Фарингосепт® (со вкусом лимона)

МНН: Амбазон
Производитель: С.К. Терапия С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ambazone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015701
Информация о регистрации в РК: 26.01.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Фарингосепт®

Халықаралық патеттелмеген атауы

Амбазон

Дәрілік түрі, дозалануы

Соруға арналған 10 мг таблеткалар

Лимон дәмі бар соруға арналған 10 мг таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Амбазон

АТХ коды R02AA01

Қолданылуы

Ауыз қуысы және көмей жедел инфекциялық-қабыну ауруларын кешенді емдеу құрамында

- гингивитте, стоматитте, ангинада, фарингитте, тонзиллитте

- тонзилэктомиядан және тістің экстракциясынан кейін

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амбазонға немесе кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балаларға

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Фарингосепт® соруға арналған 10 мг таблеткалары (бір таблеткада 729 мг) мен Фарингосепт® лимон дәмі бар соруға арналған таблеткалары (бір таблеткада 745 мг) құрамында қант болғандықтан, қант диабетімен ауыратындарға қолданудан аулақ болу ұсынылады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолдану

6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация

Препарат жүктілік және лактация кезінде қолданылуы мүмкін

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектерге - тәулігіне 3–5 таблеткадан (30–50 мг).

6-дан 18 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 3 таблетка (30мг) қабылдауға болады.

Енгізу әдісі және жолы

Фарингосепта® таблеткасын жұтпай, толық ерігенше ауызда ұстап сору керек.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Препаратты тамақтанғаннан кейін бірден (15-30 минуттан соң) қолданады, препаратты қабылдағаннан кейін 2-3 сағат бойы тамақ пен судан бас тарта тұру ұсынылады.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы – 3-4 күн.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Анықталмаған. Егер препаратты кездейсоқ жоғары дозада қабылдаған болса, онда құстырту және асқазанды шаю керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Қолданар алында міндетті түрде емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

Емдеуші дәрігерге қандай бір басқа препараттар қабылдап жүргеніңізді, жақында қабылдағаныңызды немесе қабылдауды бастайтыныңызды хабарлаңыз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жүйелік-ағзалық жіктемесіне және олардың туындау жиілігіне сәйкес жағымсыз реакциялардың жіктелуі (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).

Аса жоғары сезімталдық жағдайларында - қышыну, тері бөртпесі болуы мүмкін

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 10 мг амбазон моногидраты,

қосымша заттар: сахароза, лактоза моногидраты, какао, повидон К30, стеарин қышқылы, ванилин (соруға арналған таблеткалар), лимон хош иістендіргіші (лимон дәмі бар соруға арналған таблеткалар).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Соруға арналған таблеткалар: шеттері бүтін, беткейі жайпақ және пигментті, тегіс цилиндр тәрізді қоңыр түсті қатты таблеткалар.

Лимон дәмі бар соруға арналған таблеткалар: шеттері бүтін, беткейі жайпақ және пигментті, бір жақ бетінде «L» әрпі бар, тегіс цилиндр тәрізді қоңыр түсті қатты таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамада. 1 немесе 2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақша және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

Соруға арналған таблеткалар, 10 мг – 2 жыл

Лимон дәмі бар соруға арналған таблеткалар, 10 мг – 3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

S.C.TERAPIA S.A., Str. Fabricii, nr 124, Клуж-Напока 400 632, Румыния

Тел. +40 264501500

Факс: +40 264415097

www.sunpharma.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

  • Sun Pharmaceutical Industries Ltd.

  • Сан Хаус, Плот No. 201 B/1, Вестерн Экспресс Хайвэй, Гургаон (E),

  • Мумбай – 400 063, Махараштра, Үндістан

  • Тел. (91-79) 23253417

  • www.sunpharma.com

  • Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    «Компании Сан Фармасьютикал Индастриез Лимитед» өкілдігі

    Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Манас көшесі, 32А үй, 602 кеңсе, пошталық индексі 050040

    тел.: 8 (727) 2378451, 2378450, 88000805202

    эл.поштасы: Pharmacovigilance.kz@sunpharma.com

    Прикрепленные файлы

    Фарингосепт_каз.docx 0.03 кб
    Фарингосепт_рус.docx 0.03 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники