Фенадол (спрей)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Фенадол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Этофенамат
Дәрілік түрі
50 мл спрей
Құрамы
1мл спрейдің құрамында
белсенді зат - 100мг этофенамат,
қосымша заттар: цетомакрогол, изопропил спирті, полиэтиленгликоль 400, диизопропил адипаты, тазартылған су
Сипаттамасы
Сәл сарғыштау мөлдір ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Сыртқа қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидтық емес препараттар
АТЖ коды М02АА06
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Этофенамат талғамды биожетімділікке ие, айқын липофильді қасиеттеріне байланысты заттың 20% тері арқылы сіңеді, сондай-ақ қабыну аймағында жоғары тиімділігін көрсетеді. Өзгермеген заттың қабыну аймағындағы концентрациясы қабынбаған аймақтағы концентрациядан 5-20 есе жоғары. Этофенамат қан плазмасы ақуыздарымен 98-99%-ға байланысады. Оның плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 3.3 сағатты құрайды. Плазмадағы ең жоғары концентрациясына жергілікті қолданғаннан кейін 2 сағаттан соң жетеді.
Фармакодинамикасы
Белсенді ингредиенті этофенамат ауруды басатын және қабынуға қарсы әсері бар стероидты емес қабынуға қарсы дәрі болып табылады. Этофенамат өзінің қабынуға қарсы әсерін простагландиндердің гистаминмен, брадикининмен және лизосомалық ферменттермен бірге өндірілуін бәсеңдету жолымен, сондай-ақ гиалуронидаза мен анафилактикалық реакциялар арқылы береді.
Қолданылуы
Мынадай кездегі ауыру синдромында:
- қаңқа-бұлшықет жүйесінің ревматикалық ауруларында: созылмалы ревматоидты артритте, фиброзитте, иық бұлшықет буындары ауырып әрең қозғалған кездегі құрысуларда, люмбагода, шонданай жүйкесінің қабынуында, тендосиновитте, бурситте, омыртқалар мен буындардың механикалық және дегенеративтік бұзылуымен байланысты қабыну ауруларында (спондилоартрит немесе спондилоартроз)
- тірек-қимыл аппараты жарақаттарында (спорттық жарақаттар), соққылар, созылулар кезінде.
Қолдану тәсілі мен дозалары
Теріге қолдануға арналған спрей. 7 бүрку жеткілікті (1 бүркуде 0.18 мл спрей және 18 мг этофенамат болады). Қолдану жиілігі тәулігіне 3-5 рет. Ерітінідінің теріге енуін жеңілдету үшін спрейді қолданар алдында жеңіл уқалап, содан соң кұрғату керек.
Бастапқыда теріге қолданған уақытта жеңіл салқындату әсері сезіледі.
Емдеу ұзақтығы симптомдарының айқындылғына байланысты және орташа алғанда 2-3 аптаны құрайды.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
- қызару, бөрту
- күйдіріп-ашыту немесе қышу
- дерматит
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- флуфенам қышқылына және басқа ҚҚСП-ға жоғары сезімталдықта
- тері жабыны бүтіндігі бұзылғанда
- 12 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа ҚҚСП-мен бір мезгілде қолданғанда емдік және жағымсыз әсерлері өзара күшеюі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты ашық жараға және экземалық қабынуы бар тері аймағына қолдануға болмайды. Көзге және шырышты қабықтарға түсуінен сақтану керек.
Жүктілік және лактация
Препарат жүктілікте (III триместр) және лактация кезеңінде (емшек емізу), егер мүмкін болатын клиникалық пайдасы ұрық және нәрестеге төнетін қауіптен асып түссе, қолданылуы ықтимал, спрейді терінің аздаған жеріне ғана жағу керек.
Дәрілік заттың көлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозаланғанда
Симптомдары: бас ауыруы, бас айналуы.
Емі: спрейді тері беткейінен сумен дереу жуып тастау қажет.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
50 мл препарат механикалық пульверизатормен қамсыздандырылған күңгірт шыны құтыға салынған.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
ABDI IBRAHIM
Хадымкой-Стамбул
Түркия
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«ABDI IBRAHIM», Түркия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы"АБДИ ИБРАХИМ Илач Санайи ве Тиджарет Аноним Ширкети" компаниясының Қазақстандағы өкілдігі, Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 155, 37/38 кеңсе,
тел: +7 (727) 394-35-12
факс: +7 (727) 295-29-35
e-mail: aim2004@inbox.ru