Фаспик (600 мг, мятно-анисовый вкус)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Фаспик
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ибупрофен
Дәрілік түрі
Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған
өрік дәмі бар 400 мг және 600 мг, жалбыз-бәден дәмі бар 400 мг және 600 мг және жалбыз дәмі бар 200 мг түйіршіктер
Құрамы
Жалбыз дәмі бар бір пакеттің ішінде
белсенді зат - ибупрофен (L- аргинин тұзы түрінде) 200 мг,
қосымша заттар: L-аргинин, натрий гидрокарбонаты, натрий сахаринаты, аспартам, жалбыз хош иістендіргіші, сахароза.
Жалбыз-бәден дәмі бар бір пакеттің ішінде
белсенді зат - ибупрофен (L- аргинин тұзы түрінде) 400 мг немесе 600 мг,
қосымша заттар: L-аргинин, натрий гидрокарбонаты, натрий сахаринаты, аспартам, жалбыз хош иістендіргіші, бәден хош иістендіргіші, сахароза.
Өрік дәмі бар бір пакеттің ішінде
белсенді зат - ибупрофен (L- аргинин тұзы түрінде) 400 мг немесе 600 мг,
қосымша заттар: L-аргинин, натрий гидрокарбонаты, натрий сахаринаты, аспартам, өрік хош иістендіргіші, сахароза
Сипаттамасы
Ақ түсті жалбызға тән иісі бар түйіршіктер (жалбыз дәмі бар түйіршіктер үшін)
Ақ түсті жалбызды-бәденге тән иісі бар түйіршіктер (жалбыз-бәден дәмі бар түйіршіктер үшін)
Ақ түсті өрікке тән иісі бар түйіршіктер (өрік дәмі бар түйіршіктер үшін)
Фармакотерапиялық тобы
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Пропион қышқылы туындылары
АТХ коды М01АЕ01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі: асқазаннан жақсы сіңіріледі. Фаспик қолданылғанда ибупрофен плазмадағы 26 мкг/мл және 56 мкг /мл-ге жуық ең жоғары концентрациясына (Cmax) препаратты, тиісінше, 200 және 400 мг дозада ашқарынға қабылдағаннан кейін 15-25 минут ішінде жетеді.
Таралуы: ибупрофен плазма ақуыздарымен шамамен 99 байланысады. Ол синовиальді сұйықтықта баяу таралады және одан плазмаға қарағанда баяуырақ шығарылады.
Метаболизмі: ибупрофен, негізінен, изобутил тобын гидроксилдеу және карбоксилдеу жолымен бауырда метаболизмге ұшырайды. Метаболиттері фармакологиялық тұрғыда белсенді емес.
Шығарылуы: екі фазалық шығарылу кинетикасына ие. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 1-2 сағат құрайды. Дозаның 90 дейіні несеппен метаболиттер мен олардың конъюгаттары түрінде шығарылады. 1-дан азы өзгермеген күйде несеппен және аз дәрежеде өтпен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Фаспик препаратының белсенді заты - L-аргинин тұзы түріндегі Ибупрофен пропион қышқылының туындысы болып табылады. 1-циклооксигеназаны және 2-циклооксигеназаны талғамай бөгеу есебінен ауыруды басушы, ыстық түсіруші және қабынуға қарсы әсер етеді және простагландиндер синтезіне тежегіш ықпалын тигізеді.
Ауыруды басатын әсері қабыну сипатындағы ауырулар кезінде едәуір айқын. Барлық ҚҚСП сияқты, ибупрофен антиагреганттық белсенділік танытады.
Қолданылуы
-
әртүрлі этиологиядағы ауыру синдромында: тамақтың ауыруы, бас ауыру, бас сақинасы, тіс ауыру, тіс жұлудан кейінгі ауыру, невралгия, сүйек-буын және бұлшықет ауырулары, операциядан кейінгі ауырулар, жарақаттан кейінгі ауырулар, альгодисменореяда
-
ревматизм аурулары: ревматоидтық артрит, шорбуынданатын спондилит, Стилл ауруы, остеоартроз, остеохондроз
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға:
Ең жоғары тәуліктік дозасы күніне 1200 мг құрайды.
400 мг пакеттер: күніне 2 – 3 пакеттен.
600 мг пакеттер: күніне 1 – 2 пакеттен.
Түйіршіктерді 50 - 100 мл суда ерітеді, ерітіндіні ішке дайындалғаннан кейін дереу тамақ уақытында немесе тамақтан соң қабылдайды.
Артриті бар науқастардағы таңертеңгі құрысуларды кетіру үшін препараттың бірінші дозасын ұйқыдан тұрған соң бірден қабылдау ұсынылады.
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз жоғарырақ дозаларда және 7 күннен артық қолдануға болмайды.
Бүйрек, бауыр немесе жүрек қызметінің бұзылулары бар емделушілерде доза азайтылуы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
-
ҚҚСП-гастропатия (жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, қыжыл, тәбеттің төмендеуі, диарея, метеоризм, эпигастрий аймағындағы ауыру мен жайсыздық), АІЖ жолы шырышты қабығының ойық жаралы зақымдануы (бірқатар жағдайларда тесілумен және қан кетулермен асқынады); ауыз қуысы шырышты қабығының тітіркенуі, құрғауы немесе ауыздың ауыруы, қызыл иек шырышты қабығының ойық жаралануы, афтоздық стоматит, панкреатит, іш қатуы, гепатит
- бронх түйілуі
-
- естудің нашарлауы, құлақтағы шыңыл немесе шу, көру жүйкесінің қайтымды уытты невриті, көру арқылы қабылдаудың анық болмауы немесе диплопия, көздің құрғауы мен тітіркенуі, конъюнктива мен қабақтың ісінуі (аллергиялық генезде), скотома
-
бас ауыру, бас айналу, ұйқысыздық, үрейлену, жүйкенің тозуы және ашушаңдық, психомоторлық қозу, ұйқышылдық, депрессиялар, сананың шатасуы, елестеулер, сирек - асептикалық менингит (көбіне аутоиммундық аурулары бар емделушілерде)
-
жүрек жеткіліксіздігінің дамуы немесе ушығуы, тахикардия, артериялық қысымның көтерілуі
-
жедел бүйрек жеткіліксіздігі, аллергиялық нефрит, нефротикалық синдром (ісінулер), полиурия, цистит
-
тері бөртпесі (әдетте эритроматоздық, есекжем), тері қышымасы, ангионевротикалық ісіну, анафилактоидтық реакциялар, анафилактикалық шок, бронх түйілуі, қызба, мультиформалы экссудаттық эритема (соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы), уытты эпидермалдық некролиз (Лайелл синдромы), эозинофилия, аллергиялық ринит
-
анемия (соның ішінде гемолитикалық, апластикалық), тромбоцитопения мен тромбоцитопениялық пурпура, агранулоцитоз, лейкопения
Үлкен дозаларда ұзақ уақыт қабылдағанда АІЖ шырышты қабығының ойық жарасының даму қаупі, қан кету (асқазан-ішек, қызыл иектік, жатырлық, геморроидалдық), көрудің бұзылуы (түсті көру бұзылуы, скотомалар, амблиопиялар) ұлғаяды.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
-
асқазан-ішек жолы (АІЖ) мүшелерінің эрозиялы-ойық жаралы аурулары (соның ішінде асқазан мен 12-елі ішектің өршу сатысындағы ойық жаралы ауруы, ойық жаралы колит, пептикалық ойық жара, Крон ауруы-ойық жаралы колит)
-
асқазан-ішектен қан кету
-
ішектің қабыну аурулары
-
толық немесе толық емес бронх демікпесінің, қайталанған мұрын мен мұрын маңындағы қойнаулар полипозының және ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСП-ны көтере алмаудың (оның ішінде сыртартқыдағы) қосылуы
-
қан ұюының бұзылулары (соның ішінде гемофилия, қан кету уақытының ұзаруы, қан кетулерге бейімділік, гемморрагиялық диатез)
-
бүйректің үдемелі аурулары, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден аз)
-
белсенді бауыр ауруы, бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
-
аортокоронарлы шунттау жүргізілгеннен кейінгі жай-күй
-
расталған гиперкалиемия
-
жүктілік және лактация кезеңінде
-
12 жасқа дейінгі балалық жас
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
- микросомалық тотығу индукторлары (фенитоин, этанол, барбитураттар, рифампицин, фенилбутазон, үш циклды антидепрессанттар), ауыр гепатоуытты реакциялардың даму қаупін арттыра отырып, гидроксилденген белсенді метаболиттердің өнімін көбейтеді.
- микросомалды тотығу тежегіштері гепатоуыттылық әсері қаупін төмендетеді
- гипотензиялық дәрілік заттардың (соның ішінде баяу кальций өзектерінің бөгегіштері мен ангиотензинге өзгертуші фермент тежегіштерінің) әсерін, фуросемид пен гидрохлоротиазидтің натрийуретикалық және диуретикалық белсенділігін төмендетеді.
- урикозуриялық дәрілік заттардың тиімділігін төмендетеді, тікелей емес антикоагулянттардың, антиагреганттардың, фибринолитиктердің (геморрагиялық асқынулардың пайда болу қаупінің артуы) әсерін күшейтеді
- глюкокортикостероидтар, колхицин, эстрогендер, этанолмен бірге қолданғанда қан кетулермен болатын ульцерогендік әсері
-ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық дәрілік заттар мен инсулиннің тиімділігін күшейтеді
- антацидтер мен колестирамин ибупрофеннің сіңірілуін төмендетеді
-қандағы дигоксиннің, литий препараттарының және метотрексаттың концентрациясын арттырады.
-
кофеин препараттың жансыздандыру әсерін күшейтеді.
-
бір мезгілде қолданғанда ибупрофен ацетилсалицил қышқылының қабынуға қарсы және антиагреганттық әсерін төмендетеді (ибупрофенді қабылдау басталғаннан кейін антиагреганттық дәрі ретінде ацетилсалицил қышқылының аз дозаларын алып жүрген науқастарда жедел коронарлық жеткіліксіздіктің даму жиілігі ұлғаюы мүмкін).
-
антикоагулянттық және тромболитикалық дәрілік заттармен (алтеплаза, стрептокиназа, урокиназа) қолданғанда қан кетулердің даму қаупі бір мезгілде артады.
-
цефамандол, цефаперазон, цефотетан, вальпрой қышқылы, пликамицин гипопротромбинемияның даму жиілігін ұлғайтады.
-
миелоуытты дәрілік заттар препараттың гематоуыттық көріністерін күшейтеді.
-
циклоспорин мен алтын препараттары ибупрофеннің бүйректегі простагландиндер синтезіне әсер етуін күшейтеді, бұл нефроуыттанудың жоғарылауымен көрініс береді.
-
ибупрофен циклоспориннің плазмалық концентрациясын және оның гепатоуыттылық тиімді әсерлерінің даму ықтималдығын арттырады.
-
өзекшелік сөліністі бөгейтін дәрілік заттар ибупрофеннің шығарылуын төмендетіп, плазмалық концентрациясын арттырады.
Айрықша нұсқаулар
Емдеу кезінде шеткергі қанның жасушалық құрамын және бауыр мен бүйректің функционалдық жай-күйін бақылау қажет.
Гастропатия белгілері білінгенде эзофагогастродуоденоскопия жүргізу, гемоглобин, гематокрит анықталатын қан талдауы, жасырын қанға жасалған нәжіс талдауы қамтылатын мұқият бақылау көрсетілген.
ҚҚСП-гастропатияның дамуын болдырмау үшін Е простагландині препараттарымен (мизопростол) біріктіру ұсынылады.
17-кетостероидтарды анықтау қажет болғанда зерттеуге дейін 48 сағат бұрын препаратты тоқтату керек.
Ибупрофен 1000 мг астам тәуліктік дозада қан кету уақытын ұзартуы мүмкін.
Сыртартқысында бронх түйілуі ұстамалары бар, әсіресе дәрілік препараттар қабылдаумен байланысты, сондай-ақ бүйрек және/немесе бауыр немесе жүрек қызметі бұзылуы бар емделушілерді емдеуде препаратты сақтықпен қолдану керек. Бұндай емделушілерге клиникалық және зертханалық параметрлердің жүйелі мониторингі керек, әсіресе ұзақ мерзімді емделуде.
Жүйелі қызыл жегі, басқа да коллагеноздер ауыр жайылған аллергиялық реакциялар дамуы үшін қауіпті фактор болып табылады.
Препараттың құрамында сахароза бар, бұл емделушілерде сәйкесті тұқым қуалаған фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактозаның мальасорбциялық синдромы немесе сахароза-изомальтоза тапшылығы болғанда назарға алынуға тиіс.
Науқастар зейін арттыруды, жылдам психикалық және қозғалыс реакциясын талап ететін қызмет түрлерінің барлығын қоя тұруға тиіс.
Емделу кезеңінде этанолды қабылдау ұсынылмайды.
АІЖ тарапынан болатын ұнамсыз құбылыстардың даму қаупін азайту үшін мүмкіндігінше ең аз қысқа курста ең аз тиімді дозаны пайдалану керек.
Сақтықпен
Портальді гипертензиясы бар бауыр циррозы, гипербилирубинемия, асқазан мен 12-елі ішектің ойық жаралы ауруы (сыртартқыдағы), гастрит, энтерит, колит; бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі, нефротикалық синдром; созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия; ишемиялық жүрек ауруы, цереброваскулярлық аурулар, дислипидемия/гиперлипидемия, қант диабеті, шеткергі артериялардың аурулары, шылым шегу, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30-60 мл/мин), Helicobacter pуlori жұқпасының болуы, ұзақ уақыт ҚҚСП пайдалану, алкоголизм, ауыр соматикалық аурулар, глюкокортикостероидтарды (соның ішінде преднизолон), антикоагулянттарды (соның ішінде варфарин), антиагреганттарды (соның ішінде клопидогрель), серотонинді кері қармайтын іріктелген тежегіштерді (соның ішінде циталопрам, флуоксетин, пароксетин, сертралин) бір мезгілде ішу арқылы қабылдау, этиологиясы белгісіз қан аурулары (лейкопения және анемия) кезінде.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік заттардың болуы мүмкін жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлік және басқа потенциалды қауіпті механизмдерді басқаруда сақтық жасау керек.
Артық дозалануы
Белгілері: абдоминальді ауырулар, жүрек айнуы, құсу, мәңгіру, ұйқышылдық, депрессия, бас ауыру, құлақтағы шу, метаболикалық ацидоз, кома, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, артериялық қысымның түсіп кетуі, брадикардия, тахикардия, жүрекшелер фибрилляциясы, тыныс алудың тоқтауы.
Емі: асқазанды шаю (қабылдағаннан кейін бір сағат ішінде ғана), белсенділендірілген көмір, сілтілі сусын ішу, қарқынды диурез, белгілеріне қарай ем (қышқылды-негіздік жай-күйді, артериялық қысымды реттеу), қажет болғанда жан сақтау іс шаралары
Шығарылу түрі және қаптамасы
Көп қабатты (қағаз - алюминий-полиэтилен) фольгадан жасалған пакеттерде 3.0 г.
12 қосарланған пакеттер медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Замбон Свитцерланд Лтд
Виа Индустриа 13, СН - 6814 Кадемпино, Швейцария.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Замбон С.П.А., Италия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«ВИВА ФАРМ» ЖШС
2-ші Остроумов к., 33, Алматы қ., ҚР
тел.: +7 (727) 383 74 63, факс: +7 (727) 383 74 56;
e-mail: viva@vivapharm.kz, pv@vivapharm.kz