Феброфид (гель 2,5%)

Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Феброфид
Халықаралық патенттелмеген атауы
Кетопрофен
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған 2,5% гель
Құрамы
100 г гельдің құрамында
белсенді зат - 2,5 г кетопрофеннің лизинді тұзы бар
қосымша заттар: полиэтиленгликоль 200, метилгидроксибензоат, пропилгидроксибензоат, карбомер, триэтаноламин, тазартылған су.
Сипаттамасы
Түссізден ашық-сары түске дейінгі, мөлдір немесе аздап бозаңданған гель.
Фармакотерапиялық тобы
Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар.
Кетопрофен.
АТХ коды М02АА 10
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Кетопрофен тері жабындысы арқылы жақсы өтіп, жергілікті қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер етеді. Гельдің биожетімділігі – 5% жуық. Кетопрофеннің сіңген бөлігінің қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 99% жуық. Препарат бауырда метаболизденеді. Қабылданған дозаның 80% жуығы метаболит түрінде несеп арқылы бөлінеді, 10%-дан азы өзгермеген түрде бөлінеді. Ағзада жинақталмайды.
ФармакодинамикасыФеброфид жергілікті қабынуға қарсы, ісінуге қарсы және ауыруды басатын әсері бар. Гель түрінде буын, сіңірлер, байламдар, бұлшықеттер, тері, көктамырлар, лимфа тамырларының және лимфа түйіндерінің зақымдануларын жергілікті емдеуді қамтамасыз етеді. Буын ауруларының синдромында қимылсыз және қозғалыстағы буындардың ауруын әлсіретіп, таңертеңгілік сіреспе мен буындар домбығуын азайтады.
Қолданылуы
- бұлшықеттер мен буындардың жарақаттан кейінгі ауыруында (аяқ қолды шығарып алу, байламдар мен сіңірлер созылуы, соғылулар, жарақаттан кейінгі ауырулар)
- тендовагинитте
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа қолдануға арналған.
Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға
Ауырған жердің терісіне гельдің аздаған бөлігін (3-5 см) күніне 2 – 3 рет жағады да, ақырын ысқылайды.
Құрғақ таңғышты таңудың қажеті жоқ, өйткені гель тері арқылы жақсы сіңеді, иіссіз, құрамында бояғыш заттар жоқ, майлы дақ қалдырмайды, киімді ластамайды. Емдеу курсы 1 апта.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық тері реакциялары, тері гиперемиясы, фотосенсибилизация, тері экзантемасы, пурпура, қышыма, бөртпе, везикулезды және буллезды дерматит, есекжем
Өте сирек:
- бүйрек жеткіліксіздігінің күшеюі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
кетопрофенге және/немесе препараттың басқа компоненттеріне, ҚҚСП, ацетилсалицил қышқылына, күн сәулесіне жоғары сезімталдық
-
ылғалданатын дерматоздар, экзема, жұқпаланған сырылулар, жаралар, күюлер
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
15 жасқа дейінгі балаларға
-
терінің өзгеруі болатын жұқпалы ауруларда
-
сыртартқысында кетопрофенге, тиапрофен қышқылына, фенобарбиталға, холестерин концентрациясын төмендететін дәрілік препараттарға, күн сәулесіне арналған кремге терінің аллергиясы
-
сыртартқысында фотосенсибилизацияның кез-келген реакциясы
Кетопрофен ацетилсалицил қышқылына және қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға сезімтал адамдарда бронх түйілуін туындатуы мүмкін.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Жиі және ұзақ мерзімге қолданғанда жүйелі түрде қолданғандағыдай басқа препараттармен өзара әрекеттестік симптомдары пайда болуы мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттармен, глюкокортикостероидтармен, этанолмен, кортикотропинмен бірге қолдану ойық жаралардың пайда болуына және асқазан-ішек жолдарынан қан кетуге әкеп соқтыруы мүмкін. Ішетін антикоагулянттармен, гепаринмен, тромболитиктермен, антиагреганттармен, цефаперазонмен, цефамандолмен бір мезгілде тағайындау қан кету қаупін арттырады. Феброфид гипотензивті препараттар мен диуретиктердің (простагландиндер синтезінің тежелуі) әсерін төмендетеді. Инсулин мен ішетін гипогликемиялық препараттардың (дозаны қайта есептеу қажет) гипогликемиялық әсерін арттырады. Натрий вальпроатымен бірге тағайындау тромбоциттер агрегациясының бұзылуын туындатады. Қан плазмасындағы верапамил мен нифедипиннің концентрациясын арттырады.
Айрықша нұсқаулар
Бронхтық демікпесі, қан айналымы жеткіліксіз, бүйрек немесе бауыр қызметінің бұзылуы бар емделушілерге абайлап қолдану керек.
Препаратты шырышты қабықтарға және көзге түсірмеу керек.
Терінің зақымданған жерлеріне қолданбау керек.
Ұзақ мерзім қолданғанда бауыр және/немесе бүйрегінің ауыр жеткіліксіздігі бар науқастарға сақ болу керек.
Емдеу кезінде және емдеуден кейін 2 аптадан соң препаратпен өңделген тері бөліктерін күннен (солярийдегі УК сәулесін қоса) қорғау қажет.
Құрамында октокрилен бар өнімдерді бір мезгілде қолданғаннан кейінгі тері реакцияларын қоса, кез-келген тері реакциялары пайда болғанда емдеуді дереу тоқтату керек.
Көлік құралдарын жүргізуге және механикалық құрал-жабдықтарға қызмет көрсету қабілетіне әсері
Мәліметтер жоқ
Артық дозаланғанда
Жергілікті қолданған кезде артық дозалану ықтималдығы аз. Ішке қателесіп қолданған жағдайда: ұйқышылдық, жүрек айнуы, құсу пайда болуы мүмкін.
Үлкен дозада қолданған кезде – тыныс алу қызметінің төмендеуі, кома, құрысулар, гипотония, жедел бүйрек жеткіліксіздігі.
Емдеу – симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Препарат алюминий сықпаларға 30 немесе 50 г-ден салынған.
Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пашкеге 1 сықпадан салынған.
Сақтау шарттары
15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Медана Фарма» АҚ
98-200 Серадз, В. Локетка көшесі, 10
Польша
Тіркеу куәлігінің иесі
«Химфарм» АҚ, Қазақстан
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Химфарм» АҚ, Шымкент қаласы, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,
Рашидов көшесі, н/ж, т/ф: 560882
Телефон нөмірі: 7252 (561342)
Факс нөмірі: 7252 (561342)
Электронды поштасы: standart@santo.kz