Фезам®

МНН: Пирацетам, Циннаризин
Производитель: Балканфарма-Дупница АД
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие психостимуляторы и ноотропные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010056
Информация о регистрации в РК: 06.06.2017 - 06.06.2022
Номер регистрации в РБ: 5219/01/06/11/16
Информация о регистрации в РБ: 21.12.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Фезам®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: 400 мг пирацетам, 25 мг циннаризин,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), желатин

Сипаттамасы

Қатты, желатинді, ақ түсті корпусы мен қақпақшасы бар, цилиндр тәрізді № 0 капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – ақшыл крем түстіге дейінгі ақ ұнтақ тәрізді қоспа, агломераттардың болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа психостимуляторлар және ноотроптар

АТС коды N06ВХ

Фармакологиялық қасиеттер

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Асқазан-ішек жолынан жылдам және толық сіңеді. Циннаризиннің плазмадағы ең жоғары концентрациясы 1-4 сағаттан кейін, пирацетам – 2-6 сағаттан кейін анықталады.

Таралуы

Циннаризиннің жоғары концентрациясы 1-4 сағаттан кейін бауырда, бүйректе, жүректе, өкпеде, көкбауырда және мида анықталады. Циннаризиннің плазма ақуыздарымен байланысуы 91% құрайды. Пирацетам өмірге маңызды ағзаның барлығына тез таралады. Ол гематоэнцефалдық тосқауылдан өтеді және көбінесе мишықтың, ми қыртысының сұр затында, сонымен бірге nucleus caudatus (құйрықтық ядрода), hippocampus (гиппокампта), corpus medianum, geniculus lateralis және plexus choroidalis (хороидальді өрімде) концентрацияланады.

Шығарылуы

Пирацетам өзгермеген түрде несеппен 30 сағат ішінде шығарылады. Циннаризиннің 60% өзгермеген түрде нәжіспен, қалған бөлігі – метаболиттер түрінде 5 сағат ішінде несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Ми қан айналымын және ми метаболизмін жақсартатын біріктірілген препарат.

Пирацетам – ноотропты дәрі. Мидың зат алмасу үдерістеріне және қан айналымына оң әсер етеді. Глюкозаның утилизациясын жоғарлатады, метаболикалық үдерістердің ағымын, ишемия болған аймақтардағы микроциркуляцияны жақсартады, белсенділендірілген тромбоциттердің агрегациясын тежейді. Гипоксияның әсерінен болатын ми зақымдануларына қорғаныс әсерін көрсетеді.

Циннаризин – ми қан тамырларына айқын әсер ететін кальций каналдарының блокаторы, жасушаларға Са2+ түсуін төмендетіп, оның плазмолемма депосындағы құрамын кемітеді, артериол тегіс бұлшықеттері тонусын төмендетеді, олардың биогенді қан тарылтқыш заттарына реакциясын азайтады.

АҚ елеулі ықпал етпестен тамыр кеңейткіш әсерге ие. Ми қан айналымын жақсартады, тіндердің гипоксияға төзімділігін жоғарылатады. Вестибулярлы аппараттың қозғыштығын төмендетеді.

Препараттың құрамындағы екі компонент бір-бірінің әсерін күшейтеді. Препараттың орталық жүйке жүйесіне ықпал етуіне қатысты алғанда циннаризиннің тыныштандыратын әсері басымдау болады. Біріктірілімнің уыттылығы жекелеген компоненттердің уыттылығынан жоғары емес. Емдік әсері 1-6 сағаттан кейін байқалады.

Қолданылуы

  • ми қан айналымының бұзылуы: ми қан тамырларының атеросклерозы, ишемиялық және геморрагиялық инсульттан кейінгі қалпына келу кезеңінде; бас сүйек-ми жарақаттарынан кейін

  • есте сақтау қабілеті мен мен басқа когнитивтік қызметтерінің бұзылуы басым немесе эмоционалдық-ерік-жігер тұрғысындағы бұзылуларымен психоорганикалық синдромда

  • шығу тегі әртүрлі энцефалопатияда

  • шығу тегі әртүрлі лабиринтопатияда (бас айналу, құлақ шуылдауы, жүрек айну, құсу, нистагм)

  • Меньер синдромында

  • кинетоздар мен бас сақинасының алдын алуда

  • интеллектуалдық дамуы кейіндеп қалған балаларды оқыту және еске сақтау қабілетін жақсарту үшін.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектерге аурудың ауырлығына байланысты тәулігіне үш рет 1-2 капсуладан 1-3 ай бойы тағайындайды.

6 жастан асқан балаларға тәулігіне 1-2 рет 1-2 капсуладан тағайындайды.

Препаратты 3 айдан артық қабылдауға болмайды!

Мүмкіндігінше Фезамды ® қабылдауды өткізіп алмаған жөн, әсіресе бір мәрте тағайындалған болса. Ал осындай жағдай орын алып жатса, капсуланы дереу қабылдаған дұрыс, алайда келесі қабылдаудың уақыты келіп қалса, өткізіп алған дозаны қабылдамаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Ұнамсыз құбылыстардың жалпы жиілігі мұндай плацебомен салыстырмалы.

Жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі былайша бағаланады: "өте жиі" - > 1/10, "жиі" – > 1/100 бастап < 1/10 дейін, "кейде" – > 1/1000 бастап < 1/100 дейін, "сирек" – > 1/10000 бастап < 1/1000 дейін, "өте сирек" - < 1/10000.

Жиі

  • бөрту, қышыну, фотосезімталдық

Кейде

  • эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, диспепсия, жүрек айну, құсу

  • бас ауруы, ауыздың құрғауы, ашушаңдық

  • аяқ-қолдың дірілдеуі, бұлшықет тонусының жоғарылауы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • бүйрек және/немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

  • жүктілік

  • лактация кезеңі

  • 6 жасқа дейінгі балалар

  • геморрагиялық инсульт

Дәрілермен өзара әрекеттестігі

Фезаммен® бір мезгілде қабылдағанда ұйықтататын және тыныштандыратын препараттардың, үшциклді антидепрессанттар, ноотроптық және гипотензивті дәрілердің, сондай-ақ этанолдың әсері күшеюі мүмкін. Қан тамырларын кеңейтетін препараттармен бірге қолдану оның әсерін күшейтеді, ал құрамында циннаризиннің болуы гипертензивті дәрілер белсенділігінің төмендеуіне әкеледі.

Препарат қалқанша без гормондарының белсенділігін күшейтіп, діріл және мазасыздық туғызуы мүмкін. Ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Көзішілік қысымның жоғарылауымен байланысты жағдайларда немесе Паркинсон ауруы бар науқастарда сақтықпен қолданған жөн. Препаратты бауыр және/немесе бүйрек ауруларына шалдыққан адамдарға сақтықпен тағайындаған абзал. Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі жағдайларында (әсіресе, креатинин клиренсі минутына 60 мл кем болса) емдеу дозасын төмендету немесе қабылдаулар арасындағы аралықты ұзарту керек.

Бауыр қызметі бұзылған адамдарға бауыр ферменттерінің құрамына бақылау жүргізу қажет.

Емдегенде алкоголь қабылдаудан бас тарту керек.

Препарат спортшыларда жүргізілетін допинг-бақылау кезінде жалғаноң реакция берудің себебі болуы мүмкін.

Дәрілік заттардың көлікті жүргізу немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік жүргізу және техникамен жұмыс істеу қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.

Артық дозаланғанда

Симптомдары – іштің ауыруы. Балаларда қозу реакциялары басым болады: ұйқысыздық, ашушаңдық, діріл, сирек жағдайларда, қорқыныш-үрейлер, елестеулер, құрысулар.

Емдеу – симптоматикалық.

Фезамды® емделушілердің көтерімділігі өте жақсы, артық дозаланған жағдайда препаратты тоқтатуды қажет ететін айтарлықтай жағымсыз әсерлері байқалмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 немесе 6 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт бойынша

Өндіруші

Балканфарма-Дупница АД

2600 Дупница қ., Болгария

“Самоковский тас жолы к-сі № 3

тел.: +359/701 58 196, факс: +359/701 58 555

Тіркеу куәлігінің иесі

Балканфарма-Дупница АД, Болгария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Алматыдағы «Актавис Интернешнл Лтд.» өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ., Мұқанов к-сі, 241, 1-а кеңсе.

Тел./факс: 8 (727) 313 74 30, 313 74 31, 313 74 32;

Электронды поштасы: actavis@actavis.kz; сайт: www.actavis.com

Прикрепленные файлы

176598641477977040_ru.doc 68.5 кб
006016701477978216_kz.doc 71 кб
5219_01_06_11_16_p.pdf 0.32 кб
5219_01_06_11_16_s.pdf 0.38 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ