Фитолек
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Фитолек
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Тұндырма, 50 мл
Құрамы
50 мл тұндырма құрамында, грамм бойынша
белсенді заттар:
Cазандыз тамырсабағы |
1.250 |
|
Үлпілдек қайың бүршігі |
0.125 |
|
Кәдімгі еменнің қабығы |
0.075 |
|
Исландық мүк |
4.000 |
|
Кәдімгі шәңкіш қабығы |
0.300 |
|
Үштармақты итошаған шөбі |
1.500 |
|
Дәрілік қандышөп тамырсабағы |
1.500 |
|
Түзу қазтабан тамырсабағы |
1.250 |
|
Кәдімгі зығыр тұқымы |
0.125 |
|
Кәдімгі арша жемісі |
0.055 |
|
Бұрыш жалбызы жапырағы |
0.040 |
|
Қандағаш жемісшесі |
0.020 |
|
Грек жаңғағы жемісі |
0.150 |
|
Зире жемісі |
2.500 |
|
Жапон есекмиясының жемісі |
1.600 |
|
Жалаң мия тамыры |
1.150 |
|
Өгейшөп жапырақтары |
0.200 |
|
Қастауыш шөбі |
0.250 |
|
Үлкен жолжелкен жапырағы |
0.250 |
|
Қара мойыл жемісі |
0.230 |
|
Үлкен усарғалдақ шөбі |
0.100 |
|
Шалфей жапырағы |
0.030 |
|
Итмұрын жемісі |
0.125 |
|
Эвкалипт жапырағы |
0.400 |
Қосымша зат
Этанол 40 % 50,0 дейін
Сипаттамасы
Өзіне тән әлсіз иісі бар, күңгірт-қоңыр түсті сұйықтық. Сақтағанда шөгінді пайда болуына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да дәрілік препараттар.
АТХ коды V03АХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фитолек өсімдік тектес біріктірілген препарат.
Дәрілік заттың құрамындағы мынадай әр түрлі биологиялық белсенді заттар теңгерімінің нәтижесінде қабынуға қарсы, жараны жазатын, антисептикалық, бактерияға қарсы, иісті жоятын, тұтқырлық әсерін береді: флавоноидтар (қастауыш шөбі, жалаң мия тамыры, жапон есекмиясының жемісі); иіткіш заттар (қандағаш жемісшесі, қара мойыл жемісі, түзу қазтабан тамырсабағы, дәрілік қандышөп тамырсабағы, кәдімгі еменнің қабығы); эфир майлары (эвкалипт жапырағы, шалфей жапырағы, зире жемісі, бұрыш жалбызы жапырағы, арша жемісі, үлпілдек қайың бүршігі, сазандыз тамырсабағы); қына қышқылдары (исландық мүк қатпарлары); полисахаридтер (кәдімгі зығыр тұқымы, үлкен жолжелкен жапырағы, өгейшөп жапырақтары); алкалоидтар (үлкен усарғалдақ шөбі); майлы майлар (грек жаңғағы жемісі).
Қолданылуы
Кешенді емнің құрамында емдік-алдын алу дәрісі ретінде:
- созылмалы тонзиллитте, ларингитте, фарингитте, баспада
- стоматитте, гингивитте, хейлитте, парадонтитте
- жатыр мойнының эрозиясында, кольпиттерде, бактериялық вагиниттерде
- баяу жазылатын жарақаттарда, сызаттарда, тілінуде
- косметологияда антисептикалық дәрі ретінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Созылмалы тонзиллитті, ларингитті, фарингитті, баспаны емдеу
Сұйылтылған ерітіндімен шаю түрінде пайдаланады (бір стақан қайнаған суға 1/2-1 ш. қ.) қолданылады. 1-3 минуттан күніне 4-5 рет шаю керек. Емдеу курсы 1-2 апта.
Стоматологиялық аурулар (стоматит, гингивит, хейлит, парадонтит)
Шаю, бұлау және аппликация түрінде. 1 ас қасық тұнбаны бір стақан қайнаған суда сұйылтылған түрінде күніне 3-5 рет шаю керек. Бұлауды осы ерітіндімен күніне 3-5 рет 5-10 минут бойы жасау керек. Аппликацияны дәке таңғыштың көмегімен осы ерітіндімен жасайды, оны 5-10 минут бойы қызыл иек тұсына салады. Емдеу курсы 10 күн.
Фитолек тұндырмасы иісті жоятын әсер бере отырып, тіс эликсирі түрінде ауыз қуысы гигиенасының жекелей дәрісі ретінде қолданылады.
Гинекологиялық аурулар
Жатыр мойнының эрозиясын, кольпитті, бактериялық вагинитті емдеу кезінде сұйылтылған ерітіндіні (1/2-1 ас қасық 1 литр қайнаған суға) бүрку түрінде, сулы дәке басу, микроклизма түрінде пайдаланады. Емдеу курсы 1-2 апта.
Тері зақымданулары
Баяу жазылатын жараларда, сызаттарда, тілінуде тұндырма терінің зақымданған беткейіне жағылады. Емдеуді зақымдану дәрежесіне қарай ашық әдіспен 2-4 апта бойы жүргізеді.
Жағымсыз әсерлері
Болуы мүмкін
-
аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, шырышты қабық
гиперемиясы)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттерін жекелей көтере алмаушылық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Педиатрияда қолданылуы
Дәрілік препараттың балаларға қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы клиникалық деректер жоқ.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және бала емізу кезеңінде препарат емдік дозаларда қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
«Фитолек» тұндырмасы негізінен сыртқа қолдануға ұсынылады, сондықтан емдік дозасында көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары – препарат жағымсыз әсерлерінің күшеюі
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық емдеу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 мл-ден бұралып жабылатын темір қақпақпен тығындалған, бұрандалы мойны бар қызыл-сары шыны құтыда.
Құтыға заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңбалар жапсырылады.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұқсаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Бейнар» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы,
Қарасай ауданы, Таусамал ауылы, Тел.8 (727) 295-85-82, 329-42-12
E-mail: fitolek@ok.kz
Тұтынушылардан шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Бейнар» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы,
Қарасай ауданы, Таусамал ауылы, Тел.8 (727) 295-85-82, 329-42-12