жедел уытты лейкоэнцефалопатия немесе қайтымды лейкоэнцефалопатиялық синдром симптомдары күдігі болған әр жолы флударабинмен емдеуді тоқтату қажет. Пациенттерге мониторинг жүргізу және миға сканер жүргізу керек, дұрысы МРТ пайдалану арқылы. Егер диагноз расталса флударабинмен емдеу толықтай тоқтатылуы тиіс.
Ісіктің таралу синдромы
Ісік массасы үлкен СЛЛ бар пациенттерде ісік лизисінің синдромы туралы хабарланды. Флударабин С.К. препарат емнің бірінші аптасында-ақ жауапты реакция туындата алатындықтан, бірінші емдеу курсын өту кезеңінде ауруханаға жатқызу мүмкіндігін қоса осы асқынудың даму қаупі бар пациенттерді емдеу кезінде сақтық шараларын қабылдау керек.
«Қожайынға қарсы трансплантат» реакциясы
Гемотрансфузия нәтижесінде туындаған «Қожайынға қарсы трансплантат» («қожайынға қарсы» трансфузияланатын иммунокомпетентті лимфоциттер реакциясы) реакциясы флударабинмен ем алған науқастарға сәулеленбеген қан құйылғаннан кейін байқалды. Осы емшаралардың салдары ретінде өліммен аяқталудың жоғарғы жиілігі туралы хабарланды. Осыған байланысты, трансфузия себепті ҚҚТ реакцияның туындау қауіптерін барынша азайту үшін гемотрансфузияны керек ететін және флударабинмен ем алған немесе алып жүрген пациенттерге сәулеленген қанды ғана құю керек.
Тері обыры
Бұрыннан бар тері обыры өсімінің күшеюі немесе кенеттен өршуі, сондай-ақ флударабинмен емдеу уақытында немесе одан кейін кейбір пациенттерде тері обырының дамуы туралы хабарланды.
Науқас күйінің әлсіреуі
Денсаулық жағдайы әлсіреген пациенттерге Флударабин С.К. препарат сақтықпен және қауіп/пайда арақатынасын мұқият талдаудан кейін тағайындау қажет. Әсіресе бұл сүйек кемігі функциясы айқын бұзылған (тромбоцитопения, анемия және/немесе гранулоцитопения), иммун тапшылығы немесе анамнезінде оппортунистік инфекциялары бар пациенттерге қатысты.
Бүйрек функциясының бұзылуы
2-фтор-ара-А плазмасы негізгі метаболитінің жалпы клиренсінің креатинин клиренсімен өзара байланыстылығы көрсетілген, бұл қосылыстың элиминациясы үшін экскрецияның бүйрек жолының маңыздылығын көрсетеді. Бүйрек функциясы төмендеген пациенттер бұл тұрғыда қауіп тобын (AUC 2F-аra-А) құрады. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (креатинин клиренсі 70 мл/мин төмен) препаратты пайдалануға қатысты клиникалық деректердің шектеулі саны бар.
Флударабин С.К. препаратын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер сақтықпен қабылдауы тиіс. Бүйрек функциясы орташа бұзылған пациенттерде (креатинин клиренсі 30-дан 70 мл/мин дейін) доза 50% төмендетілуі тиіс және пациент мұқият қадағалануы тиіс. Егер креатинин клиренсі <30 мл/мин болса Флударабин С.К. препаратымен емдеуге болмайды.
Егде жастағы адамдар
Флударабинді егде жастағы науқастарда (75 жастан асқан) қолдану бойынша клиникалық деректер санының жеткіліксіздігіне байланысты Флударабин С.К. препаратын мұндай пациенттерге тағайындауға сақтық таныту қажет.
65 жастағы немесе одан үлкен пациенттерде креатинин клиренсі ем басталғанға дейін бағалануы тиіс.
Жүктілік
Егеуқұйрықтардың клиникаға дейінгі деректері флударабин және/немесе метаболиттер плацента арқылы өтетінін көрсетті.
Препаратты егеуқұйрықтар мен үйқояндарға вена ішіне енгізгенде эмбриоуыттылықты зерттеу нәтижелері емдік дозаларда эмбриолетальді және тератогенді потенциалын растайды.
Флударабинді жүкті әйелдерде бірінші триместрде қолдану бойынша өте шектеулі деректер бар.
Препарат аса қажеттілік жағдайларын (яғни, өмірге қауіп төндіретін оқиғалар туындағанда, емнің альтернативті, қауіпсіздеу, емдік пайдаға зиянсыз қолжетімді тәсілі болмағанда, ем қажет жағдайда) қоспағанда жүктілік уақытында пайдаланылмауы тиіс. Препарат қабылдау шаранаға жағымсыз ықпал көрсетуі мүмкін. Препаратты тағайындау потенциалды пайда шарана үшін ықтимал қауіптен басым жағдайда ғана мүмкін болып табылады.
Флударабин С.К. препаратын қабылдайтын әйелдер жүктілікке жол бермеулері тиіс.
Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер шарана үшін потенциалды қауіп туралы хабардар болулары тиіс.
Лактация
Флударабиннің немесе оның метаболиттерінің әйелдерде емшек сүтіне өту қабілеті туралы деректер жоқ. Осыған қоса, клиникаға дейінгі зерттеу деректері флударабиннің немесе оның метаболиттерінің ана қанынан сүтке өту ықтималдығын растайды. Емшектегі нәрестелердегі күрделі жағымсыз реакциялардың даму ықтималдығы байланысты Флударабин С.К. препаратын емшек емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Контрацепция
Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер немесе фертильді еркектер емделу уақытында және оны тоқтатқаннан кейін кемінде 6 ай ішінде контрацепцияның тиімді шараларын пайдаланулары тиіс.
Вакцинация
Флударабин С.К. препаратымен емдеу уақытында және одан кейін тірі вакциналармен вакцинациядан аулақ болуы керек.
Флударабин С.К.препаратымен бастапқы емдеуден кейін қайта емдеу нұсқалары
Флударабин С.К. препаратымен бастапқы емге жауап болмаған жағдайда хлорамбуцилмен емдеуге ауысудан аулақ болу керек, өйткені флударабин әсеріне төзімділігі бар пациенттердің көпшілігі хлорамбуцилменге емге айқаспалы төзімділікті көрсетті.
Венаішілік түріне ауысу
Препараттың пероральді түрін қолданғанда венаішілік түрін қолданғанға қарағанда жүрек айнуы және құсу жағдайлары туралы хабарламалар жиі түсті. Егер аталған жағымсыз әсер үнемі таблеткаларды қабылдау кезінде туындаса Флударабин С.К.препаратының венаішілік түріне ауысу ұсынылады.
Қосымша заттар
Флударабин С.К. препаратының әрбір таблеткасының құрамында 60,0 мг лактоза моногидраты бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы проблемалары бар пациенттерге бұл препаратты қолданбаған жөн.
Педиатрияда қодланылуы
Препараттың пероральді түрінің қауіпсіздігі мен тиімділігі 18 жасқа толмаған балалар үшін анықталмаған. Сондықтан Флударабин С.К. препараты балаларға қолдану үшін ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Автокөлікті және басқа да қауіптілігі аса зор механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту керек. Препарат көлік құралын жүргізу және басқару қабілетін төмендетуі мүмкін, өйткені қатты қажу, әлсіздік, көрудің нашарлауы, сананың шатасуы, үрей, қозу және құрысу байқалды.
Артық дозалануы
Симптомдары: лейкоэнцефалопатия, жедел уытты лейкоэнцефалопатия немесе қайтымды лейкоэнцефалопатиялық синдром вена ішіне енгізілген флударабиннің жоғарғы дозаларына байланысты болды. Симптомдарға бас ауыруы, жүрек айнуы және құсу, құрысулар, көрмей қалу сияқты көрудің нашарлауы, сезу мүшелерінің өзгеруі және ошақты неврологиялық бұзылыстар кіруі мүмкін.
Қосымша жағымсыз әсерлерге оптикалық неврит және папиллит, сананың шатасуы, ұйқышылдық, қозу, парапарез/тетрапарез, бұлшықет түйілуі, несепті ұстай алмау кіруі мүмкін. Флударабиннің үлкен дозаларын қолдану орталық жүйке жүйесінің қайтымсыз зақымдануымен қатар жүрді, баяу соқырлыққа, кома және өлімге әкеп соқтырды. Препараттың үлкен дозалары да сүйек кемігінің зақымдануы себепті ауыр тромбоцитопения мен нейтропенияның пайда болуына әкелуі мүмкін.
Емі: препарат қабылдауды тоқтату және демеуші ем жүргізу. Флударабин С.К. препаратын артық дозалағанда спецификалық антидот белгісіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
20 таблеткадан гофрланған түтігі бар және алғашқы ашылуы бақыланатын полимер қақпақтармен тығындалған сыйымдылығы 10 мл күңгірт шыны құтыларда.
Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 °С температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы.
Өндіруші
«Беларусь Ұлттық ғылым академиясының биоорганикалық химия институты» мемлекеттік ғылыми мекемесі
Орналасқан мекенжайы: 220141, Минск қ-сы, Академик В.Ф. Купревич к-сі, 5 үй, 2. корп.
Қаптаушы
«Беларусь Ұлттық ғылым академиясының биоорганикалық химия институты» мемлекеттік ғылыми мекемесі
Орналасқан мекенжайы: 220141, Минск қ-сы, Академик В.Ф. Купревич к-сі, 5 үй, 2. корп.
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Гаран С.К.» Лтд
7, Jabotinsky, Ramat Gan, POB, 197, 25220, Israel (Израиль)
тел.: +972-3-6114543, факс: +972-37512601
е-mail: report@sk-pharma.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
ЖК «Утегенова Б.А.»
Қазақстан, 010000, Астана қ-сы, Рамазан к-сі, 33-9
тел.: +77017076181
е-mail: b.utegenova_ip@mail.ru