Фито крем
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Фито крем
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Крем, 5 г немесе 40 гҚұрамы
1 г кремнің құрамында
белсенді заттар: 0.150 г бидай ұрығының сулы сығындысы (Triticum vulgare aqueous extract) (құрғақ қалдығы 200 мг/100 мл тең), 0.01 г гликоэтилмонофенол эфирі
қосымша заттар: полиэтиленгликоль 400, полиэтиленгликоль 1500
полиэтиленгликоль 4000, сұйық парафин, цетил спирті, глицерин, сорбитол, лаванда эссенциясы, кориандр эссенциясы
Сипаттамасы
Мөлдір емес, ақ крем
Фармакотерапиялық тобы
Аса тыртықтануды емдеуге арналған басқа да препараттар
АТХ коды D03AX
Фармакологиялық қасиеттері
Бидай ұрығының құрамында қоректендіргіш және биологиялық белсенді заттардың елеулі мөлшері бар. Бидай ұрығының сығындысы – бұл организмнің сыртқы жағымсыз факторлардың әсеріне қарсыласуын арттыруға қабілетті иммодулятор. Медицинада бидай ұрығының сығындысы күйікке қарсы, жаралардың, ойық жаралардың және күйіктердің жазылуын тездететін әсерге ие дәрі ретінде пайдаланылады.
Бұл бидай ұрығы сығындысының жараның жазылуы мен бітуі үдерісін жеделдетуде негізгі рөл атқаратын фибробластарға әсер етуіне негізделген. Бидай ұрығы сығындысының әсерінен фибробластар мөлшері (митоздың жоғарылауы) және фибробластардың жараға енуі ұлғаяды, инозитол фосфолипидінің орнитиндекарбоксилазасы мен гидролизінің белсенділігі артады, синтез ауқымы ұлғайып, гликозаминогликандар мен коллагенді талшықтары босатылады, бұл өз кезегінде жараның жазылуы барысында шешуші рөл атқарады. Құрамында антиоксидантты қасиеттерге ие селен мен каротиноидтардың болуына байланысты бидай ұрығы бос радикалдардың әсеріне тосқауыл қояды. Осылайша бидай ұрығы сығындысы тамыр жақтауларын нығайтып, қартаю мен ісіктің пайда болуының алдын алады. Этиленгликольдің моноэтил эфирі – антисептикалық қасиеттерге ие.
Қолданылуы
Теріні жаңартуды қажет ететін тері ауруларын жергілікті емдеу
- жаралар және ойық жара дистрофиялық өзгерістерінде; (варикозды (циркуляторлы) ойық жаралар, жарылулар, күпекті тілу (сүндеттеу) секілді операциялардан кейін болатын жаралардың жазылу кезеңінде, эпизиотомияда (босануды жеңілдету мақсатында бұтаралық тілу)
- экземалар және псориазға ұқсайтын белгілерде (эритродермиялық жағдайлар, дерматоз, аллергиялық қышу)
- барлық дәрежедегі күйіктерде; ашық жараларда; терінің кәсіби ауруларында, тері жарылуларында
- терінің жаңару үдерісі бірқатар себептер бойынша баяулаған, немесе өзгерген жекелеген адамдарға (қартаю, косметикадан болған зақымданулар, іштегі жолақтар және ареолалық жарылулар (емшек ұшының маңына жататын шеңбер) немесе емшек ұшының жарылуларында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Бір қалыпты уқалай отырып, тері сыртына күніне екі рет жағады. Жара орнына қалақпен немесе басқа ыңғайы келетін құралмен жағылады. Дәке таңғышты салғаннан кейін таңғышқа крем жағу ұсынылады, бұл қолданудың жатықтығы мен иілімділігін сақтау үшін қажет. Қайтара қолданған кезде жараның орны таза сумен шайылады. Кремнің суда толықтай еріп кету мүмкіндігі бар.
Емдеу курсын дәрігер тағайындайды.
Жағымсыз әсерлері
Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа немесе оның компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекeттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация кезеңінде
Препарат жүктілік және лактация кезеңінде пайда/қатер арақатынасы ескеріле отырып қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зерттелмеген
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 г немесе 40 г препараттан алюминий сықпаға салады.
Бір сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші/ Қаптаушы
«ABDI IBRAHIM» Стамбул, Түркия
Тіркеу куәлігінің иесі
«ABDI IBRAHIM» Стамбул, Түркия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өнеркәсіптік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85, электрондық пошта: info@aigp.kz