Флексо Гель
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Флексо Гель
Халықаралық патенттелмеген атауы
Этофенамат
Дәрінің түрі
40г гель
Құрамы
1 грамм гельдің құрамында
белсендi зат - 50 мг этофенамат,
қосымша заттар: қарағай эссенциясы, эвкалипт эссенциясы, карбомер 940, триэтанолмин, полиэтиленгликоль 400, эмульгин М-8, изопропил спирті, тазартылған су.
Сипаттамасы
Эвкалипт иісі бар, мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыш түсті гель.
Фармакотерапиялық тобы
Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар.АТЖ коды М02АА06
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Этофенамат іріктейтін биожетімділікке ие, айқын липофильдік қасиеттеріне байланысты заттың 20 тері арқылы сіңеді, сондай-ақ қабынған жерде әсері жоғары болады. Қабынған жердегі өзгермеген заттың концентрациясы қабынбаған жердегі концентрациясынан 5-20 есе жоғары.
Тері және сыртқа бірдей жоғары дозаларда қолданған кезде, теріге қолданудан кейін қабынған жердегі этофенаматтың құрамы ауыз арқылы қолданудан кейінгіден 27,5 есе жоғары болатыны анықталды. Алайда, зат жинақталып қалмайды.
Дерматологиялық тұрғыда қолданғанда адамдарда қан плазмасындағы биологиялық жартылай ыдырауы шамамен 3.3 сағатты құрайды. Дегенмен, этофенамат қабынған жерден одан кейін де ұзақ уақыт анықталатын болады. Теріде негізінен өзгермеген (94) этофенамат пен гидролиз заттарының өнімі флуфенамат қышқылының біраз мөлшері байқалады.
Фармакодинимакасы
Этофенамат – ауыруды басатын, қабынуға қарсы дәрі. Циклооксигеназаны тежейді, арахидон қышқылынан простагландиндердің биосинтезін бөгейді.Теріге 5-10 концентрациясындағы этофенаматты жаққанда қабынулар мен жарақаттар кезіндегі бұлшықет, буынның ауыруы және жұмсақ тіндердің ауыруы басылады.
Басынан-ақ жеңіл салқындатқыш әсер береді. Ол теріде қызару немесе күйдіруді туғызбайды және жақсы төзімділікке ие.
Қолданылуы
-
буындар мен жұмсақ тіндердің жарақаттық немесе қабыну ауруларында
-
созылуда
-
шығып кетуде
-
соғылуда
-
люмбагода
-
миалгияда
-
артралгияда
-
ишиалгияда
-
мойын мен иықтың сіресіп қалуында
Қолдану тәсілі және дозалары
Егер дәрігер басқаша ұсыным жасамаса, Флексо гельді 5-10 см ұзындықпен зақымданған жерге жағып, жеңіл ысқылау керек. Егер ауыратын бөліктің беткейі бинтпен таңылған болса, Флексо гельді сол аймаққа таяу ашық жерлерге жағылады. Бұл ем-шараны тәулігіне 3-4 рет қайталау керек.
Теріні гельден сумен және/немесе спиртпен сүртіп тазалайды. Препарат майлы дақтар қалдырмайды.
Емдеу курсы - біреше күннен бастап бірнеше айға дейін.
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек
-
терінің қызаруы, қышыну, күйдіруді сезіну
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
флуфенамат қышқылына немесе басқа да ҚҚСД-ға жоғары сезімталдық
-
6 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Теріде сирек пайда болатын тітіркену препаратты тоқтатқанда жойылады. Ашық жаралар мен экземамен зақымданған жерлерге жағуға болмайды.
Жоғары сезімталдық реакциялары дамуы кезінде препаратты тоқтату керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Перпарат жүктілік және лактация кезеңінде (емшек емізу), егер ықтимал клиникалық пайдасы ұрық пен нәрестеге төнетін қауіптен асып түсетін болса ғана қолданылуы мүмкін. Препаратты терінің шағын бөлігіне және қысқа мерзімге жағу ұсынылады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Деректер жоқ
Артық дозалануы
Артық дозалануы туралы деректер жоқ
Шығарылу түрі және қаптамасы
Лакталған алюминий сықпаға 40 г салынған.
1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
250 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндiрушi
Санта Фарма Илач Санаи А.Ш.
34382 Шишли, Стамбул/Түркия
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Берксам Илач Тиджарет А.Ш., Түркия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Фармактив» ЖШС
050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қарасай батыр к-сі, 1А
Тел/факс: +7 727 291 81 00
e-mail: info@farmaktiv.com