Ферровит-С

МНН: Железа сульфат
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ferrous sulfate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012856
Информация о регистрации в РК: 29.12.2021 - 29.12.2031
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 174.9 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ферровит - С

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

25 мл тамшылар

Құрамы

25 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат: темір (II) 0,2370 г

(1, 1800 гептагидрат сульфаты түрінде),

қосымша заттар: сорбитол, аскорбин қышқылы, тағамдық хош иістендіргіш, тазартылған су.

Сипаттамасы

Жасылдау немесе сарғыш-қоңыр түсті, өзіне тән хош иісі бар мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Гемопоэз стимуляторлары.

Пероральді қабылдауға арналған темір препараттары. Темір сульфаты.

АТХ коды В03АА07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін препарат асқазан-ішек жолынан жеткілікті түрде толығымен жүйелі қан ағымына сіңіріледі. Темір тапшылығы дәрежесі мен жүйелі қан ағымына сіңірілген темір мөлшері арасында өзара байланыс бар (темір тапшылығы жоғары болған сайын жақсы сіңеді). Темір қан сарысуындағы ең жоғары концентрациясына препаратты қабылдағаннан кейінгі бастапқы 2-4 сағат ішінде жетеді.

Несеппен, нәжіспен, термен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Ферровит-С – анемияға қарсы препарат. Темір организмнің тіршілік әрекеті үшін қажет: ол гемоглобиннің, миоглобиннің, әртүрлі ферменттердің құрамына кіреді. Оттегін қайтымды байланыстырады және тотығу-тотықсыздану реакцияларының бірқатарына қатысады; эритропоэзді көтермелейді.

Аскорбин қышқылы темірдің асқазан-ішек жолынан сіңірілуін жақсартады.

Ферровит-С – ағзадағы темір жеткіліксіздігінің орнын толтырады.

Қолданылуы

  • этиологиясы әртүрлі темір тапшылығы анемиясын емдеуде (организмге темірдің тамақпен жеткіліксіз түсуінде, организмнің темірге қажеттілігі жоғары болғанда, созылмалы қан жоғалтуда)

  • темір тапшылығы анемиясы профилактикасында (оның ішінде жүктілік және лактация кезінде, балалар мен жасөспірімдердің қарқынды өсу кезеңінде, балалардың толыққанды тамақтанбауында, күні жетпей туған балаларда, инфекциялық аурулар, ісіктер кезінде иммунитеті төмендеген ересектер мен балаларда)

  • В12 тапшылығы анемиясын емдеуде (кешенді ем құрамында)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ферровит-С тамшыларын тікелей тамақтанар алдында немесе тамақтану кезінде аз ғана сұйықтықпен (су) ішеді.

Тамшылар – жаңа туған сәбилер мен кішкентай балалар үшін анағұрлым ыңғайлы түрі. Тәуліктік дозасы 1 кг дене салмағына 5 тамшы есебінен анықталады, тағайындау жиілігі тәулігіне 2-3 рет.

Емшек еметін балалар – орташа дозасы тәулігіне 3 рет 10-15 тамшыдан.

Мектеп жасына дейінгі балалар – орташа дозасы тәулігіне 3 рет 25-35 тамшыдан.

Мектеп жасындағы балалар мен ересектер – орташа дозасы тәулігіне 3 рет 50 тамшыдан.

Гемоглобиннің қалыпты көрсеткіштеріне қол жеткеннен кейін препаратпен емдеуді кемінде тағы 8-12 аптаға ұзартады.

Жағымсыз әсерлері

- дозасын азайтқанда басылатын іштің қатуы немесе диарея,

- терінің қышынуы, бөртпе

Сирек

- ауыздағы ащы дәм, эпигастрий аймағындағы ауырлықты сезіну, метеоризм

- бас ауыруы, бас айналуы, тері гиперемиясы

- тамақтың ауыруы, әлсіздік, кеуде қуысындағы қысылу сезімі, ашушаңдық

- тістердің қараюы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің біреуіне аса жоғары сезімталдық

  • организмде темір құрамы жоғары болуы (гемосидероз, гемохроматоз)

  • темір утилизациясының бұзылуы (апластикалық анемия)

  • асқазан резекциясынан кейінгі жағдайда, қан кету

  • бауырдың созылмалы аурулары

  • бүйрек жеткіліксіздігі

  • лейкоз

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ферровит - С препараты мен құрамында алюминий, магний, кальций бар антацидтік дәрілерді, сондай-ақ құрамында колестирамин бар препараттарды бір мезгілде қолданғанда темірдің асқазан-ішек жолынан сіңірілуі азаяды.

Этидрон қышқылы, асқазан сөлінің қышқылдығын төмендететін препараттар (соның ішінде циметидин, құрамында карбонаттар, бикарбонаттар, фосфаттар, оксалаттар бар препараттар), панкреатин препараттың сіңуін төмендетеді (қабылдау арасындағы аралық 1–2 сағатты құрауы тиіс).

Сіңуін қара шай, кофе, сүт, сондай-ақ қатты тағам, нан, шикі дәндер, сүт өнімдері, жұмыртқа азайтады.

Аскорбин қышқылы сіңірілуді жоғарылатады.

Ферровит – С фторхинолондардың сіңірілуін төмендетеді (қабылдау арасындағы аралық 2 сағатты құрауы тиіс).

Темір препараттарының жоғары дозалары мырыш препараттарының бүйректік сіңірілуін төмендетеді (қабылдау арасындағы аралық 2 сағатты құрауы тиіс). Препаратты тетрациклин тобының антибиотиктерімен бір мезгілде, сондай-ақ Д-пеницилламинді қолданғанда темірдің де, антибиотиктердің де сіңірілуін азайтатын кешенді қосылыстар түзіледі. Глюкокортикостероидтармен бір мезгілде қолданғанда, препараттың эритропоэзді көтермелеуі күшеюі мүмкін.

Этанол темірдің сіңірілуі мен уытты асқынулардың туындау қаупін ұлғайтады.

Айрықша нұсқаулар

Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруында, ішектің қабыну ауруларында (энтерит, дивертикул, ойық жаралы колит, Крон ауруы), аллергиялық ауруларда сақтықпен тағайындайды.

Пациент тістерінде қайтымды күңгірт жегі пайда болуының профилактикасы үшін Ферровит – С сұйылтылмаған күйде қабылдамаған жөн, ас қабылдағаннан кейін тісті мұқият жуу ұсынылады.

Препаратты қабылдағанда нәжістің күңгірт (қара) түске боялуы білінеді, бұның клиникалық маңызы жоқ.

Препаратты курстық тағайындауда гемоглобинді жүйелі түрде бақылап отыру қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация (бала емізу) кезінде организмдегі темір тапшылығы анықталса, препаратты қолдану негізді және қауіпсіз болып табылады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат негізінен, педиатрияда қолдануға арналған. Дәрілік затты ересектер қабылдағанда, бас айналуының болу мүмкіндігін ескере отырып, автокөлік немесе басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, цианоз, сананың шатасуы, гипервентиляция симптомдары.

Емі: құстыру, натрий бикарбонатының 1% сулы ерітіндісімен асқазанды шаю немесе дефероксамин тағайындау; темір иондарының асқазан-ішек жолында байланысып, әрі қарай олардың шығарылуын қамтамасыз ету үшін шикі жұмыртқа және сүт ішу керек.

Дефероксамин – арнайы антидоты.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 мл-ден тығындармен және полиэтилен бұрандалы қақпақтармен тығындалған шыны массадан жасалған тамшылатқыш құтыларда.

Әрбір құтыға заттаңбалық және жазатын қағаздан жасалған заттаңба желімделеді.

Әрбір құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған. Қорапшалар гофрланған картоннан немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа салынады.

Қорапшаға медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтан алынған мәтінді жазуға болады.

Қорапшасыз құтыларды медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге гофрланған картоннан немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа қаптауға жол беріледі, құтылар арасына сол картоннан жасалған төсемелерді орналастырады. Бекітілген нұсқаулықтардың саны топтық қаптамаға құтылардың саны бойынша салынады.

Сақтау шарттары

25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Препараттың сақталу мерзімі қаптаманы алғаш ашқаннан кейін - 1 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар)

сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың

тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның

мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы,

Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электрондық пошта infomed@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

403681231477977085_ru.doc 48.95 кб
677308221477978253_kz.doc 83.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники