ФЕКСОФЕН-сановель 180

МНН: Фексофенадин
Производитель: Сановель Фармако-индустриальная торговая компания
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fexofenadine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010711
Информация о регистрации в РК: 15.11.2022 - 15.11.2032

Инструкция

Саудалық атауы

ФЕКСОФЕН – сановель 180

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фексофенадин

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 180 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 180 мг фексофенадин гидрохлориді

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, желатинделген крахмал, коллоидты кремнийдің қостотығы, повидон К-30, магний стеараты

қабықтың құрамы: Опадрай Қызғылт II 31F24886 (лактоза моногидраты, гипромеллоза 15сР, титанның қостотығы Е171, полиэтиленгликоль 4000, темірдің (III) қызыл тотығы Е172)

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, қызғылт түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған антигистаминдік препараттар

АТХ коды R06AX26

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін фексофенадин асқазан-ішек жолынан (АІЖ) тез сіңеді және 2.6 сағаттан кейін қан плазмасында ең жоғары концентрацияға (Cmax ) жетеді. 120 мг дозаны тәулігіне 1 рет қабылдағаннан кейін ең жоғары концентрацияның (Cmax) орташа мәні шамамен 427 нг/мл құрайды. Тәуліктік 180 мг дозада Cmax орташа шамасы шамамен 494 нг/мл құрайды. Тәулігіне 2 рет 120 мг дозаны ішке қабылдаған кезде фексофенадиннің фармакокинетикасы дозаға байланысты сипатта болады. Тәулігіне екі рет қабылданатын фексофенадиннің 240 мг дозасы AUC (қисық астындағы аудан) қанығу сатысын біршама жоғары пропорционалды етеді (8,8%).

Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 60 – 70% құрайды.

Қабылданған дозаның шамамен 5%-ы метаболизмге ұшырайды.

Тепе-тең жағдайдағы жартылай шығарылу кезеңі (T1/2 ) шамамен 14.4 сағатты құрайды. Үлкен жас тобында (65 жастан асқан) T1/2 көрсеткіштері ересектердегі осындайға ұқсас.

Қабылданған дозаның 80%-ы және 11%-ы, тиісінше, нәжіспен және несеппен бірге шығарылады.

Фармакодинамикасы

ФЕКСОФЕН-сановель 180 гистаминдік Н1–рецепторлардың спецификалық антагонисі болып табылады. Фексофенадин терфенадиннің фармакологиялық тұрғыдан белсенді метаболиті болып табылады.

ФЕКСОФЕН-сановель 180 препаратының емдік дозаларда антихолинергиялық, антиадренергиялық немесе антидопаминергиялық белсенділігі жоқ. Тіпті жоғары дозаларда да ФЕКСОФЕН-сановель 180 миокардиоциттерде калий өзекшелерін бөгемейді, яғни кардиоуытты әсері болмайды (QT-аралығының ұзаруы, аритмиялар). ФЕКСОФЕН-сановель 180 препараты гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді, демек, седативтік әсер бермейді.

Қолданылуы

  • ересектер мен 12 жастан асқан балаларда созылмалы идиопатиялық есекжемнің теріде білінуін емдеуге арналған

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар үшін ұсынылатын доза күніне 1 рет (дұрысы таңертең) сумен ішіп қабылдайтын 180 мг құрайды.

Курс ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

 

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- бас ауыру, ұйқышылдық, бас айналу

- жүректің айнуы

Кейде

- қатты шаршау, ұйқысыздық, қатты тітіркенгіштік, ұйқының бұзылуы немесе әдеттен тыс, мысалы, шым-шытырық түс көру (паронирия)

- тахикардия, жүрек қағуының күшею сезімі

- диарея

Сирек

- экзантема, есекжем, қышыну, Квинке ісінуі, кеуденің кернеу сезімі, ентігу, беттің қызаруы және жүйелік анафилактикалық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ФЕКСОФЕН-сановель 180 бауырда биотрансформацияланбайды, сондықтан бауырда метаболизденетін басқа препараттармен өзара әрекеттеспейді.

Антацидтер ФЕКСОФЕН-сановель 180 биожетімділігіне ықпал етуі мүмкін. ФЕКСОФЕН-сановель 180 мен құрамында алюминий немесе магний бар антацидтерді қабылдау арасындағы тиісті аралық 2 сағатты құрайды.

ФЕКСОФЕН-сановель 180 препаратын эритромицинмен немесе кетоконазолмен бір мезгілде қабылдағанда фексофенадиннің плазмадағы концентрациясы 2 – 3 есе артуы мүмкін. QT аралығына әсері осы өзгерістермен байланысты емес; жағымсыз реакциялардың осы заттардың әрқайсысын бөлек тағайындаумен салыстырғандағы жиілігі артпайды. Фексофенадиннің плазмалық деңгейінің жоғарыда айтылғандай жоғарылауы сіңуінің жақсаруынан және билиарлы, немесе асқазан-ішектік экскрецияның төмендеуінен болуы мүмкін.

Омепразолмен өзара әрекеттесу байқалмайды.

ФЕКСОФЕН-сановель 180 препаратын бір мезгілде қолданғанда этанолға немесе ОЖЖ қызметін тежейтін басқа да дәрілік заттарды потенциялайтын әсер бермейді.

Айрықша нұсқаулар

Егде жастағы, сондай-ақ бауыр және бүйрек зақымы бар науқастарда дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Фармакодинамикалық ерекшеліктеріне байланысты ФЕКСОФЕН-сановель 180 автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді. Сонда да, дәрілік затқа стандартты емес ракциясы бар, кейбір сезімтал науқастар зейінді жұмылдыруды қажет ететін жұмысқа кірісерде өзінің жекелей реакциясын тексеріп көргені жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас айналу, ұйқышылдық, ауыздың құрғауы.

Емі: симптоматикалық және демеуші ем жүргізу. Фексофенадин гидрохлоридінің қаннан гемодиализдің жәрдемімен шығарылуы тиімсіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилдихлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді 1 немесе 2 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25˚C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Сановель» фармако-индустриалды сауда компаниясы, Түркия

Мимар Синан ауданы, Чанта ауылы, Силиври/Стамбул/Түркия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Сановель» фармако-индустриалды сауда компаниясы, Түркия

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы қ-сы, Қажымұқан к-сі, 26А

Телефон нөмірі 8 727 264 73 05

Факс нөмірі 8 727 262 00 12

эл.поштасы: sanovel@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

977543001477976944_ru.doc 51 кб
986040601477978100_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники