Фенкарол® (50 мг)

МНН: Хифенадин
Производитель: ОЛАЙНФАРМ АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антигистаминные препараты для системного применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018525
Информация о регистрации в РК: 12.12.2011 - 12.12.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Фенкарол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хифенадин

Дәрілік түрі

50 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 50 мг фенкарол,

қосымша заттар – картоп крахмалы, қант, түрлендірілген картоп крахмалы, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі әсер ететін басқа гистаминге қарсы препараттар.

АТЖ коды R06А Х

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

45 % фенкарол асқазан-ішек жолынан тез сіңеді және 30 минуттан кейін-ақ ағза тіндерінен анықталады. Қан плазмасындағы әсер етуші заттың ең жоғарғы концентрациясына бір сағаттан соң жетеді. Әсер етуші заттың жоғарырақ концентрациясы бауырда, өкпе мен бүйректе, ең төменгісі – ми тіндерінде байқалады.

Фенкарол липофильділігі төмен және оның ми тіндеріндегі құрамы төмен (0,05 %-дан аз), бұл орталық жүйке жүйесіне бәсеңдетуші ықпалдың жоқтығын білдіреді, бірақ жекелей жоғары сезімталдықта әлсіз тыныштандыратын әсері болуы мүмкін.

Фенкарол бауырда метаболизденеді. Препараттың метаболиттері мен өзгермеген үлесі негізінен несеппен, өтпен және өкпе арқылы шығарылады. Ішек арқылы препараттың сіңірілмеген бөлігі шығарылады. Препарат пен оның метаболиттерінің негізгі бөлігі (44 %-ға жуық) несеппен 48 сағат ішінде және тағы 1 %-ы келесі 48 сағат ішінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Фенкарол - гистаминге қарсы дәрі, аллергияға қарсы әсер береді. Гистаминнің әсерін әлсіретеді (оның бронхоспастикалық әсерін және ішектің тегіс бұлшықетіне спазмогендік ықпалын, гипотензивтік әсерін, қан тамырлардың өткізгіштігіне әсерін төмендетеді). H1-гистаминдік рецепторларды ғана бөгемейді, гистаминнің тіндердегі концентрациясын азайтады, бұл оның диаминоксидазаны - гистаминнің белсенділігін жоятын ферментті белсенділендіруге қабілеттілігіне байланысты. Серотонинге қарсы орташа әсері бар, әлсіз м-холинобөгегіш белсенділік танытады. ОЖЖ-ға айқын бәсеңдеткіш әсер етпейді.

Препараттың қышуға қарсы айқын, десенсибилизациялаушы әсері бар.

Қолданылуы

  • поллиноздарда

  • тағамдық және дәріге аллергияда, басқа аллергиялық ауруларда

  • жедел және созылмалы есекжемде

  • Квинке ісінуінде (ангионевротикалық)

  • пішен қызбасында

  • аллергиялық ринитте

  • дерматоздарда (экземада, нейродермитте, тері қышымасында)

  • бронхоспастикалық компонентімен жұқпалы емес-аллергиялық реакцияларда.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Фенкаролды тамақтан кейін бірден ішке қабылдайды.

Ересектерге арналған дозасы – 25-50 мг-ден күніне 3-4 рет. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 200 мг құрайды. Емдеу курсының ұзақтығы 10-12 күн. Қажет болса курсты қайталайды.

12 жастан асқан балаларға - 25 мг-ден күніне 2-3 рет. Емдеу курсының ұзақтығы 10-15 күнді құрайды. Қажет болса курсты қайталайды.

Егер кезекті дозасы уақытында қабылданбаса, препаратты қабылдауды дозасын ұлғайтпай жалғастырады. Қажет болса, дәрігермен кеңесу қажет.

Жағымсыз әсерлері

  • ауыз қуысы шырышты қабықтарының құрғауы

  • диспепсиялық құбылыстар (жүрек айнуы, құсу)

  • ұйқышылдық

Жағымсыз әсерлер әдетте дозасын азайтқанда немесе препаратты тоқтатқанда өтеді. Жағымсыз әсерлердің туындау ықтималдығы асқазан-ішек жолы аурулары кезінде артады.

Егер, әсіресе нұсқаулықта көрсетілмеген жағымсыз әсерлер пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • фенкаролға немесе препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдықта

- 12 жасқа дейінгі балаларға

- жүктіліктің I триместрінде, лактация кезеңінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фенкарол ұйықтататын дәрілердің орталық жүйке жүйесіне бәсеңдеткіш әсерін күшейтпейді. Фенкаролдің әлсіз М-холинобөгегіштік қасиеттері бар, бірақ асқазан-ішек жолының моторикасын төмендеткенде баяу сіңірілетін дәрі-дәрмектердің сіңуі күшеюі мүмкін (мысалы, тікелей әсер етпейтін антикоагулянттардың - кумариндердің).

Айрықша нұсқаулар

Жүрек-қантамыр жүйесінің, асқазан-ішек жолы мен бүйректің ауыр ауруларында сақ болу қажет.

қолданылуы

Балалар тәжірибесінде - Фенкарол® 10 мг, таблеткаларын, Фенкарол® 10 мг, дозаланған ұнтақ препараттарын қолданады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Тыныштандыратын әсерін ескере отырып, емдеу кезінде көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару ұсынылмайды.

Артық дозаланғанда

Белгілері: шырышты қабықтардың құрғауы, бас ауыруы, құсу, эпигастрийдің ауыруы және басқа диспепсиялық құбылыстар.

Емі: симптоматикалық ем жүргізеді. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 15 таблеткадан.

2 пішінді қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

“Олайнфарм” АҚ, Латвия

Мекенжайы: Рупницу к-сі, 5, Олайне, LV - 2114, Латвия

Тіркеу куәлігінің иесі

“Олайнфарм” АҚ, Латвия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

050009 Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 151/115, 807 кеңсе,

телефон / факс 007 727 333 46 52,

E-mail altynay1992@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

894054201477977183_ru.doc 54.5 кб
568989181477978342_kz.doc 63 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники