Фитонефрин

Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения нефроуролитиаза
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020081
Информация о регистрации в РК: 25.07.2018 - 25.07.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Фитонефрин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

100 г паста

Құрамы

100 г паста құрамында

белсенді зат: қою фитосығынды (құрғақ қалдықтар құрамы 65 %) - 12 г, дәрілік өсімдік шикізатынан алынған : пияз қабығы, бидайық тамыры, қайың жапырағы, бойдана тұқымы, көкжелкек тамыры, алтыншыбық шөбі, дала қырықбуын шөбі, құс самалдық шөбі, жұпаршөп тамыры; 

қосымша заттар: сәлбен майы, жалбыз майы, тау қарағайының майы, этилпарагидроксибензоат (Е 214), агар-агар, бидай крахмалы, глицерин, апельсин майы, ванилин, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіндік ерекше хош иісі бар, сары-қоңырдан жасылдау-қоңыр түске дейінгі жұмсақ консистенциялы масса. Күңгірт теңбілдердің болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Спазмолитиктерді қоса, урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Нефроуролитиазды емдеуге арналған препараттар.

АТХ коды G04ВС

Фармакологиялық қасиеттері

Фитонефрин – өсімдік текті біріктірілген препарат. Несеп айдағыш, түйілуді басатын, қабынуға қарсы, микробқа қарсы және нефропротективті әсерлері бар. Бұл қасиеттері флавоноидтар, сапониндер, силикаттар, эфир майлары, фенолкарбон қышқылдары, ащы заттар, фталидтер және т.б. биологиялық тұрғыдан белсенді заттармен жүзеге асырылады.

Несеп айдағыш әсері флавон туындыларымен, инозитпен, сапониндермен, силикаттармен, эфир майларымен және фенолкарбон қышқылдарымен жүзеге асырылады. Эфир майлары бүйрек тамырларын кеңейтеді, ол бүйрек эпителийінің қанмен қамтамасыз етілуінің жақсаруына мүмкіндік береді, сондай-ақ бүйрек өзекшелері эпителийінің қызметіне ықпал етеді. Бұл негізінен Na+ иондарының және тиісті су мөлшерінің кері сіңуінің азаюы арқылы білінеді. Фенолкарбон қышқылдарының диуретикалық әсері осмостық әсерімен түсіндіріледі. Бүйрек өзекшелерінің кеңістігіне түскен кезде олар жоғары осмостық қысым түзеді (бұл препараттар кері сіңуге ұшырамайды) және су мен Na+ иондарының кері сіңуі едәуір төмендейді. Осылайша, судың шығарылуының артуы иондық тепе-теңдіктің (калий жинақтаушы әсерінің) бұзылуынсыз жүреді. Флавоноидтардың несеп айдағыш әсері бүйрек қантамырларының кеңеюімен және алғашқы несеп сүзілуінің ұлғаюымен байланысты. Силикаттар (құс оты, дала қырықбуыны) бүйректерде дәнекер тіндер пролиферациясын тудырады, несепте коллоидтар мен кристаллоидтар арасындағы тепе-теңдіктің сақталуына мүмкіндік береді, ол тастардың түзілуіне кедергі жасайды, бүйректерде уратты шөгінділер болған кезде несеп қышқылының шығарылуын күшейтеді.

Флавоноидтардың қабынуға қарсы әсері антиоксидантты, қылтамырларды тұрақтандыратын әсерімен байланысты. Жекелеген зерттеулерде флавоноидтардың фосфолипазаны, циклооксигеназаны және липоксигеназаны орташа тежеу қабілеті, осылайша, арахидон қышқылының каскадын, простагландиндер мен лейкотриендер синтезін тежеу қабілеті көрінді. Микробтарға қарсы әсері (бактерицидтік және бактериостатикалық) және қабынуға қарсы әсері дәрілік өсімдіктер мен эфир майларының компоненттері арқылы жүзеге асады.

Спазмолитикалық әсерінің табиғаты, бар мүмкіндігінше, миотропты. Флавоноидтар тегіс бұлшықеттер талшықтарының әртүрлі эндо- және экзогендік факторлардан өршіген түйілулерін тоқтатады. Препараттың спазмолитикалық әсері сүйментамыр тамырының құрамына кіретін фталидтердің (бутилидин мен лигустилидтің) есебінен жүзеге асады.

Нефропротективті әсері құрамында флавоноидтар мен сапониндердің бар болуының арқасында дамиды. Флавоноидтар қан қылтамырларының өткізгіштігін және жарылғыштығын азайтады. Сапониндер беткейлік керілуді азайтып, қорғаныш коллоидтарды түзеді және несептің патогенді компоненттерін эмульгациялайды, несеп «құмдарының» және бүйректік конкременттердің түзілуіне кедергі жасайды.

Осылайша, Фитонефрин бүйрек астаушаларынан және несепағарлардан құмның және ұсақ конкременттердің шайылуына, несеп тастарының үгілуіне мүмкіндік береді. Операциядан кейін тастардың қайта түзілуіне жол бермейді. Спазмолитикалық әсер береді.

Қолданылуы

- несеп шығару жүйесінің: бүйректің, қуықтың, несепағардың, қуықасты безінің жұқпалы және қабыну ауруларында (пиелонефрит, цистит, уретрит, простатит)

- несеп-тас ауруларының алдын алуда, оның ішінде несеп тастарын операция арқылы алып тастағаннан кейін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, тамақтанудан кейін. 1 шай қасық пастаны 100 мл (1/2 стакан) қайнаған тәттілеу жылы суға ерітіп, тәулігіне 3 - 4 рет қабылдау керек.

Емделу курсы – 2 аптадан 1,5 айға дейін (ауру сипатына және емдеудің тиімділігіне байланысты). Қажет болған кезде емдеу курсын қайталауға болады.

Жағымсыз әсерлері

– аллергиялық реакциялар

– жүрек айнуы

– фотосенсибилизация (ультракүлгін сәулелерге жоғары сезімталдық кезінде)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

– гломерулонефрит

– гепатит

– өт-тас ауруы

– фосфатты литиаз

– бүйрек жеткіліксіздігі

– жүрек жеткіліксіздігі

– жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігінен туындаған ісінулер

– 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

– жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Этиопатогенетикалық терапия мақсатында бактерияларға қарсы дәрілік заттармен біріктірілуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Қосымша зат ретінде фитонефрин құрамында глицерин болады. Бас ауыруын, асқазан бұзылысы мен диареяны туғызуы мүмкін.

Фитонефрин құрамында сондай-ақ бидай крахмалы да бар. Бидай крахмалының құрамында глютен болуы мүмкін, бірақ болмашы мөлшерде ғана, сондықтан целиакиясы бар емделушілер үшін қауіпсіз деп саналады. Бидайға аллергиясы бар (целиакия емес) емделушілердің бұл препаратты қабылдамағандары жөн.

Фитонефрин құрамында аллергиялық реакциялар (баяу типті болуы мүмкін) туындату ықтималдығы бар этилпарагидроксибензоат та (Е214) бар.

Медицинада қолданылуы кезіндегі сақтану шаралары

Егер несеп шығаруда ауыру, қиындықтар, несепте қан пайда болса, симптомдар күшейіп немесе қатарласа қызба байқалса, дереу дәрігерге қаралу қажет.

Препараттың автокөлікті және аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлікті басқару қабілетіне жағымсыз әсер ету жағдайлары жөнінде айтылмаған.

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 г препарат алюминий сықпаларда салынады. Әр сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармак» ЖАҚ

Мекенжайы: Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050009 Алматы қ., Абай к-сі, 157, 5 кеңсе

Тел/факс: +7 (727) 250 66 23, электронды поштасы: Djatlova88@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

775840281477976798_ru.doc 62 кб
556133531477977955_kz.doc 68 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники