Ферровит® - С (100 мл)

МНН: Железа сульфат
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ferrous sulfate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018256
Информация о регистрации в РК: 04.09.2019 - 04.09.2024
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 306.31 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ферровит®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

100 мл шәрбат

Құрамы

100 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар: 3.40 г темір сульфаты гептагидраты

(0.685 г темірге (II) шаққанда)

0.80 г аскорбин қышқылы,

қосымша заттар: сорбитол, натрий сахаринаты, тағамдық хош иістендіргіш, лимон қышқылы моногидраты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Қышқылтым-тәтті дәмімен жеміске тән иісі бар, аздап-жасылдаудан қоңырлау-сары түске дейінгі шәрбат тәрізді мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа препараттармен біріктірілген темір препараттары.

АТХ коды В03АЕ10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін препараттың құрамындағы темір барынша толығымен ас қорыту жолында сіңіріледі және жүйелі қан ағымына түседі. Қан сарысуындағы ең жоғарғы концентрациясына препаратты қабылдағаннан кейін 2–4 сағаттан соң жетеді және жоғары деңгейде 24 сағат бойы сақталады. Сіңгеннен кейін темірді тіндерге тасымалдаушы ақуыз трансферринмен байланысады, ол жерде қайта босап шығады. Асқазан-ішек жолы арқылы (АІЖ), бүйрекпен және тер бездерімен шығарылады.

Аскорбин қышқылы ағза тіндерінде кеңінен таралады. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 25%-ға жуықты құрайды. Аскорбин қышқылы дегидроаскорбин қышқылын түзе отырып, қайтымды тотығады, бір бөлігі белсенді емес аскорбат-2-сульфат және несеппен шығарылатын қымыздық қышқылын түзе отырып метаболизденеді. Шамадан тыс мөлшерде қабылданған аскорбин қышқылы өзгеріссіз күйде несеппен тез шығарылады, бұл әдетте, тәуліктік дозасы 200 мг-ден асқанда болады.

Фармакодинамикасы

Ферровит®-С анемияға қарсы дәрі, пероральді қабылдауға арналған қосвалентті темірдің кешенді препараты. Темір ағзаның тіршілік әрекеті үшін қажет, ол гемоглобиннің, миоглобиннің, әртүрлі ферменттердің құрамына кіреді; оттегін қайтымды байланыстырады және тотығу-тотықсыздану реакцияларының бірқатарына қатысады. Қалыпты эритропоэз үшін темір қажет. Темір депо тіндердің (сүйек кемігі, бауыр, көкбауыр) құрамында болады. Аскорбин қышқылы (С витамині) тотығу-тотықсыздану үдерісіне қатысады, антиоксидант болып табылады. Гемоглобиннің түзілуіне, эритроциттердің жетілуіне ықпал етеді, фолий қышқылының метаболизміне қатысады, темірдің ас қорыту жолында сіңуін арттырады, коагуляция үдерісіне қатысады, қылтамырпротекторлық әсер береді.

Қолданылуы

Төмендегілермен байланысты болуы мүмкін темір тапшылығы анемиясының алдын алу және емдеуде:

- қан жоғалтумен (хирургиялық араласулар, жарақаттар, босанулар нәтижесінде, донорлық, құйылған жүйесіз етеккір немесе климактериялық қан кетулер нәтижесіндегі)

- толыққанды емес емдәммен (тағамдағы жеміс, көкөніс, ет жеткіліксіздігінде)

- темір иондарының ас қорыту жолынан жеткіліксіз сіңірілуімен (ішектің қабынып ауыруының, іш өтудің, құсудың нәтижесінде)

- ағзаның темірге жоғары қажеттілігімен (жүктілікте, бала емізуде, балалар мен жасөспірімдердегі қарқынды өсу кезеңінде)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке тікелей тамақтанар алдында немесе тамақтану кезінде азғантай су мөлшерімен (жеміс шайы немесе су) қабылдайды. Темірдің сіңірілуінің төмендеуін болдырмау үшін, қара шаймен, кофемен, сүтпен ішпейді. Ересектерге 5 мл-ден (1 дозалағыш қасық) тәулігіне 3-4 рет.

Шәрбат- балалар үшін анағұрлым қолайлы түрі.

1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға: тәуліктік дозасы дозалағыш қасықтың ½ құрайды (2,5 мл белгісіне дейін);

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға орташа дозасы тәулігіне 1-2 реттен 5 мл-ді құрайды;

6 жастан 16 жасқа дейінгі орташа дозасы тәулігіне 2-3 реттен 5 мл-ді құрайды.

Гемоглобиннің қалыпты көрсеткіштеріне қол жеткізгеннен кейін, препаратпен емдеуді тағы кемінде 8-12 апта бойы жалғастырады.

Жағымсыз әсерлері

Мүмкін

- дозасын азайтқанда жоғалып кететін метеоризм, іштің қатуы немесе диарея

- темір сульфидінің түзілуі салдарынан нәжістің қара түске боялуы

- тістердің қараюы (сондықтан, шәрбатты қабылдаған соң ауызды мұқият шаю немесе шәрбатты түтікше арқылы қабылдау керек )

Сирек

- терінің қышуы, бөртпе

- ауыздағы ащы дәм, эпигастрий аймағындағы ауырлықты сезіну

- бас ауыруы, бас айналуы, тері гиперемиясы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің біреуіне жоғары сезімталдық

  • гемосидероз, гемохроматоз

  • апластикалық анемия (темір утилизациясының бұзылуы)

  • асқазан резекциясынан, қан кетуден кейінгі жағдай

  • бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары

  • созылмалы қабыну аурулары

  • лейкоздар

  • бірнеше рет қан құйылған емделушілер

  • темір препараттарын парентеральді енгізу

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Темір препараттары тетрациклиндердің, магний трисиликатының, пеницилламиннің және мырыш тұздарының сіңірілуін төмендетеді. Тетрациклиндер темірдің сіңуін азайтады және мұндай өзара әрекеттесуді болдырмауға болады, ол үшін тетрациклиндерді темір қабылдағаннан кейін 3 сағаттан соң немесе алдын-ала, 2 сағат бұрын тағайындау керек.

Темірдің сіңуі темір препараттарын антацидтермен, кальций тұздарымен бір мезгілде қабылдағанда, шәй, кофе, жұмыртқа пайдаланғанда, құрамында бикарбонаттар, карбонаттар, оксалаттар немесе фосфаттар бар тағам мен дәрілерді ішкенде, рационда сүт өнімдерінің, ірі тартылған ұннан жасалған нанның, құрамында дәнді дақыл немесе талшығы бар тағамның болуынан төмендеуі мүмкін. Сондықтан темір препараттарын мұндай дәрілік заттар мен тағам өнімдерін пайдаланудан 1 сағат бұрын немесе пайдаланғаннан кейін 2 сағатқа дейін ішке қабылдау ұсынылмайды.

Темір препараттары кейбір хинолондардың (мысалы, ципрофлоксациннің, норфлоксациннің, офлоксациннің) сіңірілуін олардың қан сарысуы мен несептегі концентрациясын төмендете отырып, азайтады. Сондықтан мұндай дәрілерді темір препараттарын қабылдағаннан кейін 2 сағаттан кейін ғана қабылдау ұсынылады.

Левомицетин сүйек кемігінің қызыл өсіндісінің темірмен емдеуге реакциясын баялатуы мүмкін.

Салицил қышқылының препараттары, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер және темір өздерінің асқазан-ішек жолындағы жергілікті тітіркендіргіш әсерлерін өзара күшейтеді.

Темірдің концентрациясы онымен эстрогендерді бір мезгілде тағайындағанда жоғарылайды, өйткені соңғысы бауырдағы трансферрин өнімін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Ескерту!

Темір препараттарымен емдеу кезінде емделушілерде қара нәжіс байқалуы мүмкін, бірақ бұл мұндай емдеудің терапиялық тиімділігіне әсерін тигізбейді. Темір препараттарымен емдеу кезінде нәжісті жасырын қанға тексеру жалған оң нәтиже беруі мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

1 жасқа дейінгі балаларға Ферровит тамшыларын тағайындайды

Жүктілік және лактация

Жүктіліктің бірінші триместрінде стандартты рацион темірдің талапқа сай мөлшерін қамтамасыз етеді, алайда жүктіліктің 2-ші және 3-ші триместрінде, темірге қажеттілік артқан кезде, оны толықтыру қажеттілігі туындауы мүмкін.

Бала емізу кезінде темірге қажеттілік артады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зорі механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат психомоторлық дағдыларды, автокөлік жүргізу және қозғалатын механизмдерді басқару қабілетін нашарлатпайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, іштің өтуі, қылтамырлар өткізгіштігінің артуы, тік ішектен қан кету, сусыздану, летаргия, тахикардия және кенеттен болған жүрек-қантамырлық коллапс. Сондай-ақ гипергликемия және метаболикалық ацидоз дамуы мүмкін. Баяу босап шығатын темір препараттарының ауыр түрде артық дозалануында, темір қабылдағаннан кейінгі алғашқы 24 – 48 сағатта белгілері білінбейді, артынан гипотензия, кома, бауыр мен бүйрек функциясының бұзылуы мүмкін.

Емі: егер науқас есінен танбаған болса және құспаса, оны құстыру керек. Асқазан зонды арқылы дефероксамин (иондалған темірді хелаттайтын дәрі) енгізу керек. Темірдің ауыр түрде артық дозалануында (қан сарысуындағы темірдің концентрациясы >142 мкмоль/л) тіршілік үшін маңызы зор ағзалардың қызметін демеу және олардың мониторингін қамтамасыз ету, сондай-ақ дефероксаминді көктамыр ішіне енгізу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл-ден бақылау сақинасы бар бұралатын металл қақпақшалармен тығындалған шыны массадан жасалған құтыда.

Әр құтыға заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады.

Әрбір құтыны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге қораптық картон немесе хром-эрзац пәшкеге салады.

Қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтан алынған мәтінді пәшкеге жазуға жол беріледі.

Құтыларды пәшкелерсіз медицинада қолданылуы жөніндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге гофрланған картоннан жасалған қорапқа қаптауға болады, құтылардың арасына дәл сондай картоннан жасалған төсеуіштер салынады. Бекітілген нұсқаулықтар саны топтық қаптамаға құты саны бойынша салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, герметикалық тығындалған ыдыста, 30оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81, т/ф: 561342

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Рашидов к-сі, 81, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

Прикрепленные файлы

481240251477976715_ru.doc 63.5 кб
004209791477977862_kz.doc 86 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники