Фарингосепт (таблетки для рассасывания со вкусом корицы)

МНН: Амбазон
Производитель: С.К. Терапия С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ambazone
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022793
Информация о регистрации в РК: 13.02.2017 - 13.02.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Фарингосепт

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амбазон

Дәрілік түрі

Дәмқабық дәмі бар соруға арналған 10 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 10 мг амбазон моногидраты,

қосымша заттар: сахароза, лактоза моногидраты, какао, повидон К30, стеарин қышқылы, дәмқабық хош иістендіргіші.

-

Сипаттамасы

Шеттері бүтін, беткейі жайпақ тегіс пигментті, бір жақ бетінде «С» әрпі бар, цилиндр тәрізді қоңыр түсті қатты таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Амбазон.

АТХ коды R02AA01

Фармакологиялық қасиеттері

ЛОР-практикада және стоматологияда жергілікті қолдануға арналған антисептикалық дәрі. Бактериостатикалық әсер етеді. Streptococcus haemoliticus, Streptococcus viridans, Pneumococcus қатысты белсенді. Ішектің микрофлорасына әсер етпейді.

Қолданылуы

Ауыз қуысы және көмей жедел инфекциялық-қабыну ауруларын кешенді емдеу құрамында

- гингивитте, стоматитте, баспада, фарингитте, тонзиллитте

- тонзилэктомиядан және тістің экстракциясынан кейін

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер — тәулігіне 3–5 таблеткадан (30–50 мг), 3-4 күн бойы.

14-тен 18 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 1 таблеткадан. Емдеу курсы – 3-4 күн. Фарингосепт таблеткасын жұтпай, толық ерігенше ауызда ұстау керек. Препаратты тамақтанғаннан кейін бірден (15-30 минуттан соң) қолданады, препаратты қабылдағаннан кейін 2-3 сағат бойы тамақ пен судан бас тарта тұру ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

- аса жоғары сезімталдық жағдайларында - қышыну, тері бөртпесі, Квинке ісінуі, есекжем

- сілекейдің боялуы (жекелеген жағдайларда)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амбазонға немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- 14 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Құрамында қант болғандықтан қант диабетімен ауыратындарға қолданудан аулақ болу ұсынылады.

Құрамында лактоза болғандықтан (бір таблеткада 150 мг) лактозаны көтере алмайтын, галактозаны көтере алмайтын сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге, лактозалық жеткіліксіздігі немесе сіңуінің бұзылу синдромы бар науқастарға қолданудан аулақ болуы керек.

Жүктілік және лактация

Жүктілік кезеңінде ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін болатын қауіптен артса ғана препаратты қолдануға болады. Лактация кезеңінде қауіп/пайда ара қатысын ескере отырып, препаратты қолданған кезде баланы емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған. Егер препаратты кездейсоқ жоғары дозада қабылдаған болса, онда құстырту және асқазанды шаю керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий/поливинилхлорид/полиэтилен/поливинилхлоридтен жасалған мөлдір түссіз фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған. 1 және 2 пішінді қаптамадан қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

S.C.TERAPIA S.A., Str. Fabricii, nr 124, Cluj-Napoca 400 632, Румыния

Тіркеу куәлігінің иесі

Sun Pharmaceutical Industries Ltd, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы Sun Pharmaceutical Industries Ltd өкілдігі

Алматы қ., Манас к-сі 32А, САТ БО, 602 кеңсе

тел.: 8-727-2378450

эл. поштасы: regulatory.kz@sunpharma.com

Прикрепленные файлы

Фарингосепт_с_корицей_инструкция_рус.doc 0.04 кб
Фарингосепт_с_корицей_инструкция_кз.doc 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники