Урохолум
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Урохолум
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішілетін тамшылар 25 мл немесе 40 мл
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: сулы-спиртті сығынды (1:1) (экстрагент – 40 % этанол) қоспасы:
200 мг жабайы сәбіз жемісі,
180 мг аталық ортосифонның жапырақтары,
150 мг құс самалдық шөптері,
120 мг шашақты жүгері собығы,
100 мг қара ырғай гүлдері,
100 мг қырықбуын шөбі,
50 мг құлмақ бүрі,
50 мг қайың бүршігі,
40 мг шайқурай шөбі,
10 мг бұрыш жалбызы жапырағы,
Сипаттамасы
Өзіне тән хош иісі бар күңгірт-қоңыр түсті сұйықтық. Сақтағанда шөгінді түзілуіне жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Спазмолитиктерді қоса, урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды G04BX.
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Зерттелмеген.
Фармакодинамикасы
Өсімдік тектес біріктірілген препарат. Урохолум биологиялық белсенді заттары кешені қанға жеңіл сіңе және бүйрек және бауыр қан айналымын көтермелей отырып, несеп- және өт бөлінудің ұлғаюына ықпал етеді, жоғарғы несеп шығару жолдары мен өт қабы тегіс бұлшықеттерінің тонусын қалыпқа түсіреді, қабыну үдерістерін әлсіретеді, бактерицидтік, диурездік, өт айдайтын, спазмолитикалық әсер береді.
Урохолумның антиазотемиялық әсері бар, организмнен мочевинаны, несеп қышқылын, хлоридтерді шығарады. Бүйректен, қуық пен өт қабынан құм және тастар шығарылуына ықпал етеді.
Қолданылуы
- несеп шығару жолдарының (цистит, уретрит) және бүйректің (пиелонефрит, нефрит, нефроз) жұқпалы - қабыну ауруларында
- несеп-тас, бүйрек-тас ауруларында
- тұзды диатезде
- конкременттер түзілуінің алдын алуда, оның ішінде олар алынғаннан кейін
- созылмалы холециститте
- өт шығару жолдары дискинезиясында
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге 10-20 тамшыдан аздаған су мөлшерімен сұйылтып, тәулігіне үш рет тамақтанудың алдында қабылдау керек. Емдеу курсын аурудың ағымын, қатар жүретін емнің сипатын ескере отырып дәрігер анықтайды және 5 тәуліктен бастап 1 айға дейін созылады. Дәрігердің тағайындауы бойынша емдеу курсын қайталауға болады.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар (бөрту, қышыну, гиперемия, терінің ісінуі)
- бас айналу
- диспепсиялық құбылыстар (жүрек айну, қыжыл, құсу).
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық
- қанның реологиялық қасиеттерінің өзгеруі
- обтурациялық сарғаю
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік және лактация кезеңі
- алкоголизм, эпилепсия, бауыр аурулары.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Қолданар алдында шайқау керек, өйткені сақтау кезінде шөгінді түзілуі мүмкін.
Егер тастардың диаметрі 3 мм асатын болса, қолдануға болмайды.
Препараттың бір реттік дозасының құрамында 286 мг жуық этанол бар, осыған байланысты препаратты маскүнемдікпен, эпилепсиямен зардап шегетін адамдарға, балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, бауыр аурулары бар науқастарға қолдануға болмайды.
Асқазан-өңеш рефлексі бар емделушілерде сақтықпен (қыжылдың туындауы және/немесе күшеюі мүмкін болғандықтан) қолдану керек.
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат құрамына этил спирті кіретіндіктен және орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлерінің дамуы мүмкін болғандықтан емдеу кезінде көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан тартына тұрған жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары: жүрек айну, құсу, бас айналу.
Емі: симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
25 мл немесе 40 мл-ден тығынмен және қақпақпен тығындалған құтыда.
Әр құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 250С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«ЕКК «Фармацевтикалық фабрика» ЖШҚ.
Украина, 10014, Житомир қ., Лермонтов к-сі, 5.
Тіркеу куәлігінің иесі
«УкрФармЭкспорт» ЖШҚ.
Украина, 02225, Киев қ., Сабуров к-сі, 19 үй, 3 пәтер.
Телефон: +(38044) 451-44-80
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Фарм-Евро ЖШС.
050039, Алматы қ., Майлин к-сі, 72 д., 34 пәтер.
Факс: +(7272) 71-84-97
E-mail: farmevro@mail.ru