Фитолизин АКТИВ
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Фитолизин АКТИВ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ.
Дәрілік түрі, дозасы
Жұмсақ капсулалар
Фармакотерапиялық тобы
Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары. Урологиялық препараттар. Нефроуролитиазды емдеуге арналған препараттар.
АТХ коды G04BC
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында несеп шығару жолдарының инфекциялық-қабыну ауруларында, нефроуролитиазда («құмдар» деп аталатын ұсақ конкременттер) және профилактика ретінде. Фитолизин АКТИВ препараты ересектерде қолданылады.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- Белсенді заттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- Гломерулонефрит
- Гепатит.
- Өт-тас ауруы.
- Бүйрек жеткіліксіздігі.
- Жүрек жеткіліксіздігі.
- Жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігінен туындаған ісінулер.
- Алкоголизм.
- Эпилепсия.
- Жүктілік және бала емізу кезеңі.
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
- Фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы.
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Препаратты жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігінен туындаған ісінулер байқалатын пациенттерде қолдануға болмайды.
Бойдананың гипогликемиялық әсеріне байланысты қант диабеті бар пациенттер қандағы қант деңгейін бақылауы керек.
Егер симптомдар сақталса немесе нашарласа немесе қызба, ауырсыну және несеп шығару кезінде қиындық немесе несепте қанның болуы болса, дереу дәрігерге қаралу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Осы уақытқа дейін дәрілік өзара әрекеттесулер байқалмаған.
Препараттың диуретикалық әсеріне байланысты бір мезгілде қабылданатын басқа дәрілік препараттардың тезірек шығарылуын ескеру керек.
Препарат пероральді антикоагулянттардың (қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қоса), гипогликемиялық препараттардың, литий тұздарының, моноаминоксидаза тежегіштерінің әсерін күшейте алады, пентобарбиталдың, аминопириннің және парацетамолдың әсерін ұзарта алады, сондай-ақ бета-каротиннің, альфа-токоферолдың, холестериннің және жіңішке ішекте өзге де препараттардың сіңуін бәсеңдетуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Препарат құрамында этанолдың (спирттің) аз мөлшері бар, дозада 100 мг-ден аз.
Препарат құрамында бір капсулада 126,64 мг сорбитол бар. Сорбитол фруктоза көзі болып табылады. Дәрілік препаратты тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерде қолдануға болмайды.
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды, өйткені мамандандырылған дәрігерлік кеңес қажет.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препарат ингредиенттерінің геноуыттылық және тератогендік әсері туралы деректердің болмауына байланысты оны жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Фертильділікке әсері туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын басқару және механизмдерді қолдану қабілетіне ықпал ететін қолайсыз әсері туралы деректер жоқ.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ересектер: тәулігіне 3-4 рет 2 капсуладан.
Балалар
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдау керек. Капсулаларды бір стақан сумен ішіп тұтастай қабылдау керек.
Препаратты қолдану кезінде сұйықтықтың көп мөлшерін қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы
Дәрігерлік кеңессіз 2-6 аптадан артық қабылдау ұсынылмайды.
Егер жақсару болмаса, симптомдар препаратты қолдану кезеңінде сақталса немесе жағдайы нашарласа дәрігерге көріну керек.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Осы уақытқа дейін артық дозалану жағдайлары байқалған жоқ.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Өткізіп алған дозаны өтеу үшін препараттың қосарлы дозасын қабылдауға болмайды.
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу үшін жүгініңіз.
ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
аллергиялық реакциялар (терінің қышынуы, тері бөртпесі, есекжем, аллергиялық ринит, беттің ісінуі)
бас айналуы
жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің кебуі
фотосенсибилизация.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: қою экстракт қоспасы (45% этанол к/к, 2.8-4:1): ақжелкен тамыры, сенна бойдана дәндері, құс оты шөбі, бидайық жатаған тамырсабағы, қайың жапырағы, дала қырықбуыны шөбі, жұпаршөп тамыры, еуропа сарыраушаны шөбі, қатпарлы пияз қабығы (7/6/6/5/4/4/4/2/2) – 317,81 мг.
қосымша заттар: макрогол 400, макрогол 4000, мускатты сәлбен майы, бұрыш жалбыз майы, кәдімгі қарағай майы, тәтті апельсин майы; Капсуланың қабығы: желатин, жартылай сусыздандырылған сұйық сорбитол (Е 420), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді ортасында тігісі бар, өзіне тән иісі бар қою майлы массамен толтырылған, қара қоңырдан қара түске дейін жұмсақ капсулалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 капсуладан ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 4 пішінді ұяшықты қаптамадан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Өндіруші туралы мәліметтер
«ПОЛЬФАРМА» АҚ фармацевтикалық зауыты
Серадздегі Медана бөлімі
Владислав Локетка көш. 10, 98-200 Серадз, Польша
Телефон нөмірі: +48 58 5631600
Факс нөмірі: +48 58 5622353
Электрондық пошта: phv@polpharma.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Қазақстан Республикасы
«Химфарм» АҚ, Рашидов көш. 81, 160019 Шымкент
Телефон нөмірі: +7 7252 (610151)
Автожауапбергіш нөмірі: +7 7252 (561342)
Электрондық пошта: infomed@santo.kz
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, электрондық пошта)
Қазақстан Республикасы
«Химфарм» АҚ, Рашидов көш. 81, 160019 Шымкент
Телефон нөмірі: +7 7252 (610150)
Автожауапбергіш нөмірі: +7 7252 (561342)
Электрондық пошта: complaints@santo.kz; phv@santo.kz
5