Фангифлю
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Фангифлю
Халықаралық патенттелмеген атауы
Флуконазол
Дәрілік түрі
Капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - 150 мг флуконазол;
қосымша заттар: лактоза, крахмал, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты
капсула қабығының құрамы: флоксин В, күн батар түстес сары, титанның қостотығы (Е 171), желатин
Сипаттамасы
Ақ түсті корпустан және қызғылт түсті қақпақшадан тұратын № 2 қатты желатинді капсула.
Капсуланың ішіндегісі ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ болып келеді.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Триазол туындылары. Флуконазол
АТХ коды J02AC01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңірілуі – жоғары (ас ішу сіңу жылдамдығына әсер етпейді), биожетімділігі – 90 %. Ішке аш қарынға 150 мг қабылдағаннан кейін плазмадағы ең жоғары концентрациясына жету уақыты (TCmax) – 0,5-1,5 сағат және плазмадағы ең жоғары концентрациясы (Cmax) 90 %-ды құрайды. Плазма ақуыздарымен байланысуы - 11-12 %. Плазмадағы концентрациясы дозаға тікелей тәуелді болады. Заттың қандағы тепе-теңдік концентрациясына (Css) қабылдаудың (тәулігіне 1 рет қабылдағанда) 4-5-ші күнінде жетеді. Әдеттегі тәуліктік дозадан екі есе асатын «екпінді» дозаны енгізу (бірінші күні) 2 күнге қарай Css тиісінше 90 % концентрацияға жетуге мүмкіндік береді. Организмнің барлық сұйықтықтарына жақсы өтеді. Емшек сүтіндегі, буын сұйықтығындағы, сілекейдегі, қақырықтағы және перитонеальді сұйықтықтағы белсенді заттың концентрациясы плазмадағы осындайға ұқсас. Қынаптық секреттегі тұрақты мәнге ішке қабылдаған соң 8 сағаттан кейін жетеді және бұл деңгейде 24 сағаттан кем болмайды. Жұлын (ЖС) сұйықтығына жақсы өтеді, зеңді менингитте ЖС концентрациясы плазмадағы сондайдың 85 % жуығын құрайды. Тер сұйықтығында, эпидермисте және мүйізді қабықта (селективті жинақталуда) сарысудағыдан асатын концентрацияға жетеді. Ішке 150 мг қабылдағаннан кейін 7 күні терінің мүйізді қабығындағы концентрациясы - 23,4 мкг/г, ал екінші дозаны қабылдаған соң 1 аптадан кейін - 7,1 мкг/г; дені сауларда аптасына 1 рет 150 мг дозада 4 ай қолданғаннан кейін тырнақтардағы концентрациясы -– 4,05 мкг/г және зақымданған тырнақтарда -1,8 мкг/г. Таралу көлемі ағзадағы судың жалпы құрамына жақындайды.
Жартылай шығару кезеңі - (T1/2) - 30 сағат. Бауырдағы CYP2C9 изоферменті тежегіші болып табылады. Көбіне бүйрекпен (80 % - өзгермеген түрде, 11 % - метаболиттер түрінде) шығарылады. Флуконазол клиренсі креатинин клиренсіне (КК) пропорционалды.
Флуконазол фармакокинетикасы бүйректің функционалдық жай-күйіне елеулі түрде тәуелді, бұл жерде T1/2 және КК арасында қайтымды тәуелділік бар. Гемодиализден кейін 3 сағат ішінде плазмадағы флуконазол концентрациясы 50 %-ға төмендейді.
Фармакодинамикасы
Флуконазол – зеңге қарсы дәрі, P450 цитохромына тәуелді зеңдер ферменттерінің белсенділігін тежей отырып жоғары спецификалық әсерге ие болады. Зең жасушаларының ланостеролының эргостеролға айналуын бөгейді; жасуша жарғақшасының өткізгіштігін арттырады, оның өсуін және репликациясын бұзады.
Флуконазол, зеңдер P450 цитохромы үшін жоғары таңдаулы болып келе отырып, адам организмінде бұл ферменттерді іс жүзінде бәсеңсітпейді (адам бауыры микросомаларындағы P450 цитохромы тәуелді тотығу процестері итраконазолмен, клотримазолмен, эконазолмен және кетоконазолмен салыстырғанда аз дәрежеде бәсеңсітеді). Антиадрогендік белсенділігі жоқ.
Оппортунистік микоздарда, оның ішінде Candida spp. (иммунодепрессия аясындағы кандидоздың жайылған түрлерін қоса алғанда), Cryptococcus neoformans және Coccidioides immitis (бассүйек ішілік жұқпаны қоса алғанда), Microsporum spp. және Trichophyton spp туындатқан; Blastomyces dermatitides, Histoplasma capsulatum (оның ішінде иммунодепрессияда) туындатқан эндемиялық микоздарда белсенді.
Қолданылуы
- менингит, сепсис, өкпе және тері жұқпаларын, иммундық жауабы қалыпты науқастарда, сондай-ақ иммундық депрессияның әр түрі бар науқастарды қоса алғандағы (оның ішінде ЖИТС-пен науқастарда, ағзаларды трансплантациялауда) Cryptococcus зеңдерінен туындаған жүйелік зақымдануда; ЖИТС-пен науқастардағы криптококтық жұқпаның алдын алуда
- жайылған кандидозда: кандидемия, диссеминирленген кандидоз (эндокард, іш қуысы ағзалары, тыныс алу ағзалары, көз және несеп-жыныс мүшелері зақымдануымен), оның ішінде, цитостатикалық немесе иммунодепрессивті терапия курстарын қабылдайтын науқастарда, сондай-ақ олардың дамуына алып келетін басқа да факторлар болғанда
- шырышты қабық кандидозында: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, инвазивті емес бронхөкпелік кандидоздар, кандидурия, тері-шырышты қабық және ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протезін салуына байланысты)
- генитальді кандидозда: қынаптық (жедел және қайталанатын), баланит
- химиялық- немесе сәулелік терапия аясындағы қатерлі ісігі бар науқастардағы зеңдік жұқпаның алдын алуда; ЖИТС-пен ауыратын науқастардағы орофарингеалдық кандидоз қайталануының алдын алу
- тері микоздарында: табан, дене, шап аумағы, онихомикоз, кебек тәрізді теміреткі, терінің кандидозды жұқпаларында
- иммунитеті қалыпты науқастардағы терең эндемиялық микоздарда (кокцидиоидоз, споротрихоз және гистоплазмоз).
Қолдану тәсілі және дозалары
Фангифлю препаратын ішке қабылдау керек.
ЖИТС-пен ауыратын науқастардағы орофарингеальді кандидоз қайталануының алдын алу үшін ересектерге біріншілік емнің толық курсы аяқталғаннан кейін –аптасына 1 рет 150 мг.
Қынаптық кандидозда - 150 мг бір рет. Қайталау жиілігін төмендету үшін 4-12 ай бойына айына 1 рет 150 мг пайдаланады.
Candida туындатқан баланитте - 150 мг тәулігіне бір рет.
Табан микоздарын, тегіс тері, шап аумағы терілерінің зақымдануларында және кандидоздарда – аптасына 1 рет 150 мг, емдеу ұзақтығы -2-4 апта (табан микоздарында 6 аптаға дейін).
Кебек тәрізді теміреткіде - 300 мг (150 мг 2 капсула) аптасына 1 рет 2 апта бойына, кейбір науқастарға аптасына 300 мг үшінші доза талап етіледі (150 мг 2 капсула), ал кейбір жағдайларда бір рет 300 мг қабылдаған жеткілікті болады.
Онихомикозда - аптасына 1 рет 150 мг; емдеу жұқпаланған тырнақты ауыстырғанша жалғасады. Қол саусақтары тырнақтары мен аяқ башпайлары тырнақтары қайта өсуі үшін қалыпты жағдайда тиісінше 3-6 ай және 6-12 ай қажет болады.
Егде жастағыларда қолданылуы
Бүйрек жеткіліксіздігінің белгілер болмаса, препаратты әдеттегі дозада тағайындайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда қолданылуы
Бір рет қабылдағанда дозасын өзгерту қажет емес. Балаларды қоса, бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастарда, препаратты бірнеше рет қолданғанда алдымен 50 мг-ден 400 мг дейінгі екпінді дозасын енгізіп, содан кейін тәуліктік дозасын (көрсетілімге байланысты) төмендегі кестеге сәйкес белгілейді:
Креатинин клиренсі (мл/мин) |
Ұсынылатын дозасының пайызы |
>50 ≤50 (диализсіз) Жүйелі диализ |
100% 50% Әр диализден кейін 100% |
Жүйелі диализде жүрген науқастар әр диализден кейін ұсынылатын дозасының 100%-ын қабылдауы тиіс; диализ жоқ күндері, науқастар өздерінің креатинин клиренсіне сәйкес азайтылған дозасын қабылдауы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Флуконазол әдетте жақсы көтерімді.
Жиі (≥1/100-дан <1/10 дейін): бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, сілтілік фосфатаза деңгейінің, сарысудағы аминотрансферазалар (АЛТ және АСТ) деңгейінің жоғарылауы,тері бөртпесі.
Жиі емес (≥1/1,000-дан ≤1/100 дейін): ұйқысыздық, ұйқышылдық, бас айналуы, құрысулар, парестезия, дәм сезудің өзгеруі, вертиго, диспепсия, метеоризм, ауыздың құрғауы, холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің жоғарылауы, қышыну, есекжем, қатты терлеу, миалгия, шаршау, дімкәстану, әлсіздік, қызба.
Сирек (≥1/10,000-дан ≤1/1,000 дейін): агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, анафилаксия, ангионевротикалық ісіну, гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия, тремор, тахикардия, қарыншалардың жыпылықтауы/дірілдеуі, QT аралығының ұзаруы, диспепсия, метеоризм, ауыздың құрғауы, гепатоуыттылық, өліммен аяқталатын сирек жағдайларды қоса, бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлық некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлық зақымданулар, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантематоздық пустулез, эксфолиативтік дерматит, беттің ісінуі, алопеция.
ЖИТС-пен немесе обырмен науқастарда, Фангифлю және осыған ұқсас препараттармен емдеу кезінде қан көріністерінің, бүйрек және бауыр функциясының өзгерістері байқалған, алайда бұл өзгерістердің клиникалық мәні мен олардың емдеумен байланысы анықталмаған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- флуконазолға, препараттың басқа компоненттеріне немесе құрылымы жағынан флуконазолға ұқсас азолдық заттарға жоғары сезімталдық;
- Фангифлюді тәулігіне 400 мг немесе одан көп дозада бірнеше рет қабылдау кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау;
- QT аралығын ұзартатын және цизаприд, астемизол, эритромицин, пимозид және хинидин сияқты CYP3A4 ферменттері арқылы метаболизденетін дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау;
- сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық мәселелері, лактоза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар науқастар, өйткені фангифлю капсулаларының құрамында лактоза бар;
- жүктілік және лактация кезеңі;
- 18 жасқа дейінгі балаларға
Сақтықпен
Флуконазолды қолдану аясында бауыр функциясы көрсеткіштерінің бұзылуы; беткейлік зең жұқпасы және инвазивтік/жүйелі зеңдік жұқпалары бар науқастарда флуконазолды қолдану аясында бөртпенің пайда болуы; терфенадин мен флуконазолды тәулігіне 400 мг аз дозада бір мезгілде қолдану; көптеген қауіп факторлары бар (жүректің органикалық аурулары, электролиттік теңгерім бұзылулары және осындай бұзылулардың дамуына ықпал ететін қатарлас ем) науқастардағы аритмияға ізашар жағдайлар.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Флуконазол Р450 (CYP) цитохромы изоферментінің тежегіші және CYP3А4 ферментінің орташа тежегіші болып табылады. Төменде көрсетілген өзара әрекеттесулерден басқа Фангифлюмен бір уақытта қолданғанда CYP2С9 және CYP3А4 ферменттерімен метаболизденетін басқа қосылыстардың плазмалық концентрацияларының жоғарылау қаупі бар. Сондықтан бұл біріктірілімдерді пайдаланғанда сақтық жасау керек, ал науқастарды мұқият бақылау қажет. Флуконазолдың фермент тежегіш әсері жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығынан Фангифлю препаратымен емдеу тоқтағаннан кейін 4-5 күн сақталады.
Альфентанилмен бір мезгілде қолдану клиренстің және таралу көлемінің төмендеуіне алып келеді, сондай-ақ альфентанилдің жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруына алып келеді.
Кумариндік антикоагулянттардың тиімділігін (варфариннің протромбиндік уақытының ұлғаюы;– орташа 12 %), зидовудиннің (зидовудиннің жағымсыз әсерлерін ұлғайту), циклоспориннің (флуконазолды тәулігіне 200 мг дозада қолданғанда), рифабутиннің (бір уақытта қолданғанда увеит жағдайы сипатталған) және фенитоиннің концентрацияларының тиімділігін клиникалық елеулі дәрежеде жоғарылатады (үйлестіре қолданғанда фенитоиннің плазмадағы концентрациясын бақылау керек).
Теофиллиннің T1/2 ұзартады және уыттану даму қаупін ұлғайтады (оның дозасын түзету керек).
Мидазоламның концентрациясын арттырады - психомоторлық әсерлердің қаупі жоғарылайды (флуконазолды көктамыр ішіне (к/і) қолданғанға қарағанда ішке қолдануда айқынырақ білінеді); такролимус концентрациясының артуы - нефроуыттылық қаупі.
Сульфонилмочевина туындыларымен бір уақытта қабылдағанда (хлорпропамид, глибенкламид, глипизид және толбутамид) қандағы глюкоза концентрациясын ауық-ауық бақылау керек, және, егер қажет болса, (флуконазол T1/2 ұзартатындықтан) гипогликемиялық дәрілік заттардың дозасын түзету керек.
Гидрохлоротиазид плазмадағы флуконазол концентрациясын 40 % ұлғайтады, рифампицин T1/2 20 % азайтады және концентрация-уақыт қисығы астындағы ауданын (AUC) - 25 % азайтады. Рифампицинмен қатар ем қабылдайтын науқастарда Фангифлю дозасын ұлғайту керек.
Терфенадин және цизаприд қарыншалық тахикардия (torsades de pointes) пароксизмаларын қоса алғандағы аритмия туындау қаупін жоғарылатады.
Триазолам (бір реттік дозасы) триазолам метаболизмін тежеу нәтижесінде AUC 50%, Сmax 20-32% және T1/2 25-30%-ға жоғарылатады. Триазолам дозасының түзетілуі талап етілуі мүмкін.
Флуконазол карбамазепиннің метаболизмін тежейді және соңғысының сарысудағы концентрациясын 30%-ға жоғарылатады. Концентрация/тиімділік өлшемдеріне қарай карбамазепин дозасының түзетілуі талап етілуі мүмкін.
Кальций өзекшелерінің блокаторлары: Кальций өзекшелерінің кейбір антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3А4 ферментімен метаболизденеді. Фангифлю кальций өзекшелерінің антагонистерінің жүйелік әсерін жоғарылатуы мүмкін. Препараттардың жағымсыз әсерлерінің мониторингін жиі жүргізу ұсынылады.
Целекоксиб: Флуконазолмен (тәулігіне 200 мг) және целекоксибпен (200 мг) қатар емдеу уақытында, целекоксибтың Сmax және AUC тиісінше 68% және 134% ұлғайды.
Фентанил: Флуконазол фентанил элиминациясын іркеді. Фентанилдің жоғары концентрациялары тыныс алу жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін.
Галофантрин: Флуконазол CYP3А4 тежейтін әсерінен плазмадағы галофантрин концентрациясын жоғарылатуы мүмкін.
Гидрооксиметилглутарил-кофермент А-редуктаза тежегіштері (ГМГ-КоА-редуктаза): Фангифлю препаратын аторваститин және симвастатин сияқты CYP3А4 арқылы метаболизденетін немесе флувастатин сияқты CYP2С9 арқылы метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктазалары тежегіштерімен бір мезгілде тағайындағанда миопатиясы және қаңқа бұлшықеттерінің (рабдомиолиз) жедел некрозы даму қаупі ұлғаяды. Егер қоса емдеу керек болса, науқас миопатия және рабдомиолиз симптомдары пайда болуына, сондай-ақ креатинкиназа деңгейі бақылауы жүргізілуі тиіс. Креатинкиназалар деңгейі жоғарылауы бақыланса немесе миопатия/ рабдомиолиз дамуы диагностикаланса немесе оған күдік болса ГМГ-КоА-редуктазалары тежегіштерін қабылдауды тоқтату керек.
Лозартан: Флуконазол ангиотензин II рецепторларының антагонизміне жауап беретін лозартан және оның белсенді метаболитінің (Е 31 74) метаболизмін тежейді. Емделушілерде артериялық қысымды бақылау керек.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): Флурбипрофеннің Сmax және AUC Флуконазолмен бір уақытқа тағайындағанда флурбипрофен монотерапиясымен салыстырғанда 23% және 81% тиісінше ұлғаяды. Ұқсас жағдайда: фармакологиялық белсенді изомердің [S-(+)-ибупрофен] Cmax және AUC, Флуконазол ибупрофеннің рацемиялық қоспасымен (400 мг) бір уақытқа тағайындалғанда – соңғысының монотерапиясымен салыстырғанда 15% және 82% тиісінше ұлғайды.
Фангифлю препараты CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа ҚҚСП жүйелік әсерін күшейтуі мүмкін (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак). ҚҚСП байланысты жағымсыз әсерлері мен уыттылығына жиі мониторинг жасау ұсынылады. ҚҚСП дозасын түзету талап етілуі мүмкін.
Пероральді контрацептивтер: Этинилэстрадиол мен левоноргестрелдің тәуліктік 200 мг дозасында AUC (концентрация-уақыт қисығы астындағы аудан) 40% және 24%, тиісінше ұлғайғанда, фангифлюдің 50 мг дозасының гормондар деңгейіне елеулі әсері болғаны анықталмады. Осылайша, Флуконазолды осындай дозаларда көп рет қабылдау біріктірілген ұрықтануға қарсы пероральді препараттардың тиімділігіне әсер ету ықтималдығы аз.
Саквинавир: Флуконазол CYP3A4 және Р-гликопротеинді тежеу арқылы саквинавирдің бауыр метаболизмін тежеу есебінен саквинавирдің AUC шамамен 50% ұлғайтады, Cmax шамамен 55% ұлғайтады және саквинавир клиренсін шамамен 50% азайтады. Саквинавир дозасын түзету талап етілуі мүмкін.
Сиролимус: Фангифлю сиролимустің плазмалық концентрациясын, шамамен сиролимус метаболизмін CYP3A4 және Р-гликопротеинмен тежеу жолымен ұлғайтады. Бұл біріктірілімді тиімділік/концентрация өлшемдеріне қарай сиролимус дозасын түзетуде пайдалануға болады.
А витамині: Бұл біріктірілімді пайдалануға болады, бірақ емделушілерді ОЖЖ байланысты жағымсыз әсерлерді анықтау мақсатында бақылау керек. Вориконазол (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 тежегіштері): пероральді вориконазолды (1 күнде әрбір 12 сағатта 400 мг, содан соң 2,5 күн бойына әрбір 12 сағатта 200 мг) және пероральді Флуконазолды бір мезгілде қолдану (400 мг 1-ші күні, содан соң әрбір 24 сағатта 4 күн бойына 200 мг) вориконазолдың концентрациясы мен AUC тиісінше орташа 57% (90% C1: 20%, 107%) және 79% (90% CI: 40%, 128%) ұлғаюына алып келді. Вориконазол мен Фангифлюді кез келген дозада бір уақытқа тағайындау ұсынылмайды.
Флуконазолдың пероральді түрлерінің өзара әрекеттесулерін зерттеу, оны тамақпен, циметидинмен, антацидтермен бір мезгілде қабылдағанда, сондай-ақ сүйек кемігін ауыстырып салу үшін денесінің тұтас сәулеленуінен кейін бұл факторлардың флуконазолдың сіңуіне клиникалық елеулі әсер етпейтінін көрсетті.
Айрықша нұсқаулар
Емдеуді клиника-гематологиялық ремиссия пайда болғанша жалғастыру қажет. Емді уақытынан бұрын тоқтату қайталануларға алып келеді.
Емдеуді екпе нәтижелері немесе басқа да зертханалық талдаулар нәтижелері болмағанда да бастауға болады, бірақ олар болған кезде фунгицидті емге тиесілі түзету жасау ұсынылады.
Ем барысында қан көрсеткіштерін, бүйрек пен бауыр функциясын бақылау қажет. Бүйрек пен бауыр функциясының бұзылуы туындағанда препарат қабылдауды тоқтату керек.
Флуконазолдың гепоуыттылық әсері әдетте қайтымды, симптомдары ем тоқтатылған соң жойылады. Фангифлю препаратымен емдеу кезінде бауыр функциясы бұзылатын науқастарды бауырдың зақымдану белгілерін анықтау мақсатында қадағалап отыру қажет. Фангифлюді қолданумен байланысты болуы мүмкін бауыр зақымдануының клиникалық белгілері мен симптомдары пайда болса, препаратты тоқтату керек.
Препаратты қабылдау аясында науқастарда Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты эксфолиативті тері реакциялары дамуының сирек жағдайлары анықталған. ЖИТС-пен және қатерлі жаңа түзілімдері бар науқастар көптеген препараттарды қолданғанда ауыр тері реакциялары дамуына бейім болады. Емделу уақытында емделушілерде Фангифлю қабылдаумен байланыстыруға болатын беткейлік зең жұқпалары бөртпесі пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтату керек. Инвазивті/жүйелік зеңдік жұқпалары бар емделушілерде бөртпе пайда болғанда оларды мұқият бақылау керек және буллезді зақымданулар немесе көп формалы эритема пайда болғанда флуконазолды тоқтату керек.
Кумариндік қатар антикоагулянттарымен бір мезгілде қолданғанда протромбиндік индексті бақылау қажет.
Фангифлю ЭК-дағы QT аралығының ұзаруын тудыруы мүмкін. Фангифлюді қолданғанда QT аралығының ұзаруы мен қарыншалардың жыпылықтауы /дірілдеуі – жүректің органикалық аурулары, электролиттік теңгерім бұзылулары және осындай бұзылулардың дамуына ықпал ететін қатарлас ем сияқты көптеген қауіп факторлары бар науқастарда сирек байқалған.
Сондықтан, аритмияға ізашар жағдайлары бар мұндай емделушілерге Фангифлюді сақтықпен қолдану керек.
Фангифлю препаратын қабылдап жүрген емделушілерде қандағы циклоспорин концентрациясына бақылау жасау ұсынылады, өйткені бүйрегі ауыстырып салынған науқастарда флуконазолды тәулігіне 200 мг дозада қабылдау плазмадағы циклоспорин концентрациясының баяу артуына алып келеді.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлік басқарғанда немесе техника пайдаланғанда сақтық таныту керек, өйткені бас айналуы немесе құрысулар туындауы мүмкін.
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі (елестеулер, параноидальді мінез-құлық және т.б.).
Емі: симптоматикалық – асқазанды шаю, қарқынды диурез. Гемодиализ 3 сағат бойына плазмадағы концентрациясын шамамен 50 % төмендетеді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 1 капсуладан.
1 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші ұйымның атауы мен елі
Эдж Фарма Прайвет Лимитед,
166 Atlanta building, 209 Nariman Point,
Mumbai – 400021, Үндістан
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Эдж Фарма Прайвет Лимитед, Үндістан
Қаптаушы ұйымның атауы мен елі
Эдж Фарма Прайвет Лимитед, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
ЖШС «СonsultAsia»
E-mail: pv@consultingasia.kz
Тел/факс: +727-248-66-51; +77051708876
+77051708825