Флоксал (0,3 %, 3 г)

МНН: Офлоксацин
Производитель: Др. Герхард Манн Химико-Фармацевтическое предприятие ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ofloxacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004829
Информация о регистрации в РК: 27.07.2017 - 27.07.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 1 350.81 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Флоксал

Халықаралық патенттелмеген атауы

Офлоксацин

Дәрілік түрі

0.3% көзге арналған жақпамай 3 г

Құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат - 3.0 мг офлоксацин микронизирленген,

қосымша заттар: сұйық парафин, ланолин, ақ вазелин.

Сипаттамасы

Ақшыл-сары түсті жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Микробқа қарсы препараттар. Микробқа қарсы басқа да препараттар. Офлоксацин.

АТХ коды S01AX11

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Офлоксацин жергілікті қолданғаннан кейін мөлдір қабықта, конъюнктивада, көз бұлшықеттерінде, склерада, нұрлы қабықта, цилиарлы дене мен көздің алдыңғы камерасында анықталады. Көп мәрте қолдану, сондай-ақ офлоксациннің шыны тәрізді денеде емдік концентрациясына жетуіне алып келеді. Көздің сулы ылғалына қарағанда көз тіндерінде дәрілік заттың анағұрлым жоғары концентрациясы құралады.

Ұзындығы шамамен 1 см (шамамен 0.12 мг офлоксацинге баламалы) жақпамай жолағын бір реттік қолданудан кейін конъюнктива мен аққабықта офлоксациннің ең жоғары концентрациясына 5 минуттан кейін жетеді, осыдан кейін офлоксациннің концентрациясы ақырын төмендейді. Офлоксацин концентрациясы көздің сулы ылғалы мен мөлдір қабықта ең жоғары мәніне 1 сағаттан соң жетеді.

Фармакодинамикасы

Офлоксацин бактерицидтік әсерге ие фторхинолон болып табылады. Әсер ету механизмі ДНҚ-гираза ферментінің блокадасына байланысты.

Мыналарға қатысты белсенді: Chlamydia trachomatis, Bacillus spp., Staphylococcus aureus (метициллинтөзімді), Acinetobacter baumannii, Acinetobacter Iwoffii, Enterobacter cloacae, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae, Moraxella catarrhalis, Proteus mirabilis, Serratia marcescens.

Офлоксацинге орташа сезімтал: Corynebacterium spp., Enterococcus faecalis, Streptococcus pneumoniae, Staphylococcus epidermidis, Pseudomonas aeruginosa, Stenotrophomonas maltophilia.

Препаратқа сезімтал емес: Enteroccocus spp.

Қолданылуы

Офлоксацинге сезімтал патогенді микроорганизмдер туғызған көздің алдыңғы сегментінің жұқпалары:

- созылмалы конъюнктивитте

- кератитте

- мөлдір қабық ойық жарасы мен көздің хламидиялық жұқпаларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Тек қана жергілікті қолдануға арналған!

1 см (0,12 мг) жақпамай жолағы ауыратын көздің төменгі қабағына күніне 2-3 рет салынады. Емдеу курсы: 2 аптаға дейін. Хламидий жұқпасы жағдайында – күніне 5-6 рет 4 апта бойы. Бір мезгілде біреуден артық препарат қолданғанда жақпамайды соңында пайдаланған жөн.

Жақпамайды енгізу үшін төменгі қабақты абайлап төмен тартады да, сықпаны сәл қысып, жақпамайдың ұзындығы 1 см (0,12 мг) жолағын конъюнктивальді қапқа енгізу керек. Содан соң қабақты жабады да, жақпамайдың біркелкі таралуы үшін көз алмасын қозғалтады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес

  • көздегі жеңіл күйдіру мен жайсыздық сезімі

  • көзде бөгде денені сезіну

  • конъюнктиваның қызаруы, қышынуы мен құрғауы

  • жарықтан қорқу, жас ағу

  • қабақтың ісінуі, беттің ісінуі

Сирек

- аллергиялық реакциялар

- мөлдір қабықтағы шөгінділер (әсіресе мөлдір қабықтың зақымданулары болған жағдайда)

Өте сирек

- аса жоғары сезімталдықтың жүйелі реакциялары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- офлоксацинге және препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- созылмалы бактериялық емес конъюнктивит

- жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты басқа көз тамшы дәрілер/жақпамайлармен бірге пайдаланған кезде препараттарды кем дегенде 15 мин аралықпен қолдану керек. Кез келген жағдайда препаратты соңғы кезекте қолданған жөн.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты басқа хинолондарға аса жоғары сезімталдығы бар адамдарға сақтықпен пайдалану керек.

Офлоксацинді субконъюнктивальді немесе көздің алдыңғы камерасына енгізбеген жөн.

Флоксал көзге арналған жақпамайын қолданған кезеңде жанаспалы линза тақпаған жөн. Ланолин жергілікті тері реакцияларын туғызуы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит). Күннен қорғайтын көзәйнектер тағып (жарықтан қорқудың даму ықтималдығына байланысты), күн сәулесі әсерінің ұзаққа созылуынан сақтану керек. Мөлдір қабық тесілуі дамуының қаупі болғандықтан (әсіресе стероидты және стероидты емес қабынуға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолданғанда) мөлдір қабықтың эпителиальді ақаулары бар науқастарға сақтықпен қолдану керек.

Балаларда қолдану

Көзге арналған Флоксал жақпамайы жергілікті қолдануға арналған препарат болғандықтан, дозалануы балалар үшін де осындай.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жақпамайды қолданғаннан кейін көру өткірлігі уақытша нашарлайды, осыны автомобиль жүргізгенде және механизмдермен жұмыста ескеру қажет.

Артық дозалануы

Деректер жоқ

Шығарылу түрі және қаптамасы

3 г жақпамайдан полимер сықпаға салынған.

1 сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Сықпаны ашқаннан кейін препаратты 6 апта ішінде пайдалану керек. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Др. Герхард Манн, Химиялық-фармацевтикалық ГмбХ кәсіпорны Брунсбюттелер Дамм 165-173,

13581 Берлин, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Валеант» ЖШҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі

Қазақстан, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 17 үй, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы 4Б Блок, 1104 кеңсе

Телефон + 7 727 3 111 516 , факс +7 727 3 111 517

Электронды поштасы: Оffice.KZ@valeant.com

 

Прикрепленные файлы

059012021477977083_ru.doc 51 кб
978144381477978255_kz.doc 62 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники