Фарингосепт со вкусом ягод
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Фарингосепт жеміс дәмі бар
Халықаралық патенттелмеген атауы
Амбазон
Дәрілік түрі
Соруға арналған таблеткалар 10 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат –10.0 мг амбазон моногидраты,
қосымша заттар: сахароза, лактоза моногидраты, какао (шоколад), повидон К30, стеарин қышқылы, аралас жеміс хош иістендіргіш, этанол (96 %).
** құрамында: хош иістендіргіш ингредиенттер (15 - 25) %, модификацияланған тағамдық крахмал (35 - 45) %, мальтодекстрин (35 - 45 %) бар
*** - ақырғы өнімнің құрамында болмайды, өндіріс үдерісінде буланып ұшып кетеді
Сипаттамасы
сипаттамасы
Цилиндр пішінді, жалпақ, қоңыр түсті, шеттері кертілмеген тұтас және беткейі пигментацияланған, бір жағында «Ғ» өрнегі бар және екінші жағы тегіс таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Амбазон.
АТХ коды R02AA01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакодинамикасы
ЛОР-тәжірибеде және стоматологияда жергілікті қолдануға арналған антисептикалық дәрі. Бактериостатикалық әсер береді. Streptococcus haemoliticus, Streptococcus viridans, Pneumococcus-ке қатысты белсенді.
Ішек микрофлорасына әсер етпейді.
Қолданылуы
Ауыз қуысы мен көмейдің жедел инфекциялық-қабыну ауруларын емдеуге арналған кешенді емнің құрамында
- гингивитте, стоматитте, баспада, фарингитте, тонзиллитте
- тонзилэктомия мен тіс экстракциясынан кейін
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге — 3-4 күн бойы тәулігіне 3–5 таблеткадан (30–50 мг).
14 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 3 таблеткадан (30 мг). Емдеу курсы — 3–4 күн. Фарингосепт таблеткаларын жұтпайды, толық ерігенше ауызда ұстайды. Препаратты тамақтан кейін бірден (15-30 минуттан соң) қолданады, препаратты қабылдағаннан кейін 2-3 сағат бойы су ішу мен тамақ жеуден бас тарта тұру ұсынылады.
Жағымсыз әсерлері
- аса жоғары сезімталдық жағдайларында – қышыну, тері бөртпесі, Квинке ісінуі, есекжем болуы мүмкін
- сілекей түсінің өзгеруі (бірен-саран жағдайларда)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- амбазонға немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық
- 14 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Құрамында қант болғандықтан, қант диабеті бар науқастарға қолданылуын болдырмау ұсынылады.
Құрамында лактоза (бір таблеткасында 150 мг) болғандықтан, лактозаны көтере алмаушылығы бар науқастарға, галактозаны көтере алмаушылықтың сирек тұқым қуалайтын аурулары бар, лактоза жеткіліксіздігі немесе сіңірілуінің бұзылу синдромы бар пациенттерге қолданылуын болдырмау ұсынылады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Егер анасы үшін күтілетін пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен асып түсетін болса, жүктілік кезінде препаратты қолдануға болады. Лактация кезеңінде препаратты қолданған жағдайда, пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып, бала емізуді тоқтату керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған. Егер препарат байқаусызда көп дозада қабылданса, онда құстыру және асқазанды шаю ұсынылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлорид/полиэтилен/поливинилдихлорид үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
Пішінді ұяшықты 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
S.C.TERAPIA S.A.,
Str. Fabricii, nr 124, Cluj-Napoca 400 632, Румыния
Тіркеу куәлігінің иесі
Sun Pharmaceutical Industries Ltd, Үндістан
Mumbai-400 063, Maharashtra, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:
«Sun Pharmaceutical Industries Ltd» ҚР өкілдігі
Алматы қ., Манас к-сі 32А, СӘТ БО, 602 кеңсе
тел.: 8-727-2378450
эл.поштасы: regulatory.kz@sunpharma.com