Фарингомед (Таблетки для рассасывания)

Производитель: Материа Медика Холдинг НПФ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения заболеваний глотки
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018692
Информация о регистрации в РК: 09.02.2012 - 09.02.2017

Инструкция

Саудалық атауы

ФАРИНГОМЕД

Халықаралық патенттелмеген атауы

жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді заттар: Phytolacca americana (Phytolacca) С24, Atropa belladonna (Вelladonna) С30, Hepar sulfuris С12, Acidum silicicum (Silicea) С12.

қосымша заттар: изомальт, натрий сахарині, натрий цикламаты, сусыз лимон қышқылы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Тегісцилиндр түріндегі, сызығы мен ойығы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар. Тегіс жағында сызығы мен MATERIA MEDICA деген жазуы, екінші тегіс жағында FARINGOMED деген жазу бар.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар.

АТЖ коды R02A

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетика

Препарат құрамында белсенді ингредиенттер өте аз мөлшерде болғандықтан, фармакокинетикалық зерттеулерді жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Ауру сезімін және қабынуды басатын әсер көрсетеді. Тамақтағы ісінуді, қызаруды, жыбырлауды және ауру сезімді азайтады, мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді, ЛОР-мүшелері жағынан асқынулардың даму мүмкіндігін төмендетеді.

Қолданылуы

Кешенді емнің құрамында – тамақтағы қабыну ауруларын емдеу.

Қолдану тәсілі және дозалары

Бір рет қабылдауға бір таблетканы толық ерігенге дейін ауызда ұстау керек.

Аурудың алғашқы белгілері байқалғанда-ақ препаратты қабылдауды бастау мақсатқа сай.

Препаратты келесі кесте бойынша қабылдау керек: емдеудің алғашқы 2 сағатында – әр сағат сайын 1 таблеткадан, содан соң 1 таблеткадан әр 3-4 сағат сайын тәулігіне 5 таблеткадан көп емес қабылдау керек.

Препаратты қабылдау жиілігі мен бір реттік дозасы емделушінің жасына байланысты емес.

Препаратпен емдеуді бастағаннан кейін 24 сағат ішінде аурудың көріністері сақталса дәрігерге қаралу керек.

Жағымсыз әсерлері

- Препаратты көрсетілген нұсқаулары және көрсетілген дозасы бойынша қолданған кезде әлі күнге дейін жағымсыз әсерлері анықталған жоқ.

- Препараттың құрамдас бөліктеріне жекелеген жоғары сезімталдық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдас бөліктеріне жекелеген жоғары сезімталдықта

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Осы уақытқа дейін басқадай дәрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары анықталған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде Фарингомедті қолдану қауіпсіздігі зерттелген жоқ. Препаратты қолдану қажет болған жағдайда қауіп/пайда арақатынасын ескеру керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлікті жүргізу және қауіпті механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: дәрілік түрдің құрамына кіретін толықтырғыштардың әсерінен диспепсиялық бұзылыстар болуы мүмкін.

Емдеу: симптоматикалық

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминийлі фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан. 1, 2 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптама мемлекеттік және орыс тілінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пашкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С–ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ;

Ресей Федерациясы, 127473, Мәскеу қ-сы, 3-ші Самотечный қысқа көшесі,

9 үй.

Тел./факс: (495) 684-43-33

Тіркеу куәлігінің иесі:

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ, Ресей Федерациясы.

Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның атауы:

ҚР-дағы «МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ өкілдігі

Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі 64, 206 кеңсе. Тел./факс: 2734713

E-mail: materiamedica.kz@mail.ru

 

3

 

Прикрепленные файлы

786568911477977154_ru.doc 44 кб
216004191477978318_kz.doc 48 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники