Флоксимед (0,3%, 5 мл)

МНН: Ципрофлоксацин
Производитель: Е.И.П.И.Ко.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ciprofloxacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003704
Информация о регистрации в РК: 17.11.2023 - 17.11.2033
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Флоксимед

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ципрофлоксацин

Дәрілік түрі

Көз тамшы дәрісі, 0,3 % 5 мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 3,5 мг ципрофлоксацин гидрохлориді (ципрофлоксацинге баламалы) – 3,0 мг,

қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, маннитол, мұзды сірке қышқылы, сусыз натрий ацетаты, 5М хлорсутек қышқылы немесе 5М натрий гидроксидінің ерітіндісі, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссізден ашық-сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препарат. Микробтарға қарсы басқа да препараттар.

АТЖ коды S01АХ13

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Көз тамшыларын жергілікті қолданғанда, көз тіндеріне жақсы енеді. Бір рет инсталляция жасаған соң, 10 минуттан кейін көздің алдыңғы камерасы ылғалындағы оның концентрациясы 0,1% мг/мл-ді құрайды. Алдыңғы камераның ылғалында 1 сағаттан кейін анықталған ең жоғары концентрациясы 0,19 мг/мл-ді құрайды. 2 сағат өткен соң концентрация төмендей бастайды, бірақ мөлдір қабық тініндегі антибактериялық әсері 6 сағатқа дейін, алдыңғы камераның ылғалында 4 сағатқа дейін сақталады. Көз тамшыларын жергілікті қолданғанда, қан сарысуындағы Т½ 4-5 сағатты құрайды. Препарат бүйрек арқылы, көбіне өзгермеген түрінде (50%-ға дейін) және метаболиттер түрінде 10%-ға дейін шығарылады, 15%-ға жуығы ішек арқылы, емшек емізетін әйелдерде жартылай емшек сүтімен бірге шығарылады.

Фармакодинамикасы

Флоксимед фторхинолондар тобындағы микробқа қарсы зат болып табылады және әсер етудің кең көрінісіне ие. Бактериялардың өсуі мен бөлінісінің бұзылуы мен олардың жылдам өлімін тудыра отырып, ДНҚ синтезі үшін қажет бактериялық ДНҚ-гиразаны тежеу арқылы қоздырғышқа бактерицидтік әсер етеді.

Флоксимед грамтеріс бактериялардың көпшілігіне қатысты жоғары белсенді болып келеді: Aeromonas spp., Campylobacter jejuni, Citrobacter spp., Edwardsiella tarda, Escherichia coli, Enterobacter spp., Haemophilus spp., Hafnia alvei, Klebsiella spp., Legionella pneumophila, Moraxella catarrhalis, Morganella morganii, Neisseria spp., Pasteurella multocida, Plesiomonas shigelloides, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Providencia spp., Pseudomonas aeruginosa, Sal­monella spp., Shigella spp., Serratia marcescens, Vibrio spp., Yersinia spp..

Препаратқа грамоң аэробты бактериялар сезімтал болып келеді: Corynebacterium diphtheriae, Staphylococcus spp., Strepto­coccus agalactiae, Streptococcus pyogenes.

Флоксимед сондай-ақ Brucella spp., Listeria monocytogenes, Mycobacterium kansasii сияқты жасуша ішіндегі қоздырғыштарға қатысты белсенді.

Препаратқа орташа төзімді: Chlamydia trachomatis, Mycobacterium tuberculosis Streptococcus pneumoniae, Enterococcus faecalis, Mycoplasma hominis, Gardnerella spp., Mycobacterium aviumintracellulare.

Препаратқа төзімді: Bacteroides fragilis, Clostridium difficile, Pseudo­monas cepacia, Pseudomonas maltophilia, Ureaplasma urealyticum, Nocardiaasteroides.

Бета-лактамдық антибиотиктерге, аминогликозидтарға төзімді микроорганизмдер Флоксимедке сезімтал болуы мүмкін.

Қолданылуы

Көз және оның қосалқыларының бактериялық қабыну аурулары

- жедел және жеделге жуық конъюнктивит

- кератит

- алдыңғы увеит

- блефарит және қабақтың басқа да қабыну аурулары

- дакриоцистит және каналикулит

- мейболит

- мөлдір қабықтың ойық жарасы

- көз немесе оның қосалқыларының жарақатынан кейінгі және көз алмасына операция жасау кезіндегі жұқпалы асқынулардың алдын алу немесе емдеу

Қолдану тәсілі және дозалау

Жергілікті. Препаратты конъюнктива қабына 1-2 тамшыдан тамызады. Инсталляция жиілігі мен емдеудің ұзақтығы жұқпалы зақымданудың ауырлығына, клиникалық ағым мен бактериологиялық зерттеу нәтижелеріне байланысты.

Жағымсыз суық сезімін болдырмау үшін, препаратты қолдану алдынан тікелей құтыны қолда ұстап тұрып жылыту және құтының ішіндегісін сәл ғана шайқап алу ұсынылады.

Бактериялық конъюнктивиттер, жай және қабыршақты және ойық жаралы блефариттер жағдайында аурудың ауырлығына қарай күніне 4-тен 8 ретке дейін тағайындайды. Емдеу курсы 5-тен 14 күнге дейін.

Кератиттер жағдайында препарат 1 тамшыдан күніне кемінде 6 рет тағайындалады, оң әсер болған жағдайда мөлдір қабықтық зақымдалу ауырлығына қарай ең ұзақ емдеу курсы 2-4 аптаны құрайды.

Мөлдір қабық көк іріңді таяқшамен зақымдалғанда препарат мүмкіндігінше жиі – күніне 1 тамшыдан кемінде 8-12 рет тағайындалады. Емдеу курсы аурудың ағымына байланысты болып, әдетте, 2-3 аптаға жуық уақытты құрайды.

Алдыңғы увеиттерде препаратты 1 тамшыдан күніне 8-12 рет тамызады.

Жедел және жеделге жуық дакриоциститтер мен каналикулиттерде препаратты 1 тамшыдан күніне 6-12 рет, созылмалы жағдайда – күніне 4-8 реттен тағайындайды.

Көз немесе оның қосалқылары жарақаттанғанда екіншілей жұқпа мен мейболиттердің алдын алу үшін препаратты 1-2 апта бойы 1 тамшыдан күніне 4-8 рет тағайындайды.

Көз алмасын тесу арқылы хирургиялық араласудан кейін қабыну ауруларының алдын алу үшін препаратты операциядан кейінгі бүкіл мерзім бойына 1 тамшыдан күніне 4-6 рет, әдетте 5 күннен 1 айға дейін тағайындайды.

Мөлдір қабықтың ойық жарасында алғашқы 6 сағат бойы әрбір 15 минут сайын зақымдалған көзге ерітіндінің 2 тамшысынан және содан кейін күннің соңына дейін әр 30 минут сайын 2 тамшыдан тағайындайды. Келесі күні сағат сайын 2 тамшыдан тағайындайды. 3-ші күннен бастап әрбір 4 сағат сайын 2 тамшыдан тағайындайды. Емдеудің ұзақтығы аурудың ауырлығына, клиникалық ағымға және бактериологиялық зерттеу нәтижелеріне байланысты болады.

Тамызу техникасы.

Препаратты қолданар алдынан қолды мұқият жуу керек. Басты сәл ғана артқа тастап, қалта пайда болатындай етіп астыңғы қабақты төменге тартып, оған препараттың 1-2 тамшысын тамызу қажет. Көзді жұмып, көз алмасын 1-2 минут бойы айналдыру керек. Егер бұған дәрігер нұсқау берген болса, әрекетті басқа көзбен қайталау керек. Қолды жуу керек.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

-қышу, күйдіру

Кейде

- аллергиялық реакциялар, жеңіл аурушаңдық және конъюнктиваның гиперемиясы; жүрек айнуы

Сирек

- қабақтың ісінуі

- жарықтан қорқу, көзден жасағу

- көзде бөгде денелерді сезіну

- тамызудан соң бірден ауызда жағымсыз дәмнің пайда болуы

- көздің өткірлігінің төмендеуі

- мөлдір қабықтың ойық жарасы бар науқастарда ақ кристалл преципитаттың пайда болуы

- кератит, кератопатия

- дақтардың пайда болуы немесе мөлдір қабықтың инфильтрациясы

- асқын жұқпаның дамуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ципрофлоксацинге және хинолондық қатардың басқа да препараттарына, сондай-ақ препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалардың жас ерекшелігі

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілік өзара әрекеттесуі

Фармацевтикалық өзара әрекеттесуі: ципрофлоксацин ерітіндісі физикалық немесе химиялық тұрақсыз рН 3-4 мәніне дәрілік заттардың ерітінділерімен үйлеспейді.

Басқа микробтарға қарсы препараттармен бір мезгілде үйлескенде, әдетте, синергидтік өзара әрекеттесу (бета-лактамдық антибиотиктер, аминогликозидтер, клиндамицин, метронидазол) байқалады.

Айрықша нұсқаулар

Препарат құрамына кіретін бензалконий хлоридін жұмсақ жанаспалы линза сіңіруі мүмкін екендігін есте сақтау қажет. Сондықтан Флоксимедті тамызу алдынан тікелей линзаларды алу және инсталляциядан соң 15 минуттан кейін кию керек.

Тамшылатқыш-құтының ішіндегісінің микробтық ластануының алдын алу үшін, құты ұштығының әлдебір беткейлермен, оның ішінде көзбен жанасуын болдырмау қажет. Қолдану арасында құтыны нығыздап жабылған күйінде ұстау керек.

Флоксимедті және басқа да офтальмологиялық ерітінділерді енгізу арасындағы 5-10 минуттық аралықты сақтау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көз тамшыларын қабылдаған соң уақытша көруі нашарлаған емделушілерге машинаны жүргізуге немесе күрделі техникамен, станоктармен немесе көздің айқындылығын қажет ететін әлдебір басқа күрделі жабдықпен жұмыс жасау ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: препаратты ішке кездейсоқ қабылдағанда, спецификалық симптомдары болмайды. Лоқсу, құсу, диарея, бас ауруы, естен тану, қобалжу сезімі болуы мүмкін.

Емделуі: симптомдық, организмге сұйықтықтың жеткілікті келіп түсуі, кристаллурияның алдын алу үшін несептің қышқыл реакциясын құру.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

5 мл препараттан тығыны – сақтандыратын сақинамен жабдықталған бұралатын қорғаныш қалпақшасы бар пластикалық құтыға салынған.

1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Cақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Құтыны ашқаннан кейін препаратты 1 ай ішінде пайдалану керек

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Сауда маркасының және тіркеу сертификатының иесі «УОРЛД МЕДИЦИН», Ұлыбритания болып табылады ("WORLD MEDICINE", Great Britain).

Дайындалған жері:

Е.И.П.И.Ко., Тенс ов Рамадан Сити, Бірінші өндірістік аудан В1, а/ж 149 Тенс, Мысыр

(«E.I.P.I.CO.» Egypt, Tenth of Ramadan City, First Industrial Area B1, P.O. box: 149 Tenth)

Тіркеу куәлігінің иесі

«УОРЛД МЕДИЦИН», Ұлыбритания болып табылады

Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР, Алматы, Түрксіб ауданы, Сүйінбай д-лы, 222б

Тел/факс: 8 (7272) 529090

 

Прикрепленные файлы

277512321477977065_ru.doc 55.5 кб
793672631477978234_kz.doc 66.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники