Февертекс-ТК
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Февертекс-ТК
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесі. Анальгетиктер. Басқа анальгетиктер және антипиретиктер. Анилидтер. Парацетамол, біріктірілімдері, психолептиктерді қоспағанда. ATX коды N02BE51
Қолданылуы
Ересектердегі суық тию, ринит, ринофарингит және тұмауға ұқсас жай-күйлерді емдеуде (дене салмағы 50 кг және одан көп 15 жас және одан үлкен жастағыларда): мұрыннан түссіз бөліністер және көзден жас ағуы, түшкіру, бас ауыруы және/немесе қызба.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді затқа немесе препараттың кез-келген басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық;
- гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздік;
- жабық бұрышты глаукома қатері;
- қуық асты безі функциясы бұзылуына байланысты несеп іркілу қаупі;
- аспартам болуына байланысты фенилкетонурия;
- 15 жасқа дейінгі балалар;
- жүктілік, лактация кезеңі.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Жоғары және ұзақ сақталған қызба жағдайында, суперинфекция белгілері пайда болғанда немесе 5 күн бойы тұрақты симптомдарда емдеуді қайта қарау керек.
Ұзақ уақыт емдеуде, ұсынылғаннан артық дозалағанда психологиялық тәуелділік қатері туындауы мүмкін.
Артық дозалауды болдырмау үшін басқа дәрілік заттардың құрамында парацетамолдың жоқтығына көз жеткізіңіз.
Дене салмағы 50 кг-дан астам ересектер үшін парацетамолдың тәуліктік ең жоғары дозасы 4 г-дан аспауы тиіс.
Алкогольді сусындарды немесе тыныштандыратын дәрілерді (ішінара барбитураттар) пайдалану антигистаминдердің седативті әсерін күшейтеді, сондықтан оларды ем уақытында қабылдаудан абай болу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Жағымсыз біріктірілімдер
Алкоголь H1-антигистаминнің седативті әсерін күшейтеді. Зейін қоюдың нашарлауы көлік құралдарын басқару кезінде және механизмдермен жұмыс жасауда қауіп туғызуы мүмкін. Құрамында алкоголь бар дәрілік заттарды және алкогольдік сусындарды қабылдаудан аулақ болу керек.
Назарға алынуы тиіс біріктірілімдер
Седативті әсер ететін дәрілік заттар (морфин туындылары (ауыруды басатын, жөтелге қарсы дәрілер және орнын алмастыру емінің препараттары), нейролептиктер, барбитураттар, бензодиазепиндер, бензодиазепиндерден басқа анксиолитиктер (мысалы, мепробамат), ұйықтататын, седативті антидепрессанттар (амитриптилин, доксепин, мианзерин, миртазапин, тримипрамин), седативті әсері бар Н1-рецептор блокаторы, орталыққа әсер ететін гипертензияға қарсы препараттар, баклофен және талидомид) ОЖЖ-не бәсеңдететін әсер береді.
Атропиндік әсері бар дәрілік заттар (имипраминді антидепрессанттар, атропин тәрізді Н1-рецепторлардың блокаторлары, антихолинергиялық паркинсонизмге қарсы препараттар, спазмолитикалық атропиндер, дизопирамид, фенотиазинді нейролептиктер және клозапин) несеп іркілуі, іш қатуы және ауыздың құрғауы сияқты жағымсыз әсерлердің даму қаупін арттырады.
Арнайы ескертулер
Жүктілік және бала емізу кезеңдері
Жүктілік және емшек емізу кезеңінде қабылдау қауіпсіздігі бойынша жеткілікті деректердің болмауына байланысты ұсынылмайды.
Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік препараттың ықпал ету ерекшеліктері
Ұйқышылдық қатері туындауына байланысты пациенттер жоғары зейін қоюды және психикалық және қозғалыс реакцияларының шапшаңдығын талап ететін барлық қызмет түрлерімен айналысудан бас тартқаны дұрыс.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
Ішке тәулігіне 2-3 рет 1 пакеттен. Препаратты қабылдау аралығы 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Емнің ең жоғарғы ұзақтығы 5 күнді құрайды.
Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр (креатинин клиренсі 10 мл/мин төмен) жағдайында препаратты қабылдау аралығы 8 сағаттан кем болмауы тиіс.
Енгізу тәсілі мен жолы
Пакет ішіндегісін ыстық және суық судың жеткілікті мөлшерінде еріту керек. Тұмауды емдеу үшін препаратты ыстық суда еріткен дұрыс және кешкісін қабылдау керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Фенираминге байланысты артық дозалану құрысуларды (әсіресе балаларда), сана бұзылуын, команы туындатуы мүмкін.
Егде жастағы тұлғаларда, және де сонымен бірге кішкентай балаларда парацетамолмен байланысты улану қаупі бар, ол өмір үшін қауіпті болуы мүмкін.
Симптомдары: әдетте бірінші тәуліктерде пайда болатын жүрек айнуы, құсу, анорексия, бозару, іштің ауыруы. Артық дозаланудың ересектердегі бір рет қабылдауда 10 г парацетамолдан астам және балаларда бір рет қабылдағанда дене салмағының әр кг-на 150 мг-дан жоғары болуы гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздікке, метаболизмдік ацидозға, энцефалопатия және өлім жағдайына алып келетін гепатоциттер некрозын туындатуы мүмкін. Артық дозаланғаннан 12-48 сағаттан кейін бауыр трансаминазаларының, лактатдегидрогеназа және билирубин деңгейінің жоғарылауы, сондай-ақ протромбин деңгейінің төмендеуі білінуі мүмкін.
Емі: улану симптомдары пайда болғанда дәрігерге дереу көрініңіз. Ауруханаға жатқызу, плазмадағы парацетамол деңгейін анықтау үшін қанның талдауы, асқазанды шаю, N-ацетилцистеин антидотын вена ішіне немесе дәрілік затты қабылдағаннан кейін 10 сағат ішінде пероральді түрде қабылдау, симптоматикалық ем жасау ұсынылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Бүкіл қосымша парақты мұқият оқып шығыңыз. Егер сізге дәрілік препаратты қолдану тәсілі түсініксіз болған жағдайда, кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгінуді ұсынамыз
ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
- әсіресе емнің басында, седативті әсер немесе ұйқышылдық
- антихолинергиялық әсерлер: шырышты қабық құрғақтығы, іш қату, аккомодация бұзылуы, мидриаз, жүрек қағуының жиілеуі, несеп іркілуі қатері
- ортостатикалық гипотензия
- тепе-теңдіктің бұзылуы, вертиго, егде адамдарда көп кездесетін жадының немесе зейін қоюдың төмендеуі
- қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, діріл, сананың шатасуы, елестеулер
Сирек
- аллергиялық реакциялар (эритема, қышыну, экзема, пурпура, есекжем, Квинке ісінуі, анафилаксиялық шок)
- лейкоцитопения, нейтропения, тромбоцитопения, гемолиздік анемия
Өте сирек
- қозу типіндегі әсерлер: ажитация, күйгелектік, ұйқысыздық
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе тікелей, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық мәліметтер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір пакет (4.95 г) ішінде
белсенді заттар: 0,5 г парацетамол, 0,2 г аскорбин қышқылы, 0,025 г фенирамин малеаты,
қосымша заттар: маннитол, сусыз лимон қышқылы, повидон, сусыз магний цитраты, аспартам (Е 951), «Лимон» хош иістендіргіші.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақшыл-сарғыш түсті түйіршіктелген ұнтақ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Препарат 4,95 г-нан фармацевтикалық препараттарга арналған біріктірілген материалдан (буфлен) жасалған пакеттерге салынады.
8 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау мерзімі
3жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15
Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15
Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15
Электронды пошта:dir-tkpharm@mail.ru