Фемилекс®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Фемилекс®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Қынаптық суппозиторийлер, 100 мг
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат – сүт қышқылы (100 % затқа шаққанда) – 100 мг,
қосымша заттар: суппозиторийлерге арналған негізі: макрогол - 1500 (полиэтиленоксид - 1500), макрогол - 400 (полиэтиленоксид - 400).
Сипаттамасы
Пішіні торпеда тәрізді ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті суппозиторийлер. Беткейінің мәрмәрлануына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілімдерді қоспағанда). Органикалық қышқылдар. Сүт қышқылы
АТХ коды G01AD01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Фармакокинетикасы туралы мәліметтер жоқ.
Фармакодинамикасы
Сүт қышқылы қынаптың сүт қышқылы бактериялары тіршілігінің табиғи өнімі болып табылады, 3,5-4,5 ауқымындағы қынап секреті pH қамтамасыз етеді.
Сүт қышқылы бар суппозиторийлер қынаптың қалыпты pH көрсеткіштері мен флорасын қалпына келтіруге және демеуге, қышқылға сезімтал патогенді және шартты патогенді флораның өсуін басуға ықпал етеді.
Сүт қышқылы қынаптық жұқпалар кезінде байқалатын сілтілік жағына pH жылжуын түзету үшін қышқылдық резерв жасайды. Гениталий жұқпаларынан қынаптың табиғи түрде қорғануы артуына ықпал етеді.
Қолданылуы
-
қынап микрофлорасының және pH бұзылуын қалпына келтіру үшін, оның ішінде бактериялық вагинозда (кешенді ем құрамында)
Қолдану тәсілі және дозалары
Қынап ішіне. Қолданар алдында суппозиторийді пішінді қаптамасынан шығарып алады. Бір қынаптық суппозиторийді тәулігіне бір рет қынапқа енгізеді (шалқасынан жатып, аяқты сәл бүгеді). Емдеу курсы 10 күн.
Жағымсыз әсерлері
-
аллергиялық реакциялар
-
қынапты күйдіру, препаратты тоқтатқаннан кейін қайтады
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
-
кандидозды вульвовагинит
-
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
-
жүктілік
-
лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Күйдіру мен қышыну пайда болғанда қынаптың зеңдік жұқпасын жоққа шығару үшін тексеру жүргізу ұсынылады.
Дәрілік заттың автомобиль немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
603950, Нижний Новгород қ.,
ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88
факс: (831) 430-72-28
веб сайт: http://www.nizhpharm.ru
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
e–mail: almaty@stada.kz