Фервекс (лимонный)

МНН: Аскорбиновая кислота, Парацетамол, Фенирамин
Производитель: Бристол-Майерс Сквибб
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Парацетамол в комбинации с другими препаратами (исключая психолептики)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009973
Информация о регистрации в РК: 10.01.2017 - 10.01.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Фервекс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған лимонды ұнтақ.

Құрамы

Бір пакет (4.950г) ішінде

белсенді зат : 0,500 г – парацетамол,

0,200 г аскорбин қышқылы,

0,025 г фенирамин малеаты,

қосымша заттар: маннитол, сусыз лимон қышқылы, повидон, сусыз магний цитраты, аспартам Е 951, Antilles** хош иістендіргіші

** Antilles хош иістендіргіші: мальтодекстрин, α-пинен, β-пинен, лимонен, γ-терпинен, линалол, нерол, α-терпинеол, гераниол, акация.

Сипаттамасы

Ақшыл-сарғыш түсті түйіршіктелген ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да анальгетик-антипиретиктер. Басқа препараттармен біріктірілімдегі парацетамол (психолептиктерді қоспағанда).

АТЖ коды N02BE51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парацетамол тез және толық сіңеді. Плазмадағы ең жоғарғы концентрациясына 30-60 минуттан соң жетеді. Парацетамол организмнің барлық тіндеріне жылдам таралады. Қан плазмасының ақуыздарымен әлсіз байланысады.

Бауырдағы метаболизмі 24 сағат бойы бүйрекпен шығарылатын глюкурон және күкірт қышқылымен байланысты коньюгаттар түзумен жүреді. Парацетамолдың аздаған бөлігі Р450 цитохромы қатысуымен глутатионмен бірігетін метаболитке айналады, несеппен шығарылады. Артық дозаланғанда бұл метаболиттің шамасы ұлғаяды.

Аскорбин қышқылы аш ішекте сіңе отырып кең таралады және ішінара тіндерде жинақталады (әсіресе бүйрек үсті безінде).

Плазма ақуыздарымен байланысуы 25% шамасын құрайды. Егер оның ағзаға түсуі қажетті мөлшерден астам болса, артығы несеппен шығарылады.

Фенирамин малеаты Н1 –рецепторларының бөгегіштері болып табылады, аллергияға қарсы әсері бар:жұқпаның жергілікті айқын экссудативті білінулерін, жас ағуын тоқтатады, мұрын мен көз қышуын азайтады, ринореяны жояды.

Әсер етуші заттың ең жоғары концентрациясына шамамен 1-1,25 сағатта жетеді. Фенирамин малеатының жартылай шығарылу кезеңі -16-17 сағат. Ағзадан несеппен метаболиттер түрінде немесе өзгермеген түрде элиминацияланады (фенираминнің қабылданған дозасының шамамен 70-83% метаболикалық реакцияларға ұшырамайды).

Фармакодинамикасы

Препарат тиімділігі мұрыннан бөліністер және көзден жас ағуын азайтатын, түшкірудің ұстамалары сияқты түйілу құбылыстарын жоятын антигистаминдік әсеріне байланысты; ауыруды басатын және ыстық түсіретін, ауыруды және қызбаны жеңілдететін (бас ауруы, миалгияны) әсері бар.

Қолданылуы

Ересектердегі суық тию, ринит, ринофарингит және тұмауға ұқсас жай-күйлерді емдеуде (15 жас және одан үлкен жастағыларда):

- мұрыннан мөлдір бөліністер және көзден жас ағуы

- түшкіру

- бас ауыруы және/немесе қызба.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке – тәулігіне 2-3 рет 1 пакеттен. Препарат ыстық және суық судың жеткілікті мөлшерінде толық ерітілуі керек. Препаратты қабылдау аралығы 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Емнің ең жоғары ұзақтығы 5 күнді құрайды.

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі жағдайында препаратты қабылдау аралығы 8 сағаттан кем болмауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

- седативті әсер немесе ұйқышылдық

- шырышты қабық құрғақтығы, жүрек айнуы, эпигастральді аумақтағы ауыру, іш қату, аккомодация бұзылуы, мидриаз, жүрек қағуының жиілеуі, несеп іркілуі қатері

- ортостатикалық гипотензия

- тепе-теңдіктің бұзылуы, вертиго, егде емделушілерде көп кездесетін жадының немесе зейін қоюдың төмендеуі

- моторлы координация бұзылуы, діріл, сананың шатасуы,

галлюцинациялар

- аллергиялық реакциялар (эритема, қышыма, экзема, пурпура, есекжем, Квинке ісігі, анафилактикалық шок)

Сирек

- лейкоцитопения, нейтропения, тромбоцитопения

Сиректеу

- қозушылық жай-күйі: үрейленіп қозу, жоғары қозушылық, ұйқысыздық

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компонеттерінің біріне жоғары сезімталдықта

- гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздікте

- жабық бұрышты глаукома қатерінде

- қуық асты безі қызметі бұзылуына байланысты несеп іркілуінде

- аспартам болуына байланысты фенилкетонурияда

- 15 жастан кіші балалық жаста

- жүктілік, лактация кезеңінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Алкоголь препараттың седативті әсерін күшейтеді.

Морфин туындылары (анальгетиктер, жөтелдің дәрілері), нейролептиктер, барбитураттар, бенздиазепиндер және бенздиазепиндерге қатысы жоқ басқа да анксиолитиктер, ұйқы келтіретін дәрілер, седативті антидепрессанттар, антигистаминдік препараттар, ОЖЖ байланысты антигипертензивті дәрілер, баклофен және талидомид ОЖЖ бәсеңсітетін әсер етеді.

Атропинді әсер беретін (имипраминді антидепрессанттар, көпшілік атропинді антигистаминдер Н1, антихолинергиялық паркинсонға қарсы дәрілер, түйілуге қарсы атропиндер, дизопирамид, фенотиазинді нейролептиктер, клозапин) басқа препараттар несеп іркілуі, іш қатуы, ауыз құрғауы сияқты жағымсыз әсерлер даму қатерін жоғарылатады.

Айрықша нұсқаулар

Жоғары және ұзақ сақталған температура жағдайында, супержұқпа белгілері пайда болғанда немесе 5 күннен кейінгі тұрақты симптомдарда емдеуді қайта қарау керек. Ұзақ уақыт емдеуде, ұсынылғаннан артық дозалағанда психологиялық тәуелділік қатері туындауы мүмкін.

Артық дозалауды болдырмау үшін басқа дәрілік заттардың құрамында парацетамол жоқтығын тексеріңіз.

Дене салмағы 50 кг-дан астам ересектер үшін парацетамолдың тәуліктік ең жоғары дозасы 4 г-дан аспауы тиіс.

Алкогольді сусындарды немесе тыныштандыратын дәрілерді ( ішінара барбитураттар) пайдалану антигистаминдердің седативті әсерін күшейтеді, сондықтан оларды ем уақытында қабылдаудан абай болу керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ұйқышылдық қатері туындауына байланысты емделушілер жоғары зейін жұмылдыруды және психикалық және қозғалыс реакцияларының шапшаңдығын талап ететін барлық қызмет түрлерімен айналысудан бас тартқаны дұрыс.

Артық дозаланғанда

Егде адамдарда, әсіресе кішкентай балаларда өмірге қауіпті болуы мүмкін улану қатері бар.

Симптомдары: әдетте бірінші тәуліктерде пайда болатын жүрек айнуы, құсу, анорексия, бозару, іштің ауыруы. Артық дозаланудың ересектердегі бір рет қабылдауда 10 г парацетамолдан астам және балаларда бір рет қабылдағанда дене салмағының әр кг-на 150 мг-дан жоғары болуы гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздікке, метаболикалық ацидозға, энцефалопатия және өлім жағдайына алып келетін гепатоциттер некрозын туындатуы мүмкін. Артық дозаланғаннан 12-48 сағаттан кейін бауыр трансаминаз, лактатдегидрогеназа және билирубин деңгейінің жоғарылауы, сондай-ақ протромбин деңгейінің төмендеуі білінуі мүмкін. Фенираминге байланысты артық дозалану құрысулар, сана бұзылуын, кома туындатуы мүмкін.

Емдеу: улану симптомдары пайда болғанда дәрігерге дереу хабарласыңыз.

Плазмадағы парацетамол деңгейін анықтауға қанды тексеру, асқазанды шаю, көктамыр ішіне N-ацетилцистеин у қайтарғысы немесе дәрілік затты қабылдағаннан кейін 10 сағат бойы пероральді симптоматикалық ем жасау ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қағаз/Al/полиэтиленнен жасалған пакеттерде 4.950 г-ден.

Медицинада қолданылуы жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта 8 пакеттен.

Сақтау шарттары

Жарықтан, ылғалдан қорғалған жерде, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Бристол-Майерс Сквибб,

979, авеню де Пирене, 47520 Ле Пассаж, Франция

Тіркеу куәлігінің иесінің мекенжайы: 3, рю Жозеф Монье, а/ж 325, 92506 Рюэй-Мальмэзон Седекс, Франция.

Тіркеу куәлігінің иесі

Бристол-Майерс Сквибб, Франция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ВИВА ФАРМ» ЖШС

2-ші Остроумов к., 33, Алматы қ., ҚР

тел.: +7 (727) 383 74 63, факс: +7 (727) 383 74 56;

e-mail: viva@vivapharm.kz, botagoz.mashkeyeva@vivapharm.kz

 

Прикрепленные файлы

568470991477977185_ru.doc 69 кб
054072351477978341_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники