Фитолизин®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Фитолизин®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішке қабылдауға арналған паста
Құрамы
100 г пастаның құрамында
белсенді заттар: қоспаның қоюланған сығындысы (1:1.3-1.6; спирт 45 %): ақжелек тамыры, бойдана дәні, құс оты шөбі, бидайық тарамтамыры, қайың жапырағы, дала қырықбуыны шөбі, жұпаршөп тамыры, кәдімгі сарыраушан шөбі, пияз қабығы (7/6/6/5/4/4/4/2/2) – 67.2 г; жұпар шатыраш майы – 1.0 г; бұрыш жалбыз майы – 0.5 г; кәдімгі қарағай майы – 0.2 г; тәтті апельсин майы – 0.15 г
қосымша заттар: глицерин 99.5%, бидай крахмалы, этилпарагидроксибензоат (E 214), агар, ванилин, тазартылған су
Сипаттамасы
Өзіне тән хош иісі бар, қоңыр-жасыл түсті жұмсақ консистенциялы паста.
Фармакотерапиялық тобы
Спазмолитиктерді қоса, урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Нефроуролитиазды емдеуге арналған препараттар
АТХ коды G04BC
Фармакологиялық қасиеттері
Өсімдік тектес біріктірілген препарат. Қабынуға қарсы, несеп айдайтын, спазмолитикалық және микробтарға қарсы әсері бар. Несеп айдайтын әсері флавон туындыларымен, инозитпен, сапониндермен және силикаттармен байланысты. Соңғылары сондай-ақ бүйректегі уратты жинақталу кезінде несеп қышқылының шығуын күшейтеді, уратты жинақталуды біртіндеп еріту қабілетіне ие. Эфир майлары компоненттерінің бактериостатикалық, бактерицидті және қабынуға қарсы әсерлері бар, бүйрек тіндерінің қанмен жабдықталуын және қылтамырлар қабырғасының өткізгіштігін жоғарылатады, бұл бүйректің сүзу қызметінің жоғарылауына ықпал етеді. Сапониндер беткейлік керуді азайтады, қорғаушы коллоидтардың пайда болуына және патогендік несеп компоненттерінің эмульгациясына әкеледі, несеп «құмдарының» және бүйрек конкременттерінің түзілуіне кедергі жасайды.
Фармакокинетикасы
Халықаралық конвенцияға сәйкес (EMEAHMPWG11/99) өсімдік тектес препараттарға клиникалық сынақ жүргізу кезінде фармакокинетикалық параметрлеріне жекеленген зерттеулер талап етілмейді.
Қолданылуы
-
несеп шығару жолдарының жұқпалы-қабыну аурулары: пиелонефритте, циститте, простатитте, уретритте;
-
уролитиаздың алдын алу және емдеуде (несептің минералды компоненттері кристалдануының алдын алу).
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке, тамақтанғаннан кейін.
Ересектер
1 шай қасық пастаны тәттілендірген қайнаған жылы судың 100 мл-де (1/2 стақан) ерітеді. Күніне Фитолизинді® (пастаны) 1 шай қасықтан 3-4 рет ішу керек.
Егде жастағы емделушілер
Егде жастағы емделушілерде препарат дозасын түзету қажет етілмейді.
Бүйрек қызметі бұзылған емделушілер
Дозаны түзету бүйрек қызметі бұзылған емделушілерге бүйрек қызметінің бұзылу дәрежесіне байланысты қажет болуы мүмкін.
Фитолизинді® бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге қолдануға болмайды.
Егер Сіз бүйрек қызметі бұзылуынан қиналып жүрсеңіз, Дәрігеріңізбен хабарласыңыз!
Бауыр қызметі бұзылған емделушілер
Фитолизинді® гепатиті және өт-тас ауруы бар емделушілерге қолдануға болмайды.
Емдеу курсы: емдеу ұзақтығын дәрігер белгілейді. Орташа алғанда емдеу курсы 2 аптадан 1,5 айға дейінді (аурудың сипаты мен емдеу тиімділігіне байланысты) құрайды. Қажет болған жағдайда емдеу курсын қайталауға болады.
Фитолизин® препаратын қолдану кезінде сұйықтықты көп мөлшерде қабылдау ұсынылады.
Кезекті дозаны қабылдауды өткізіп алғанда
Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдауға болмайды!
Жағымсыз әсерлері
-
аллергиялық реакциялар
-
жүрек айну
-
фотосенсибилизация (ультракүлгін сәулеге жоғары сезімталдықта).
Жағымсыз әсерлер пайда болғанда препаратты тоқтату және емдеуші дәрігерге хабарлау керек.
Егер нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез келгені өрши бастаса, немесе Сіз нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа да жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық (препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар)
-
гломерулонефрит
-
гепатит
-
өт-тас ауруы
-
бүйрек жеткіліксіздігі
-
жүрек жеткіліксіздігі
-
жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігінен туындаған ісінулер
-
18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
-
бидай крахмалына аллергиялық реакция
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
алкоголизм
-
эпилепсия
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Әлі күнге дейін анықталмаған.
Препараттың несеп айдайтын әсеріне байланысты бір мезгілде қолданылатын басқа дәрілік заттардың жылдам шығып кету мүмкіндігін ескеру қажет.
Фитолизин® мыналардың әсерін күшейтуі мүмкін:
- антикоагулянттар, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар
- гипогликемиялық дәрілік заттар (қант диабетін емдеуге қолданылатын дәрілік препараттар)
- құрамында литий тұзы бар дәрілік заттар
- моноаминооксидаза тежегіштері (депрессияны емдеуге қолданылатын дәрілік препараттар)
- пентобарбитал (ұйықтататын дәрілік препарат), аминопирин және парацетамолдың (қабынуға қарсы стероидты емес препараттар) әсерін ұзартады
Фитолизин® аш ішекте бета-каротин, альфа-токоферол (Е витамині), холестерин және дәрілік заттардың сіңуін азайтуы мүмкін.
Егер Сіз рецептісіз алған дәрілерді қоса, жақын арада кез келген дәрілік заттарды қабылдаған болсаңыз немесе қабылдап жүрсеңіз, дәрігерге хабарлағаныңыз дұрыс.
Айрықша нұсқаулар
Қосымша зат ретінде Фитолизиннің® құрамында глицерин бар. Бас ауыруын, асқазан бұзылысы мен диареяны туғызуы мүмкін.
Фитолизиннің® құрамында бидай крахмалы бар. Бидай крахмалында глютен бар, бірақ болмашы мөлшерде, сондықтан целиакиясы бар емделушілер үшін қауіпсіз болып табылады. Бидайға аллергиясы бар (бірақ целиакиясы жоқ) емделушілерге бұл препаратты қабылдауға болмайды.
Фитолизин® құрамында сондай-ақ аллергиялық реакциялар (баяу түрінде болуы мүмкін) туғызуы мүмкін этилпарагидроксибензоат (E 214) бар.
Фитолизиннің® құрамында бір реттік дозада шамамен 200 мг мөлшерінде этил спирті бар, бұл 5 мл сыраға немесе 2 мл шарапқа баламалы. Маскүнемдікпен зардап шегетін емделушілерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге, бауыр аурулары мен эпилепсиясы бар емделушілерге құрамында этил спиртінің бар екендігін ескеру қажет.
Медициналық қолдану кезіндегі сақтық шаралары
Несеп шығару кезінде ауыртып, қиналғанда, несепте қан пайда болса, симптомдар күшейсе немесе қатар жүретін қызба пайда болған кезде дереу дәрігерге қаралу қажет.
Жүктілік және лактация
Фитолизин® препараты жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолданылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әлі күнге дейін жоғары зейін қою мен психомоторлы реакциялар жылдамдығын (оның ішінде автомобиль және басқа да көлік құралдарын басқару, қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу және т.б.) қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындау қабілетіне жағымсыз әсері байқалмаған. Дегенмен препарат құрамында этанол бар екендігін ескерген жөн.
Артық дозалануы
Қазіргі кезге дейін артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Іші лакпен жабылған алюминий сықпаға 100 г препараттан салынған.
Әр сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада жабық қаптамада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші /Тіркеу куәлігінің иесі
«Гербаполь» Варшава ЖШҚ
05-800 Прушкув, Олувкова к-сі 54, Польша
Тел.:(48-22)73-81-300, факс: (48-22)73-81-303
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстандағы «Польфа» ЖШҚ өкілдігі
Республика алаңы 15, 339 кеңсе, 050013 Алматы
тел/факс +7(727) 2505 241, 2505 962, 2503 469
office@polfa.kz