Фламин-Здоровье

МНН: Бессмертника песчаного цветков сумма флавоноидов (Фламин)
Производитель: Фармацевтическая компания Здоровье ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний желчевыводящих путей
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013281
Информация о регистрации в РК: 15.11.2018 - 15.11.2023
Номер регистрации в РБ: 4239/99/02/05/07/10/15/20
Информация о регистрации в РБ: 26.03.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Фламин-Здоровье

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар 50 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - фламин (флавоноидтардың қосындысының құрамына шаққанда 70 %) 50 мг,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, каротоп крахмалы, жүгері крахмалы, магний карбонаты, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді сары немесе қоңырлау реңді сары түсті, теңбілдері, ойығы бар, әлсіз спецификалық иісті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр және өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған препараттар. Өт қабы ауруларын емдеуге арналған препараттар. Өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды A05АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакодинамикасы

Фламин-Здоровье – құм салаубастың гүлдерінен (құм салаубас; Helichrysum arenarium L) алынған құрамында флавон бар полифенолды дәрілік зат.

Құрамында флавоноидты гликозидтер (салипурпозид, изосалипурпозид, кемпферол, апигенин), ащы дәмді, иіткіш заттар, стериндер, эфир майлары және басқа да биологиялық белсенді заттар (органикалық қышқыл, каротиноидтар, полисахаридтер және басқалары) бар. Өт бөлінуін жоғарылатады, холестерин/өт қышқылы арақатынасын өзгертеді, өттегі холаттар құрамын арттырады, өт тастары түзілуінің алдын алады. Өт қабы және өт шығару жолдары сфинктерінің тегіс бұлшықеттеріне спазмолитикалық әсер етеді. Асқазан сөлі бөлінуін стимуляциялай отырып, тамақтың жақсы қорытылуына ықпал етеді. Гипохолестеринемиялық және гепатопротекторлық әсер етіп, антиоксидантты әсер береді. Препарат бауыр паренхимасында және өт шығару жолдарында қабыну үдерісін азайтады, бауырдағы қан айналымын жақсартады.

Қолданылуы

- созылмалы холециститте

- өт жолдарының дискинезиясында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және 6 жастан үлкен балаларға ішке, тамақтың алдында 30 минут бұрын, аздаған мөлшердегі сумен ішуге тағайындайды.

Ересектерге және 14 жастан үлкен балаларға күніне 3 рет 50 мг-дан (1 таблетка) тағайындайды, қажет болғанда дозаны күніне 2-3 рет 100 мг-ға дейін (2 таблетка) ұлғайтуға болады.

10 -нан 14 жасқа дейінгі балаларға 50 мг –дан (1 таблетка) күніне 2 рет тағайындайды.

6-дан 10 жасқа дейінгі балаларға 50 мг –дан (1 таблетка) күніне 1 рет қолданады.

Емдеу курсының ұзақтығы 10-40 күнді құрайды (аурудың сипатына, ауырлық дәрежесіне және ауру барысына қарай). Қажет болғанда емдеу курсын дәрігер тағайындауы бойынша қайталауға болады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, есекжем, қышыну)

- артериялық қысым жоғарылауы (артериялық гипертензиясы бар науқастарда).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық

- обтурациялық сарғаю

- диаметрі 10 мм-ден үлкен тас болған жағдайдағы өт-тас аурулары

- ойық жара ауруының өршуі

- бауырдың, өт қабының, ұйқы безінің және өт шығару жолдарының жедел

қабыну аурулары

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фламин-Здоровьені бауыр және өт жолдарының ауруларында тағайындалатын басқа да дәрілік заттармен кешенді қолдануға болады. Лямблиозды емдегенде метронидазол және аминохинол белсенділігін жоғарылатады.

Айрықша нұсқаулар

Асқазан қызметінің қышқыл түзуі жоғары емделушілерге сақтықпен тағайындайды.

Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан оны тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылуы бар емделушілерге қолдануға болмайды.

Педиатрияда қолданылуы

6 жасқа дейінгі балаларға Фламинді пероральді суспензия дайындауға арналған түйіршіктер түрінде тағайындайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданудың ерекшеліктері зерттелмеген, сондықтан тағайындау кезінде қауіп/пайда арақатынасын ескеру керек.

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері

Препарат автокөлік басқаруда немесе басқа да механизмдермен жұмыс істегенде реакция жылдамдығына әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан салынған.

3 пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Бірінші ашылуына бақылауы бар қақпақпен жабдықталған, дәрілік заттарға арналған пластмасса контейнерге 30 таблеткадан салынған. Контейнердегі бос кеңістікті гигроскопиялық мақтамен толтырады.

Контейнерге заттаңба желімделеді.

Бір контейнер медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 80С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“ Фармацевтикалық “Здоровье” компаниясы ” ЖШҚ, Украина

Тіркеу куәлігінің иесі

“ Фармацевтикалық “Здоровье” компаниясы ” ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Мекенжайы: Фарм-Евро ЖШС,

050039, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,

Майлин к.,72 үй, 34 п.

Телефон: +7(272) 71-10-17

Факс: +7(272) 71-84-97

Эл.поштасы: farmevro@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

185174831477976821_ru.doc 46.5 кб
516573601477977980_kz.doc 57.5 кб
4239_99_02_05_07_10_15_20_i.pdf 0.16 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ