Фенибут

МНН: фенибута
Производитель: Белмедпрепараты РУП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие психостимуляторы и ноотропные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017970
Информация о регистрации в РК: 10.08.2021 - 10.08.2031
Номер регистрации в РБ: 20/03/118
Информация о регистрации в РБ: 05.03.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Фенибут

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар 250 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: фенибут гидрохлориді (фенибут) 250.0 мг

қосымша заттар: лактоза моногидраты, повидон К-25, кальций стеараты, картоп крахмалы.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, бір бетінде ойығымен және сызығы бар, ақ немесе сәл сарғыш реңді ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге арналған препараттар. Психоаналептиктер. Психостимуляторлар және басқа да ноотроптар.

АТХ коды N06BX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі жоғары, организмнің барлық тіндеріне және гематоэнцефалдық бөгет (ГЭБ) арқылы жақсы өтеді (ми тіндеріне енгізілген препарат дозасының 0,1% жуығы енеді, жас және егде жастағы адамдарда айтарлықтай үлкен дәрежеде). Бауырға және бүйректерге біркелкі таралады. Бауырда 80-95% метаболизденеді, метаболиттер фармакологиялық тұрғыдан белсенді емес. Жинақталмайды. 3 сағаттан кейін бүйрек арқылы шығарыла бастайды, бұл ретте ми тініндегі концентрациясы төмендемейді, әлі де 6 сағат ішінде анықталады. 5 % - ға жуығы өзгермеген түрінде бүйрек арқылы, ішінара өтпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Фенибут – жүйке импульсін орталық жүйке жүйесіне ( ГАМК-ергиялық рецепторларға тікелей әсері бар) ГАМК-арқылы берілуін жеңілдетумен қатар, тыныштандыратын, психиканы көтермелейтін, антиагрегантты және антиоксидантты әсер ететін ноотропты дәрі.

Мидың функционалдық жағдайын оның метаболизмін қалпына келтірумен және ми қан айналымына әсер етумен жақсартады (ми қан ағымының көлемдік және желілік жылдамдығын жоғарылатады, қан тамырларының қарсыласуын төмендетеді, микроциркуляцияны жақсартады, антиагрегантты әсері бар). Үрейлену, ширығу, мазасыздық пен қорқыныш сезімдерінің азаюына немесе жоғалуына әкеледі, ұйқыны қалпына келтіреді, құрысуға қарсы әсері бар.

Холино- және адренорецепторларға әсер етпейді. Латентті кезеңді ұзартады және нистагманың айқындығы мен ұзақтығын қысқартады. Вазовегетативті симптомдар (оның ішінде бас ауыруы, бастағы ауырлық сезімі, ұйқының бұзылуы, ашушаңдық, эмоционалдық ауытқушылық) және астения көріністерін азайтады, мидың жұмысқа қабілетін жоғарылатады. Психологиялық көрсеткіштерді жақсартады (зейін, жады, жылдамдық және сенсорлы-моторлы реакциялардың жылдамдығы мен дәлдігі). Курспен қабылдағанда дене мен мидың жұмысқа қабілетін жоғарылатады, жадыны жақсартады, ұйқыны қалпына келтіреді; қимыл және сөйлеу бұзылыстарымен науқастардың жағдайын жақсартады.

Емнің бірінші күнінен бастап астениямен науқастардың жағдайын жақсартады, седациясыз немесе қозусыз қызығушылық пен инициативаны (қызметтік мотивация) жоғарылатады.

Ауыр бас сүйек-ми жарақатынан кейін тағайындағанда мидағы биоэнергетикалық үдерістердің ағымын жақсартады.

Жүрек пен асқазанның неврогенді зақымдануында липидтердің пероксидация үдерісін қалпына келтіреді.

Егде жастағы адамдарда орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуін туындатпайды, бұлшықетті босаңсыту әсері көбіне кездеспейді.

Көз тіндеріндегі микроциркуляцияны жақсартады, этанолдың орталық жүйке жүйесіне бәсеңдететін әсерін азайтады.

Препараттың уыттылығы төмен, аллергиялық, тератогенді, эмбриоуытты және канцерогенді әсерін туындатпайды.

Қолданылуы

- астениялық және үрейлену-невроздық жағдайда (мазасыздық, үрейлену, қорқыныш)

- балалардағы кекештенуде және тартылуда

- егде жастағы ұйқысыздықта

- алкоголизмде (абстинентті синдромда психопатологиялық және соматовегетативті бұзылыстарды басу үшін)

- вестибулярлы дисфункцияда ( Меньер ауруын қоса)

- кинетоздардағы шайқалуда

Қолдану тәсілі және дозалары

Тамақтанудан кейін ішке. Ересектердегі бір рет қабылданатын ең жоғары доза 750 мг құрайды, 60 жастан асқан адамдарда – 500 мг, 6-дан 8 жасқа дейінгі балаларда – 125 мг, 8 ден 14 жасқа дейінгі балаларда – 250 мг.

Астениялық және үрейлену-невроздық жағдайларда 250-500 мг-ден күніне 3 рет. Қажет болғанда бұдан әрі тәуліктік дозаны 2500 мг дейін жоғарылатады. Емдеу курсы 4-6 апта.

Ұйқысыздықта 250-500 мг-ден күніне 3 рет, 60 жастан асқан адамдарда – 250 мг-ден күніне 3 рет.

Алкогольдік абстинентті синдромды басу үшін. Фенибутты емнің алғашқы күндері күндіз 250-500 мг-ден күніне 3 рет және түнге қарай 750 мг-ден тағайындайды, 2-3 тәулікке қарай тәуліктік дозаны ақырындап ересектерге ұсынылған дозаға дейін төмендетеді.

Вестибулярлы аппараттың дисфункциясында және Меньер ауруында бас айналуын емдеуде 250 мг-ден күніне 3 рет 14 күн бойы.

Шайқалудың профилактикасы Фенибутты 250-500 мг дозада бір рет болжамдалған шайқалудан 1 сағат бұрын немесе теңіз ауруының алғашқы симптомдары пайда болғанда қабылдайды. Фенибуттың шайқалуға қарсы әсері препарат дозасын арттырғанда күшейеді. Теңіз ауруы айқын білінгенде (құсу және т.б.) Фенибутты тіпті 750-1000 мг дозада ішке тағайындаудың тиімділігі төмен.

Балалардағы кекештенуде және тартылуда 6 - дан 8 жасқа дейін - 125 мг, 8-ден 14 жасқа дейін - 250 мг-ден күніне 3 рет. Емдеу курсы 4-6 апта.

Жағымсыз әсерлері

Жиілігі бойынша жағымсыз әсерлері келесі санаттарға бөлінген: өте жиі 1/10; жиі 1/100 және <1/10; жиі емес 1/1000 және <1/100; сирек 1/10 000 және < 1/1000; өте сирек <1/10 000.

Жиі емес

- бас ауыруы және ұйқышылдық (емдеудің басында), ашушаңдық, қозу, үрейлену, бас айналуы

- гепатоуыттылық ( 7-14 г үлкен дозаларды ұзақ уақыт қабылдағанда)

Өте сирек

- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, қышыну

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің жекелей жақпаушылығы

- туа біткен лактоза жақпаушылығы

- жүктілік (1 триместр) және лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фенибуттың және онымен үйлесімді препараттардың дозасын азайта отырып, өзара бірін- бірі көтермелеу үшін Фенибутты басқа психотропты дәрілермен біріктіруге болады. Ұйықтататын, есірткілік, нейролептикалық және құрысуға қарсы препараттардың, алкогольдың әсерін ұзартады және күшейтеді. Фенибуттің ықпалымен паркинсонизмге қарсы дәрілер әсерінің күшеюі туралы деректер бар.

Айрықша нұсқаулар

Шайқалудың айқын білінуі кезінде Фенибуттің тиімділігі төмен (тоқтаусыз құсу, бас айналуы).

Ұзақ уақыт қабылдағанда бауыр функциясының көрсеткіштерін және шеткергі қанды бақылау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктіліктің алғашқы триместрінде Фенибутті қабылдауға болмайды. Екінші және үшінші триместрінде сақтықпен қабылдау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жоғары зейін қоюды талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуға болмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: айқын ұйқышылдық, жүрек айну, құсу, бауырдың майлы дистрофиясы (7 г артық қабылдау), эозинофилия, артериялық қысымның төмендеуі, бүйрек функциясының бұзылуы.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмірді қабылдау және симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Бір, екі, бес пішінді қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек !

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/қаптаушы

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

Заңды мекенжайы және шағымдарды қабылдайтын мекенжайы:

220007, Минск қ., Фабрициус к-сі, 30,

т./ф.: (+375 17) 220-37-16,

e-mail: medic@belmedpreparaty.com,

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

220007, Минск қ.,Фабрициус к-сі, 30,

т./ф.: (+375 17) 220 37 16,

e-mail: medic@belmedpreparaty.com.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«КазБелМедФарм» ЖШС

Заңды мекенжайы: ҚР 050028,Алматы қ., Бейсебаев к-сі 151 үй

Нақты мекенжайы: ҚР 050022, Алматы қ., Абай к-сі 48 А 2 қабат

Телефон/факс нөмірлері: 8(727) 383-93-74; 383-93-69

Электронды поштасы: info@kmbf.kz

 

 

Прикрепленные файлы

397341711477976259_ru.doc 58.5 кб
448968231477977460_kz.doc 74 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ